Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Адамгершілікке қарсы бағытталған кейбір қылмыстардың мəні жəне қылмыстық құқық бойынша түсінігі

Қазақстан Республикасы Конституциясында еліміздің зиялы, демократиялық қоғам жəне құқықтық мемлекет құру жолында халықаралық нормаларды ұстанғандығы айқын көрсетіліп, республиканың дүниежүзілік қоғамдастықтың толық құқылы, бөлінбес бөлігі екендігі жария етілген. Отандық заңнама тəжірибесінде адамдардың құқығы, бостандығы, адамгершілігі тəрізді құндылықтары мен асыл қасиеттерін заңмен қорғау орынға түсуде. Əйтсе де, өз тəуелсіздігін жариялағанына он жылдан енді ғана аса бастаған мемлекетімізде бірнеше ғасырлық отаршылдық езгі кезеңінде еліміздің əлеуметтік өмірінен орын алған моральға жат, ертедегі қазақ қоғамында бой көрсетпеген жезөкшелік, маскүнемдік, алкоголизм, нашақорлық тəрізді əлеуметтік кеселдерге қарсы күрес жүргізілсе де, бұл проблема күні бүгінге дейін түбегейлі шешілген жоқ. Бұлар қазіргі қоғамымызда түрлі қылмыстармен кірігіп күрделеніп, қауіптілігі арта түскендіктен, заңнама саласында бірталай проблема тудырады.

Жезөкшелік — адамзат дамуының алғашқы кезеңінен бастап, күні бүгінге дейін жасап келе жатқан аса күрделі əлеуметтік құбылыс. Əр қилы тарихи кезеңдегі əр халықтың өзіне тəн əлеуметтік- экономикалық тұрмысы, шаруашылығы, тұрмыс салты, этномəдениеті, əдет-ғұрпы, жөн-жобалары, этнопсихологиясы, діни, қоғамдық  санасы  мен  моралі, мемлекеттік  заңдары мен  мемлекеттілігінің қоғамдық-саяси құрылысы ерекшеліктеріне қарай жезөкшелік құбылысының сипаты жəне таралу көлемі əр түрлі болды.

Əрбір тарихи кезеңде қоғамдық сананың белгілі бір дəрежеде өзгеруіне орай, жезөкшелік кəсібінің мəні мен түр-сипаты да өзгеріске ұшырап отырды. Жезөкшелік қандай да бір қоғамда үстемдік еткен дін, мораль, идеология жəне заң талаптарына сай зерделеніп, я қалыпты құбылыс немесе заңды іс-əрекет, я моральға жат құбылыс немесе қылмыстық іс-əрекет ретінде танылды. Осыған орай, «жезөкшелік» түсінігіне жағымды я жағымсыз сипаттағы түрлі анықтамалар берілді.

Жезөкшелік — адамзат тарихы мен мəдениетіндегі сан қырлы күрделі құбылыс. Осы себепті, оның мəні жəне өзіндік айқын белгілері жөніндегі пікірталас XIX ғасырдан бері жалғасып келеді. Ресейдің, сондай-ақ бірқатар шетелдердің тарихнамасында жезөкшелікті заңдастыруды құқықтық жəне  медициналық  тұрғыдан  зерттеуге  арналған  ғылыми  еңбектер  аз  емес.  Əйтсе  де  бұл салада «жезөкше» категориясынның мəні мен мазмұнын белгілеу жөніндегі мəселе түбегейлі шешілген жоқ. Мұның өзі «жезөкшелік» жəне «жезөкше» сөздері мағыналарының дəл айқындамасын берудің оңай емес екендігін білдіреді.

Жезөкшеліктің ең көне анықтамасында əйелдің көпшілікке берілуі, клиенттердің жеке бастарына талғаусыздықпен қарауы жəне оларды жиі ауыстыруы, қызметі үшін сыйақы алуы жезөкшеліктің басты белгілері деп саналды. Римдіктер жезөкше, яғни «prostasai», сөзін өз денелерін сату үшін бордельдерде тұратын əйелдерге байланысты қолданған. Римдіктердің «prostare» сөзі «жұрт алдында сатылу»  деген  мағынаны  білдірсе,  «prostibutum»  зат  есімі  «сатылатын  қыз»,  «проститутка», яғни «жезөкше», деген ұғымға ие. Сондай-ақ римдіктер «жезөкшелік» пен «жезөкше» ұғымдарына түрлі анықтамалар берді.

Плавт Тит Макцийдің (б.д. д. III ғ. мен б.д-дің 184 жылдың аралығы) грек үлгілерімен жазған комедияларында «guaestuosa» сөзін «өзге дененің жəрдемімен өз денесін азықтандырады» деген мағынада қолданған. Ол сонымен қатар «өз денесімен еңбекақы табатын əйел» деген ұғымды білдіретін «mе-геtrix»(«mегеге» «еңбекақы табу» деген сөзден шыққан), «ргоstibuium» («prosedere» «зинақорлар үйлерінің алдында тұру» деген сөзден шыққан) терминдерін пайдаланған. Грамматика маманы Ноний Марцель (V ғ.) «mегеtrіх», немесе «mеnеtrіх», пен «prostibulum» ұғымдарының ара- жігін былай ажыратады: бұлардың біріншілері өздерінің кəсіпшілігімен сыпайы орындарда жəне əдептірек түрде айналысады жəне олар өз үйлерінде түн қараңғылығында ғана беріледі; екіншілері күндіз-түні бордельдердің алдында тұрады. Бұл анықтамада еркін я жасырын жəне зинақорлар үйлеріндегі жария жезөкшелер жайында түсінік берілген. Помпейдің қабырғасындағы «Люцилла өз денесінен пайда тапты» деген жазу жезөкшелердің мінезін қысқа жəне барынша ашып көрсетеді. Жезөкшеліктің дəлірек анықтамасын беруде жəне оның некеден тыс қатынастың өзге түрлерінен айырмашылығын анықтауда римдіктер құқығы, ең алдымен Рим заңгері Ульпианның (170–228 жж.) 426 жылы заңнама да қолданысқа енгізілген шығармалары аса зор маңызға ие. Оның тұжырымдары Юстинниан Дигесталарынан орын алды. Онда зинақорлар үйлерінде жезөкшелікке салынғандар ғана емес, əдетте көңіл көтеру кабактарында немесе басқа орындарда өзін арсыздықпен сататындар да жезөкшелікті кəсіпшілікке айналдырғандардың санатына қосылатындығы айтылған.

Ульпиан əйелдердің зорлықтың салдарынан немесе сыйақы алу мақсатында неке адалдығын бұзып, бір немесе екі еркекпен жыныстық қатынасқа түсуін жезөкшелікке жатқызбаған. Еркектердің барлығына жəне əрқайсысына талғаусыз берілетін, зинақорлар үйлеріндегі əйелдерге ұқсайтындарды жезөкшелер деп таныған. Рим заңгерлері əйелдердің жыныстық қатынас үшін ақы алуын жезөкшеліктің белгісі ретінде қарастырған жоқ. Олар ақшалай сыйлық алу жезөкшеліктің мəнін ашпайды жəне соншалық масқаралық іс емес деген пікірді қолдады.

Көне замандағы деректерді қорытындылап, «ақша табу мақсатында немесе мұндай мақсатсыз-ақ, жария не жасырын түрде, талғаусыз көптеген еркектерге берілетіндер жезөкшелер болып табылады» деген тұжырым жасай аламыз. Рим құқығы бойынша белгіленген жезөкшелік жөніндегі түсінікті кейінгі кездегі заңгерлер де таныды. Рим құқығы жезөкшелерден еркін жыныстық қатынас өкілдерінің: «Сoncubina», «реliех», «аmіса» немесе «dеlісаtаның» айырмашылығын нақты ашып көрсетеді. «Соnсubіnа» — үйленбеген еркекпен бірге тұратын əрі барлық жағдайда заңды əйелдің қызметін атқаратын, бірақ заңды некелік келісімге отырмаған əйел. «Реllех», «раеlех» (грек сөзі — «аманат əйел») — үйленген еркектің сүйгені, конкубинаттан («ашынадан») гөрі қадірі төменірек.

Нума патшаның шығарған заңына сəйкес заңды неке одағын құру үшін, өзге əйелге билігін жүргізген еркекпен жыныстық байланыста өмір сүрген əйелді «реllех» деп атады жəне арсыз санады (Нума Помпилий — б.д.д. 715–673/674 жж. құқықтық жəне діни реформалар жүргізген жеті римдік патшаның екіншісі). Өздерінің тандауына қарай аз ғана еркектермен жыныстық байланыс жасаған, осы  себепті  Ульпианның  анықтамасында  қарастырылмаған  сыпайы  əйелдердің  («аmіса»,   немесе «dеliсаtа»)   жезөкшелерден   біршама   айырмашылықтары   болған.   Бұлар   біздің    заманымыздағы «жартылай ақсүйек» əйелдерге ұқсайды, ал негізінде Рим ақыны Овидий (Публий Овидий Назон 43– 18 жж.) өзінің «Махаббат ғылымы» аталатын поэмасын арнаған сатылғыш əйелдер тобына жатады. Ақынның айтуына қарағанда, бұлар жезөкшелер санатына қосылмайды. Оның пікірінше, сыпайы əйелдер барлық жағдайда дерлік сыйақы үшін берілсе де, жеке қарым-қатынастар мен таңдауларына тəуелді, жыныстық өмірлері талғаусыз жезөкшелерден мүлде өзгеше.

Рим құқығы кейінгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін барлық анықтамалардың негізгі қызметін атқарды. Христиан ілімі бойынша жезөкшелік азғындықтың белгілі түрі болып табылады. Некеден тыс кез келген жыныстық қатынас жезөкшелікке жатады. Жұрт көзінше өзін ұсынатын жəне кездескен еркектің бəріне сатылатын əйелдер жезөкшелер деп саналады. Қасиетті Иерониманың белгілі анықтамасында былай делінген: «Жезөкше дегеніміз — көптеген əйелжанды еркектерге берілетін əйел». Теологтар мен заңгерлер «көптеген еркектер» деген ұғымды талдауға келгенде, түрлі пайымдауларға бой алдырды. Біреу 40 еркекпен жатқан əйелді жезөкше деп санау керек  десе, екіншісі біреу еркектердің саны 60-қа жетуі керек деп есептеді. Ал енді біреу тіпті 23000 (!) еркекке берілген əйелді ғана жезөкше деп тануды талап етті.

Қағидаға айналған құқықта əйелі бар адамға ашықтығы жəне сатылғыштығы жезөкшеліктің басты белгісі ретінде саналады. Жезөкшеліктің мейлінше толымды деп есептелетін анықтамасы мынадай: «Жезөкшелік дегеніміз — некеден тыс жыныстық қатынастың белгілі бір түрі, жезөкшелік жолына түскен əйел ұдайы, сөзсіз жəне жария түрде таңдамай-ақ, сан мөлшері белгісіз көптеген еркектерге берілуімен ерекшеленеді; клиенттерге сыйақысыз сирек беріліп, көп жағдайда өз денесін сатуды кəсіп қылады; жыныстық əріптесінің тəн құмарлығын қоздырып жəне оны қанағаттандыра отырып, жыныстық əрекеттердің басқа түрлерін де жасайды; өзінің азғындық кəсібінің салдарынан белгілі бір тұрақты мінезді иеленеді. Жезөкшеліктің жалпы ұғымына жезөкшеліктің өрбуіне белгілі бір дəрежеде ықпал ететін жеңгетайлық та жатады.

Рим құқығы жеңгетай əйелдерді де жезөкшелерге қосқаны мəлім. Əйтсе де бұл құбылыстың басқа да анықтамалары бар. Жезөкшелік біздің дəуірімізге дейінгі қоғамдарда да тіршілік еткен, сондықтан оны «ең көне кəсіп» деп атайды. Көне замандағы римдіктер жезөкшелікке «көңілі қалағандардың бəріне, олардың жыныстық құштарлығын қанағаттандыру үшін өз денелерін ақшаға сату» деген анықтама берді [1].

Революцияға дейінгі Ресейде жарық көрген «Большая Советская энциклопедияда» (БСЭ) осыған ұқсас анықтама берілген: «Жезөкшелік — ақша үшін көңілі қалаған кім көрінгенмен жыныстық қатынасқа кəсіби түрде қатысу». Ал «БСЭ-да» жезөкшеліктің анықтамасы мынадай:    Проституция — латын сөзі ргostituo — масқаралаймын, арсыз қыламын) таптық антагонистік қоғамда біздің дəуірімізге дейінгі III–II ғасырларда пайда болған əлеуметтік құбылыс жəне оған тəн белгі: өмір сүруге қаржы табу мақсатында (негізінен əйелдердің) өз денелерін сатуы [2].

Түрлі əдебиеттерде жезөкшеліктің жоғарыда көрсетілген анықтамаларына ұқсас сипаттамалары бар. «Жезөкшелік» ұғымы жеке сүйіспеншілік пен құштарлыққа негізделмеген, төлемақы үшін кездейсоқ, некеден тыс, сексуалдық қатынас дегенді білдіреді.

В.Броннер мен А.Елистратовтың еңбектерінде былай делінген: «Жезөкшелік» ұғымын анықтау үшін оның мынадай белгілерін айқындау қажет, əйел денесін сатып алу мен сатудың ашық элементі, əйелдің еркін жыныстық таңдауы болмауы жəне материалдық сыйақы үшін оны иеленуге тілек білдірушілердің бəрінің оған қол жеткізе алуы». Мемлекет жəне құқық энциклопедиясы тіпті қысқа анықтама береді: «Жезөкшелік дегеніміз — жыныстық инстинкті қанағаттандыру объектісі ретінде өз денесін сату». Шетелдік зерттеушілер де жезөкшелікке осыған ұқсас баға берген. Мысалы, ағылшынның психосексуалдық оқулығында төлемақы үшін арсыз азғындыққа өз денесін ұсынған əйелдер жезөкше деп танылған. Ағылшын зерттеушісі Эллис түрлі адамдарға өзінің сексуалдық мейірімін сақтаған əйелді жезөкше деп таныды [3].

Жапондардың «Жезөкшелікке жол бермеу туралы» (1956) заңында бұл іс «сыйақы үшін немесе сыйақы беруге уəде үшін белгісіз серіктермен жыныстық қатынасқа түсу» деп сипатталады. Нью- Йорк штатының Қылмыстық кодексінде жыныстық қатынасты сыйақы үшін жүзеге асырған, жүзеге асыруға келіскен немесе ұсыныс жасаған адамдар да жезөкшелікке кінəлі деп танылады делінген. Ағылшындардың медицина қызметкерлерінің пікірінше, əйелдер жезөкшелікті, яғни ақшалай немесе басқа түрдегі сыйақы үшін жыныстық қатынас жасауды, еркектермен əдеттегі қарым-қатынас ретінде түсінуі мүмкін.

Жезөкшеліктің көпшілік таныған мынадай белгілері бар: түрлі адамдармен сексуалдық қатынас жасау (əдепсіз жыныстық байланыстар) жəне көбіне ақшалай түрде сыйлық (төлемақы) алу. Кей кезде сезім талғаусыздығы белгісін де жезөкшелікке тəн деп қарайды. Дегенмен келтірілген анықтамалардың айқындылығына қарамастан, жезөкшелік пен жеңіл мінезділіктің аражігін ажырату қиын.

Жезөкшелердің алатын сыйлығы ақша түрінде болмауы да мүмкін. Жезөкшелер əсіресе шетелдіктермен материалдық құндылықтар үшін (киім, əшекей, қымбат косметика, парфюмерия т.б.) жыныстық қатынасқа түседі. Мұндай төлемақы түрін өзі сүйген еркектерді жиі ауыстыратын жеңіл мінезді əйелдердің алған сыйлықтарынан айыру оңай емес. Егер жезөкшеліктің белгісі жыныстық қатынастың əдепсіздігі деп санасақ (АҚШ-тың он штатының заңында (1918 ж.), осындай анықтама берілген), онда жезөкшелікке тəн жыныстық азғындық жəне түрі айқын емес жыныстық байланыс араларындағы шекара мүлде жоғалады. Əйелдердің өз денелерін ұдайы саудаға салуы орын алса ғана, жезөкшелікті кəсіп деп (кəсіби жезөкшелер бар) немесе кəсіпшілік деп тануымыз керек. Мұндай жағдайда материалдық пайда белгілері де қажет.

Жыныс қатынасы саласындағы жеңіл ойлылық немесе бейморальдік мінез-құлықтан жезөкшеліктің айырмашылығы (ол да бейморальдылықтың шектен шыққан түріне  жатса да) төлемақы туралы алдын ала келісім жасалудан көрінеді. Басқаша сөзбен айтқанда, серіктерін жиі ауыстыратын, олардан сыйлық алатын, олармен бірге ресторандар мен ақылы  ойын-сауықтарда уақыт өткізетін əйелдер əлі де жезөкше деп саналмайды. Жезөкшеліктің басты белгісі əрекеттің ұдайылығы жəне төлемақы жөнінде алдын ала келісу болып табылады (қызмет бағасы алдын ала айтылмауы да мүмкін).

Кейбір зерттеушілердің пікірінше, жыныстық қатынастағы серігіне деген сезім талғаусыздығы жезөкшеліктің елеулі белгісіне жатпайды. Өйткені жезөкшелердің өздерінің талғамдарына  сай келетін серік таңдап алуларына жəне жиіркеніштерін туғызатын еркектерге интимдік қызмет көрсетуден бастартуға мүмкіндіктері бар, жезөкшеліктің дəл анықтамалары бұл ұғымды шексіз кеңейтуге жол бермейді, бұл осы кəсіпшілікпен айналысушылыққа құқықтық жауапкершілік белгілеу кезінде айрықша маңызды. Жезөкшелік жеке бастың бейімділігі мен сезім əуестігін негізге алмай, екі жақтың бірінің (əйелдердің) маңызды ынталандыруы табыс болып табылатын некеден тыс сексуалдық қатынас деген ұғым да бар. Бұл анықтама нақтырақ болса да, бəрі-бір жезөкшеліктің мəнін толық аша алмайды. Мəселен, табыс табуды мақсат етпей, тек көңіл көтеру үшін ғана клиенттерге тегін қызмет көрсететін жезөкшелер бар.

Жезөкшеліктің бір көрінісі сатылушылық. Белгілі социолог Г.Зиммен жезөкшеліктің ақшалық (тауарлық-ақшалық) мəнін аша келіп, жезөкшелік пен ақшаның табиғаттары ұқсас екендігін атап көрсеткен. Оның пікіріне қарағанда, жезөкшелік пен ақшаның барлық жаңа қолданысқа талғаусыздықпен берілуі, кез келген субъектіні оп-оңай тастауы, олардың біреуімен де тығыз байланыста болмауы тəрізді ортақ белгілері бар. Жезөкшелік адамдық болмысты сатып алу-сату, яғни, сауданың бұйымына айналдырады.

Қазіргі зерттеушілердің көпшілігі бұл проблеманы мəдениеттану емес, əлеуметтік- экономикалық саламен байланыстыра қарайды. Ал XIX ғ. – XX ғасырдың бас кезеңінде жезөкшеліктің мəні мен ролі жөніндегі мəселе тарихи, əлеуметтік-саяси жəне медициналық əдебиеттерде пікірталас тудырған тақырыптардың біріне айналды. Талқылау барысында бұл тақырып қызу айтыс та тудырды. Ресми құжаттарда жезөкшелік «көңілі қалағандардың бəріне белгілі бір сыйақы үшін өз денесін сату немесе жыныстық қатынас жасауға келісім беру арқылы жүзеге асырылатын азғындықтың бір түрі» ретінде түсіндірілді. Бұл анықтамада жезөкшелер жікке бөлінбеген, сондықтан олардың бəріне бірдей қолданылды. Сондай-ақ XIX ғасырдағы ресми құжаттарда жезөкшеліктің негізгі белгілері сатылушылық, жария əрекеттік, кəсібилік деген анықтама берілді. Бірақ мұндай түсінік те сатылғыш қыздардың арасындағы жезөкшелікпен уақытша айналысушылар, қожайындарымен нəпсіқұмарлық байланыстағы күтушілер тəрізді үлкен бөлігін қамти алмады. А.Флекснердің пікіріне қарағанда, бұл анықтамаға жезөкшеліктен өзге табыс көзі жоқ, тіркелген кəсіби жезөкшелер ғана енеді [4].

Жезөкшелікке деген ресми көзқарас тікелей қоғамдық санаға ықпал етті. Айталық Петерборде 1897 жылдың 15–22 қаңтар аралығында өткен «Ресейдегі мерезге қарсы шараларды талқылау жөніндегі» съезге қатысушылар бірқатар қаулылар қабылдады жəне жезөкшелік анықтамасын белгілеу мəселесін қарады. Құжаттарда ол «белгілі бір тұлғалардың тіршілік етуіне  кəсіпшілік ретінде мүмкіндік беретін, қоғамдық құрылыстың жойылмайтын элементі» деп сипатталды, сонымен қатар «жезөкше» анықтамасына онымен кəсіби түрде айналысқан əйелдермен бірге жезөкшеліктен уақытша (кездейсоқ) кіріс келтіретін əйелдер де жатқызылды. Анықтамаға көне кəсіптің өкілдерін тұрғылықты мекендеріне қарай қалалық жəне селолық деп жіктеген тарау енгізілді.

Халық денсаулығын қорғау Орыс қоғамының екінші бөлімшесі 1903 жылы құрған Жезөкшелікті дəрігерлік-полициялық қадағалау жөніндегі комиссия жезөкшеліктің мəнін анықтауға арналған бірнеше ұсыныстарды талқыласа да, нақты шешім қабылдай алмады. Жиналғандардың назарына мынадай анықтамалық терминдер ұсынылды: «Жезөкше деп жалғыз кəсіпшілік ретінде  немесе қандай да бір өзге қызметпен бірге қосалқы кəсіпшілік ретінде өз денесін сатумен айналысатын əйелді айтады». Бұл анықтамаға қарсылық білдірушілер онда жария əрекеттік туралы түсінік жоқтығын дəлел қылды. Талқылауға ұсынылған «Жезөкше дегеніміз — көпшілік  алдында жария түрде өз денесін сатып қаражат табатын əйел» деген анықтама да сынға ұшырады. Ондағы жария əрекеттік туралы түсінік барлық адамға бірдей түсінікті емес, оны біреулер көпшіліктің көз алдында істелетін іс деп ұғуы мүмкін, сондай-ақ анықтамада жезөкшелік кəсібі жөнінде ереже жоқ деген сын айтылды.

«Жезөкше» категориясын зерттеушілер де ортақ қорытындыға келе алмады. Олардың əрқайсысы жезөкшеліктің басты белгілерін өздерінің айқындауы бойынша тану дұрыс деген пікірді ұстанды. Э.Шперк жезөкшеліктің басты белгісі кəсібилік деп санады. Ол «көпшілік əйелі дегеніміз — жезөкшелікті өз кəсіпшілігі ретінде таңдап алған жəне тіршілік етуге қаражат табудың өзге жолы жоқ немесе оны қаламайтын əйел», ал «жезөкшелік дегеніміз — кəсіпшілік, некенің заңды, өткінші жəне өткір түрі» деген пікір білдірді.

Р.Вордлоу жезөкшелікке «жыныстар арасындағы кез келген рұқсат етілмеген қатынас» деген анықтама берді. Ол тіпті азғындық пен жезөкшеліктің арасындағы кез келген айырмашылықты жоққа шығарды жəне көпшілік əйелдерді «ақша үшін немесе өтемақысыз өздеріне қайырымдылық көрсетушілерге өздерін құрбан етушілер» деп атады. Сондай-ақ ол «əйелді солай деп атау үшін жыныстық қатынастың бір оқиғасы жеткіліксіз, жыныстық əрекеттің ерікті қайталануы ғана жезөкшелік таңбасын басады» деп жазды. Одан кейінгі кейбір авторлардың пайымдауларында тіпті сандырақтар орын алды. Олар жезөкшені «зинақорлар үйлерінде ең кем дегенде 20 сағат бойы еркектерге берілетін əйел» деп санады. Осыған ұқсас анықтама берген М.Кузнецов: «Жезөкше, не көпшілік əйелдері, деген сөздің мағынасы бізде əдетте өте кең ауқымда қолданып, кейде некеден тыс жыныстық  қатынастың  бəрін  жезөкше  деп  қабылдайды.  Ал  нақты  өз  мағынасында       айтқанда, «жезөкше дегеніміз — еркектердің жыныстық құмарлығын қанағаттандыру үшін ақшаға өз денесін беретін əйел», «жезөкшелік дегеніміз — азғындық мақсатты көздеумен адам денесін саудаға салу».

М.Рабютоның пікірінше, жезөкшеліктің жалғыз шешуші белгісі мынадай: «Нағыз жезөкше деп біз мəжбүрлік ықпалымен немесе ерікті түрде ешқандай таңдаусыз, сүйіспеншіліксіз, сезім құмарлығынсыз жыныстық қатынасқа түскен əйелді айтамыз. Жеке таңдауының  жоқтығы,  өзін бəріне жəне əркімге талғаусыз беру — жезөкшеліктің ең маңызды жəне басты белгісі».

Л.Мартино да жезөкшелер қатарына «өзін сатып алушыларды таңдамайтын» əйелді жатқызады, бірақ «еркекті бір мақсат үшін ғана таңдайтын, сөйте тұра оған өте селқос қарайтын» əйелдің де жезөкше бола алатынын жоққа шығармайды. Ол тұтастай жезөкшелікті «басқалар үшін рахат сезімінің саудасы» деген анықтамамен атайды.

М.Чистякованың пікіріне қарағанда, «жезөкше — ашық түрде жəне тұлғаны таңдамай-ақ ақша үшін өзінің махаббатын сататын, сөйтіп атақ іздейтін əйел, жезөкшелік əрдайым осындай сипатта болған, бұл түсінікке жезөкшенің денсаулығы жөніндегі өлшем де, басшыларының рұқсатымен не онсыз əрекет етуі енбеуі керек».

А.Поспелов: «Жезөкше дегеніміз — ашық немесе жасырын түрде жəне əдеті бойынша еркектердің жыныстық құмарлығын қанағаттандыру үшін оларға берілетін əйел», — дейді.

Алдыңғы авторлардың барлығы жезөкшелікті бұрынғы кезде қоғамдық құрылыстың қажетті элементі ретінде таныса, Д.Д.Ахшарумов оған басқаша қарайды. Ол өзінің «Жезөкшелік жəне оны тəртіппен реттеу» аталатын баяндамасында: «Адам өмірінің жыныстық саласында белгілі ауытқушылық құбылысының жиынтығы оның өміріндегі құбылыстардың қалыпты күйден өзгеріске ұшыраған бір бөлігі, ал жезөкше дегеніміз — азын-аулақ төлемақыға өз денесін сатушы жарлы əйел, ал денесін өте қымбат бағаға сататындарды, бұлай деп атауға келмейді. Бұлар тіпті айрықша артықшылықты иемденген тіршілік иелері. Зинақорлар үйлерінде жасайтын жəне өзін-өзі ерекше тірлік иесі деп жариялаған əйел ғана сондайлардың қатарында деп есептелінді», — дейді.

Сөйтіп, жезөкшеліктің басқа белгілеріне қарағанда сатылғыштық белгісінің басым екендігі байқалады жəне оның түсінігіне жезөкшелікпен айналысатын жоғары қоғамдағы əйелдер, сондай-ақ еркін я жасырын немесе жеке-дара жүріп көне кəсіппен шұғылдану енбейді. Сонымен қатар ол бұл анықтамада «жезөкше дегеніміз — бəрінің жалпы игілігі үшін өз өмірін құртатын əйелдердің жоғары мұраты» деген пікірді де қосады.

А.Бляшко өз еңбектерінде жезөкшелікті «əйелдердің белгілі бір бөлігінің тек кіріс келтіру себебімен некеден тысқары жыныстық қатынас түрі» деп атайды. А.Х.Сабинин мынадай анықтама берді: «Жезөкшелік дегеніміз — бір жақ екінші жақтың игілігі жөнінде қам жемеуі, яғни жыныстық құштарлықты уақытша қанағаттандыруы, махаббат пен адалдық сезімдерінен айрылуы жəне оның күшті салдары болатынын ескермеуі. Егер сонымен қатар ақшалай төлемақы орын алса, тар мағынадағы жезөкшеліктің де болғаны, егер ол жоқ болса, мұндай қатынас жезөкшелік болып саналмайды». Сөйтіп, оның пікірі бойынша да, сатылғыштық жезөкшеліктің басты белгісі болып саналады.

Көне кəсіпті ұзақ жылдар бойы зерттеген В.М.Тарновский де «Жезөкшелік жəне абсолюционизм»   аталатын   өз   еңбегінде   осындай   тұжырым   жасаған.   Оның   сөзіне  қарағанда,«жезөкшеліктің өзі де, оның барлық көріністері де жауыздық, тек қана жауыздық, қазіргі өмір жағдайында сөзсіз орын алады. Жыныстық қатынасты сатып алу-сату полицияның бақылауында не одан тысқары жүзеге асса да, ол əрдайым əйелдердің адамдық болмысын қорлау болып табылады».

Х.М.Чарыков жезөкшелік түсінігіне жаңа элементтер енгізді: «Біріншіден, — деп атап өтті ол, — бұл құбылыс адамға ғана тəн, екіншіден, əйелді мұндай жолға итермелейтін материалдық- экономикалық, яғни ақша тапшылығы, үшіншіден, ол тек қана қалалық құбылыс. Жезөкшелік — қаланың сүйікті қызы». Ол ерекше əлеуметтік қатынас ретінде материалдық-экономикалық жағдайға байланысты ақшаны мақсат еткен кəсіпшілік санатында сипатталады. Осы себепті жезөкшелік қоғамдағы экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етілмеген элементтердің тіршілік етулері үшін өздерінің материалдық жағдайын қамтамасыз етудің белгілі тəсілі болып табылады.

Неміс ғалымы И.Блох «Жезөкшелік тарихы» аталатын өз еңбегінде жезөкшелік некеден тыс жыныстық қатынастың белгілі бір түрі екендігін айта келіп, жаңа пікір де білдірді. Жезөкшелік жолына түскендер бұл кəсіппен тұрақты айналысады, талғаусыз көп адамдарға беріледі, сыйақысыз берілуі өте сирек, көп жағдайда еркектердің жыныстық сезімін қасақана қоздырып, оны қанағаттандырумен айналысады. Мұндай субъектілер өздерінің азғындық кəсіпшілігі салдарынан белгілі бір тұрақты ұсқынға енеді. Дегенмен, И.Блохтың мұндай анықтамасының да кемшіл тұстары бар. Айталық, оның ауқымына жезөкшелікпен кəсіби түрде айналыспайтын, яғни оны екінші кəсіп қылған, тұлғалар енбеген, сондай-ақ ол кездейсоқ жезөкшелікті жəне еркектердің есебінен күн көретін əйелдердің жезөкшелігін, басқаша айтқанда, олардан ақша емес, сыйлық алатын əйелдердің азғындық əрекетін, астыртын, тəртіппен реттелмеген жезөкшелікті де оған қоспайды. Ал мұндай жезөкшелік түрлерінің деңгейі зинақорлар үйлеріндегіден жоғары екендігі тəжірибеден белгілі. Ресми жезөкшелердің өз кəсіпшілігін тастап, қалыпты өмір салтын ұстауға көшкендері аз еместігін жəне заңсыз жезөкшелікпен айналысушылар арасында мүлде азып, құлдырауға ұшырайтындардың саны көп болатындығы статистика мəліметтерінен байқалады. Осылайша, XIX ғ. – XX ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық жəне ғылыми сана «жезөкше» категориясының басты белгілері — сатылушылық, жария əрекеттік, кəсібилік деген анықтама берді. Əйтсе де, авторлар осы үш белгінің бірін негізгі, қалған екеуін қосымша белгі деп тануда ортақ пікірге келе алмады. Өйткені олардың бір бөлігі жезөкшелікті — кəсіп, екіншілері қылмыс ретінде таныды, яғни «жезөкшелік» категориясын бірі қоғамдық еңбек түсінігі тұрғысынан, екіншілері құқықтық түсінік бойынша қарастырды. Басқа да анықтамалар жезөкшелікті адамдардың жынысына қарамастан, пайдакүнемдік мүдде үшін іске асырылатын жыныстық қатынастың кез келген түрі ретінде кең мағынада түсінуге мүмкіндік береді [5]. Негізгі табыс көзі осы кəсіптен құралатын əйелдер кəсіби жезөкше болып табылады. Олардың құрамына зинақорлар үйлеріндегі, соларға ұқсас орындарда жалғыз жұмыс істейтін жəне баспанасыз, кезбелікке салынған кез келген уақытта, кез келген жерде ең төмен бағаға, тіпті бір үзім нанға денелерін сататын əйелдер де енеді. Соңғылардың көпшілігі бақылау шеңберіне ілікпейді, сондықтан олардың есебін дəл жүргізу мүмкін емес. Дегенмен, нəпсіқорлық кəсіпшілігін жүргізуші жезөкшелер қауымының құрамы олардың жоғарыда көрсетілген 3 түрінен ғана тұрмайды. Бұл қауым қызметі, лауазымы, мəртебесі, отбасылық жағдайы, қоғамдағы орны т.б. жағынан алуан түрлі жезөкше əйелдерден  құралған.  Дегенмен,  қазіргі  заманда  орын  алған  жезөкшелік  пен  ежелгі дəуірлердегі жезөкшеліктің сыр-сипаттарында едəуір айырмашылық бар.

Жезөкшелік — өз тəнін саудаға салу арқылы пайда табу. Жезөкшеліктің тағы бір анықтамасы мынадай: а) кəсіп түрі — клиенттің сексуалдық қажеттілігін қанағаттандыру; ə) кəсібінің сыйпаты — үнемі, жүйелі түрде сүйіспеншілік сезіміне берілмей-ақ, клиенттің жыныс қажеттілігін кез келген түрде қанағаттандыруға бағытталған, түрлі адамдармен жыныстық қатынасқа түсу жолымен    жүзеге асырылатын кəсіби қызмет т.б. Кəсібінің мақсаты — жезөкшелікпен айналысушы тұлғаның күнкөріс қаражатының негізгі немесе қосымша көзі болып табылатын ақша түрінде немесе басқадай материалдық құндылық түрінде алдын ала сыйақы алуға келісу.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Хотченков Ю.В. Проституция и преступность. — М.: Юрид. литература, 1991.
  2. Введенский Б.А. Большая Советская энциклопедия . — Т. 8. — М.: Гос. науч. изд-во «БСЭ». 
  3. Елистратов А.И., Броннер В.М. Проституция в России. — М.: Юрид. литература, 1927. 
  4. Флекснер А. Проституция в Европе. — М.: Юрид. литература, 1926. 
  5. Иксатова С.Т. Жезөкшелік түсінігі // ПМУ хабаршысы: Гуманит. сер. — 2004. — № 1. — 79-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.