Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шағын кəсіпкерлік субъектілерінің белсенділігін арттырудағы шетел тəжірибесін пайдалану нəтижелігі мен мүмкіндіктері

Батыс елдерде фирма өсімінің кезеңдік теориясы кең таралған, ол «ұйымдық тəртіп» аумағындағы зерттеу нəтижесінде туып, фирма дамуының кезеңдік сипаттарын ерекшелеу негізінде фирма өлшемін сапалық анықтаудың кеңеюіне жол берді. Фирма өсімі теориясының бір нұсқасы кəсіпорын мөлшерін анықтаумен тікелей байланысты болмаса да, бекітудің сапалы нұсқасын дамыту үшін қолданады.

Осы теорияның бір нұсқасы кəсіпорын өсімі кезеңінің индикаторы ретінде өнімді дамыту стратегиясында көзделді. Көптеген авторлар компанияларды бір өнімді өндіруге бағытталған шағын фирмадан бастап, өнімнің үлкен өндірісі бойынша қызмет диверсификациясына бағытталған ірі кəсіпорындар — конгломерат-компания түрінде қарастырады (технология, қызмет, «ноу-хау»). Өнім дамуының кезеңін сипаттау үшін фирманың жылдық табысының оның өндіріске кеткен барлық шығындарының қатынасына тең «мамандандыру коэффициенті» қолданылады.

Сапалық көзқарастың артықшылығы — теориялық негіздеменің белгілі бір дəрежедегі жетістігі жəне түрлі кəсіпорындарға «менеджмент жүйесі» т.б. сияқты сапалық критерийлер тəн кең спектр есебі. Бұл тұжырымның кемшіліктері — түрлі сипаттамалар қатарын анықтау үшін фирмаішілік ақпаратқа ену қиындығы мен тəжірибені қолдау күрделілігі (мысалы, «менеджмент жүйесі») жəне критерийлердің неғұрлым кең спектрі.

Шағын фирманың таза сапалық анықтамасын оның өмір сүру жəне даму ерекшеліктерін бөлу арқылы қалыптастыруға болады. Бұл көзқарас шағын фирманың қызметі ретінде қарастырылады: айқындылықсыздың жоғарғы деңгейі, инновация енгізуге жоғары мүмкінділік (кең мағынада); тұрақты дамуды жəне өзгерістерге тез бейімделуі.

Монополиялық нарық еркін бəсекелестіктің мүмкіндігін жоя отырып, экономикалық өрлеуге кері əсерін тигізетіні белгілі, яғни капитал мен өндірістің жиынтығын құрайтын монополизмнің бойында қай кезде де тоқырау қаупі бар. Оған қарсы тұра алатын бірден-бір фактор — ол əлемдік тəжірибеде кең етек алған, біздің елімізде де енді дамып келе жатқан шағын бизнес. Жалпы өркениетті елдердің қай-қайсысын алсақ та, олар өздерінің экономикалық жəне əлеуметтік мəселелерін шешуде шағын кəсіпкерлікке арқа сүйейді.

Кəсіпкерлік сектор нарықтық бəсекелестіктің өзгеруіне өте сезімтал. Сонымен қатар экономикадағы бəсекелік сипатты қолдай отырып, орта топтың қалыптасуының негізін қалайды. Осындай əлеуметтік базаны дамытпастан нарықтық реформаларға жоғары баға беру мүмкін емес. Бұл сипаттаманың əділдігін экономиканың қолдаушы күші болған шағын бизнесті кең бағытта қолдаған шет елдердің тəжірибесі айғақтайды. Дамыған елдердің экономикасында шағын кəсіпорындар айтарлықтай маңызды орынға ие болады. Себебі елдегі жалпы ұлттық өнімнің жəне жалпы ішкі өнімнің жартысынан астамы шағын кəсіпорындардың үлесіне тисе, жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі де шағын кəсіпорындарда еңбек етеді. Мысалы, АҚШ-та ЖҰӨ-нiң 50 %-нан астамы, ұлттық жұмысшы күшiнiң 2/3 астамы, жалпы өнімнің 40 %-ы жəне еңбекке қабілетті халықтың 53 %-ы шағын кəсiпкерлiкке тартылған [1]. Ал, Жапонияда 6,5 млн шағын кəсіпорындар бар, ол жалпы өнімнің 90 %-ын құрайды. Айтарлықтай, Қазақстанға да шағын кəсіпорындарды ұйымдастыру, басқару жəне тиімділігін арттыру бойынша шетелдік тəжірибелерді пайдалануымыз керек.

Ірі корпорацияларға қарағанда шағын кəсіпорындар технологиялық жаңалықтарды анағұрлым көп игереді. Мұндай кəсіпорындар тауарларды экспортқа шығаруға мүмкіншіліктері мол. Олардың үлесіне Германия, Италия, Жапония сияқты елдерде тауар экспортының 40 %-ына жуығы тиесілі екен.

Əлемдік тəжірибеде қоғам мен мемлекет мүддесінде шағын бизнесті мемлекеттік қолдау норма болып есептеледі. Мұндағы мемлекеттің міндеті шағын кəсіпорындарға қаржылық, техникалық жəне өзге де ресурстарды беру ғана емес, сондай-ақ оларды қандай да бір дəрежеде болсын қолдау емес, олардың өмір сүруі үшін құқықтық жəне экономикалық жағдай жасау, нарық жағдайында өсіп, өмір сүре алуы үшін жағдай жасаудан тұрады. Еуропа, Жапония, АҚШ, Азия сияқты əлемнің барлық елдерінде жəне Латын Америка елдерінде шағын кəсіпкерлікті дамытуды қолдаудың қуатты толқыны жүруде [2]. Барлық Еуропа, əсіресе, өтпелі экономикасы бар елдер (Шығыс Еуропа) шағын кəсіпкерлік мемлекеттік қолдауға өз үлестерін қосуды кеңейтуге зор назар аударуда.

Экономикалық қызметтестік жəне дамуды ұйымдастыру елдерінде барлық фирмалардың 99 %-ы бұл жұмыс орындарының қайнар көзі болып табылатын (жұмысбастылықтың 40–80 %) жəне ЖІӨ-нің 30–70 %-ын қамтамасыз ететін шағын жəне орта кəсіпорындар. Мемлекеттік қолдау бағдарламаларының (1989–1993 жж. аралықтары) немесе «Өнеркəсіптік субсидиялардың бағдарламалары» 1552-нен 359-зы шағын жəне орта бизнесті қолдауға бағытталған. Еуропалық одақтың 12 елдерінде 1990 ж. 15,8 млн ауылшаруашылықтық емес жеке кəсіпорындар есептелген. Олардың 14,7 млн микрокəсіпорындар болды, 1 млн-ға жуығы шағын кəсіпорындар, шамамен 70 000 кəсіпорында 100–500 жұмыскерлер қызмет етсе, тек 13 000 кəсіпорын 500-ден астам қызметкерлерге ие болды. Микрокəсіпорындар үлесіне ауылшаруашылықтық сектордан тыс жұмыспен қамтылғандардың 31,8 %-ы тиесілі, шағын — 24,9 % жəне орта — 15,1 %.

Қазақстанда шағын жəне орта бизнес экономиканың маңызды секторы ретінде анықталған. 2009 жылғы қорытынды бойынша шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерінің саны 1089 мың бірлікке жеткен, ЖҰӨ-дегі үлесі 17 %-ды құрады. Қазақстан Республикасындағы шағын жəне орта кəсіпкерліктің мониторингі бойынша 2011 жылғы қаңтар-қазанда өткен жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда өнім шығарылымы (салғастырмалы бағада) 2,6 %-ға, белсенді субъектілер саны 4,4 %-ға өсті, жұмыспен қамтылғандар саны 3,5 %-ға төмендеді. 2011 жылғы қаңтар-қазанда шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерімен өнім шығарылымы 6755,1 млрд теңгені құрады. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кəсіпкерлер үлесі — 64,8 %, шаруа (фермер) қожалықтары — 24,7 %, шағын кəсіпкерліктегі заңды тұлғалар — 9,3 %, орта кəсіпкерліктегі заңды тұлғалар 1,2 %-ды құрады.

Қазақстан бойынша 1999–2009 жылдар аралығындағы субъектілер жəне жұмыспен қамтылғандардың көрсеткішін қарастырайық (1-кесте).

 Шағын кəсіпкерліктің негізгі көрсеткіштері    

 Қазақстанның ШОК көрсеткіштерін дамыған елдердікімен салыстырып көрсетейік (1-сур.).

  1-сур. Қазақстанның шағын жəне орта бизнес макрокөрсеткіштерін дамыған елдердікімен салыстыру

Ресей Федерациясының көрсеткіштеріне тоқталайық (2-кесте).

Шағын бизнес көптеген елдердің экономикасындағы базалық негіздеме болып табылады. Саясаттың жекелеген салалары бойынша Еуропалық қауымдастық елдеріндегі шағын жəне орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың жалпыланған тəжірибесін келтірейік.

Қаржыландыру. Еуропалық қауымдастық барлық елдері шағын жəне орта бизнеске түрлі тетіктерді қолдана отырып, қаржыландыру көздерін табуға қатысты мəселелерді шешуге көмектеседі. Кейбір мемлекеттер (Ұлыбритания, Нидерланды жəне т.б) негізінен займ кепілдіктерін қамтамасыз ету жүйелеріне шоғырланады. Ал көптеген елдер субсидиялар, инвестицияларға фискалды жеңілдіктер, жеңілдікті займдар немесе дотациялар арқылы шағын жəне орта бизнесті қолдау үшін ерекше резервтерді құрады. Шағын жəне орта бизнестің негізгі қорларына қаражаттарды инвестициялау ерекше ынталандырылады. Израильде қолдау инфрақұрылымының объектілерi құрылған, олардың көпшiлiгi мемлекеттiк. Кəсiпорындарды қаржыландыруға көмек беретiн мемлекеттiк жəне бiрнеше жеке қорлар бар, ал мемлекеттiк субсидия бизнестi жүргiзу үшiн қажеттi қаражаттың 3/4-iн құрайды, 1/4-i — кəсiпкердiң салған қаражаты. Кейбір елдерде (Бельгия, Франция, Нидерланды жəне т.б.) тəуекелді капиталды шағын жəне орта бизнеске ұсыну тəжірибесі жүзеге асырылады [3].

2001–2005 жылдардағы Ресей Федерациясы бойынша шағын кəсіпкерлік субъектілерінің саны

 Ақпараттық технологияларда шағын инвестициялық жобалар (PPI) мен инновацияларды сыйақылау жүйесі. Алынған қаражаттар жалпыеуропалық деңгеймен салыстырғанда Португалияның шағын кəсіпорындарындағы қаржылық тапшылық пен технологиялық ара-қашықтықты жоюға ықпал етті.

Тұрақты экономикалық жүйеде шағын кəсіпкерлік динамикалық түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне тез бейімделе алады, бəсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымдық қайта құрылуына əсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кəсіпкерлік топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді.

Негізгі бағдарлама — бұл инкубаторлық бағдарлама. Инкубаторлар — ол университеттер, компаниялар, федералдық органдар, штаттық басқармалар жанында құрылатын ұйымдар. Бұл ұйымдардың негізгі мақсаты жаңа кəсіпкерлерге жан-жақты көмек көрсету болып табылады. Қойылған мақсатқа, қаржыландыру көзіне байланысты инкубаторлар фирмалық, университеттік, жекеше болуы мүмкін.

Сауда палаталары да инкубаторларды қаржыландыруға қатысады. АҚШ-та шағын кəсіпорындар экономикада жетекші рөл атқарады. Сондықтан да федералдық, штаттық басқару органдары шағын жəне орта бизнестің дамуына үлкен мəн беріп отыр, оның дамуына барлық жағдай жасап жатыр.

Қазір шағын кəсіпорындар жоғары технологиялық, химиялық өнеркəсіп, транспорттық қызмет, информатика, телекоммуникация салаларына əр тараптандырылып жатыр.

Инкубаторларды қаржыландырудағы мақсаты:

  • инкубатор клиентінің табысына ортақтасу;
  • жеке тұлғалардан арендалық төлемдер алу;
  • жаңа жұмыс орындарын ашу.

Американың шағын кəсіпкерлігі сауда, өндірістік орта, қаржылық сектор, консалтинг, инновациялық ортада жəне əлеуметтік қызмет көрсету салаларында жақсы дамыған. АҚШ-та ең алдымен осы салаларды штаттық жəне аймақтық орталарында дамыту болып табылады. Штаттық пен аймақтық ортаны қаржыландыруға байланысты ұйымдар құрылған. Бұл ұйымдардың басты мақсаты қандай да кəсіпорындарға қаржылық, несиелік түрінде көмек көрсету [4].

Жапонияда шағын кəсіпкерлікті ұйымдастырушылық реттеу шағын кəсіпкерліктің мемлекеттік корпорациясымен жүзеге асырылады. Жапонияның халық шаруашылығындағы шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерінің саны, тауар айналымы, басқа секторлармен салыстырғанда, алдыңғы қатарда тұр.

Дəстүр бойынша əрбір аймақтық ірі корпорация өз жанында бірнеше шағын кəсіпорын құрайды. Бұл кəсіпорындар бос кəсіпорындарға тəуелсіз болады жəне өздерінің ұйымдық құрылымын жасайды, жаңа өнімдерді шығара бастайды. Жапонияда шағын кəсіпорындар үлесіне: өндірістің өнімінің — 50 %-ы, көтерме сауданың 60 %-ы тиесілі. Шағын жəне орта кəсiпкерлiктiң үлесi барлық компаниялар санының 99,6 %-ын, ЖIӨ-нiң 55 %-ын жəне өнеркəсіпке жұмыспен қамтылғандардың 80 %-ын құрайды. Шағын бизнес ЖҰӨ-нің 61 %-ын құрайды.

Беларусь Республикасында 84 164 ұйымдар бар, яғни 2010 жылға қарағанда 6 762-ге өскен. Шағын кəсіпкерлік субъектілерінің — заңды тұлғалардың жекеменшік формалары бойынша жіктелуі 2-суретте көрсетілген.

 2-сур. 2010 жылғы шағын кəсіпкерлік субъектілерінің — заңды тұлғалардың жекеменшік формалары бойынша жіктелуі, %

Сингапурда 140 000 шағын жəне орта кəсіпкерліктің субъектілері елдің барлық кəсіпорындарының шамамен 90 %-ын құрайды. Шағын кəсіпкерлік жұмыспен қамтылғандардың көп бөлігін жұмыс орындарымен қамтиды, жылына шамамен 5–6 %-ға өседі.

Еркін нарықты бəсеке шағын кəсіпорындарға сыртқы ортаға бейімделуіне көмектеседі. Мұндай жағдайда мемлекеттік орган шағын кəсіпорынға құрал-жабдықтарды жаңартуға, технологияны жақсартуға, өнімге деген сұранысты дамытуы көмек береді. Жапонияның шағын кəсіпкерлікті мақсатты түрде бюджеттен қаржыландыруды, əрбір министрі, əр ведомство өз шығындар бюджетіне шағын бизнеске жұмсайтын қаржыны кіргізеді. Шағын жəне орта кəсіпорындарға женілдетілген салық мөлшерлемесі қолданылады.

Ұлыбританияның шағын бизнестегі тəжірибесі. Ұлыбританияда шағын бизнес субьектілеріне: жылдың тауар айналымы 2 млн фунт стерлинг аспайтын, активтер сомасы 1 млн фунт стерлинг жəне жыл бойы 50 адамды жұмыспен қамтитын кəсіпорындар жатады. Ұлыбритания мемлекеттік кеңестік қызмет бастаушы кəсіпкерлерге қажетті кеңестер береді. Мысалы, коммерциялық мəселелерді қалай шешу керек екені, бухгалтерлік есепті қалай жүргізу керектігі, нарықта қалай зерттеу екендігі туралы кеңестер.

Қазақстанда шағын кəсіпорынды ашу үшін жұмсалатын күш-жігерді шетелде шағын кəсіпорын ашуға жұмсалатын уақытпен салыстыру мақсатында [5] зерделеу қажет.

Қазақстанның шағын кəсіпкерліктегі белсенді субъектілер санын 3-кестеден көре аламыз [6]

 ҚР шағын кəсіпкерліктегі белсенді субъектілер саны, бірлік

 Франция Үкіметінің шағын кəсіпорындар үшін жасап жатқан шараларын атап өткен жөн. Франциядағы тұрақты түрде дамып келе жатқан саясат жатыр. Басты назарда шағын жəне орта кəсіпорындар [7]. Себебі, бұл кəсіпорындар — нақты экономиканың ең динамикалық елі. Ресми дерек бойынша, Францияда шағын жəне орта кəсіпорындарда 16 500 000 адам жұмыспен қамтылған. Орташа есеппен бір кəсіпорында 7 адам жұмыс істейді. Францияда шағын кəсіпорындарға жұмысшылар саны 500-ден аспайтын кəсіпорындар жатады. Кореяда барлық компаниялардың 99,5 %-ын құрайтын 3 млн шағын жəне орта кəсiпкерлiк субъектiлерi бар. Соның iшiнде шағын компаниялардың үлесi 97 %-ды құрайды. Оңтүстік Кореяда шағын компаниялар жұмысқа орналастырудың маңызды көзi болып табылады, өйткенi онда елдiң экономикалық белсендi халқының 87 %-ы жұмыспен қамтылған (10 млн астам). Шағын жəне орта кəсiпкерлiктiң үлесiне елдiң ЖIӨ-нiң жартысы жəне оңтүстiк кореялық экспорттың 43 %-ы тиесiлi. Ал, Қазақстанда ШОБ саласында 2,5 млн адам (30 %) жұмыс істейді [8]. Шағын жəне орта бизнес субъектілері өткен жылмен салыстырғанда 6 % өсті. Əдетте əкімшілік процедуралар шағын кəсіпорындар құруға кедергі келтіретіні мəлім, сондықтан Франция Үкіметі формалды мəселелерді қысқартуға көшті. Францияда шағын бизнесті несиелеу негізінде пайдасыздық өсімді мемлекет бонификациялайды. Бонификция — бұл жеңілдету.

Францияда шағын кəсіпкерлікті реттеудің ұйымдастырушылық құрылымы Шағын жəне орташа кəсіпкерлік конфедерациясымен, Сауда жəне өнеркəсіптік палаталарымен, Бастаушы жəне дамушы кəсіпорындардың ұлттық агенттігімен, Техника, өнеркəсіп жəне экономикалық ынтымақтастық істері жөнінен агенттігімен көрсетілген.

Германияда да аймақтық шағын жəне орта кəсіпкерліктің басты сипаттамасы ең алдымен меншік құқы мен кəсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады [9].

Германияда шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты принцип- өздігінен, мүмкіндігінше, өз бетінше дамуды барынша ынталандыратын көмек беру болып табылады. Шағын бизнес жөніндегі үкіметтік қызмет кəсіпкерлер үшін əр түрлі семинарлар мен курстар ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар Үкімет банктер алдында кəсіпкерлер үшін қарыздық кепілдеме береді. Шағын кəсіпорындар салықты табысқа жеткеннен соң ғана төлейді. Қаржылық

механизм арқылы мемлекет шағын бизнеске несие ұсынысын арттырды.

Азиялық қаржылық дағдарыс көрсеткендей, шағын жəне орта кəсіпорындар сыртқы факторға аз тəуелді [10]. Осыдан бұл кəсіпорындар үлкен кəсіпорындарға қарағанда артықшылықтарға ие. Үкіметтің шағын жəне орта кəсіпорындарды қолдауға бағытталған саясаты өте алуан түрлі болып келеді жəне бұл саясат кəсіпорындардың əрі қарай дамуын қолдайды.

Шетелдік тəжірибеге қарап, Республикамызда атқарылатын іс-шараның əлі көп екенін байқауға болады. «Бизнестің жол картасы–2020», «Шағын кəсіпкерлікті қолдау туралы» Заң атқарылатын іс- шаралардың бастамасы ғана, экономиканың бұл секторын көтеру үшін жүйелі түрде жұмыс атқарылуы керек. Шағын жəне орта бизнестің тұрақты дамуына барлық жағдай жасау — бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың біздің алдымызға қойған міндеттерінің бірі. Республикамызда шағын жəне орта кəсіпкерлікке қағаз жүзінде емес, шетелдегі сияқты нақты көмек қажет.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасында шағын жəне орта кəсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi жеделдетiлген шаралардың 2005–2007жылдарға арналған бағдарламасы // www.government.kz
  2. Жатканбаева Е.Б. Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан. — Алматы: Қазақ ун-ті, —С. 76.
  3. Сабден О.С., Токсанова А.Н. Управление малым предпринимательством: вопросы теории и практики: Науч. изд. —Астана: Елорда, 2001. — С. 114.
  4. Токсанова А.Н. Основы предпринимательской деятельности. — Астана: PRINT-S, 2007. — С.
  5. Нұрғалиева Қ. Қазақстандағы өндіріс тиімділігін арттыруда материалдық ынталандыру жүйесін дамытудың бағыттары// Қаржы-Қаражат. — 2006. — № 3,4. — 24-б.
  6. Қазақстан Республикасының статистика агенттігі 2011 ж. алдынала деректер: Стат. жин. — Астана,
  7. Мамыров Н.К., Саханова А.Н. и др. Государство и бизнес. — Алматы: Экономика, — С. 102.
  8. Бижан Б.А. Кəсіпкерліктің жедел курсы: Оқу-əдіст. құрал. — Алматы: [АстанаМедиаСервис], Халықаралық бизнес академиясы, Кəсіпкерлікті дамыту қоры «Самырұқ Қазына», 2009. — 21-б.
  9. Блинов А.О., Шапкин И.Н. Малое предпринимательство: теория и практика. — М.: Дашков и К, — С. 94.
  10. Горфинкель В.А., Швандар В.А. Малый бизнес: организация, экономика, управление. — 3-е изд., перераб. и доп. — М.: ЮНИТИ-Дана, 2007. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.