Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан жəне ТМД елдерінде көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық мəселелері

Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті мəселесіне айналып отыр, оның себебі соңғы кезде елімізде жол-көлік оқиғалары жəне көліктегі апат жағдайлары жиілеп кетті. Мемлекетіміздің қазіргі экономикалық даму кезеңіндегі Кедендік одаққа бірігуі, халықаралық көлік жүйесіне интеграциялануы жағдайында көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелері ерекше маңызға ие. Көлік қауіпсіздігіне қауіп төну тəуекелі жоғары болғандықтан, азаматтық заңнама көлікті жоғары қауіптілік көздерінің қатарына жатқызады (931-б., ҚР Азаматтық кодексі). Сондықтан көлік саласында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына қауіп-қатерді болдырмау ерекше басымдылыққа ие болуы тиіс.

Жол-көлік оқиғалары мен апат жағдайларының орын алу себептері алуан түрлі, олар: құқықтық реттеудегі ақаулықтардың орын алуы; адам факторы, осы себептен апаттық жағдайлардың 70 пайызынан астамы болып жататыны мəлім; көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қызмет ететін мамандардың білімінің сапасыздығы; техникалық, көлік құралдарының ескіруі; көлікті эксплуатациялау ережелерін бұзу; көлік инфрақұрылымының жəне көлік құралдарының осалдығын бағаламау; терроризм жəне басқа да əлеуметтік сипаттағы қауіптер.

Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында уəкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың бақылау жəне қадағалауды жүзеге асыру бойынша қызметтерін реттейтін жария- құқықтық қатынастар реттеледі, адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ұйымдастырушылық жəне техникалық шаралардың кешені, тасымалдау кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары, қауіпсіздікті басқару жүйесі анықталған жəне т.б.

Көліктегі қауіпсіздік еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі болып табылатын болғандықтан, ҚР «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңымен экономикалық қауіпсіздіктің бір түріне жатқызылады. Заңда экономикалық қауіпсіздік «мемлекет автомобиль, темір жол, əуе, теңіз жəне өзен көлігі түрлерімен тасымалдарда жəне олармен байланысты қызметтерде экономика мен тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасауды, көлік инфрақұрылымын қалыптастыруды жəне дамытуды, сондай-ақ транзит əлеуетін орнықты дамыту мен бəсекеге қабілеттілігін қамтуды қамтамасыз етуге қабілетті, нақты жəне ықтимал қауіп-қатерлерден экономиканың көлік саласы қорғалуының жай-күйін көздейтін көлік қауіпсіздігін қамтиды», — делінген (22-б. 1-б., 4-т.) [1].

«Көлік туралы» ҚР Заңы көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы құқықтық негіздерін анықтайды: көлік құралдарына жəне көлік қозғалысына қойылатын талаптар; көлiк құралдарын басқару құқығы; тасымалдаушылардың азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, көлiк құралдары қозғалысының, кеме қатынасы мен ұшу қауiпсiздiгiн, сондай-ақ айналадағы ортаны қорғауды қамтамасыз ету міндеттері; уəкілетті органдардың көлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша көліктік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы бойынша құзыреті [2]. Бірақ «Көлік туралы» ҚР Заңында «көліктегі қауіпсіздік» терминінің ұғымы анықталмаған, қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлердің мазмұны ашылмаған, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі міндеттері мен қағидалары, жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тəсілдері мен құралдары анықталмаған.

ҚР Азаматтық кодексі көліктегі қауіпсіздікті қамтитын жеке-құқықтық қатынастарды реттейді, олар жүктерді, жолаушыларды жəне қол жүктерін тасымалдау бойынша шарттардан туындайтын міндеттемелік қатынастар; деликтілік міндеттемелер; сақтандыру құқық қатынастары; халықаралық тасымалдау саласында туындайтын халықаралық жеке қатынастар жəне т.б.

Тасымалдаудың жалпы ережелері көлік туралы арнайы заңдармен жəне солардың негізінде қабылданған ережелермен бекітілген. Көліктің жекелеген түрлерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету арнайы көліктік заңнамаларда белгіленген. Темір жол көлігінде қауіпсіздікті сақтау мəселелеріне дербес тарау (6-тарау «Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары») арналған. ҚР

«Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266 Заңның 30-бабында «теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздіктің» келесі редакциядағы анықтамасы берілген: «Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік адамның өмiрi мен денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, тасымалдау процесiне қатысушылардың авариясыз жұмыс iстеуiне жағдайлар жасауға, магистральдық темiржол желiсiн, темiржолдың жылжымалы құрамын, құрылыстарды, жабдықтарды, механизмдер мен тетiктердi ақаусыз ұстауға, сондай-ақ болуы ықтимал авариялар салдарын жоюға бағытталған ұйымдастырушылық жəне техникалық iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз eтiледi».

Көліктің жеке түрлерімен тасымалдау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды көлік туралы заңға бағынышты нормативтік құқықтық актілер реттейді. Темір жол көлігінде тасымалдау процесіне қатысушыларға қойылатын қауіпсіздік талаптары ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі № 825 қаулысымен бекітілген «Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесімен» белгіленген. Ереже темір жол көлігіндегі қауіпсіздіктің мазмұнын ашады, темір жол көлігінде қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарларын (қирау, авария, жұмыстағы ақаулы жағдай, жұмыстағы қиындық, қозғалыс қауіпсіздігін басқа да бұзушылықтар) қарастырады жəне олардың əрқайсысына түсінік беріледі; жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі əдістерін, тəсілдерін жəне құралдарын айқындап береді. Сонымен қатар Ережеде тасымалдау барысында қамтамасыз етілуге тиісті қауіпсіздік объектілері тізіледі: адамның өмірі мен денсаулығы, жолаушылардың жүруі үшін қауіпсіз жағдайлар; жүктер, багаж жəне жүк-багаж тасымалының қауіпсіздігі; темір жол көлігінің техникалық құралдарын пайдалану кезіндегі қозғалыс қауіпсіздігі; экологиялық қауіпсіздік; өртке қарсы қауіпсіздік; санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік, экологиялық қауіпсіздік.

Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды жəне пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы

№ 792 Қаулысымен қабылданған «Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды жəне пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентімен реттелген.

Бүгінгі күні темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Қазақстан темір жол желісінде 2012 жылы 670 қауіпсіздік ережелерін бұзушылық фактілері тіркелген, соның ішінде 1 апат жағдайы жəне 189 жұмыс ақаулығы жағдайы орын алған. 2013 жылдың сегіз айында 451 поезд қозғалысы қауіпсіздігін бұзушылық орын алған, соның ішінде 2 апатты жағдай, 2 авария, 122 жұмыс ақаулығы фактілері орын алған [3; 17].

«Автомобиль көлігі туралы» ҚР Заңы автомобиль көлігі саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптарын бекітеді, соның ішінде автокөлiк құралдарын жобалау, шығару, тасымалдау жəне сақтау, кəдеге жарату жəне жою кезiндегi қауiпсiздiк талаптары (2–2-тарауы). Жолаушылар, багаж жəне жүк тасымалына:

  • Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлiгi туралы» Заңына сəйкес бiлiктiлiгiн жəне кəсiби жарамдылығын растайтын құжаттары;
  • тасымалдың тиiстi түрiн жүзеге асыруға жарамды жəне техникалық регламенттердiң талаптарына сай келетiн автокөлiк құралдары бар тасымалдаушылар жiберiледi.

Автобустармен, шағын автобустармен, троллейбустармен жолаушылар тасымалдауға кем дегенде жиырма бiр жастағы, тиiстi санаттағы жүргiзушi куəлiгi жəне кемінде үш жыл жүргізушілік жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл «С» санатына жататын көлік құралдарын басқару стажы бар жүргiзушiлер жiберiледi (7-б.).

Əуе көлігінде көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету қатынастары ҚР «Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі

№ 339-IV Заңымен, 2011 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларымен реттеледі.

Заң əуе көлігіндегі қауіпсіздіктің екі ұғымын ажыратады: авиациялық қауіпсіздік — авиацияның қызметіне заңсыз араласу əрекеттерінің алдын алу жəне оларды болғызбау арқылы қамтамасыз етілетін оның қауіпсіз қызметі; ұшу қауiпсiздiгi — ұшудың қауiпсiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн шаралар кешенi, бұл ретте адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру немесе мүлкіне залал келтіру тəуекелі шекті деңгейге дейін төмендетіледі жəне қауіптілік көздерін анықтаудың жəне тəуекел факторларын бақылаудың үздіксіз процесі арқылы осындай не бұдан да төмен деңгейде сақталады (1-б., 6, 78 п.). Аталмыш Заң қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы құқықтық негіздерін белгілейді, атап айтқанда, авиация қызметін мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыратын азаматтық жəне мемлекеттік авиация салаларындағы уəкілетті органдардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша құзыретін бекітеді; азаматтық əуе кемелерiн пайдаланушыларды сертификаттау тəртібін белгілейді; əуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне əсер ететін іс-əрекеттер жəне қызметтерді анықтайды; ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету субъектілерін белгілейді.

Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін ұйымдастыру тəртібі ҚР Көлік жəне коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 173 бұйрығымен қабылданған «Əуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, əуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде əуежайларда азаматтық əуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтармен» бекітілген.

Азаматтық авиация саласында да проблемалар баршылық. Соңғы жылдары авиациялық оқиғалар санының күрт өсуі байқалады, мəселен, егер 2011 жылы 34 авиациялық оқиға (1авариялық жағдай) орын алса, 2012 жылы оның саны 44-ке өскен (6 авариялық жағдай, соның 2 — апатты жағдай) [3; 17].

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» ҚР Заңының «Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары» деп аталатын 1–1-тарауында «сауда мақсатында теңiзде жүзу қауiпсiздiгi» ұғымы «теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік» ұғымымен ұқсас анықталған: «Сауда мақсатында теңiзде жүзу қауiпсiздiгi адам өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, тасымалдау процесiне қатысушылардың авариясыз жұмыс iстеу жағдайын ұйымдастыруға, су жолдарын теңiзде жүзетiн қалыпта ұстауға, кемелердi, порттарды, жағалаудағы объектiлердi жəне iшкi су жолдарындағы құрылыстарды техникалық жарамды жағдайда ұстауға, сондай-ақ кемелерде авариялардың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық жəне техникалық iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiледi». Бұдан басқа Заңда сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi, порттарды, жағалаудағы объектiлердi жəне су жолдарындағы құрылыстарды жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезiндегi қауiпсiздiк талаптары айқындалған (8–1; 8–2-б.).

«Ішкі су көлігі туралы» ҚР Заңы кеме қатынасының қауіпсіздігінің жалпы ережелерін бекітеді (4-тарау), онда ішкi су жолдарындағы iшкi су көлiгiнiң кемелерiне, порттарға, жағалаудағы объектiлер мен құрылыстарға қойылатын қауiпсiздiк талаптары белгіленген; көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін субъектілер анықталған; ішкі су көлігі саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асырушы уəкілетті органдардың құзыреті анықталған.

Ұлттық көліктік заңнама жүйесінде ерекше орынды көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қабылданған жəне Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық конвенциялар мен келісімдер иеленеді. Солардың ішінде келесілерді атауға болады: Қазақстан Республикасы ҚР Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 13 мамырдағы № 506 Қаулысымен Токио қаласында 1963 жылғы 14 қыркүйекте жасалған Əуе мекемелерiнiң бортында iстелген қылмыстар мен басқа да актiлер туралы конвенцияға; Гаага қаласында 1970 жылғы 16 желтоқсанда жасалған Əуе кемелерiн заңсыз алып кетумен күрес туралы конвенцияға; Монреаль қаласында 1971 жылғы 23 қыркүйекте жасалған Азаматтық авиацияның қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз актiлермен күрес туралы конвенцияға; Монреаль қаласында 1988 жылғы 24 ақпанда жасалған Халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсетушi əуежайлардағы заңсыз зорлық актiлерiмен күрес туралы хаттамаға қосылды.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасы Венада 1968 жылы 8 қарашада қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Жол жүрісі туралы конвенциясын, Венада 1968 жылғы 8 қарашада қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенциясын Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 236-IV Заңмен ратификациялады.

Сонымен, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында біртекті емес заңды күшке ие болатын нормативтік-құқықтық актілер кешені қалыптасқан. Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық заңнама адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау бойынша, тасымалдау үрдісіне қатысушылардың қауіп-қатерсіз жұмыс істеуіне жағдай жасау бойынша жария жəне жеке сипаттағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы болып табылады. Көліктегі қауіпсіздік деңгейін жоғарылатуға септігін тигізетін заңнамалардың қабылдануына қарамастан, Қазақстан Республикасында көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы құқықтық негіздерін орнататын негізгі базалық нормативтік-құқықтық акт қабылданбаған. Өйткені осы салада біртұтас жүйені анықтап беретін жəне заңнамаларды ретке келтіретін ортақ бір тұжырым қалыптаспаған. Қолданыстағы заңнамада «көліктегі қауіпсіздік» ұғымы берілмеген, көліктік заңнамалардағы құқықтық нормалар бірін бірі қайталайды жəне көпшілігі сілтемелік нормалар, нормативік-құқықтық база жүйелендірілмеген жəне онда көліктегі қауіпсіздіктің барлық сұрақтары реттелмеген, көліктің жеке түрлері туралы заңдарда көліктегі қауіпсіздік туралы дербес тарау қарастырылмаған. Осыған орай, келешекте көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды жүйелендіріп, қолданыстағы заңнаманы ТМД елдерінің жəне алыс шетелдердің тəжірибелерін ескере отырып жетілдіру қажет.

ТМД-ға мүше-мемлекеттердің көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін заңнамалары

Ресей Федерациясында Көлік министрлігімен 2006 жылы 3 мамырда Ресей көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік тұжырымдамасы əзірленді. Ол көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясаттың мазмұнын анықтайтын, іс-шараларды атқару тетігін қалыптастыратын жəне іске асыру бағдарламасын анықтайтын негізгі мемлекеттік доктриналдық жəне басқару құжаты болып табылады.

2007 жылы 9 ақпанда № 16-ФЗ «Көліктегі қауіпсіздік туралы» Федералдық заң қабылданды [4]. Заң «көліктегі қауіпсіздік» ұғымына келесідей анықтама береді: көліктегі қауіпсіздік — көлік инфрақұрылымы объектілерінің жəне көлік құралдарының заңсыз қол сұғу актілерінен қорғалу жағдайы (1-б., 10-т). Заңның қабылдануымен көліктегі қауіпсіздік дербес институт ретінде заңнамалық реттеуге ие болды. Аталмыш Заңды орындату мақсатында көліктің əр түрі бойынша көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көлік инфрақұрылымдары мен көлік құралдарының субъектілері үшін қойылатын талаптар енгізілді [5].

Дегенмен, «Көліктегі қауіпсіздік туралы» Федералдық заңда «көліктегі қауіпсіздік» ұғымы тар мағынада берілген, яғни көлік инфрақұрылымының объектілерін заңсыз нұқсан келтіруден, соның ішінде террористік актіден қорғаумен шектеледі. Көліктік қызмет көрсетулерді пайдалану кезінде қоғам үшін абсолюттік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маңызды факторлар ескерілмеген: көлік құралдарының техникалық жарамдылығы, көлік инфрақұрылымының қазіргі техникалық талаптарға сəйкес келуі, көлік құралдарын эксплуатациялау қауіпсіздігі (адам факторлары), азаматтардың өміріне жəне денсаулығына зиян келтіру тəуекелін төмендету мақсатында жолаушылар үшін тасымалдауды жүзеге асыру барысында ыңғайлы жағдайлар жасау, т.с.с.

В.П. Войтенко атап көрсеткендей, «көліктегі қауіпсіздік» ұғымы кешенді болып келеді жəне оны көлік кешеніне қауіп төндіретін қатерлердің түрлеріне қарай анықтау қажет. Анықтама көлік саласының бүкіл жүйесі үшін жүйелендірілген болуы қажет [6].

ТМД деңгейінде 2007 жылы 31 қазанда қабылданған «Көліктегі қауіпсіздік туралы» Модельдік заңда көлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін қауіп-қатерлер ретінде техногендік, табиғи жəне əлеуметтік сипаттағы қауіп-қатерлер танылады [7].

Техногендік қауіп-қатерлерге техникалық құралдардың тозуы, көлік техникалық құралдарының өндірістік жеткіліксіздігі жатқызылады.

Табиғи сипаттағы қауіп-қатерлер: қолайсыз климаттық жəне ауа райы жағдайлары; сыртқы факторлардың əсері, стихиялық ахуалдар мен апаттар.

Əлеуметтік сипаттағы қауіп-қатерлер: қызметкерлердің кəсіби дайындығының жеткіліксіздігі; көлік кешенінің қызметіне заңсыз нұқсан келтіру; «адам факторларының» жағымсыз əсері (8-б.). Əлеуметтік сипаттағы қауіп-қатерлерге мүлікті талан-таражға салу, зиян келтіру жəне құрту сияқты «жасырын» қауіптерді де жатқызуға болады.

Көліктің түріне қарай əр түрлі қауіп-қатерлердің үлестік қатынасы түрленеді. Ең көп тараған қауіп-қатер — техногендік. Көлік құралының техникалық ақаулығы себепті 64 %-ға дейін жол-көлік оқиғалары мен апаттар орын алған. Табиғи апаттардың салдарынан көлікте 32 %-ға дейін оқиғалар болады екен. Ал көлікке террористік қауіптер төндірудің үлесі жалпы қауіп-қатердің үлесіне шаққанда 4 %-ды ғана құрайды екен. Əрбір көліктің түрі үшін өзіне тəн қауіп-қатерлер бар. Айталық, автомобиль көлігіндегі авариялық жағдайлар мен адам өлімінің орын алу себебі болып əлеуметтік фактор, атап айтқанда, — адам факторы болып табылады. Оның үлесі 85 %-ға дейін жол-көлік оқиғаларын құрайды, тек қана қалған аз ғана үлесті табиғи жəне техногендік факторлар иеленеді. Көліктің басқа түрлерінде адам факторы көлік оқиғаларының статистикалық көрсеткіштерінде үлкен пайызды құрамайды [6].

Ресей Федерациясының 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 17-ФЗ «Темір жол көлігі туралы» Заңында «темір жол көлігінің қозғалысы мен эксплуатациялау қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ұғымына келесідей анықтама берілген: бұл — мемлекеттік билік ету органдарымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен темір жол көлігі ұйымдарымен, басқа да заңды тұлғалармен, сондай-ақ жеке тұлғалармен жүзеге асырылатын жəне көліктегі оқиғалардың алдын алуға, жəне азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке жəне заңды тұлғалардың мүліктеріне зиян келтіру тəуекелін төмендетуге бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, техникалық жəне басқа да шаралардың жүйесі (1-б.) [8].

Украинада көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында арнайы заң қабылданған емес. Украинаның «Көлік туралы» 1994 жылы 10 қарашадағы № 232/94-ВР Заңында көліктегі қауіпсіздікке бір бап (16-б.) арналған, Заңда көліктегі қауіпсіздіктің ұғымы анықталмайды. Аталмыш Заң көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша субъектілерді жəне олардың міндеттері мен жауапкершіліктерін анықтайды, көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тəртібін реттейді [9].

Украинаның «Темір жол көлігі туралы» 1996 жылғы 4 шілдедегі № 273/96-ВР Заңы арнайы тарауды қамтиды. Заң поездар қозғалысының қауіпсіздігін апаттарсыз жұмыс істеуді қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық жəне техникалық шаралардың кешені жəне темір жол құрылымдарын, жылжымалы құрамды, құрал-жабдықтарды, тетіктерін үнемі жөндеуде ұстау деп анықтайды [10].

Беларусь Республикасында көліктегі қауіпсіздік заңнамасы қалыптасу сатысында, бірақ «көліктегі қауіпсіздік» ұғымы көлік заңнамаларымен нақты жəне кеңірек анықталған. Беларусь Республикасының «Көлік қызметінің негіздері туралы» 1998 жылғы 1 мамырдағы № 140-З Заңының 1-бабына сəйкес, «көлік қызметіндегі қауіпсіздік» — Беларусь Республикасының азаматтарының, шетелдік азаматтардың жəне азаматтығы жоқ тұлғалардың өміріне, денсаулығына жəне мүлкіне, Беларусь Республикасының заңды тұлғаларының, шетелдік жəне халықаралық заңды тұлғалардың, əкімшілік-аумақтық бірліктердің, шет мемлекеттің мүлкіне, қоршаған ортаға қауіптің туындау мүмкіндігін азайту қамтамасыз етілген көлік қызметінің жағдайы [11].

Беларусь Республикасының «Темір жол көлігі туралы» 1999 жылғы 6 қаңтардағы № 237-З Заңының 24-бабы бойынша, темір жол көлігіндегі қозғалыс пен көлік құралдарын эксплуатациялау деп азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңды жəне жеке тұлғалардың мүлкіне зиян келтіретін көлік оқиғалары мен олардың салдарларының туындау тəуекелін жоққа шығаратын темір жол көлігіндегі көлік құралдарының қозғалысының, көлік құралы мен коммуникацияның қорғалу жағдайы [12].

Ғалым Л.А. Полещуктың пікірінше, көлік қызметін əуе, темір жол, автомобиль, теңіз жəне ішкі су көлігі түрлерімен жүзеге асырудағы қауіпсіздіктің жеке мəселелері Беларусь Республикасы Президентінің жарлықтарымен, кодекстерімен, Беларусь Республикасының заңдарымен жəне мемлекеттік органдардың қаулыларымен реттелген, ондағы құқықтық нормалар əркелкі заңды күшке ие. Сондықтан көлік қызметінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейтін біртұтас нормативтік-құқықтық актіні құру жəне қабылдау қажеттігі туындап отыр [13].

ТМД мемлекеттеріндегі көлік заңнамаларына талдау жүргізу нəтижесінде бүгінгі күні көлік саласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында арнайы заң Ресейден басқа ТМД-ға қатысушы- мемлекеттердің ешқайсысында қабылданбаған деген қорытындыға келеміз. ТМД мемлекеттерінің кейбіреулерінде көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелері ішінара реттелген.

ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясымен қабылданған «Көліктегі қауіпсіздік туралы» модельдік заң «көліктегі қауіпсіздіктің» келесідей анықтамасын береді: ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің көлік қызметі саласындағы ұлттық қауіпсіздігін, көлік қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, көлік қызметі саласында ұлттық мүдделерді қанағаттандыратын, адамдардың өмірі мен денсаулығына, мүлігі мен қоршаған ортаға зиянды, экономикалық шығынды болдырмайтын, көлік жүйесінің жағдайы (2-б.) [7].

Аталмыш Модельдік заң көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы құқықтық негіздерін бекітеді, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты мен міндеттерін, қағидаларын, субъектілерін анықтайды, көліктегі қауіпсіздікке нұқсан келтіретін қауіп-қатерлердің түрлерін жəне олардың мазмұнын ашады, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шараларын (көлік кешені объектілерінің осалдығын бағалау, көлік кешенінің объектілерін санаттарға бөлу, кадр мəселесі, қауіпсіздікті ақпараттандыру, көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қаржыландыруды) жан-жақты қарастырады.

Қорытынды

Көлік қауіпсіздігі саласында заңнамалық негізді жетілдіру Қазақстан Республикасының басымдыққа ие міндеттеріне жатқызылады. Өйткені көліктегі қауіпсіздік мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасы көлік кешенінің жағдайы мен қауіпсіз жұмысының сапасынан оның халықаралық көліктік қызмет көрсету нарығындағы бəсекеге қабілеті жəне Қазақстан аумағы арқылы халықаралық транзиттік тасымал легінің артуы тəуелді болады. Сондықтан көлік қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қолданыстағы заңнаманы жүйелендіру қажет жəне осыған орай келесідей ұсыныстар беріледі:

  1. Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясаттың мазмұнын анықтайтын негізгі доктриналық құжат — Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұжырымдамасын əзірлеу қажет. Онда көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын іске асыру бағдарламасы, алдыға қойылатын міндеттері мен мақсаттары, қағидалары, іске асыру тəсілдері мен шаралары, қаржыландыру көздері анықталуы тиіс. Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің төмендегідей басым міндеттері ұсынылады:
  • көлік құралы мен инфрақұрылымның қазіргі техникалық талаптарға жəне халықаралық стандарттарға сəйкес келуі;
  • заңнамалық қамтамасыз ету (заңдар, ережелер, стандарттар);
  • кадрлық қамтамасыз ету (көлік кешеніне білікті мамандарды əзірлеу);
  • көлік кешенінде көліктегі жол-көлік, төтенше оқиғаларын жəне апаттардың алдын алу жəне салдарларын жою мен тергеуде инновацияны қолдану.
  1. Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін ортақ нормативтік-құқықтық акт — «Көліктегі қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау қажет. Заңда мемлекеттік көліктегі қауіпсіздік жүйесінің құқықтық негіздері, көліктік қызмет қауіпсіздігінің мақсаты мен қағидалары бекітілуі тиіс. Сонымен бірге Заңда негізгі ұғымдардың анықтамасы; қауіп-қатерлердің түрлері (тəуекел факторлары); қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптар мен атқарылатын шаралар; субъектілердің құқықтары мен міндеттері, жауапкершіліктері; көліктегі қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік басқару, мемлекет пен шаруашылық субъектілері арасында өкілеттікті бөлу; көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ақпараттық жəне қаржылық шаралар; кадрлық қамтамасыз ету, т.б. ережелер қамтылуы тиіс.
  1. Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ұлттық заңнаманы халықаралық шарттардың талаптарына сай үйлестіру, яғни мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, халықаралық құқық нормаларын ұлттық заңнамаға имплементациялау қажет.
  2. Көліктегі қауіпсіздік дегеніміз — көлік кешенінің адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян, мүлікке шығын келтіретін техногендік, табиғи жəне əлеуметтік қауіптерден қорғалу жағдайы, көлік құралы мен көлік инфрақұрылымының қазіргі техникалық қауіпсіздік талаптарына сəйкес келуі.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Закон Республики Казахстан «О национальной безопасности Республики Казахстан» от 6 января 2012 г. № 527-IV //
  2. Казахстанская правда. — 2012. — № 19–20 (26838–26839). — 17 янв.
  3. Закон Республики Казахстан «О транспорте в Республике Казахстан» от 21 сентября 1994 г. № 156 // Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан. — 1994. — № 15. — Ст.
  4. Тлеугалеев И.А. Обеспечение безопасности на транспорте — приоритетное направление деятельности органов транспортной прокуратуры // Закон и время. — 2013. — № 9 (153). — С. 16–18.
  5. Федеральный закон Российской Федерации от 9 февраля 2007 г. № 16-ФЗ «О транспортной безопасности» // СПС«Консультант-Плюс». — 2013.
  6. Приказы Минтранса России от 8 февраля 2011 г. № 40, 41, 42, 43 «Об утверждении Требований по обеспечению транспортной безопасности для различных категорий объектов транспортной инфраструктуры и транспортных средств: воздушного; морского и речного транспорта; автомобильного транспорта и дорожного хозяйства; железнодорожного транспорта» // СПС «Консультант-Плюс». —
  7. Войтенко В.П. Совершенствование законодательства в сфере транспортной безопасности // Транспортная безопасность и технологии. — — № 1 // [ЭР]. Режим доступа: http://daily.sec.ru/dailypblshow.cfm?rid=45&pid=25352
  8. Постановление Межпарламентской Ассамблеи государств-участников Содружества Независимых Государств № 29–9от 31 октября 2007 г. «О Модельном законе «О безопасности на транспорте» // СПС «Параграф». — 2013.
  9. Федеральный закон от 10 января 2003 г. № 17-ФЗ «О железнодорожном транспорте в Российской Федерации» // СПС«Консультант-Плюс». — 2013.
  10. Закон Украины «О транспорте» от 10 ноября 1994 г. № 232/94-ВР // Вiдомості Верховної Ради України (ВВР). —— № 51. — Ст. 446.
  11. Закон Украины «О железнодорожном транспорте» от 4 июля 1996 г. № 273/96-ВР // Вiдомості Верховної Ради України(ВВР). — 1996. — № 40. — Ст. 183.
  12. Закон Республики Беларусь от 5 мая 1998 г. № 140-З «Об основах транспортной деятельности» // Национальный реестр правовых актов Республики Беларусь. — — № 2/672. — 20 марта.
  13. Закон Республики Беларусь от 6 января 1999 г. № 237-З «О железнодорожном транспорте» // Национальный реестр правовых актов Республики Беларусь. — — № 2/12. — 13 янв.
  14. Полещук Л.А. Проблемы правовой регламентации безопасности транспортной деятельности в Республике Беларусь // Управление в социальных и экономических системах: Материалы XIX Междунар. науч.-практ. конф. г. Минск, 18 мая 2010 г. / Редкол.: Н.В.Суша (предисл.) [и др.]; Минский ин-т управления. — Минск: Изд-во МИУ, — С. 198, 199.
  15.  

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.