Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасы əскери саясатын конституциялық-құқықтық реттеу

Конституциялық-құқықтық нормаларды қорғау мен қамтамасыз ету мəселелері демократиялық даму мен оны нығайтудың ажырамас шарты болып табылғандықтан, оны реттеудің жолы, басты құралы ретінде конституциялық құқық институты аталады [1]. Қазақстан Республикасы əскери саясатын конституциялық-құықтық реттеу мемлекет қауіпсіздігін нақты қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие. Əскери саясатты құқықтық реттеуді жан-жақты қарастыру əрі зерттеу қазіргі замандағы өзекті мəселелердің бірі болып табылады.

Жалпы қарастырғанда əскери саясатты конституциялық-құқықтық реттеу мемлекеттік қауіпсіздік пен оның осы саладағы заңды реттеудің ерекше түрі ретінде заңнамалар мен халықаралық шарттарда, құқықтық əдебиеттерде байыпты қарастырылған. Тəуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары отандық ғалым осы бағытта ғылыми ізденістер жасай бастады, посткеңестік кеңістікте, əсіресе Ресей ғалым-конституционалистерінің осы мəселеге қатысты ғылыми еңбектері өзіне басты назар аударады. Біздің ойымызша, оған себеп қазіргі уақытта қай мемлекетті алса да, оның құқық жүйесін жетілдіруде мемлекеттік билік тармақтары мен халық билігі арасында қандай да бір тепе-теңдікті ұстануға ұмтылу, сонымен қатар конституцияның тікелей қолданылуы конституциялық-құқықтық реттеу институтының саяси жəне заң тəжірибесінде өзектілігін айқындауында. Бірақ қаншама ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, оны реттеуде əлі де болса терең ғылыми ізденістер қажет. Өйткені конституциялық-құқықтық реттеу мəселесі көп қырлылығымен ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасы əскери саясатын конституциялық-құықтық реттеуін қарастырғанда, біріншіден, оның конституциялық құқық пен заңды реттеу жүйесіндегі орнын ашып алу керек. Конституциялық-құқықтық реттеудің конституциялық құқық жүйесіндегі орнын ашатын болсақ, ол конституциялық құқық саласының институттарының бірі ретінде кешенді сипатқа ие бола отырып, конституциялық құқықтың институттарының кейбір құқықтық нормаларын жан-жақты қамтып өтеді (мемлекет басшысы, Парламент жəне оның депутаттары, Үкімет жəне оның мүшелері, сот билігі, конституциялық кеңес, мемлекеттік жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдары жəне т.б.).

Қазақстан Республикасы Конституциясы идеологиялық жəне саяси көпқырлықты жақтайды. Идеологиялық көпқырлық деп əр түрлі, тіпті бір-біріне қарама-қайшы келетін көзқарастар мен пікірлердің орын алып, əрекет етуін айтамыз.

Саяси көпқырлылық əр түрлі саяси партиялар мен ұйымдардардың, сондай-ақ негізгі саяси партиялар мен ұйымдардың өзара əрекеттері мен тепе-теңдігіне негізделген билік жүйесінің өмір сүретіндігін білдіреді.

Саяси жəне идеологиялық көпқырлылық бір-бірімен өзара тығыз байланысты ұғым. Саясатты адамның, таптардың, көпшілік пен тұтас қоғамның санасынан, олардың мүдделерінен, қажеті мен дүниетанымынан бөліп алуға болмайды. Сондықтан идеология мен саясат бір-бірімен өте тығыз байланыста əрекет етеді. Нақты саясатты, əдетте, идеологияның қолдаушысы, тудырушысы болып табылатын саяси партиялар жүзеге асырады. Еліміздегі мемлекетік саясат əр түрлі идеялардың қалыптасуы үдерісінде жүзеге асырылуда [2].

Еліміздің жалпы құқық жүйесінде қоғамның əлеуметтiк-экономикалық жəне қоғамдық-саяси өмiрiн кезең кезеңімен реттеу, əскери саясатты конституциялық-құықтық реттеу əдiстерiн айқындау, бейiмдiктен жəне мемлекеттік саясатты құқықтық реттеудегі мемлекеттік органдардың өзара қарым- қатынастарындағы мемлекеттiк мүдделер басымдығынан арылуы жүрiп жатыр.

Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына сəйкес елдiң құқықтық жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қолданыстағы əскери саланы реттейтін заңнама одан əрi дамытуды міндеттейді. Атап айтқанда, қолданыстағы заңдарды кезең кезеңiмен жетілдiрудi, сондай-ақ қажет жағдайда қоғамды одан əрi демократияландыру талаптарына жəне оны əлеуметтiк-экономикалық дамыту мiндеттерiне сай келетiн жаңа нормативтiк-құқықтық актілер қабылдауды талап етедi [3].

Еліміз жүзеге асырып отырған құқықтық реформаның қорытындыларын талқылау нəтижесінде қоғамда Конституцияның негiзiнде барлық саланы, соның ішінде əскери саясатты құқықтық дамыту қажеттiгi туралы пiкiр үстемдiк алды. Қазақстан Республикасының Конституциясы қажеттi құқықтық əлеуметтi қамтиды. Ол оның құқықтық нормаларында ғана емес, оның құқықтық идеялары мен принциптерiнде де тұжырымдалған. Конституцияның құқықтық идеялары Қазақстанда демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтiк мемлекет институттарын нығайтуға бағытталған заңнамалық, ұйымдық жəне басқа шараларда жүзеге асуға тиiс.

Мемлекеттің конституциялық идеялары заңнаманың құқық, əділеттілік, гуманизм идеяларын арқау ете түзілуінде, құқықтық тəртіпті, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының материалдық, ұйымдық-құқықтық, саяси кепiлдiктерiн нығайтудың пəрмендi құралдарының жасалуынан көрiнiс табады. Бұл оның əскери саясаты конституциялық-құықтық реттеуде өз нəтижесін беретіні даусыз. Сонымен қатар өзiнiң конституциялық мiндеттерiн қалтқысыз орындауға тиiс əскери қызметшiлердiң, өзге де азаматтардың жауапкершiлiгiн арттыру керек. Əлеуметтiк мемлекет конституциялық идеясын iске асырудың аса зор маңызы бар. Бұл жұмысты бiрiншi кезекте жеке адамның өзiн-өзi танытуы мен экономикалық еркiндiгiне қажеттi жағдайлар жасауға, əлеуметтiк өмiрдiң салаларын үйлестiруге патернализмге, қоғамның жiкке жарылуына, түрлi əлеуметтiк топтардың бiр-бiрiне қарсы тұруына жол бермей, көмек көрсетуге тиiс мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

Бұл орайда шынайы демократиямен түп-тамыры қосылмайтын «шексiз-шетсiз демократия» идеясын қабылдауға болмайтынын мойындаған жөн. Ел халқының көп ұлттылығы, көп конфессиялылығы, Қазақстанның шекарасына жақын жерде дiни экстремизмнiң, терроризмнiң бой көрсетуi жағдайында мемлекеттiң зайырлы сипатын жете түсiну мен қорғаудың маңызы зор. Зайырлы мемлекеттiң конституциялық идеялары мемлекеттiк идеологияға дiни ағымдардың ықпал етуiне, экстремистiк дiни идеялардың бой көтеруiне тосқауыл қоятындай, сонымен бiрге дiни бiрлестiктердiң конституциялық тəртiп шегiндегi қызметiн шектемейтіндей заң актілерi мен өзге де ic-шараларда жүзеге асуда.

Конституциядағы қоғам мен мемлекет қызметiнiң түбегейлi принциптерi туралы айтылғандарды ескере отырып, қоғамдық келiсiм мен саяси тұрлаулылықты қоғамдық та, мемлекеттiк те институттар қамтамасыз етуге тиiс.

Қазақстан Республикасының көпұлтты халқының достығын нығайту мен мемлекеттiң тəуелсiздiгiн бекітуде қазақстандық патриотизм принципiнiң маңызы зор [4]. Оны нығайту үшiн мемлекеттiң, қоғамдық институттардың, отбасы мен мектептiң, арнайы кəсіптік орта білім беретін орындарда, жоғары оқу орындарының бiрлесіп жұмыс жасауы аса қажеттілікті талап етеді. Мұнда əскери алқашқы дайындық сабақтарында əскери саясат пен мемлекет қауіпсіздігін қорғау үшін еліміз ұстанып отырған бейбітшілік пен тату көршілік, ынтымақтастық, серіктестік туралы ұғымды жастар бойына сіңіру өз нəтижесін берері сөзсіз.

Мемлекет қызметiнiң түбегейлi конституциялық принципi ретiнде мемлекет өмiрiнiң барынша маңызды мəселелерiн демократиялық əдiстермен шешу мемлекеттiк институттардың, саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң, үкiметтiк емес ұйымдардың, халықтың түрлi əлеуметтiк жiктерi мен топтарының бiрлескен қызметінің негiзiнде мүмкiн болады.

Жалпы мемлекеттiк органдар қызметiн ұйымдастыру мен оған баға беру олардың жұмысының формалды-статистикалық көрсеткiштерiмен шектелмеуi қажет. Бiрiншi кезекте əскери саясатта азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi жұмыстың нақты нəтижелерi назарға алынуы тиiс.

Əскери саясаттағы басым бағыттар, Конституцияда аталған түбегейлi принциптер заңнамада белгiлi бiр дəрежеде бекітілді. Бұл үдеріс ел iшінде де, Қазақстанның басқа мемлекеттермен қарым- қатынастарында да жаңа саяси, экономикалық жəне əлеуметтiк жағдайдағы қажеттiктерге сəйкес тереңдеп, кеңейіп даму үстінде.

Қазақстан Республикасының əскери саясатты конституциялық-құқықтық реттеуде əскери саладағы заңнамаларды одан əрi жетiлдiру процесiнде Конституцияның үстемдiгi жəне төменгi деңгейдегi актiлер нормаларының жоғарғы деңгейдегi актiлерге сəйкес тұру принциптерiн бұлжытпай ұстануды талап етеді.

Əскери саладағы қолданыстағы заңдар нормаларына төмендегідей шараларды жетілдіру қажет:

  • əскери саясатты құқықтық реттеудегі ақаулықтарды толықтыруды жəне оны қоғамдық қатынастардың барынша маңызды салаларына тереңдету;
  • заңдарға, соның iшiнде олардың ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiне сай болуына ғылыми сараптама жүргiзу тəжірибесін жалғастыру жəне кеңейту;
  • əскери саладағы заңдарды бiр iзге келтiру мақсатында онда қолданылатын терминдердiң мемлекеттiк жəне орыс тілдерiндегi бiрыңғай тiзбесiн қалыптастыру;
  • əскери қылмыстар, сыбайлас жемқорлық жəне əкiмшiлiк құқық бұзушылықтар мен əскери тəртіпті бұзушылықтар жасауға тiкелей немесе жанама түрде жағдай туғызушы алғышарттарды анықтау мақсатында нормативтiк-құқықтық актiлерге криминологиялық сараптама енгiзуде қазіргі заман талабына сəйкестендіру.

Əскери заңнама ауқымын жүйелеу жөнiндегi жұмысты жоспарлау, құқықтық реттеудi талап ететiн қоғамдық қатынастарға ғылыми талдау жүргiзу қажет. Мұндай алдын ала талдау нормативтiк- құқықтық актiлермен реттелмеген жəне түрлi деңгейдегi реттеудi қажет ететiн əскери қатынастар саласын айқындауға мүмкiндiк бередi.

Əскери заңнаманы жүйелеуде оның барлық үш нысанын пайдалану қажет. Яғни, инкорпорациялау, топтау жəне жинақтау арқылы жүзеге асырылуы тиiс. Сонымен бiрге қолданыстағы əскери саладағы заңдардың толықтай iске асырылуын, соның iшiнде қажет деген заңға тəуелдi актiлердiң дер кезiнде қабылдануын қамтамасыз ететін тетіктердi жетiлдiру заман талабына сəйкес келіп отыр.

Елімізде демократиялық, құқықтық мемлекет құруда жоғарыдағы айтылған мiндеттердi iске асыру мақсатында мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар əскери саясатты өздерiнiң күнделiктi қызметiнде назарда ұстауы, оның жүзеге асыруына жəрдемдесуі тиiс. Оның негiзгі қағидалары төмендегідей:

  • заңдылық, яғни Конституция мен заңдардың, оларға негiзделген заңға тəуелдi нормативтiк- құқықтық актілердiң нормаларын сақтап, орнымен қолдану;
  • адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүддесінен жоғары жағдайын бiлдiретiн адам құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы;
  • қайырымдылық (гуманизм), яғни адамның жеке тұлға ретiндегі жоғары құндылығын, оның еркiн дамуға жəне қабiлетiн көрсетуге деген құқықтарын тану, қоғамдық қатынастар сапасына баға берудiң өлшемi ретiндегi жеке адам игiлiгiнiң орнығуы;
  • мемлекеттік саясатты, соның ішінде əскери саясатты, дұрыс ұғыну арқылы азаматтардың өз Отанын жан-жақты қорғауы жəне Отанына сүйiспеншiлiгi ретiндегi қазақстандық патриотизм толық дəрежеде орнығуы тиiс [5].

Қазақстан Республикасының Конституциясында жария етiлген, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, құқықтың үстемдігі, бiртұтас мемлекеттiк билiктiң тармақтарға бөлiнуi жəне олардың тежемелiк əрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы келiсе қызмет iстеуi қағидаларына негiзделген демократиялық, құқықтық, зайырлы жəне əлеуметтiк мемлекет құру бағыттары əскери заңнамаларда айқын көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасы əскери саясатын конституциялық-құқықтық реттеуде адам құқықтарының басымдығын қоғам мен мемлекеттің мүдделерiмен үйлесiмдi сəйкестендiрген жөн.

Əскери саясатты бұл бағытта дамыту, оны халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей танылған принциптерi мен нормаларына, халықаралық стандарттарға дəйектi түрде сəйкес келтiру қажеттiлiгi маңызды басқосуында (2000 ж.) қабылданған БҰҰ-ның мыңжылдық декларациясында бекiтiлген. Декларация мемлекеттердiң, əлемдiк қоғамдастықтың «демократияны қолдау жəне құқықтық тəртіптi нығайту» үшiн күш-жiгер жұмсау қажеттiгiн ерекше атап көрсетедi.

Қазақстан Республикасының Əскери докторинасы əскери саясатты дамытудың бағытын негіздеп қоймай, сонымен бiрге құқықтық, əлеуметтiк-экономикалық жəне саяси салалардағы реформалармен үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ететіндігін айқындады [6].

Қазақстан Республикасы əскери саясатының даму мақсаттарының бiрi саяси жүйенi жетiлдiру болып табылады. Қазіргі кезде халықтың саяси белсендiлiгiнiң заңдық нысандарының алуан түрлiлiгi мен мəдениетiн шынайы қамтамасыз ету қажеттігінің маңызы артуда.

Қазақстан Республикасының қорғанысы жəне Қарулы Күштері туралы заңнама оның қызметiнiң тиiмдiлiгiн жəне қабылдаған шешiмдерi үшiн жауапкершілігiн арттыру мақсатында жетілдiрудi қажет етедi.

Əскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мəртебесi жəне оларды əлеуметтiк қорғау туралы заңының, əскерилерді əлеуметтік қорғауды ұйымдастыруды одан əрi жетiлдiру, осы iс- шаралардың əділ де толық жүзеге асу рөлiн нығайту жəне жауапкершілiгiн арттыруда айрықша маңызды.

Əскери басқарудың тиiмдi жүйесiн құру мақсатында бiртұтастық пен басқарушылық талаптарының бұлжымай орындалуы жағдайында мемлекеттiк билiктiң түрлi деңгейлерi арасындағы қызметтер аясын, функциялары мен жауапкершіліктерiн нақты ажыратуды қамтамасыз ететiн заңдарды одан əрi жетiлдiру əскери басқарудың тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар туғызу зерттеу жұмысымыздың мақсатына сай болмақ.

Еліміздегі əскери саясатты жүзеге асыруда, ел тəуелсіздігін одан əрi нығайтуды, стратегиялық маңызды объектiлердiң (жоғары қауiпi бар кəсiпорындардың жəне коммуникациялардың) қауiпсiздiгiн, қару мен оқ-дəрілердiң сақталуын қамтамасыз етудi, мемлекеттiк органдардың Қазақстан азаматтарының дiни сана-сезiмiн радикалдандыруға жол бермеу, экстремистiк идеяларға қарсы насихат жөнiндегi жұмысты реттейтiн нормативтiк-құқықтық базаны жетілдiру терроризммен күрес жөнiндегi жұмыстың маңызды бөлiгiне айналады. Этникалық жəне дiни экстремизм идеялары бар қауіпті материалдарға ғылыми жəне теологиялық сараптамаларды бiр орталықтан жүргiзу тетiгiн əзiрлеу жəне енгізу жұмыстары жан-жақты жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы əскери саясатын конституциялық-құқықтық реттеуді жүзеге асыруда ұлттық қауiпсiздiк пен ел тəуелсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн саяси төзбеушілiктiң алдын алуға, азаматтар бойында шыдамдылық сезiмi мен мiнез-құлық ұстамын, заң мойындау ғұрпын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттiк шаралар кешенiн жетілдiру бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Сонымен бiрге Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматтарының жүрiп- тұру заңдылығы мен қызметi, сондай-ақ шетелдегi бiздiң азаматтарды қорғау кепiлдiгi мен оларға қамқорлықты қамтамасыз ету мəселелерiне байланысты саясатқа тұрақты назар аударылып келеді [7]. Əскери құқық саласындағы нормативтiк-құқықтық база одан əрi жетiлдiрудi талап етедi.

Мемлекеттiң тұтастай алғандағы қорғаныс жүйесiн құрудың бiрыңғай кешендi-құқықтық көзқарасын қамтамасыз ету қажеттiлiгi туып отыр.

Еліміздің Қарулы Күштерін қолдану, əскери басқару органдарының, əскери бөлiмшелердiң құқықтық мəртебесiн нақты белгiлеу, бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегі халықаралық мiндеттемелердi орындау саласындағы заңнамалық ақтаңдақтарды толықтыру мəселелерiн барынша дəлдiкпен пысықтау жұмыстары жүрізілуде.

Республиканың соңғы онжылдықтағы жасасқан халықаралық шарттарға байланысты əскери құқықтық саясаты Қазақстанды интеграциялық үдерістерге тартуға, Қазақстан Республикасы үшiн қолайлы жəне экономикалық пайдалы жағын ескере отырып, əскери ұжымдық қорғанысқа байланысты жəне де осы салада халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты оңтайландыруға бағытталған əскери саясатты ұстануда. Осы мақсатта халықаралық шарттар жасауда бiршама ұстамды көзқарас таныта отырып, қатысқан жағдайда еліміздің тəуелсіздігі мен егемендігіне, халқына нақты саяси жəне экономикалық пайдасын тигізері сөзсіз.

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар аясындағы шарт жасасуда əскери саясаттың негізгі бағыты — халықаралық құқық қағидаларын бұлжытпай сақтау, қарусыздану, жаппай қырып- жоятын қару жарақтарды таратпау, экологиялық зардаптармен күресу, халықаралық терроризм, ұйымдасқан қылмыс, адам құқығын қорғау, адамзаттың мəдени мұраларын сақтау жəне т.б. халықаралық проблемаларды шешуге бағытталады.

Мемлекетаралық өзара əскери серіктестiктiң тиiмділігiн арттыру мақсатында екі жақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын құру жөнiндегi жұмыстар жасалуда. Осы жұмыс ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердiң əскери жəне арнаулы органдарымен, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен Орталық Азия экономикалық қоғамдастығы мемлекеттерiнiң тиiстi құрылымдарымен бiрге жүзеге асырылуда. Осы тұрғыдан келгенде, мемлекеттік қауіпсіздікке байланысты мəселелерді бiрлескен əскери оқу-жаттығу шараларының мемлекетаралық бағдарламасымен жəне де ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердiң халықаралық терроризммен жəне лаңкестіктiң өзге де көрiнiстерiмен күрес жөнiндегi бағдарламасына сүйене отырып, сондай-ақ ТМД- ға қатысушы-мемлекеттердiң есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы iс-əрекет мəселелерiне арналған өзге де бiрлескен құжаттарын iске асыруда өзара түсіністік пен айқын мемлекеттік саясатты ұстауды талап етеді. Бұл өз кезегінде əскери саясатты құқықтық жағынан терең түсінуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының əскери саясатында БҰҰ-ның қауіпсіздік саласындағы халықаралық құқықтық құжаттары мен бағдарламаларына айрықша мəн беріп қатысуда. Қазақстан Республикасы қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартуы Конституцияда нақты бекітілді. Бұл мемлекетіміздің əлем қауымдастығының алдында конституция арқылы алғаш рет жариялаған шабуыл жасамау, күш қолданбау сияқты халықаралық құқық принциптерін сөзсіз қолдайтындығын танытатын мемлекеттің əскери саясат саласындағы ерікті қабылдаған шешімі.

Оның мəні БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттер өздерінің халықаралық қатынастарында кез келген мемлекеттің дербес аумағына немесе саяси тəуелсіздігіне қарсы күшпен қоқан-лоққы көрсетіп, оны қолданудан бас тартуы тиіс. Бұл принциптер халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан Республикасының қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартуының конституциялық фомуласы шабуыл жасамау мен күш қолданбаудың халықаралық құқық принциптерін дамытып, нақтылай түседі. Өзге мемлекеттер үшін үлгі-өнегелік қызмет атқаратын бұл формула мемлекетаралық қатынастарда шабуыл жасамауға өзін-өзі міндеттеу жолымен осы принциптердің тиімділігін арттыруды көздейтін біздің еліміздің сыртқы саясатына бағыт-бағдар сілтейді.

Еліміздің ұстанатын бұл саясаты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының Азиядағы сенімділік пен осы аймақтағы қалыптасқан мемлекеттік шекаралардың беріктігін мойындау шаралары бойынша жəне де қарулануға бөлінген мемлекеттік бюджеттің пайыздық қысқаруы жөнінде кеңес шақыру туралы 47 жəне 50-ші мерейтойлық сессияларындағы бастамасымен іс жүзіне асырылды. Мұның алдында егеменді ел болған Қазақстан өз аумағында ядролық қаруды орналастырудан ерікті түрде бас тартып, дүние жүзінде ядролық сынақтарға жаппай тыйым салуды қолға алған болатын [8].

Сонымен қатар Республиканың ТМД елдерінің ұжымдық қауіпсіздік шартына қатынасушыларының құрамына кіруі (Ташкент, 1992) конституциялық құрылымға қайшы келмейді. Қазақстанның бұл бағыттағы саяси қадамдарындағы негізгі жетістігі ретінде Ресей Федерациясымен достық, ынтымақтастық жəне өзара көмек жөніндегі шарты (Мəскеу, 1992) жəне де одан кейінгі ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімдерді атауға болады. Əскери саясатта НАТО-мен байланыс жасап, «Бейбітшілік мүддесіндегі əріптестік» бағдарламасына белсене араласады [9].

Қазақстан Республикасының қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартуы жөніндегі Конституция ережесі Қазақстандық əскери ілімнің іргетасы қызметін атқарады жəне Қарулы Күштердің тек қана қорғанысқа қажетті құрылысын анықтайды.

Еуропа мен Азияның сауда жəне көлік-коммуникациялық ағынының қиылысында тұрған Қазақстанның геосаяси жағдайы, елдің бай табиғи ресурстары халықаралық жəне өңірлік ынтымақтастықты дамыту саласында елеулі басымдықтар береді.

Сонымен бір уақытта табиғи ресурстарды бөлудің əркелкілігі, дамыған жəне дамушы елдер арасындағы ұлғайып келе жатқан алшақтық, экономикалық өктемдік, мемлекеттердің əлеуметтік- саяси құрылысына қағидаттардағы айырмашылықтар жəне жаһанданудың басқа да теріс аспектілері оларды шешу кезінде əскери жəне өзге де қуат құралдарының пайдаланылу мүмкіндігі мемлекетаралық қайшылықтарды шиеленістіруге ықпал етуі мүмкін.

Бүгінде Қазақстанның айналасындағы ахуал түбегейлі өзгерді. Өңірдегі жағдайды тұрақсыздандыратын жəне ұлттық қауіпсіздікке қатер туғызатын жаңа факторлар туындады, ол əскери қатерлердің тұрақты мониторингі жүйесінің тиімділігін арттыруды талап етеді.

Жаппай қырып-жою қаруын таратудың өсіп келе жатқан қаупі, трансұлттық терроризм мен діни экстремизм, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз айналымы, этникалық жəне демографиялық шиеленістің өсуі, табиғи ресурстардың, ең алдымен судың тапшылығы, жекелеген өңірлерде жəне тұтастай əлемде экологиялық жағдайдың нашарлауы орта мерзімді даму жоспарында Қазақстанның қауіпсіздігіне, халықаралық жəне өңірлік тұрақтылыққа елеулі қатер төндіретінін үнемі есімізде ұстауымыз керек.

Ядролық қаруы бар мемлекеттер жəне «соғысқа бейім тұратын» деп аталатын елдер санының ұлғаюы белгілі бір дəрежеде қалыптасқан халықаралық қауіпсіздік жүйесін бұза отырып, əлемде күштерді орналастыруды түбегейлі өзгертуі мүмкін. Бұл ықтимал қатерлерге қарсы іс-қимыл үшін принципті жаңа қағидаттар, оның ішінде негізгі ғаламдық күштер орталықтарымен бірлесіп қорғануды талап етеді.

Мұнда ықпал ету объектілері маңызды экономикалық жəне əскери орталықтар, азаматтық халық, ұлттық рəміздер болуы мүмкін, ол тек жекелеген мемлекеттердегі ғана емес, сондай-ақ тұтастай өңірдегі жағдайды тұрақсыздандыруға да əкеп соқтырады.

Яғни, қазіргі заманғы геосаяси жағдай саяси тұрақсыздықпен, экономикалық, демографиялық жəне əлеуметтік сипаттағы қайшылықтармен сипатталады, өзімен бірге тұрақсыздандыру қатерін əкелумен мемлекет ішінде өз зардабын тигізеді.

Осы жағдайларда бейбітшілікті, халықаралық жəне өңірлік қауіпсіздікті, тұрақтылықты нығайту, ұжымдық негізде мемлекеттің тəуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау Қазақстанның əскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы түйінді мақсаттар болып табылады.

Жоғарыдағы мақсаттарға қол жеткізуде басымдық саяси шараларға жəне алдын алу дипломатиясына беріледі. Сонымен қатар əскери-қорғаныстық құрылымдарға сұраныс сақталып отыр. Демек, Əскери доктринаның жаңа жағдайларға бейімделу мəселесі қазіргі кезеңде өзекті болып табылады.

Еліміздегі əскери-саяси жағдайды талдау нəтижесінде Қазақстан Республикасының əскери қауіпсіздігіне төнетін негізгі қатерлер мыналар болуы мүмкін деп болжайды.

Сыртқы саясатта:

  • саяси тұрақсыздық, шекаралас елдердегі мемлекеттік институттардың жеткілікті дамымауы;
  • қарулы арандатулар, Қазақстан Республикасына аумақтық кінə қоюлар;
  • шетел мемлекеттері немесе ұйымдары тарапынан Қазақстан Республикасының ішкі істеріне араласу;
  • Қазақстан Республикасының əскери қауіпсіздігіне залал келтіруге əскери-саяси ұйымдар мен одақтар ықпалының кеңеюі;
  • Қазақстан шекарасының маңында қарулы жанжалдар ошақтарының болуы;
  • жекелеген мемлекеттердің жаппай қырып-жою қаруын жəне оны жеткізу құралдарын жасау жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыруы, оны шығару үшін пайдаланылатын жабдықтарды, технологиялар мен құрауыштарды, сондай-ақ қосарлы мақсаттағы технологияларды заңсыз таратуы;
  • əскери қыр көрсету, Қазақстан мен оған достас мемлекеттердің шекаралары маңындағы қалыптасқан күштер теңгерімін бұзуға əкеп соқтыратын əскер топтарын өрістету;
  • халықаралық радикалдық топтардың қызметі, шекаралас елдердегі діни экстремизм ұстанымының күшеюі.

Ішкі саясатта:

  • конституциялық құрылысты өзгертуге бағытталған күш көрсету іс-əрекеттері;
  • Қазақстан Республикасының бірлігі мен аумақтық тұтастығын, елдегі ішкі саяси тұрақтылықты бұза отырып, экстремистік, ұлттық, діни, сепаратистік жəне террористік қозғалыстардың құқыққа қарсы қызметі;
  • мемлекеттік биліктің орталық органдарының жұмыс істеуіне іріткі салуға бағытталған іс- əрекеттерді жоспарлау, дайындау жəне жүзеге асыру, мемлекеттік жəне басқа да өмірлік маңызы бар объектілерге шабуыл жасау;
  • заңсыз қарулы құралымдарды құру, жарақтандыру, дайындау жəне олардың жұмыс істеуі;
  • Қазақстан Республикасының аумағында диверсиялар, террористік актілер, өзге де құқыққа қарсы іс-əрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін қаруды, оқ-дəрілерді, жарылғыш жəне басқа да құралдарды заңсыз тарату;
  • Қазақстан Республикасындағы экономикалық жəне саяси тұрақтылыққа қатер төндіретін ауқымдағы ұйымдасқан қылмыс, контрабандалық жəне өзге де заңға қарсы қызметтерді көрсетті [6].

Қазақстан Республикасында жүргiзiлiп отырған əскери саясаттың негiзгi қайнар көзі Республика Конституциясы болып табылатындығына байланысты оның əлеуетiн мейлiнше пайдалану қажет, ал əскери саясатын анықтай отырып, Қарулы Күштерге əскери-саяси басшылықты Қазақстан Республикасының Президентi — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы жүзеге асырады. Жоғарғы Бас Қолбасшылық (Жоғарғы Бас Қолбасшылықтың Ставкасы) соғыс уақытында Қарулы Күштерге басшылық жасайтын жоғары əскери-саяси орган болып табылатындығы айқын бекітілген.

Еліміздегі əскери саясатты iске асыру үшiн заңнаманы одан əрi жетiлдiруге бағытталған тиiстi нормативтiк-құқықтық актiлердi қабылдау қажет.

Қазақстан Республикасы əскери саясатын конституциялық-құқықтық реттеуде елдің əскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің қорғаныстың бағыттылығы айқындалады. Сонымен қатар Қазақстанның кез келген мемлекетаралық қайшылықтар мен жанжалдарды шешудің əскери емес шараларына принциптік қосылуын мəлімдеді.

Қазақстан Республикасы əскери саясатынның ұстанымды ережелері əлемдегі жəне аймақтағы əскери-саяси жағдайдың өзгерулері, əскери қатерлердің сипаты мен мазмұны, мемлекеттің əскери ұйымдарының даму бағыттары ескеріле отырып нақтыланатын жəне толықтырылатын болады.

Жалпы Қазақстан Республикасы əскери саясаты Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауларында, əскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелері жөніндегі заңнамалық жəне өзге де нормативтік-құқықтық актілерде, Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды дамытудың бағдарламалық құжаттарында ерекше назарға алынуда.

Қазақстан Республикасы өзінің халықаралық қауіпсіздікті жəне жалпыға ортақ бейбітшілікті қолдау, əскери жанжалдарды болдырмау мақсаттарына байланысты шараларға белсене араласуда. Бұл əскери саясаттағы барлық iс-шаралар мен бағдарламалардың жүйелiлiгi мен нəтижелілiгiн, олардың ізгi бағыттылығын айқындайды. Сондай-ақ мемлекеттің демократиялық-құқықтық дамуының əлемдiк тəжiрибесiн Қазақстан жағдайына бейiмделуiне жəрдемдесіп, республиканың əскери саласында жан-жақты дамуы процесiнде туындайтын болжамды əлеуметтiк, экономикалық жəне саяси аспектiлерге қатысты мəселелерді конституциялық-құқықтық реттеу айрықша маңыздылығымен ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасы əскери саясатын конституциялық-құқықтық реттеуде тиiмдi құқық қолданудың нақты жəне iске асырудың ілгерілік сипаты принциптерiн ұстануда.

 

Əдебиеттер тiзімі

  1. Амандыкова С.К. Стоновление доктрины конституционализма в Казахстане. — Караганда: Изд-во КарГУ, — 440 с.
  2. Назарбаев Н.Ə. Қазақстан халқының əл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Егеменді Қазақстан. — — 7 ақп.
  3. Исенгулов А. Военная реформа в Республике Казахстан: желаемое и действительность // Время ПО. — 2001. — № 4.— С. 37–40.
  4. Сапаргалиев Г. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, — 544 б.
  5. Кемельханов А.Ж. Военное право: Учеб. пособие. — Алматы: ТОО «Изд-во LEM», — 344 с.
  6. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 наурыздағы № 299 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының əскери доктринасы. — Астана,
  7. Сман А. Правовое положение личности в Республике Казахстан (конституционно-правовой аспект). — Монография.
  8. Астана: КазГЮУ, 2008. — 384 с.
  9. Назарбаев Н.Ə. Сындарлы он жылдық. — Алматы: Атамұра, 2003. — 240 б.
  10. Рахманова Г.Б. Проблемы национальной безопасности в Стратегии «Казахстан – 2030». — Алматы, 2000. — 153 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.