Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Алдын ала тергеу сатысының ұғымы, мазмұны, түрлері жəне аяқталуы

1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы егеменді Қазақстанды жаңа саяси жəне экономикалық жүйені қалыптастыруға бағытталған демократиялық, зайырлы, құқықтық, əлеуметтік мемлекет ретінде бекітті. Конституция халықаралық-құқықтық актілердің басымдылығын мойындап, мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам жəне адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары болып табылатынын жоғары заңдық деңгейде бекітті.

Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам құру жолында жеке тұлғаның құқықтық қорғалуына, адам жəне азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайтуға алғы дəрежелі маңыз бөлінуі қажет. Қандай да болсын іс жүргізу ретінде қылмыстық іс жүргізу қызметінің саласына тартылған тұлғалардың құқықтарын қорғау мəселелері ерекше назар аударуды керек етеді. Олардың шешімі қылмыстық қудалау органдарының зорлық-зомбылық үшін жағдайларды болдырмауға, аталмыш тұлғалардың іс жүргізу құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын күшейтуге бағытталуы қажет. Қылмыспен күресті күшейтуде тергеу органдарының маңызы зор. Осыған байланысты қылмыспен күрестің  тиімділігін  арттыруға  бағытталған  шаралар,  оның  құқықтық  реттелуі  жəне  тəжірибелік ұсыныстарды мейлінше кең қолдануға ұмтылу проблемалары қазіргі уақытта алғы маңыздылыққа ие болып отыр.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (ҚҮЖК) қабылдануы қылмыстық іс жүргізу құқығының бірқатар институттары бойынша қалыптасқан бұрынғы  көзқарастарды қайтадан жаңаша қарауға мəжбүр етті, сот төрелігі жүзеге асырылуы барысында жеке тұлғаның құқықтарына кепілдік беретін жаңа құқықтық институттардың құрылуына жол ашты.

Дегенмен, өзінің ары қарай зерттелуін талап ететін мəселелер де баршылық.  Соның ішінде алдын ала тергеуде қылмыстық істер бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға байланысты проблемаларды зерттеу аса маңызды болып табылады. Алдын ала тергеуді тоқтата тұру мəселелерін зерттеу қажеттілігі тəжірибедегі мүдделіліктен туындап отыр. Статистикалық мəліметтердің көрсетуі бойынша, тергеу барысында қылмыстық істердің басым көпшілігі тоқтатыла тұрылады.

Тоқтатыла тұрған істерді талдау олардың көбі бойынша тергеуді аяқтауға бағытталған қажетті шаралардың ұзақ уақыт жүргізілмегендігін көрсетеді. Бұл жағдай тергеушілердің ағымды жəне тоқтатыла тұрған істер бойынша жұмыстарды көбіне-көп дұрыс үйлестіре алмаулары салдарынан, оларға қажетті назар аударылмағанынан туындайды.

Кейінгі кезеңде дейін қылмыстық істер бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру институтының ғылыми зерттелуіне тиісті назар аударылған жоқ. Аталмыш мəселе бойынша жарық көрген жұмыстарда алдын ала тергеуді тоқтата тұру алдын ала тергеу органдарына қойылатын қазіргі талаптар ескерілмей, жалпылама шеңберде қарастырылады.

Қазіргі уақытта алдын ала тергеуді тоқтата тұру жəне қайта жаңғырту институтын ғылыми зерттеуге аса қажеттілік осы мəселелерге бірқатар ғалымдардың назарын аударуда. Осыған қарамастан, тоқтатыла тұрған істер бойынша құқықтық реттелу əлі де болса түпкілікті  толық деңгейде зерттелген жоқ. Кейде тергеу органдарының тəжірибесінде тоқтатыла тұрған істердің бір іс жүргізуге біріктіру қажеттілігі туындайтыны белгілі. Мұндай жағдайлар қылмыс жасаған бір не бірнеше тұлғаларға қатысты бір немесе əр түрлі тергеу органдарындағы тоқтатыла тұрылған қылмыстық істер болған кезде кездеседі. Тоқтатыла тұрған істердің біріктірілуі қылмыстың нəтижелі ашылуы мен тергеудің сəтті аяқталуының маңызды шешімі болып табылуы тəжірибеде жиі кездесетініне дəлелдер баршылық. Бір немесе бірнеше тоқтатыла тұрған істердің тергеу процесіндегі іспен жəне екі немесе бірнеше тоқтатыла тұрған істермен біріктірілуі мүмкін. Өйткені тоқтатыла тұрған істердің бір іс жүргізуге біріктірілуі тек жекелеген ведомстволық нұсқаулармен ғана реттеледі.

Алдын ала тергеуді тоқтата тұру істі жүргізудегі уақытша жəне мəжбүрлі үзіліс болғандықтан, бұл істер бойынша жұмыс алдын ала тергеу органдарының бүкіл қызметінің ажыратылмас бөлігі болып табылады. Осындай əрбір іс бойынша қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы мақсаттарының мүлтіксіз орындалуы қамтамасыз етілуі қажет.

Заң, істі тоқтата тұру негіздерінің сипатына қарамастан, қылмыс іздерін табуға, жинауға жəне тіркеуге, сонымен қатар істердің барлық нақты жағдайларын ашуға бағытталған іс жүргізуді тоқтата тұру кезіне дейінгі барлық мүмкін болатын тергеу əрекеттерінің толық жəне сапалы орындалуын талап етеді.

Сонымен қатар тергеушінің басқа да бірқатар шараларды орындауы қажет, оның ішінде қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелмеген, айыпкерлердің орналасқан жерін табу жəне ұстауға, сонымен қатар қылмыс жасаған тұлғаларды анықтауға жəне айыпкер жоқ жерде де жүргізілуі мүмкін айыпкерлерді емдеу мекемелеріне орналастыруға, оларды емдеу барысына бақылау жасауға жəне тағы басқа əрекеттерге байланысты жедел-іздестіру шаралары.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 50-бабына сəйкес қылмыстық іс бойынша іс жүргізу толық не тиісті бөлігінде алдын ала тергеуші, тергеуші немесе сот қаулысымен келесі жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін:

  • айыпталушы ретінде жауапқа тартуға жататын адамның анықталмауы;
  • айыпталушы тергеуден немесе соттан жасырынып қалған не оның тұратын жері басқа себептермен анықталмаған жағдайда;
  • айыпталушыны қылмыстық ізге түсу иммунитетінен айыру не оны шетелдік мемлекеттердің беруі туралы мəселелердің шешілуіне байланысты айыпталушының іске қатысуының нақты мүмкіндіктері болмаған кезде;
  • айыпталушы жүйкесінің заңда көзделген тəртіпте куəландырылған уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр науқастануы;
  • айыпталушының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болуы;
  • соттың аталған қылмыстық істе қолданылуға тиіс заңның немесе өзге де нормативтік- құқықтық актілердің Конституцияға сəйкес еместігін тану не адамның жəне азаматтың Конституциямен бекітілген құқықтары мен бостандығын шектейтіндігі туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасауы;
  • қылмыстық іс бойынша одан əрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін тежеусіз күштің іс- əрекеті;
  • тиісті сараптама жүргізу;
  • ҚІЖК-нің 55-тарауында көзделген тəртіпте құқықтық көмек алумен байланысты іс жүргізу əрекеттерін орындау.

Басқаша айтқанда, алдын ала тергеуді тоқтата тұру тек қылмыстың болғаны жайлы факті анықталғанда, яғни белгілі тұлғаның құқыққа қарсы əрекетіндегі қылмыс құрамының белгілері тиісті материалдармен дəлелденгенде, ғана мүмкін.

Сонымен, ҚР ҚІЖК бойынша тоқтата тұрылған қылмыстық істердің тоқтатылуы заңмен көзделген материалдық-құқықтық негіздер бойынша да, іс жүргізу негіздері бойынша да мүмкін.

Алдын ала тергеу — қылмыстық іс қозғалғаннан кейінгі қылмыстық іс жүргізу сатысы. Алдын ала тергеу органдары бұл сатыда жасалған қылмыстың барлық мəн-жайларын: қылмыс оқиғасын, айыпталушының тұлғасын, оның кінəлілігі мен қылмыстық ниетін, келтірілген шығынның мөлшерін, қылмыстың жасалуына түрткі болған себептер мен жағдайларды жəне т.б. егжей-тегжейлі анықтауға міндетті. Аталған мəн-жайларды анықтап, бағалау алдын ала жүргізіледі, себебі Сот үкімі  заңды түрде күшіне енген күнінен бастап қана адам кінəлі болып саналатыны белгілі.

Сонымен, алдын ала тергеу — қылмыстарды ашу, кінəлілерді əшкерелеу, оларды айыпталушы ретінде белгілі бір негізбен тарту, қылмыстық істің барлық мəн-жайларын анықтау жəне қылмыстық іс жүргізудің өзге де міндеттерін шешу бойынша анықтау органдарының, алдын ала тергеу жəне прокуратураның заңмен реттелген қызметі.

Профессор Н.А.Якубович алдын ала тергеудің мынадай міндеттерін атайды:

  • қылмыстардық тез жəне толықтай ашу, кінəлілерді əшкерелеу;
  • қылмыстық істің мəн-жайларын жан-жақты, толық жəне объективті түрде зерттеу;
  • дəлелдемелерді табу жəне оларды кейін болатын соттық талқылау үдерісінде қолдану үшін іс жүргізу бойынша бекіту;
  • кінəсіздерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды болдырмау бойынша адамды айыпталушы ретінде тартуды заңдылықпен болдырмау;
  • қылмыстық іс өндірісіне айыпталушының қатысуын қамтамасыз ету жəне оның басқа да қылмыстық əрекеттерге баруын болдырмау;
  • қылмыстың келтірген шығын мөлшерін анықтау жəне оны өтеу шараларын қолдануын қамтамасыз ету;
  • қылмыстың жасалуына түрткі болған себептер мен жағдайларды анықтау жəне оларды жою бойынша шаралар қолдану.

К.К.Панько пікірі бойынша, қызмет түрі ретінде алдын ала тергеудің мынадай   өлшем-белгілері бар:

  • құзырлы орган қылмыс құрамының объективті жақтарының белгілерін көрсеткен себептер мен жеткілікті айғақтар болса ғана алдын ала тергеу басталады;
  • алдын ала тергеу — қашан да қылмыстық процессуалдық əрекет;
  • алдын ала тергеуді заңмен белгіленген сотқа дейінгі қылмыстық-процессуалдық əрекетті жүзеге асыруға өкілеттілігі бар арнаулы маман ғана жүргізе алады.

Заңға, қылмыстық-процессуалдық  өндірістің  принциптері  мен жалпы  шарттарына  негізделген алдын ала тергеу қылмысқа қарсы тиімді күрес жүргізуге, құқықтық тəртіпті  нығайтуға, азаматтардың заңдық тəртіпті қалтқысыз сақтауына негіз болады. Сондай-ақ, керісінше, алдын ала тергеуді негізсіз жүзеге асыру, алдына қойған міндеттерді қылмыстық істі қозғау сатысындағыдай жүзеге асыру қоғам мен мемлекетке, жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне үлкен зиян келтіретін заңдылықты өрескел бұзу болып табылады.

Алдын ала тергеу сатысында тергеушілер мен анықтаушылардың тергеу барысында қозғалатын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, адамға, оның еркін жүріп-тұруы мен тұрғылықты мекенін өз қалауынша таңдап алуына, тұрғын үйлеріне, жеке басы мен отбасының құпияларына қол сұғылмаушылығына кепілдік беретін Қазақстан Республикасының Конституциясын сақтаулары міндетті. Олардың бұзылмауы үшін алдын ала тергеу жəне анықтау жүргізетін органдар тергеу мен іздестіру əрекеттерінің əрқайсысын жеке жəне олардың бəрінің бірдей жиынтықталуын реттейтін қылмыстық-процессуалдық нормаларды бұлжытпай сақтаулары тиіс.

Тергеу тəжірибесінде кездесіп қалатын қылмыстылыққа қарсы күресті «күшейтуді» желеу еткен процессуалдық тұрғыдан ат үсті қарау болмауы керек. Тергеу органдарының тек қылмыстық- процессуалдық заңды сақтауы ғана ақиқатты анықтау мақсатындағы дəлелдемелерді  жинап, зерттеуге қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Əрі, керісінше, белгіленген талаптарды сақтамау қылмысқа қарсы күрестің нашарлауына тікелей апарады, өйткені дəлелдемелер өзінің сапасын жоғалтып, қылмыстық жауапкершілікке тартылғанның нақты қылмыс жасағандығына күмəн тудырады. Əлбетте, Қазақстан Республикасының аумағында қолданысқа ие, анықтау жəне алдын ала тергеу барысында қолданылатын барлық заңдар мен өзге де нормативтік актілер сақталуы тиіс. Алдымен қылмыстық-процессуалдық заңның сөз болатындығы, өйткені тек соның ғана нормалары тергеу əрекеттерінің мазмұны мен тəртібін белгілейді.

Қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жан-жақтылық, толық, объективтілік  дейтін талаптарға да жауап беруі қажет. Мұндай талаптар тергеу органдарын жасалған қылмыстың барлық мəн-жайлары мен сипаты туралы, іс бойынша мəні бар мəн-жайларды зерттеуін, барлық дəлелдемелерді ыждағатты бағалуын міндеттейді.

Алданы ала тергеуде жан-жақтылық, толық жəне объективтілікті сақтап жүргізу қылмыстық іс бойынша қабылданатын шешімнің дұрыстығын білдіретін шарттардың бірі болып табылады. Оларды ойдағыдай орындамау, бір жағынан, дұрыс айыптамаушылыққа, екінші жағынан — жасалған қылмыс үшін жазаланбау қауіпіне əкеліп соқтыруы мүмкін.

Алдын ала тергеудің үлкен заңдық маңызы бар. Ол мынадан байқалады: тергеу органдарының қылмыс пен оны жасаған адам туралы материалдар жинауынан, қылмыстық жауапкершілік жүзеге асады да, басқа адамдардың қылмыс жасауының алдын алу мүмкіндігі туады. Соңғысының тəрбиелік маңызы тергеу барысында қоғамға қарсы əрекеттер мен сезікті мен айыпталушыда жазаланбай қалуы мүмкінідігі туралы түсініктің əрі заңға бағынбаушыларға алдын ала ықпал ету мүмкіндіктері пайда болатынынан ап-айқын көрінеді.

Шытырман оқиғалар немесе фильм көріп отырып, тергеушінің немесе анықтау органдарының қызметінің жеңіл  емес  екеніне көзің жете  түседі. Тергеуді  шатастыру үшін қылмыскерлер  əр түрлі

«қулықтарға» баратыны анық, «іздерін жасыратыны» сондай, куəгерлер мен тергеушілерді өлтіруден де тайынбақ емес. Алдын ала тергеу органдары көзге бірден түсе қоймайтын қылмыс іздерін тауып, сол арқылы қылмысты ашуға ұмтылады.

Экономикалық дағдарыс та істі күрделендіре түсетіндей, алдын ала тергеуді жылдам да толық өткізу үшін қаражат жетпей жататыны бар, ал ұйымдасқан қылмыс жаңа ғылыми-техникалық құралдарды пайдаланып, қатары өсіп, нығая түсуде.

Алдын ала тергеудің міндеттерін орындауға алдын ала тергеудің жалпы шарттары аталатын заңда белгіленген талаптар жатады. Мұндай жалпы шарттарды бірнеше бөліктерге жіктеуге болар еді. ҚР ҚІЖК-інің 24-тарауына сəйкес бұл шарттарды қылмыстық істерді тергеу барысында қолдануға болатын, соның ішінде процессуалдық мəселелерді шешу үшін қажетіне қарай былайша топталады:

  • тергеулік жəне тергеу орны;
  • тергеуді бастауға қажетті алғы шарттар;
  • тергеу мерзімдері;
  • тергеуге уəкілетті тергеуші жəне өзге бір тұлғаның процессуалдық дербестігі;
  • іс үшін маңызы бар өтініштерді қанағаттандырудың міндеттілігі;
  • алдын ала тергеу мəліметтерді жариялауға болмайтындығы;
  • қылмыстық істі біріктіру жəне бөлу;
  • ғылыми-техникалық құралдар мен мамандарды пайдалану;
  • қылмыс жасауға түрткі болған себептер мен жағдайларды анықтауға шаралар қолдану [1].

Енді біз алдын ала тергеудің басталуына арнайы назар аударып көрелік.

Қылмыстық құрамның объективті жақтарының белгілерін көрсететін мағлұматтар жеткілікті жиналғаннан кейін, қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығарылады. Сонымен бірге кез келген орган не лауазымды тұлға қылмыстық іс қозғауға құқылы, яғни алдын ала тергеуді бастай алады. Тергеу мерзімдері ҚІЖК-інің 196-бабында көрсетілген алдын ала тергеуді керек етпейтін істер бойынша анықтау мерзімі бір аймен немесе жиырма тəулікпен шектеледі. Егер сотқа дейінгі дайындық материалдары қаулы түрінде болуы мүмкін болса, қадағалаушы прокурор оны алдын ала тергеу мерзімімен теңестіруге құқылы. Қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу екі айдан артық мерзімде бітпеуі керек. Алдын ала тергеу мерзімі қылмыстық іс қозғалған күннен бастап, айыптау қорытындысымен прокурорға жіберген сəтке немесе медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шарасын қолдану туралы мəселені қарау үшін сотқа беру немесе іс бойынша өндірісті тоқтата тұру не тоқтату сəтіне дейін созылады.

Алдын ала тергеу мерзімі іс күрделілігіне байланысты аудандық жəне оған теңестірілген прокурормен — үш айға дейін; істің аса күрделілігіне байланысты облыс прокуроры мен оған теңестірілген покурормен не олардың орынбасарларымен алты айға дейін тергеушінің қаулысы бойынша созылуы мүмкін. Одан кейінгі мерзімдердің созылуын ерекше жағдайларда Бас əскери прокурор, Қазақстан Республикасының Бас проруроры немесе олардың орынбасарлары шешеді.

Көп эпизодты күрделі істер бойынша тергеуді прокурор не тергеу бөлімінің  бастығы тергеушілер тобына тапсыруы мүмкін.

Күрделі істерге жататындар:

  • бір мезгілде шешуді қажет ететін көп болжамды істер;
  • əр түрлі қалалар мен аудандарда қылмыс жасайтын гастролер-қылмыскерлердің қылмысы бойынша;
  • көп эпизодты;
  • ұйымдасқан сыбайлас қылмыстар;
  • қылмысты жасыру үшін əр түрлі тəсілдермен жасалғанынан тергеуге қиындық тудыратындар.

Қылмыстық іс жүргізу міндеттерін алдын ала тергеу мəліметтерін ашық жариялау арқылы шешуге тыйым салынады. Алдын ала тергеу материалдарының сотта қараудан айырмашылығы қажет деп тапқан көлемде тергеушінің не прокурордың жазбаша рұқсаты бойынша жарияланады.

Алдын ала тергеу өндірісі барысында мынадай əрекеттер жүргізіледі:

  • қылмыс жасаған сезіктіні ұстау;
  • жауап алу (сезіктіден, айыпталушыдан, куəгерден, жəбірленушіден, сараптамашыдан);
  • беттестіру (сезікті, айыпталушы, куəгерлер, жəбірленушілер араларында);
  • тануға ұсыну (тірі адамдарды, суреттерді, заттарды, құжаттарды, жануарларды, мəйіттерді, құрылыстарды, жер телімдерін (учаскелерін);
  • тінту (орындарды, жер телімдерін (учаскелерін, жеке адамды тінту);
  • зат алу (заттарды, құжаттарды, пошта-телеграф корреспонденцияларын);
  • мүлікті арестке (қамауға) алу;
  • қарау (оқиға болған жерді, жерлерді, орындарды, заттарды, құжаттарды, мəйіттерді);
  • мəйітті эксгумациялау;
  • куəландыру (айыпталушыны, сезіктіні, жəбірленушінің куəгерін);
  • тергеу эксперименті;
  • сараптама өткізу;
  • салыстырмалы зеттеу үшін үлгілер алу.

Алдын ала тергеудің аяқталу сатысы — бірқатар маңызды міндеттер атқаратын процессуалдық əрекеттердің жиынтығы:

  • іс бойынша алынған дəлелдемелерді жүйелеу жəне талдау;
  • мəні бойынша талданып немесе алдын ала тергеудің аяқталғандығы туралы белгілі бір қорытынды шешім шығару үшін (істің тоқтатылуы туралы, медициналық сипатта мəжбүрлеу шараларын қолдану мақсатында сотқа жіберу т.б.) істі сотқа жіберуге дəлелдемелердің жеткіліктілігі (əрине, тергеу жүргізушінің пікірі бойынша);
  • материалдардың толық екенін тексеру жəне кемшіліктерді жою бойынша шаралар қолдану;
  • айыпталушыға не оның қорғаушысына істің барлық материалдарымен танысуға беру міндеттілігі;
  • сот өндірісіне басқа да қатысушыларды (танысуға көңіл білдірген жəбірленушіні, азаматтық талапкерді жəне т.б.) алдын ала тергеу жүргізілген іс материалдарымен таныстыру;
  • алдын ала тергеу кезінде іс өндірісі бойынша аталған қатысушылардың көмегімен кемшіліктер мен түсінбестіктерді анықтау;
  • мұндай кемшіліктер мен түсінбестіктерді жою үшін шаралар қолдану;
  • соттың істі қарау барысында айыптаушы жəне өзге де қатысушыларды өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.

Алдын ала тергеу сатысында қарастырып отырған қылмыстық істердің мəні мен мағынасын ұғу үшін қазіргі күні дəл осындай ұстаным қалыптасып үлгерді. Онда ұтымды тұстар да жоқ емес. Бірақ оны бірден бір ақиқат деп қабылдаудың да иіні келе бермейді. Өткен жылдардағы Қазақстанның тəжірибесі мен бірқатар елдердің қазіргі заманауи тəжірибесі қылмыстық істерді алдын ала (сотқа дейін) тергеудің аяқталу сатысының көптеген варианттары болуы əбден мүмкін ететіндігін айғақтайды.

Мəселен, революцияға дейінгі Ресейде алдын ала тергеу сот тергеушісінің соттық қарау барысында іс оңтайлы шешілуі үшін жеткілікті дəрежеде дəлелдемелер жиналды дегенде тергеу аяқталды деп есептелетін. Өзінің қорытындысын ол, ең біріншіден, айыпталушыға хабарлайтын. Айыпталушының тілегіне қарай тергеу материалдары таныстырылатын əрі тергеуші оған:  «Өзін ақтау үшін ол тағы да материалдар бере ала ма?» деп анықтай түсетін. Сот өндірісіндегі басқа қатысушыларға тергеуші «тергеу аяқталды» деп хабарлайтын, содан кейін ғана «барлық өндірісті прокурорға немесе оның жолдасына» жіберетін. Егер прокурор толық жүргізілген, айыпталушыны сотқа беруге болады деген қорытындыға келсе, осы мəселе бойынша «айыпталушылық акт» түрінде жазылатын өзінің қорытындысын аймақтық сотқа жібереді. Бұл əрекет сотқа беру деп аталған.

Алдын ала тергеудің аяқталу мəселелері бойынша басқа шешімдер басқа елдердің қылмыстық сот өндірісі тəжірибесінде сұрыпталып анықталған.

Қолданыстағы ҚР ҚІЖК-і жəне РФ ҚІЖК-індегі алдын ала тергеудің аяқталу тəртібі ГФР-ның қалыптасып қалған қылмыстық іс жүргізуі түріне жақындау. Герман прокуроры көптеген қылмыстық істер бойынша істі сотқа жіберу туралы қорытынды шығарып, айыптау қорытындысы деп аталатын процессуалдық құжат толтырады. ГФР ҚІЖК-інің 200 §-на сəйкес бұл құжатта «кінəлі əрекеті үшін айыпталушы, қылмыстың жасалған уақыты мен орны, қылмыстық жаза тартуға құқықтық белгілері бар жəне қылмыстық заңды қолдануы (айыптау түрінде) көрсетіледі. Одан кейін мұнда дəлелдемелер келтіріліп, сот қарауы жүргізілетін сот пен қорғаушы көрсетіледі». Жеке судья қарастыратын қауіптілігі аз істер бойынша айыптау қорытындысында тергеу барысында анықталған істің барлық мəн-жайларын мұқият келтіру міндетті емес. Жедел тəртіппен (жеңіл) қаралатын өндірістегі істерге айыптау қорытындысының қажеттігі шамалы (ГФР ҚІЖК-інің 212 а §-ның 2-бөлігі). Олар бойынша айыптау сот қарауында ауызша айтылады да, оның негізгі пайымдаулары сот мəжілісінің хаттамасында көрсетіледі. Тергеу аяқталғаннан кейін айыпталушыны іс материалдарымен таныстыру міндеттілігі мəселесіне келсек, ГФР ҚІЖК-інде бұл туралы ешқандай нақты нұсқау берілмеген.

Мұндай нұсқаулар Франция ҚІЖК-інде де айғақталмағандықтан, мұның өзі алдын ала тергеуді аяқтаған органдарды айыптаушыны істің барлық материалдарымен таныстыру міндеттілігінен толығынан босатады. Сотта қаралатын қауіпті қылмыстық істер бойынша айыптау жасалатын құжатты сөз етер болсақ, ол тергеулік қаулы түрінде судьямен рəсімделінеді. Онда айыпталушы туралы, оның туған жері мен күні-жылы, мекен тұрағы мен мамандығы туралы мəліметтер келтіріліп, сондай-ақ айыптаушыға кінə ретінде тағылатын əрекеттің заңдық саралануы, айып негізді деп санауға негіз болатын қылмыстық ниеттері көрсетіледі (Францияның ҚІЖК-інің 184-бабы).

Англосаксондық сот өндірісінде қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеудің аяқталуына (сотқа дейінгі өндіріс) қатысты мəселелерді шешу үлкен айырмашылықтармен сипатталады. Осындай ерекшеліктердің бірі жарыспалылық принципін өзіндік түсінілуі болып табылады: осындай сот өндірісі қалыптасқан елдерде тергеуді аяқтаған органдардың айыптаушының іс материалдарымен танысуына қарсы болуы қарапайым қатардағы мəселе. Мұнда əр тарап «өзінің» дəлелдемелерін (айыптаушы — айыптаушылық, айыпталушы мен оның қорғаушысы — ақтайтын не жеңілдететін) жинайды. Əр тарап өзінің процессуалдық «қарсыласы» жинаған дəлелдемелерді шешім қабылдайтын сот қарауында бір-ақ біледі. Осы сəтке дейін тараптардың дəлелдемелермен өзара  танысулары ерекше тəртіпті сақтауымен жүзеге асады: мəселен, кей жағдайларда айыпталушы сот қарауына дейін өз көрсетпелері жазылған хаттамамен, полиция мəліметтерімен танысу қажет болғанда, хаттамамен танысуды айыпталушыға міндеттейтін бұйрық шығару туралы судьяға өтініш жазады.

Осы топтағы елдерде (Англия, АҚШ жəне тағы басқа) қылмыстық істі қарауға негіз болатын құжаттар əр түрлі аталуы мүмкін: көбіне олар қауіпті қылмыстар болса айыпталушылық акт не қауіптілігі аз қылмыстар болса, ақпарат деп аталады. Олардың авторлары, əдетте, сот қарауында айыптауды қолдайтын лауазымды тұлғалар (АҚШ-та көбіне, біздің əдебиет көздерінде атто-нея деп атайтын прокурорлар, ал Англияда мұндай қызметті мемлекеттік органдардың шақыруымен адвокаттар — барристерлер) атқарады. АҚШ-та айыптау актісі аталатын құжатты сотқа берілмей тұрып алқа билер алқасы мақұлдауы керек.

Істі қарауға негіз болатын айыптау құжаттарының мазмұнына келер болсақ, ол мейлінше қысқа болуы керек: онда айыптаушы туралы, орны мен уақыты, жасалған қылмыс тəсілі жəне оның саралануы келтірілуі тиіс. Оған қосымша сот шақырылуы мүмкін адамдардың тізімі беріледі. Дəлелдемелердің тізімі мен талдануы, іс үшін белгілі бір маңызы бар мəн-жайлар дəлелденуі не дəлелденбеуі туралы қорытындылар қажет емес.

Бұл мəселені тереңнен қазып, қарастыру барысында көптеген əдебиеттер оқылды. Əдетінде, қылмыстық-процессуалдық заңнамаға сəйкес алдын ала тергеудің екі түрі бар:

  1. алдын ала тергеу;
  2. анықтау.

Алайда əдебиеттерде басқа да ұстанымдар бар. Мəселен, К.К.Панько материалдарды хаттамалық түрде сотқа дейінгі дайындауды алдын ала тергеудің үшінші түріне жатқызады [2].

Материалдарды хаттамалық түрде сотқа дейінгі дайындаудың мəнін ғалымдар əр түрлі қабылдайтыны байқалады. Кейбіреулер оны анықтаудың бір түрі деп таныса, басқалары — қылмыстық істі қозғау негіздерін тексеру тəртібі ретінде, үшіншілері əкімшілік əрекет, өз алдына бөлек тергеу деп таниды. Материалдарды хаттамалық түрде «сотқа дейінгі дайындау» ұғымының анықтамасын айрықша «сотқа дейінгі өндіріс» деп атаған əлдеқайда қолайлырақ болар еді.

Өзге ғалымдар, мəселен, Н.А.Якубович, алдын ала тергеудің аралас алдын ала тергеу (алдын ала тергеу міндетті болып келетін істер) жəне содан кейінгі келетін алдын ала тергеу аталатын түрлері де болады деп біледі.

Бірақ, біздің пікірімше, мұны алдын ала тергеудің үшінші түрі деп айтуға болмайтындай, бұл жерде алдын ала тергеудің бір түрінен (анықтау) алдын ала тергеудің екінші түріне ауысуы байқалады.

Сонымен, қылмыстық-процессуалдық заңнама алдын ала тергеудің екі түрін ажыратады. Олар өзара процессуалдық тəртіппен жəне оларды жүргізетін органдар арқылы ажыратылады.

Алдын ала тергеудің негізгі түрін, əдетте, əр түрлі ведомстволардың тергеушілері жүргізетін алдын ала тергеу деп тану бар. Кейбір қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу ісі прокурор не сот қажет деп тапқан кезде жүргізіледі. Жасалған қылмыстың сипатына қарамай-ақ, алдын ала тергеу кəмелетке толмағандардың қылмыстық істері бойынша, сондай-ақ физикалық не психикалық кемшілігінен өзінің құқығын қорғауды жүзеге асыра алмайтындардың істері бойынша міндетті саналады. Алдын ала тергеу есі дұрыс еместердің қоғамға қауіпті əрекеті істері бойынша əрі қылмыс жасағаннан кейін жаны күйзеліске ұшырайтындардың істер бойынша да міндетті саналады.

Алдын ала тергеудің екінші түрі — анықтау.

Тергеу жəне анықтау органдарының өзара тиімді əрекетінсіз жасалған қылмыстың жасалуының мəн-жайын толық, объективті жəне жан-жақты дəлелдеу мүмкін емес. Алдын ала тергеу органдарының өзара əрекеттерінің екі топтық түрі бар:

  1. Өзара əрекеттің процессуалдық түрі:
  • тергеушінің тапсырмаларын орындау;
  • қылмыстық істі қозғау сатысында анықтау органының тергеушіге көмегі;
  • алдын ала тергеу жүргізілу міндетті саналатын қылмыстық істі қозғау, олар бойынша кезек күттірмейтін тергеу əрекеттерін жүргізіп, одан əрі тергеу əрекеттерін жасайтын тергеушіге өткізу;
  • жедел іздестіру шаралары негізінде анықтау органдары жинаған мəліметтерді тергеушінің пайдалануы;
  • алдын ала тергеу жүргізу міндетті саналатын анықтау органдарының іс бойынша кезек күттірмес тергеу əрекеттерінің өндірісі кезеңінде бірігіп келіскен əрекеттері.
  1. Өзара əрекеттердің ұйымдасу түрлері:
  • жедел тергеу топтарының құрамында бірігіп жүргізген əрекеттері;
  • алдын ала тергеу өндірісін қажет ететін қылмысты табылғандығы туралы анықтау органдарының тергеушіге бірден хабар беруі;
  • күрделі жəне көлемді қауіпті қылмыстарды тергеу үшін тергеушілер мен анықтау бөлімінің қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу топтарын (бригадалар) құруды ұйымдастыру;
  • тергеулік жəне жедел-іздестіру əрекеттерін біріге келісіп жоспарлау;
  • халық алдында түсіндіру жəне алдын алу шараларын өткізу;
  • прокуратура, тергеу, анықтау қызметкерлерінің ведомствоаралық жедел мəжілістері;
  • оқу-жаттығуларды бірігіп өткізу [3].

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі. — Алматы: Норма-К, 2002. — 288 б.
  2. Панько К.К. Приостановление и возобновление предварительного следствия. Прекращение уголовного дела /Уголовный процесс России. — Воронеж, 2003. — С. 247–257.
  3. Якубович Н.А. Приостановление и возобновление предварительного следствия в аспекте УПК РФ 2001 г.// Уголовное право. — 2002.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.