Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Исламдағы неке тəртіптері мен талаптары жəне оның біздің қоғамда атқарылу мəселелері

Қазақстан өз алдына дербестік алып, егеменді ел болғаннан бері талай оңды өзгерістердің куəсі болып келе жатырмыз. Осы кезеңдерде еліміздің тұрғындарының басқа салалармен қоса рухани аумақтада көптеген ұмтылыстары байқалады. Мұның бір көрінісі ретінде көпшіліктің дін жолына назар аударып, біреулері оны өмір сүру жолы таңдап алу құбылыстарының кейінгі жылдары жиілеуін алуға болады. Бұл мəселе мемлекет тарапынан да назарға алынбай қалған жоқ. Қазіргі кезеңде жалпы бұқаралық ақпарат құралдарында дəстүрлі діндердің (ислам, христиан, иудаизм) ешқандай кедергісіз уағыздалып, халықты жат ағымдардан сақтандырып, олардан ажырату үшін дін ережелерінің тəптіштеп түсіндірілуі осының куəсі. Əрине, белгілі бір наным-сенімді қабылдағаннан кейін адамның онда бекітілген ережелермен өмір сүруге тырысуы заңды құбылыс. Мысалға, қазақ халқының басым бөлігі өзінің тіршілігіндегі маңызды оқиғаларды діни рəсімдермен байланыстырып өткізуге деген сұранысы қазіргі уақытта тіптен күшейіп отыр. Олар неке қию, той жасау, баланы  сүндетке отырғызу, құрбандық шалу жəне т.б. оқиғаларды өз нанымдары бойынша құдай тарапынан қабыл болып, оның ризалығына ие болулары үшін діни тəртіпте дəлме-дəл істеуге тырысуда.

Енді біз осы жерде қарастырмақшы болып отырған шариғат ережелеріне сəйкес неке қию рəміздері елімізде дұрыс орындалып жатыр ма? Мемлекетіміз зайырлы болғандықтан, тек АХАЖ бөлімдерінде белгіленген тəртіпте тіркелген неке ғана заңды деп танылғанымен [1], мешіттерде, шіркеулерде, дармсалдар мен синагогаларда неке қию рəсімдерін қосымша өткізуге тыйым салынбайды. Бұл — əркімнің құқығы. Кейбір діндерде, мысалы, иуадизм мен мұсылмандықта көп əйел алушылыққа рұқсат берілген. Ислам төрт əйел алуға дейін рұқсат етеді. Ал еліміздің заңнамасы бойынша бірнекелік қағидасы бекітілген [1; 10]. Бірақ басқа əйелдермен діни рəсімдер негізінде бірге тұрып, бала өрбітуге қатысты тікелей тыйым жоқ. Тек бірінші əйелінен басқа əйелдері мемлекеттің алдында заңды ерлі-зайыптылар деп танылмайды, яки ажыраса қалса, заң екеуінің мүліктік құқықтарын қорғамайды. Екеуінің біреуі қайтыс болса, заң бойынша бір-бірінің мүлкіне мұрагерлік ете  алмайды.  Осы  уақытта  əйелер  санының  өсуіне  жəне  демографиялық  жағдайды        жақсарту мақсатында көп əйел алушылықты рұқсат ету мəселелері де заңшығармашылық деңгейде көтеріліп жүргендігі жасырын емес. Бұл жайт туралы бұқаралық құралдарында айтылып та, жазылып та жүр.

Бізді қызықтыратын жағдай шариғат бойынша неке қию болашақ ерлі-зайыптыларға қандай талаптар қойып, қандай кепілдіктер беретіндігі. Аллаһтың жолымен жəне оған адамдардың сенімімен бекітілген неке қию ерлі-зайыптылардың адами құқықтарын қандай дəрежеде қамтамасыз ете алады, əсіресе əйел адамның құқықтары мен бостандығына нұқсан келтірмей, оны қорғай ала ма? Бұл үшін таза діни ережелерді білген жөн. Ал қазіргі жағдайда діни сауаттың төмендігіне байланысты халқымыз көбіне салттық жəне діни дəстүрлерді бір-бірінен ажыратпай, тұтас қабылдай береді. Мысалы, алып қашу, қуып бару, киіт кигізу, қалың мал алу, неке суын ішу сияқты қазақ салттары, ысыраптап немесе арақ-шараппен той жасау, қолға жүзік тағу жəне т.б. жаңадан пайда болған салттар шариғатта қабылданбайды.

Неке қию ғана емес, басқа өмірлік мəселелерде де мұсылман шариғат ережелерумен жүруге тырысады. Ол үшін ол таза діни нормалар мен оған кейінгі уақыт ағымымен қосылып кеткен діни емес нəрселерді ажырата білуі керек. Осы жерде, мұсылмандық неке рəсімдерін қарастырмай тұрып, Ислам дінінің мұндай жаңалықтарға қалай қарайтындығына аздаған шолу жасап кетелік.

Əлемдегі соңғы дін — Ислам түсінігі бойынша құдіреті күшті Аллаһ Тағала адамзаттың көзі көретін жəне көрмейтін барлық нəрселердің, жақсылықтардың жəне жамандықтардың жаратушысы, ал Мұхаммед пайғамбар Аллаһтың құлы əрі соңғы елшісі. Қай жерде болмасын əрбір мұсылман адам ең жақсы сөз — Аллаһтың сөзі, ал адамдар үшін ең көркем үлгі, ең жақсы насихат Мұхаммед пайғамбардың үлгісі мен насихаты деп есептейді. Соңдықтан да шариғат бойынша олардың айтқанын бұлжытпай істеу өзін мұсылман санайтын əрбір тұлға үшін үлкен міндет. Діндегі ең жаман істердің қатарына дінге жаңалық енгізу жатады. Өйткені Құран Кəрім мен Сунна бойынша дінге жаңалық енгізудің зияны ашық көрсетіліп, тыйым салынған. Бұл жағдайға байланысты шариғаттың негізгі қайнар көздерінен көптеген дəлелдерді келтіруге болады.

Мысалы, 10-Юныс сүресінің 32-аятында былай делінген: «Міне осы Аллаһ, шынайы Раббыларың. Шындықтан кейін адасудан басқа не бар? Қалай бұрылып бара жатырсыңдар?» [2;212]. Шариғатта ешқандай ақтаңдақтар жоқ екенін көрсете отырып, Құранның 6-Əнғам сүресінің 38- аятында айтады: «... Біз (бұл) Кітапта ешнəрсені жіберіп алған жоқпыз...» [3] жəне 4-Ниса сүресінің 59-аятында айтады: «Əй, мүміндер! Аллаһқа бой ұсынып, Пайғамбарға əрі өздеріңнен болған əмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нəрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, пайғамбарға ұсыныңдар: Егер сендер Аллаһқа, ахирет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы, хайырлы да нəтижеде жақсы» [2; 87]. Тағы да Аллаһ Тағала 6-Əнғам сүресінің 153-аятында айтады: «Күдіксіз Менің тура жолым осы. Енді соған еріңдер. Басқа жолдарға түспеңдер, сонда сендерді Аллаһтың жолынан айырады. Сендерге осыларды Аллаһ нұсқады. Сақтанарсыңдар» [2; 149]. Ал 3-Əли Ғымран сүресінің 31-аятында: «(Мұхаммед ғ.с.) оларға: «Егер Аллаһты сүйсеңдер, онда маған  ілесіңдер.  Аллаһ сендерді жақсы көріп, күнəлəріңді жарылқайды. Өйткені Аллаһ аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де» [2;54], — деп ескертілген. Құран Кəрімнен мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Бидғаттың (дінге жаңалық енгізу) дұрыс нəрсе емес екендігін хадистерден де көруге болады: «169. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сəлемі болсын) Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізілген сөзінде айтады: «Біздің ісімізге (Ислам дініне) оған қатысы жоқ нəрсені кіргізгеннің (ісі) қабылданбайды. (Əл-Бухари, Муслим)» [4], «... Сендер дінге жасалған жаңалықтардан сақтаныңдар, өйткені бидғаттың (дінге бөгде жаңалық) бəрі де — адасу». Хадисті Əбу Нəжихтен р.л.ғ. Имама термизи риуаят етті», «Сендердің міндеттерің дінге жат болған (яғни шариғатқа қайшы келетін) жаңа нəрселерден сақтану. Себебі əрбір дінге жат болған іс — бидғат (яғни күпірлік), ал бидғаттың барлығы — адасушылық» Хадисті Имам Ахмад риуаят етті [5].

Жоғарыда қарастырылып өткен дінге жаңалық енгізудің бір ұшы сол діннің өзін жөнді білмеуде жатыр. Мұсылманшылық неке қию барысында да дін ережелеріне сəйкес дұрыс емес деп есептелетін мəселелердің орын алуы да осы діни надандықта, білімсіздікте жатыр. Мəселен, мешітке неке қиғызуға барғандардың спирт ішімдіктерін ішіп баруы, шариғат бойынша əурет деп саналатын дене мүшелерінің жабылмауы, болашақ күйеудің маһр, яғни əйелге берілетін сыйлық, туралы еш хабарының жоқтығы жəне т.б. нəрселер өзін мұсылман деп санайтындардың  мұсылманшылық туралы білетіні аз екендігін көрсетеді. Енді негізгі мəселеміз — мұсылмандық неке қалай жəне қандай талаптармен қиылатындығын, одан əрі неке қатынастары қалай жүзеге асу керектігін таза Ислам дінінің ережелерімен қарастырып көрелік.

Ислам дінінде некелесу жəне ажырасу үрдістері оңай жүзеге асады. Тіптен олар ойнап істелсе де жүзеге  асты  деп  есептелінеді.  Өкінішке  орай,  қазіргі  кезде  көптеген  мұсылмандар  неке қиюдың дұрыс болу талаптарын білмейді де, ері мен əйелі бір-бірінің шариғатпен бекітілген құқықтарын бұзып жатады немесе ажырасу сөздерін қалай болса солай айта береді.

Ислам діні бойынша Мұхаммед пайғамбардың үмметі басқа қауымдардың ішіндегі орташа позицияны ұстанатын қауым болып табылады. Мұндағы орташалық діни құлшылықтар мен дүние істеріндегі ұяңдықты жəне шектен шықпаушылықты білдіреді. Қандай да болсын шектен шығу амалдар мен өмірге зиянын тигізеді. Ал Аллаһ Тағала нені рұқсат еткен болса онда пайда жəне берекет бар. Ал Аллаһ Тағала тыйым салғанды жасату бидғат жəне міндет етілмегенді міндеттейтін зұлымдық болып табылады. Құдайдың парыз еткен аз нəрсесін орындамау үлкен күнə болып немесе Ислам шеңберінен шығу болып есептеледі. Бірақ əйел мен ер адамның өзара қарым-қатынастары сұрақтарында адамдар екі түрлі шектен шығушылыққа барады. Біреулері неке қимастан біле тұра немесе өзінің дін ережелерінің хабары жоқ надандығымен зинақорлық жолға түссе, ал екіншілері Аллаһ өз сөзінде міндет қылмаған нəрселерді мойындарына жүктеп алып, өз-өздерін монахтық күйге түсіреді, яғни өмір бойы өзге жыныс адамына жоламауға ант ішеді. Ислам діні зинақорлықты да, монахтықты да танымайды. Ол бұлардың ортасын таниды, ал ол — ақ адал неке.

Пайғамбар Мұхаммед айтады: «Ей, үмметім, үйленіңіз, үй болыңыз. Өйткені некедегі бір күн бір жылдық нəфіл ғибадаттан қайырлы. Ей, үмметім, сіздерден біреуіңіз үйленгеніңізде шайтан серіктеріне былай бақырады: «Бұл адам діннің екі бөлегін менен сақтап қалды». Үйленсеңіз өзіңізге əкелік, қызға аналық құрметін бағыштаған боласыз». Көріп тұрғаныңыздай, тұрмыс құру — дініміздің негіздерінің бірі [6; 5].

Некенің өз талаптары бар. Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Өкілдің (қамқоршының)  келісімсіз неке жоқ», — деп. Пайғамбардың бұл хадисін имам Əбу Ханифа, имам аш-Шафиаи, имам Мəлік сияқты ірі оқымыстылар фикһта (мұсылмандық құқықтың теориясы) «ан-никах» (неке) түсінігінің негізін қалаушы хадистардың бірі деп есептеген. Өкілдің келісімі некенің заңды болу шарттарының шарты болып табылады. Мұсылман емес адам мұсылман əйелдің өкілі бола алмайды. Бірақ мұсылман ер адамдар иудей жəне христиан əйелдеріне үйлене алады. Құранда көрсетілген бұл неке барлық мазхабтар бойынша рұқсат деп танылады. Мұндай жағдайда əйел адам (иудей немесе христиан) өзіне өз дініндегі əкесін, аға-інісін немесе жақын туысы болған басқа ер адамды өкіл етіп, оның рұқсатымен мұсылманға тұрмысқа шыға алады. Ал егер де ол əйел мұсылманшылық қабылдаған болса жəне оның туыстарының ішінен оған өкіл болатын мұсылман табылмаса, онда мұсылмандардың билеушісі өкіл болады. Ал мұндай жағдай болмаса, мысалы, Ислам мемлекеттік дін деп танылмаған елдерде сол жердің мұсылмандарының басшысы (қади, жергілікті жердегі мешіт имамы, осындай сұрақты шешумен айналысатын ұйымдар, мекемелер басшысы жəне т.б.) əйелге өкіл бола алады. Бұл адам қыздың (əйелдің) уақытша өкілі ретінде танылып, оны тұрмысқа бере алады.

Қазіргі уақытта мешіттерге түрлі адамдар келіп некелерін шариғат бойынша қиюды сұрайды, бірақ олардың шариғат бойынша болуға тиісті өкілдері жоқ не олар бұлардың неке қидырайын деп жатқанынан хабарсыз болатын жағдайлары кездеседі. Мұндай жағдайда олардың некесі қиылмауға тиісті. Қиылғанның өзінде ол неке дұрыс емес болып саналады. Сондықтан да əйел адам тұрмыста бұрын болған немесе болмағанына қарамастан, өкілінің келісімінсіз тұрмысқа шыға алмайды. Өкіл келісімін телефон арқылы немесе мұсылмандардың куəлігімен жеткізу арқылы не өзі келіп беруіне рұқсат етіледі. Өкіл міндетті түрде ер адам болуы керек. Əйел адам өкіл бола алмайды. Сонымен қатар махрам болып табылмайтын ер адамдар əйелдің өкілі бола алмайды. Махрам деп араларында неке тыйым салынған адамдарды айтады. Мұндай адамдарға туған əкесі, атасы, туған ағасы, туған інісі, сүт бауыры, олар болмаса, ол теория жүзінде тұрмысқа шығуға болмайтын туысы жатады. Мысалы, əкесінің туған бауырлары.

Хадистерге сəйкес «некедегі əйелдің төрт қасиетіне мəн беріледі: байлығына, ата-тегіне, сұлулығына жəне діндарлығына. Сен діндар болғанды таңда, ей, береке тапқыр» [6; 7] делінеді.

«Жақсы, тəртіпті жəне көркем бір ортада өскен қыздарға үйленіңдер. Өйткені руы, ата-тегі жəне қаны өте алдаушы» [6; 7]. Кейбіреулердің ойынша, неке барлық жағынан тең болса құба-құп. Мысалы, үйленушілердің жас шамасының, бойларының ұзындығының арақашықтығы, отбасы, шыққан орталарының, əлеуметтік-тұрмыстық жағдайларының ұқсас болуы.

Некенің қабыл болуның тағы бір шарты, ол — əйелдің келісімі. Бұрын тұрмысқа шықпаған қыздың некеге келісімі сұралған кезде ол үндемей қалса, оның үндемеуі  келісім  ретінде қабылданады. Неке екіжақты келісімсіз жасалмайды. Ұл алғысы келмесе некеге жол жоқ. Сонымен қатар неке заңды деп танылуы үшін екі куəнің болуы талап етіледі. Екі куə міндетті түрде мұсылман ер адамдар болуы тиіс. Некені қиюшы адам куə ретінде есептелмейді, одан тыс тағы екі мұсылман ер адамдар куəлік беруі керек.

Исламға дейін əр түрлі некелер болған. Солардың біріне құпия неке қиғызу жатады. Ал Исламда некені құпия қиғызу харам, яғни тыйым салынған, іс-əрекетке жатады жəне бұл тұрмысқа шығып жатқан əйел адамға қатысты зұлымдық болып есептеледі. Өйткені бұл жағдайда əйел адамның құқықтары бұзылып жатыр. Ал екі куəнің болуы қиылған некенің жариялылығын қамтамасыз етеді.

Маһр — некенің адал болуының талаптарының бірі. Маһр тек əйелге тиесілі болатын, оны оған күйеу жақ сыйлайтын сыйлық болып табылады. Маһрдың көлемі аз немесе көп болуы мүмкін, бұл тараптардың келісіміне байланысты. Негізінде шариғат бойынша маһрдың аз сұралуы құпталады. Маһрға сұралған заттың қымбат болмауы жас жігіттердің көбірек үйленуіне септігін тигізеді, ал үйлену өз кезегінде адамдарды зинақорлық жолға түспеуіне əсер етеді. Хадистерге сəйкес маһр көлемін аз талап еткен əйелдерде берекет, игілік көп деп сендіріледі. Егер де маһр алдын ала келісілмесе, сол жердегі əдет бойынша қалыптасқан ең минималды маһр көлемін алуға əйелдің толық құқығы бар. Өзара келісімге сəйкес маһрды некені қию сəтінде немесе одан кейін де төлеуге болады.

Некедегі күйеуінің əйеліне қатысты міндеттер мынадай: əйелін киіндіру, тамақтандыру жəне баспанамен қамтамасыз ету. Елімізде қазіргі кезде бұл міндеттер не орындалмайды немесе дұрыс емес түрде орындалып жатуы кездеседі. Мысалы, адам үйленбекші болады, бірақ шын мəнінде оның болашақ отбасын қамтамасыз ететін жағдайы жоқ. Шариғатқа сəйкес адамның байлығы болса, үйленуі дұрыс деп есептеледі, ал егер жағдайы бола тұра үйлене алмаса, ораза ұстауы құпталады. Бұл жерде оразаны ұстау ер адамның шаһуатын басу үшін делінеді.

Ер адам болашақ отбасын асырайтын жағдайы болмай тұрып неке қидырса жəне одан əрі отбасы үшін тер төгіп, мал табуға, əйелін асырауға күш жұмсамаса ол, біріншіден, Аллаһқа қатысты, екіншіден, өзі əйелдікке алған басқа тұлғаға қатысты құқықтарды бұзған болып табылады. Өйткені үйлену — бұл діннің жарты ісі, Мұхаммед пайғамбардың сүннеті деп есептелінеді. Ал  əйелдің құқына қатысты оны асырап, қамтамасыз ете алмағандықтан, оған қатысты зұлымдық жасады деп есептелінеді. Исламда адам құқықтарын бұзу ауыр күнəға жатады. Мұндай істердің күнəсін жуу үшін Аллаһтан кешірім сұрау жеткіліксіз, алдымен кімге қатысты зұлымдық істелсе, сол адамнан кешірім алынуы тиіс. Əйел адамның психологиялық жəне физикалық күйі əлсіз, оңай ренжиді. Осыған байланысты хадистерден егер əйел адам ерінен қанша жақсылық көріп, одан кейін бір ғана жамандық көріп қалса, «мен сенен ешбір жақсылық көрмедім» деп тұрмысына қарсы шыға келетін əлсіздігі туралы риуаят етіледі. Мұндай нəрселер жиілей берсе, ақыр аяғында ажырасуға алып келуі мүмкін. Сосын ол əйелдерде жалпы Ислам туралы жəне барлық мұсылмандарға қатысты дұрыс емес, жаман ойлар қалыптасуы мүмкін. Əрине, басқалардың кесірінен болса да, мұндай ойларға бару əйел адамды ешқандай ақтай алмайды.

Неке қиюшы имамды алдап неке қиғызуға болмайды. Бұл жерде куə болғандар жалған куəлік беру атты үлкен күнəні мойындарына алады. Егер осындай оқиға орын алып, некелесушілер қандай да бір себептермен өтірік айтып некелерін қиғызып алса, құдайдың алдында неке қиюшы адам жауапты болмайды. Ол адамдар тек өз-өздерін алдады деп есептеледі.

Неке — бұл Аллаһ Тағаланың алдында жасалған келісім-шарт. Өйткені некеге алынатын əйелдер мен ер адамдар бір-біріне тек Аллаһтың аяттары арқылы адал болады. Ал мұсылман адам бұл заңдарды білмесе жəне оны орындамаса қалайша дұрыс неке болмақ. Мысалы, кейбіреулер уақытша неке құру ниетінде неке қидыруы мүмкін. Бұл, əрине, дұрыс емес. Егер адам өз қатесін түсініп ниетінен қайтса, алдындағы некесі басқа талаптардың барлығына сай болған жағдайда, ол тəубе етіп, некесін жалғастырады. Уақытша неке шииттерде танылған, бірақ сунниттік Ислам мұны құптамайды жəне оған толығымен қарсы шығады.

Исламның некеге байланысты тағы бір талабы мұсылман емес ер адамның мұсылман əйелді алуына жол берілмейді. Егер ері мұсылманшылықтан шығып кеткен болса, онда оның ол əйелмен тұруына шариғат рұқсат бермейді.

Жесір қалған əйелдің басқа біреуге тұрмысқа шығуын Ислам құптайды. Егер ол күйеуі қайтыс болған кезде одан аяғы ауыр болған болса, босанғанға дейін күтеді. Ал аяғы ауыр болмаса, оған төрт ай он күн күтуі керек. Ал ажырасқан əйел басқаға тұрмысқа шығу үшін үш етеккірі мезгілін тосады. Бұл күту мерзімі «идда» делінеді. Иддадағы əйелдің тұрмысқа шығуы мүмкін емес [7].

Ендігі жерде жоғарғы нəрселерден ой түйе отырып, некенің барлық жақтарын жүйелеп қарастыралық.

Неке сунна амалынан болғандықтан, оны мұсылман адамның танымауы дұрыс емес. Некелесетін адамды көшеден іздеп, кездейсоқ танысуға болмайды. Бұған арнайы таныстыру рəсімі бар. Онда əйел адам ер адаммен танысу үшін өзіне махрам болған адаммен келуі керек. Əйел адам да ер адам сияқты өзінің неке құрғысы келетіндігін ашық жариялай алады. Мұның ешқандай айыбы жоқ. Некелеспей тұрып олар бір-бірінің жүздерін көріп, ұнатқан болулары керек. Сонымен қатар бір-бірі туралы сырттай білетін адамдардан сұрастырып мəлімет жинауға рұқсат. Бұл кезде білетін адамдар олардың кемшіліктерін жасырмай, жақсылықтарын асырмай шындықты айтуы керек. Көптеген басқа жағдайларда басқа мұсылманның сырын ашу, жамандығын əшкерелеу үлкен күнəға жатады. Сондықтан да əлгі адамның кемшіліктерін неке қию мақсатында айтқан жəне одан біліп алған адамдар басқа жерде жайып, ғайбат жасауларына болмайды. Екі жақ келісіп жатса, əке-шешелерінің келісімі мен батасын алулары міндет.

Некенің төмендегідей талаптары бар:

  1. Келін бала күйеу бала үшін харам болмауы, яғни тыйым салынбаған болуы, керек.
  2. Неке құруға деген өзара келісім болуы міндетті.
  3. Келін бала мен күйеу баланың аты-жөндері тура көрсетілуі керек. Исламда зайыбының аты- жөніне көшуге рұқсат етілмейді.
  4. Неке қиған сəтте екі ер мұсылман адамның куə болуы керек. Əбу Ханифа мазхабы бойынша бұған мүмкіндік болмаса, онда бір ер, екі əйел мұсылман адамдардың куəгер болуы рұқсат етіледі.
  5. Ер адам мен əйел адамдар өздерінің үйленейін деп жатқан адамдарына қатысты жыныстық міндеттерін атқара алатын болуы тиіс.

Үйленуге тыйым салынған əйелдердің екі санаты бар:

  1. Қандас туысқандар:

а) қыздары, немере қыздары;

ə) туған апа-қарындасы;

б) əкесінің туған апа-қарындастары, шешесінің апа-сіңлілері;

в) туған аға-інісінің, апа-қарындасының қыздары;

г) анасы, əжесі.

  1. «Мусахара», яғни əйеліне үйленгеннен кейін туысқан болатындар: а) əйелінің анасы мен əжесі;

ə) əйелінің бұрынғы некеден туған қызы немесе немере қыздары;

б) əйелінің ұлының əйелі, ұлының əйелі, немере ұлының əйелі; 

в) əкесінің əйелі (өгей шешесі).

Ханифи мазхабы бойынша, егер ер адам өзі некеде тұрмаған əйелмен зина  жасаса, сүйіссе немесе оның жыныс мүшелеріне шаһуатпен қараса, онда ол оның əйелі сияқты есептеліп, оған қатысты жоғарғы талаптар бойынша əлгі əйелдің туыстарына үйлену тыйым салынады. Бірақ басқа оқымыстылар ішінде хадистерге сүйене отырып, Əбу Ханифидың бұл жауабымен келіспейтіндері бар.

Ер адам сонымен қатар өзін екі жасына дейінгі уақыт аралығында (кейбір мазхабтар бойынша, бала кезінде аш болғанда) емізген сүт анасы мен оның əйел туыстарына үйленуге  хақысы жоқ. Оларға мыналар жатады:

а) сүт анасы;

ə) сүт анасының шешесі;

б) сүт анасының күйеуінің шешесі; в) сүт анасының апа-сіңілілері;

г) сүт анасының күйеуінің апа-сіңлілері; ғ) сүт анасының қыздары;

д) сүт анасының немере қыздары.

Мына əйелдерге уақытша үйленуге болмайды:

  1. Зина жасаған əйелге тəубесіне келгенше.
  2. Тəубесіне келгенше көпқұдайшылдар мен атесттерге.
  3. Бір əке-шешеден туған апалы-сіңлілерге бір уақытта үйлену.
  4. Үш рет ажырасқан əйел басқа күйеуге шығып одан ажырағанша немесе күйеуі қайтыс болмайынша бұрынғы күйеуіне шыға алмайды.
  5. «Ихрам» күйіндегі əйелге.

Тұрмыста бола тұрып зина жасаған əйел күйеуіне харам болып табылады. Бір уақытта төрттен артық əйелге үйленуге болмайды.

Некеге тұру үшін неке формуласы араб тілінде оқылуы керек. Егер жергілікті жерде арабша білетіндер  болмаса, өз  тілінде оқуға рұқсат  етіледі. Неке дұғасының  қысқаша  мағынасы  мынадай:

«Бізді тура жолға салған Аллаһқа мадақ. Оның насихатынсыз біз тура жолға түспес едік. Өздеріңнен жұбайлар берген, жəне əйелдеріңнен балалар мен немерелер берген жəне игіліктерге бөлеген Аллаһқа мадақ. О, Аллаһ! Оларды сүйіспеншілікпен жəне жақсы сөздермен қос. Аллаһ сені жəне сенің істеріңді игілікке бөлесін. Сендерді тек жақсылықта қоссын. Жəне Аллаһтан Мұхаммедке, Аллаһтың жаратылыстарының ең жақсысына салауат тілейміз. Жəне оның отбасы мен сахабаларына. Жəне оның жолына түсіп, Қияметке дейін оның жолымен жүруді жалғастырғандарға».

Пайғамбардың хадистерінен шыға отырып, мына сөздерді айтып некелескендерді құттықтау суннадан: «Аллаһ саған береке берсін жəне саған береке жаудырсын əрі араларыңды жақсылықта қоссын (бастарың жақсылықта қосылсын) [8]. Неке қиған соң шамасы келгенше той жасау дұрыс. Бірақ тойды арақпен өткізуге жəне тойда ер мен əйелдердің бірге отыруына тыйым салынады. Некені мешітте қиып, жұртқа жария ету дұрыс болады жəне тойда даңғыра қағуға рұқсат етіледі. Шариғат бойынша басқа аспаптардың əуені тыйым салынған нəрселердің қатарына кіреді. Даңғыраның əуенімен қыз балаларға өлең айтуға тыйым салынбайды, бірақ өлеңдер дарақы немесе жамандыққа шақыратын болмауы керек, керісінше, жақсы насихаттарға толы болса құпталады.

Ерлі-зайыптылардың бір-біріне қатысты міндеттері мен құқықтары үш санатқа бөлінеді:

  1. Ерлі-зайыптының біреуі қаласа, екіншісі онымен жақындасуға міндетті.
  2. Егер екеуінің біреуі қайтыс болса, оның мұрагері болып, мүлігінің белгілі бір пайызын иемдене алады.
  3. Балаға əкесінің атын беру керек.
  4. Бірін-бірі құрметтеуі тиіс.
  5. Неке қиғаннан кейін ерлі-зайыптылардың туыстары бір-біріне неке қиюға харам болады. Əйелге күйеуінің мына туыстарына тұрмысқа шығуына болмайды: əкесі, атасы, əйелдің туғаны болмаған күйеуінің туған ұлы (өгей ұл) жəне немерелері.

Неке қиған уақыттағы маһрдың екі түрін көрсете кеткен жөн болар. Бұл заттық күйдегі маһр, яғни ақша немесе басқа заттай құндылықтар, жəне екіншісі — заттық емес маһр, яғни білім беру, Құран үйрету, хадистер үйрету жəне т.б. Маһр қалыңмал емес. Жоғарыда айтқанымыздай, қалыңмал деген шариғатта жоқ. Маһр тек əйелге тиесілі, ол қалыңмал сияқты əйелдің туған-туысқандарына берілмейді. Құранның 4-Ниса сүресінің 4-аятына сəйкес: «Əйелдеріңнің маһрын ықыласпен беріңдер. Сонда егер əйелдер өз көңілдерінше маһрдан бір нəрсе кеңшілік етсе, онда оны жеңдер, сіңімді, жүрімді болсын») [2; 77]. Маһрды əйелдің рұқсатынсыз пайдалануға болмайды. Маһрдың соңғы мөлшері бекітілмеген, бірақ қанша аз болса, соншалықты жақсы болады. Пайғамбардың əйелі Айшаның жеткізуінше, Мұхаммед мына мағынадағы сөздерді айтқан: «Күйеу бала мен келін балаға олардың той шығындары аз болғаны жақсы. Шығын қанша аз болса, берекет сонша көп болады». Сонымен қатар «Жақсы əйелдің белгілері: аз маһр, қарапайым өткізген той, жақсы қылық (тəрбие). Жаман əйелдің белгілері: көп маһр, күрделі той, жаман қылық (тəрбие)». Маһрды бірден берген дұрыс, ал келісім болса кешіктіріп немесе бөлшектеп төлеуге болады. Күйеуі əйеліне кірмей тұрып ажырасатын болса, маһрды бермей-ақ қоюға болады. Пайғамбардың əйелі Умм Саляма мына мағынадағы хадисті жеткізеді: «Кез келген (мұсылман) əйел өлсе, ал күйеуі оның əрекетіне разы болған болса, онда ол жəннатқа кіреді».

Күйеуінің əйеліне қатысты мынадай негізгі құқықтары бар:

а) күйеуі шақырған кезде баруы керек, тіптен ол кір-қожалақ күйде болса да жақындасуы міндет, əрине, егер оның хайз, нифас мерзімдері немесе кедергі келтіретін елеулі аурулары болмаса;

ə) парыз болған оразаларды қоспағанда, күйеуінің рұқсатынсыз ораза ұстауына болмайды, керісінше жағдайда, ол күнə жасаған деп есептеледі, оразасын Аллаһ қабыл етпейді;

б) күйеуінің рұқсатынсыз оның мүлкін біреуге беруіне болмайды, олай істесе ол күнəға қалып, күйеуі сауапқа қалады;

в) күйеуінің рұқсатынсыз сыртқа шықпауы керек, əйтпесе Аллаһ пен періштелердің қарғысына ұшырайды, тіптен күйеуі бұл жерде əділетсіз болса да. Ол үйіне келіп, тəубə етуі керек;

г) күйеуі ұнатпайтындарды үйге кіргізбегені жөн;

ғ) күйеуіне ұнамайтын қылықтарды істемей, керісінше, оның көзінше сəнденіп, жайдары жүруге тырысуы қажет;

д) күйеуінің тілін алуы керек, егер оның бұйрықтарында шариғатқа қарсы нəрселер болмаса.

Күйеуі əйеліне жақсы мінез көрсетуі керек. Егер əйелі жаман қылықтар істесе, онымен жақындаспай немесе ауыртпай ұруына рұқсат етіледі. Ал тыңдайтын əйел болса, оны сөгіп, ұрып- соғудың қажеті жоқ. Жалпы ер адамның қандай құқықтары болса, əйелдің де соған ұқсайтын құқықтары бар. Ал міндеттері əр түрлі болғанымен, олар ер мен əйелдің өз табиғаттарына сай болғандықтан, ер адам мен əйел адамның бірін-бірі отбасында толықтырып, «екі жарты — бір бүтін» болуларына септігін тигізеді. Айша анамыз Мұхаммед пайғамбардан: «Əйел кімді тыңдауы    керек?» — деп сұрағанда, «Күйеуін», — деген жауап алыпты, «Ал ер адам кімді тыңдауы керек?», — дегенде, «Анасын», — деген жауап алған екен. Айналып келгенде, мұсылман құқығы, яғни шариғат бойынша, неке құру ер адамның да, əйел адамның да құқықтарын аяқ-асты етпейтіндігіне, керісінше, толыққанды қамтамасыз ететіндігіне көзіміз жетеді. Ал оның ережелері мен қағидаларын зерттеу жəне түсініп-қабылдау — əркімнің жеке басының ісі.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. О браке и семье: Закон Республики Казахстан. — Алматы: ЮРИСТ, 2000. 
  2. Құран Кəрім. Қазақша мағына жəне түсінігі // Ауд.: Халифа Алтай. – Медина: «Шарапатты екі харамның қызметкері Фаһд патшаның Құран Шəриф басым комбинаты», 1991. — 604 б.
  3. Смысловой перевод Священного Корана / Эльмир Рафаэль оглы Кулиев. — Алматы: ЧБФ «Əлбаракат», —С. 132.
  4. Сады праведных. Из слов господина Посланника / Сост.: Имам Мухйи-д-дин Абу Закарийа бин Шариф ан-Навави (631–676 гг.х/ 1233–1277 гг. н.э.). / Пер., прим. и указ.: Владимир (Абдулла) Михайлович Нирша. — М.: Издат. Дом «БАДР», 2001. — С. 108–109.
  5. Хадистер // Абдуссамад Махат. — Алматы: Өнер, 2001. — 27–29-б.
  6. Дадаұлы А. Мұсылманның əйелі алдындағы міндеттері. — Алматы: Шапағат-Нұр, 2002. — 56 б.
  7. Мансур А., Халмұрадұлы А.М., Дадаұлы А. Мұсылман əйелдің ері алдындағы міндеттері. — Алматы: Шапағат-Нұр, 2002. — 48-б.
  8. Мұсылман қорғаны / Жинақтап құраст. Сəид əл-Қахтани. / Ауд.: А.Қасымов, К.Бердəли. — Алматы: «Дəуір» ЖШС РПБК, 2004. — 174-б.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.