Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлы Отан соғысы кезіндегі əскери трибуналдардың сот жүйесіндегі жетекші қызметі

Қазақстанның мемлекеттік жүйесін қалыптастыруда сот жүйесін қайта құрудың орны ерекше. Алайда тарихи тəжірибенің көрсеткішіне құқықтық жүйенің қызметінің ұйымдастыру мен оның қызметіне байланысты ойластырылмаған іс-əрекеттер өзінің тиімсіз жемісіне алып келіп соғады.

Өрескел қателерді қайталамау үшін біздің аса бай тарихымызды пайдалануымызға болады, оның ішінде Кеңес өкіметінің тарихын да бізге үлкен тəжірибе береді. Сонымен қатар соңғы кезде Кеңес өкіметінің даму тарихына қоғам тарапынан қате баға берілуде. Мұның дəлелі есебінде ХХ ғасырдағы алып мемлекеттің тарапынан жасалған қате іс-əрекеттердің жемісі бүгінгі таңдағы қоғамымыздағы дағдарыстың бірден-бір себебі болып отыр. Қазіргі таңдағы тарихи зерттеулерге қарасақ, соның ішінде «ішкі» тəжірибеге байланысты «суық соғыстың» идеологиялық бағыты батыстың тарихи кезеңімен сəйкес келеді. Кеңес өкіметінің кезеңіндегі ГУЛАГ-тың тарихы, өткеніміздегі, зардап шегу, қоғамға аса зор қайғы-қасірет төндірген жəне тоталитарлық репрессиялық жүйемен ерекше есімізде қалды. Сондықтан да, Кеңес өкіметі қоғамындағы сот жүйесінің алар орны мен маңыздылығын ғылыми тұрғыдан зерттеу ерекше маңызға ие болып отыр. Мысалға əскери  трибуналдардың Ұлы Отан соғысындағы дамуы мен алар орны, сонымен қатар əскери əділет жəне кеңестік сот жүйесін зерттеу соңғы кезге дейін жекелей қолға алынған емес.

Соғыс кезіндегі жəне соғыс алдындағы əскери əділет құрылымдарындағы қылмысқа қарсы бай тəжірибе мен мемлекеттік қорғанысты күшейту, соның ішінде əскери трибунал, кеңестік сот жүйесінің арнайы бөлімі ретінде ресейлік төтенше құқықтық жүйеде, əскери əділет саласында, негізгі құқық қорғау институттарының соғыс кезіндегі жəне төтенше жағдайларда толық қамтылмаған.

Əділет бөлімдерінің қызметі мен ұйымдастыру тəжірибесі КСРО-ның сот жүйесінің тағы бір ашылмаған парағы іспеттес.

Аталмыш зерттеудің негізгі бағыты Ұлы Отан соғысы жылдарындағы əскери трибуналдардың қызмет жүйесінің дамуын қарастырады, олардың Кеңес өкіметіндегі орны; əлі зерттелмеген тарихи- құқықтық ғылымның əлі ашылмаған жаңа парақтарын ашу жəне Қазақстан Республикасының соттық құрылымында пайдалану.

Қызыл Армияның əскери трибуналдарын жəне құқықтық салаларын зерттеуге өмірін арнаған кеңестік заңгерлерді атап айтуға болады, олар И.М.Бозров, П.К.Бурдин, Л.Н.Гусев, А.С.Емелин, П.И.Загорский, Д.С.Карев, А.С.Кобляков, В.М.Курицын, М.С.Строгович, Л.П.Рассказов, Ю.П.Титов жəне тағы басқалар [1].

Сонымен қатар əскери əділеттің аса маңызды тақырыбының бөлігі — əскери-сот жүйесінің осы заманға дейінгі зерттелмегендігі сол замандағы нормативтік-құқықтық актілердің мұрағатта қатаң қарауда болғаны.

Əскери трибуналдар сол кездегі коммунистік идеологияға байланысты ғылыми зерттеулер мен кеңес əдебиетінде жақсы жағынан сипатталып, орын тапты.

Қарама-қарсы көрсеткіштер ХХ ғасырдың 80-ші жылдары Кеңес өкіметінің əділет органдарында партиялық басшылықтың кемшін тұстары етіп көрсетілді, Кеңес Армиясының жəне халықты қорқытып-үркіту əрекеттері ІІХК-ның тарапынан көрсетіліп, қоғамды қорқыныш жағдайына түсірді, ал қылмыстық жəне қылмыстық-процестік нормалар олардың қаруы болды.

Бұл орайда біздің зерттеуіміз соғыс жылдарындағы жағдайдың нақты алар орны мен əскери трибуналдардың мəн-мағынасы жайында болмақ. Аталмыш зерттеу кеңестік сот жүйесіндегі жəне əскери əділет органдарындағы, сонымен қатар КСРО-ның ІІМ кемшіліктерін атап көрсетеді.

ІІХК үштігінің соттық емес репрессиялық жағдайын қатаңдатуына байланысты, шекара мекемелерінің жəне ішкі əскерінің өзінше КСРО-ның ІІХК-сының Қарулы Күштері есебінде, 1938 жылы сотқа орналасу заңына сəйкес, əскери трибуналдарда ұйымдастыру тағы да өз бетімен КСРО- ның ІІХК-мен қарастырылды.

КСРО ІІХК-сының əскери трибуналдары Кеңес мемлекетінің сот жүйесі күшінің қаралуында арнайы бөлімі болып табылды, соған байланысты оларды ұйымдастыру айтарлықтай құқықтық- нормативтік актілермен реттелді.

ЖШҚА мен ƏТФ-ның əскери трибуналдарына қарағанда, тек əскери қызмет көрсету құрылымдарына, оның ішіне азаматтардың мемлекетке қарсы аса қауіпті қылмыстарды қарау, ішкі істер органдырының қызметкерлерінің қауіпсіздігі, қылмыстық-орындау жүйесінің конвойлық жəне шекара, сонымен қатар ішкі істер ІІХК-ның əскерлері кірді.

ІІХК-ның əскери трибуналының ерекшелігі, олардың жалпылама ұйымдастырылуы болды. 1926 жылғы «Əскери трибунал прокуратурасының заңына сəйкес» қарама-қайшылықтар, КСРО ІІХК- сының əскери трибуналдарының құрылу жүйесі соғысқа дейінгі жылдары округтермен тығыз байланыста болған, мемлекеттегі сотталғандардың негізгі субъектісі əкімшілік-территориялық құрылым бойынша азаматтар болып табылды. ІІХК-ның əскери трибуналдары аймақтар, облыстар, кеңестік жəне автономдық республикаларда өз қызметін атқарды, сонымен қатар ІІХК-ның еңбекпен түзету лагерлерінде жəне арнайы құрылыстарында қолданылды. Соғыс алдындағы жылдарда ІІХК- ның барлығы 76 əскери трибуналдары құрылды [2].

Соғыс кезіндегі əскери трибуналдардың қызметі нормативтік тұрғыдан Ұлы Отан соғысқа дейін реттеліп, дайындалды. Ұлы Отан соғысының басталуымен ІІХК-ның əскери трибуналдары қайта құрылып, «Əскери трибуналдар туралы, жергілікті жерлерде, соғыс жағдайында əскери іс-əрекеттерді жүзеге асыру» 1941 жылдың 22 маусымында жаңадан бекітіліп, бейбіт жағдайда қолданылған ІІХК əскери трибуналының тылдағы жұмысын қорғау жəне ІІХК-ның əскери дивизиясы қарастырылды. Соғыс жылдарында ІІХК-ның əскери трибуналдарының саны 152-ге дейін жетті [3].

Соғыс кезіндегі əскери жағдайға байланысты əскери трибуналдардың кейбір қызмет түрлері өзгертілді. Əскери трибуналдардың саны көбейген (соғыс алдында елде 298 трибунал болса, ал 1942 жылдың 1 наурызында олардың саны 823-ке жетті) себебі əділдікті үш сот қамтамасыз ете алмады.

Осыған байланысты 1942 жылдың 28 шілдесінде КСРО-ның Жоғарғы Соттының Президумынын Жарлығында əділдікті орнатуда əскери қызметкерлердің қатысу мүмкіндігі қарастырылып, оларды саяси органдар мен əскери бөлімдердің басшыларының басқаруымен өтілді. Қызыл Армияның фашисттік Гитлердің бұрынғы басып алған территорияларындағы сатқындарды  əскери трибуналдарға салу операциясы ең ауқымдысы болды [3].

Ұлы Отан соғыс жылдарындағы əскери трибуналдар интенсивтік тұрғыда дамыды. Олардың ішіне жататындар: Отан сатқындары мен қорғаныстық өнеркəсіп орындарындағы қызметкерлер жұмыстан бастартып, жалған мəліметтерді таратып, халық арасында іріткі салғандар мен фашистік оккупанттарға көмектескендер т.б. Сотталғандар саны тым көбейіп кетті. Соғыс жылдарында əскери трибуналдарға сатқындар, ІІХК-ның батальондарының тазартқыштарының ішінен де шыққан, ІІХК- ның құрылыстық коллоналарының ішінен де жəне сатқындар, отбасы арасынан, сонымен қатар антикеңестік ұлттық ұйымдар мүшелері де кірді.

Соғыс жылдарындағы ІІХК-ның əскери трибуналдарының сот істерінде негізінен төмендегідей ерекшеліктер болды: жабық сот отырыстарында екі жақтың қатысуынсыз; сот ісінің уақытын азайту; қылмыстық сот істерінде əскери бөлімдердің басшылықтарына қосымша құзіреттілік беру; шешімдерді қайта қараудың болмауы; жауға қарсы жеңіс үшін барлық əскери-соттық күштердің бірігуі. Соғыс жылдарында ең ауыр ату жазасы əскери соттардың тарапынан мемлекетке қарсы іс- əрекет істеген азаматтарға бекітілген. Белгілі себептерге байланысты мұндай жаза қолданған азаматтардың саны соғысқа дейінгі кезеңге қарағанда тым көп болды. Алайда соғыс кезінде əскери трибуналдар ату жазасын өзгертіп, өздерін айыбын жуып-шаюы үшін штраф бөлімдеріне жіберді, себебі КСРО-ның Қарулы Күштерінің ережелерін бұзған азаматтарды мақсатты түрде пайдалану алға қойылды.

1943 жылдың 19 сəуірінде КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің ұйғарымымен «Отанын сатқандарды, неміс-фашистік əскерін, шпиондарды, кеңестік азаматтарды қасақана өлтіргендерді жазалау  туралы» Жарлығы қабылданды. Аталмыш Жарлық бойынша істерді қарау үшін Қызыл Армияның қарамағындағы арнайы соттар бекітілді [4].

Соттың отырысы 28 РКФСРО ҚПК бөлімі бойынша өткізілуі қажет еді. Алайда дайындық жұмыстары қарастырылмаған. Жалпылай алғанда əскери соттардың қызметі кең етек алған жоқ. Əскери соттар негізінен қосымша тергеуді қажет етпейтін, қылмыс орнында ұсталған тұлғалардың істерін қарастырды. Əскери соттардың шешімдері дивизиялардың командирлерін бекіту жəне тез арада орындау болды.

Тергеу жəне соттық құрылымдар құқықтық тəжірибесінде Кеңес өкіметіне қарсы орын алған қылмыстар мен процестер аз кездескен жоқ. Қиындығына байланысты қылмыстар келісілген дəрежелері бойынша бөлінді, біріншіден, құқықтық тұрғыдан түсінігі анықталмаған субъектілік жағдайлар (кеңес əскери қызметкері немесе азаматтық адам немесе германдық əскери қызметкер), екіншіден, қылмыстың орын алған жері (ұрыс алаңы, оккупациялық территория, əскери тəртіптегі немесе қарама-қарсы жарияланған тылдағы территориялар), үшіншіден, құқықтық ахуалға қарсы өткен (мысалы, ұсталған тұтқынды, болашақ жараланған немесе қаруын тастап өз еркімен берілсе). Квалификация мəселесінің қиындығы соншалықты, соттық жəне прокурорлық сынды органдардың бір емес бірнеше анықтау мəселесі алдыңғы қатарда тұрды. Себебі соғыстың алдындағы кезеңдегі əскери қылмыстарды, мемлекетке қарсы бағытталған қылмыс болып қаралды. Əскери  кезеңде Отанды сату (жоғарғы жаза — ату жазасы), өз қызметімен құзыреттілігін сату (енді олар ең ауыр болып саналды) қылмыстары қатаң тəртіпке сəйкес қылмыскерлердің сана-сезіміне əсер етуі қажет болатын.

Соғыс кезеңіндегі фронт алдындағы маңызды орынды соттық жүйеде алдыңғы орындарды соттық трибуналдар алды. Ары қарай соғыс жағдайына негізделген əскери трибуналдардың құрылымы маңызды орындарды иеленді. Жалпылай Ұлы Отан соғысы кезіндегі əділеттілікті жүзеге асырушы əскери трибуналдардың жүйесін төмендегілер құрады:

  • Қызыл Армияның əскери трибуналдары жəне əскери-теңіз флоттары;
  • ІІХК-ның əскери трибуналдары;
  • темір жол мен су көлігі əскери трибуналдары;
  • соғыс кезіндегі төтенше жағдайға байланысты құрылған жергілікті халықтық соттардан құралған əскери трибуналдар;
  • əскери-полевой соттар.

Барлық əскери ұжымдардағы əскери соттарда КСРО-ның Жоғарғы Соты басшылық етті, олар келесі қызмет атқарды:

а) ерекше соттылық жағдайына арналған бірінші инстанциялық соттар;

ə) округтердің əскери кассациялық инстанциялары соттары, флоттар жəне жергілікті орындарындағы əскерлер, соғыс жағдайына қаралмаған;

б) барлық əскери трибуналдардың тергеу инстанциялары, тек темір жол жəне су жолдары трибуналдарынан басқа, себебі ол жерлерде Жоғарғы Соттың əскери-темір жол жəне əскери- транспорттық ұжымдары жұмыстар жүргізді.

Округтердегі əскери трибуналдар мен фронттарға əскери трибуналдың тарапынан тексеру құқығы берілді. Жоғарғы тексеру функционалдық құқығына КСРО-ның Жоғарғы Сот ұжымы ие болды. Əскери трибуналды ұйымдастырушылық-басқарушылық жүйесі КСРО-ның Наркоматының Əділет министрлігінің құзыреттілігінде болды.

Соғыс кезінде əскери соттарды сайлау жүйесі жүзеге аспауы, əскери соттардың кадрлық мəселелері администрация тарапынан өз шешімін табуы негізгі ерекше жағдай болып табылады. Сонымен қатар соғыс кезінде жұмыс жасап отырған əскери трибуналдарға қосымша құзыреттілік берілді.

ШҚК КСРО-ның 1941 жылдың 22 маусымындағы «Əскери жағдай туралы» Жарлығына сəйкес əскери жағдайда жарияланған жергілікті жерлердегі қылмыстық істер, қорғанысқа қарсы бағытталған барлық қылмыстық істер, мемлекеттік қауіпсіздік пен қоғамдық тəртіп бұзылған жағдайдағы барлық істерді əскери трибуналдар қарады. Сонымен қатар əскери билікке одақтас мемлекеттердің Қылмыстық кодекстерінде қарастырылған алыпсатарлық (спекуляциялық) істер, өрескел бұзақылық жəне сол сынды істер əскери ахуалдың өзгеруіне ықпал етер болса, əскери трибуналдың қарауына жіберу əскери қолбасшылықтың міндетінде болды. Əскери трибуналдың құзыреттілігі төмен болып, жоғарыда айтылғандай қылмыс түрлері жергілікті жерлерде өршіп тұрса, оған жергілікті биліктің жəне КСРО-ның басқару құрылымының тікелей араласуына болатындығы аталмыш жарлықта көрсетілген.

Соғыс кезінде азаматтық соттардың құзыреттілігі кеңейтілмей, олардың қызметі болып саналатын құқықтық негіздемелерге де өзгерістер де енгізілмей, бұған дейінгі бар одақтас республикалардағы халықтық, облыстық, жоғарғы соттар өз жұмыстарын жалғастыра берді.

Ұлы Отан соғысы кезінде олардың құзыреттілігі территориялық жəне компетенциялық тұрғыдан шектелді. Сонымен қатар əскери кезеңде мемлекетке қарсы бағытталған қылмыстарды соттық емес ІІХК-ҰМҚК сынды органдар қарауын жалғастыра берді, олардың қарайтын істері соттың ресми жұмысына жатпады жəне сол сияқты істер көп болды.

Соғыс кезеңіндегі əскери трибуналдың тəжірибесіне сүйенсек, бейбітшілік кезідегі істерге қарағанда соғыс кезіндегі қылмыстық істерді қарау ерекше маңызы бар іс болып табылатындықтан, мұндай жағдайда арнайы соттардың ерекше жəне төтенше тəртібін орнату керек. Əскери трибуналдардың бейбітшілік кезіндегі атқарған іс-əрекеттерінің өз уақытында жəне шұғыл жүзеге асуы орталық басшылық тарапынан жəне жергілікті басшылық тарапынан жүзеге асып отырды. Əскери трибуналдар негізінен төтенше жағдайларда, əскери қауіпсіздік жəне күрделі ішкі саяси мəселелерді шешумен айналысты.

Əскери трибуналдардың жалпы атқарған жұмысын байқап қарасақ, Ұлы Отан соғысы кезеңінде əскери трибуналдар əрбір жағдайды жан-жақты жəне жалпы зерттеуге тырысқан, олар əділ жəне заңды шешімдер шығарған, сондықтан барлық шығарылған шешімдер бойынша шағымдануға, қайта қарауға жіберілмеген. Алайда барлық шешімдер трибунал фронты тарапынан тексерілген.

Сонымен қатар əскери трибуналдар Кеңес Одағының соттық жүйесінің соғысқа дейін де, соғыс кезінде де, соғыстан кейін де біршама уақыт мемлекеттік əкімшілік-қолбасшылық құрылымының ажырамас бөлігі болды. Бұл жерде Сталиннің жеке басының жағдайы маңызды роль атқарды.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Бозров И.М. Əскери соттар қызметіндегі қылмыстық істер жөніндегі ресей сот төрелігінің қазіргі мəселелері. Теория мен тəжірибе мəселелері. — Екатеринбург, 1999; Бурдин П.К. 1918–1919 жылдардағы Қызыл Армия ұйымдарының құқықтық негіздері. — М.: ВЮА, 1951; Гусев Л.Н. Кеңестік əскери əділеттің халық шаруашылығын қалпына келтіру бойынша бейбіт еңбекке көшу кезеңі (1921–1925 жж.). — М.: ВЮА,
  2. Емелин А.С. Ұлы Отан соғысы жылдарында əскери-заң кадрларын даярлау // КСРО-дағы əскери-заң білімін беруге 40 жыл. — М.: РИО ВИ, 1977; Емелин А.С. Кеңес Қарулы Күштерін құрудың құқықтық негіздері (1917–1977 жж.) — М.: ВКИ, 1986; Загорский П.И. Ұлы Отан соғысы жылдары кезеңінде Қарулы Күштердегі сот төрелігін жүзеге асыру. — М.: ВИ, 1986; Карев Д.С. КСРО-дағы жəне халықтық демократия елдеріндегі əскери əділет. — М.: ВЮА, 1951; Кобляков А.С. КСРО-дағы конституциялық сот төрелігінің принциптері. — М.: ВИ, 1980; Курицын В.М. Социалистік заңдылықтардың қалыптасуы. — М.: Юрид. лит., 1983; Курицын В.М. 1929–1940 жж. мемлекет тарихы жəне ресей құқығы. — М.: Халықаралық қатынас, 1998; Строгович М.С. Əскери жағдайдағы қылмыстық істер бойынша материалдық шындықты қалыптастыру кепілдіктері // ВЮА еңб. — Ашхабад, 1942; Рассказов Л.П. Совет мемлекетіндегі қалыптасу жəне əкімшілік-командалық жүйенің жұмыс істеу процестерінің жазалаушы органдары (1917–1941 ж.). — Уфа: Ресей ІІМ Уфа жоғарғы мектебі, 1994; Титов Ю.П. Кеңестік революциялық трибуналдар жүйелерінің дамуы. — М., ВЮЗИ, 1983; Ульрих В.В. 25 жылдағы əскери трибуналдар қызметі (1918–1943 жж.) / ВИЮН ғылыми жазбалары. — 1945. — 4-шығ.
  3. Бурдин П.К. 1918–1919 жылдардағы Қызыл Армия ұйымдарының құқықтық негіздері. — М.: Кеңес Армиясының əскери-заң акад., 1951.
  4. Карев Д.С. КСРО əскери əділеті жəне халықтық демократия елдері. — М.: Кеңес Армиясының əскери-заң акад.,1951

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.