Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ішкі істер органдарының іздеу топтарымен қылмыстарды ашу мен тергеу барысында жүргізілетін іздеу-бөгеу шараларының ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуы

Əрине, еліміздегі заңға қарсы іс-қимылдарды, демек, қылмыстарды ашу мен тергеу барысында, ұйымдастырушы-басқарушылық қиындықтарды жою тергеуші мен жедел қызметкерлердің іздеу- барлау мен ақпараттық-зерттеу қызметін жүзеге асыру мен жетілдіруге, олардың тактика- психологиялық мүмкіндіктерін маңызды түрде жоғарылатуға жайлы жағдайлар туғызады. Бұл, өз кезегінде, құрылған іздеу топтарымен қылмыстарды ашу мен тергеу барысында қалыптасқан жағдайларды тиімді шешу нəтижелелерін жəне іздеу-бөгеу шараларының тиімділігін жоғарылатады.

Іздеу топтары дегеніміз — ішкі істер органдарының жедел  қызметкерлерін жəне қылмысты ашу бойынша іздеу жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында қатыстырылатын басқа тұлғаларды (жəбірленушілерді, куəларды жəне тағы басқаларды) қамтитын, қылмыстық іс бойынша анықталған міндеттерді шешуге арналып құралатын арнайы ұйымдастырылған құрылымдар.

Іздеу-бөгеу шараларын жүзеге асыру дегеніміз — бұл іздеу болжамдарын құрумен, типтік іздеу кестелерімен, іздеу міндеттерін шешу тəсілдерімен, қылмыс жасауда сезіктілер мен кінəлілердің орналасу орнын болжаумен жəне оларды анықтап, ұстаумен қамтамасыз етілетін ойлы қызмет [1].

Ғалымдардың көзқарасына сүйенсек, нақты осы іздеу топтарымен зерттелетін іздеу  жағдайы ғана криминалистика мен жедел-іздестіру қызметі теориясының жалғаспалы ынтымақтастығы мен əрекеттестігіне жол ашады, себебі бұл ғылыми санат олардың шиеленісу аймағында орналасқан. Екі ғылымның ғылыми аппараттарына тергеулік жағдайдың бір түрі ретінде «іздеу жағдайын», «өзекті мəселелі жедел-іздестіру жағдайын» [2] жəне басқаларын енгізу, біздің жəне көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, екі жеке ғылымның ынтымақтастығы мен əрекеттестігіне объективті əсер етеді, криминалистиканы құқық қорғау органдарының тергеу жəне жедел аппараттарымен қылмыстарды ашудағы іздеу қызметінің ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуы туралы біліммен маңызды түрде толықтырады.

Іздеу жағдайын іздеу-бөгеу жұмысының кез келген кезеңіндегі іздеу жəне басқа да ақпараттардың көлемімен анықталады. Бұл ақпараттардың толық түрде тіркелуі, əсіресе жүргізілетін шараның мақсатын анықтауда, оған жету нұсқаларын таңдауда, тергеуші мен жедел қызметкердің мүмкіндіктер кешенін анықтауда, олармен таңдалған іс-қимыл нұсқасын жүзеге асыруда маңызды.

Қылмыстарды ашу мен тергеу барысында тергеуші мен жедел қызметкердің іздеу қызметінде «қарсы əсер етуші» деп аталатын күрделі жағдайлар туындайды. Ол өзіндік факторлар тізбегімен мінезделеді, мысалы: уақыт пен ақпараттың аздығы, іздеу жағдайының белгісіздігі мен болжамды мінезі, қабылданушы шешімдер үшін жоғары жауаптылық.

Ең алдымен оларға келесілерді жатқызуға болады:

  • əр түрлі объектілердің — криминалистикалық маңызды ақпарат қайнар көздерінің бар екендігінің əр дəрежелі болжамдығы;
  • іздеудегі объектілердің нақты мінездемелерінің жоқтығы;
  • іздеудегі объектілердің жоғалып кету мүмкіндігі;
  • мақсатқа жетпеуді негіздейтін жағымсыз салдардың пайда болу мүмкіндігі.

Жедел-тергеу тəжірибесінің талдауына сəйкес іздеу топтары іздеу-бөгеу шараларын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-іздеу нысанын қамтиды да, қылмыстарды ашу мен тергеу барысында алынған ақпаратты жүзеге асырады.

Іздеу топтары тек процессуалды ақпаратты ғана емес, жедел қайнар көздер мен арналардан алынған тыңшылық хабарламалардағы, сырттай бақылау мəліметтеріндегі жəне тағы басқа ақпараттарды өңдейді жəне жүзеге асырады. Сонымен қатар іздеу топтары ақпараттың нағыз (субъективті) үлгісімен қатар (жəбірленушінің, куəлардың, сезіктілердің, айыпталушылардың жəне тағы басқа тұлғалардың айғақтары), материалды-ақпараттық бекітілген үлгісін (оқиға болған жерді қарау уақытында, басқа да тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысынды табылған іздер) де өңдейді де, қылмыстарды ашу мен тергеу барысында қолданады.

Олардың қызметі криминалистикалық маңызды ақпараттың қайнар көздерін анықтауға, олардан жедел көңіл бөлінетін тұлғалар туралы ақпарат жинап, қылмысқа қатысы бар деп сезіктелген жеке тұлғаларды немесе кінəлілерді анықтау мен ұстауға бағытталған іздеу-бөгеу шараларын жүзеге асыруды қамтиды жəне қылмыстың тек криминалистикалық мінездемелеріне ғана  негізделіп құрылуы екіталай, сонымен қатар қалыптасушы жағдайларды да ескерген жөн.

Қылмысты ашу мен тергеу үдерісінде қалыптасатын жағдайларды оқып-білу мен бағалау тергеуші мен жедел қызметкердің ойлану қызметінің логикалық, эвристикалық жəне сезімталдық нысандарында жүзеге асырылады. Бұл үдеріс жеке іздеу шараларын немесе олардың кешенін, тергеу іс-қимылдарын жəне нақты міндеттерді шешуге арналған басқа да шараларды жүргізу үшін шешім шығару мақсатында болжамды объектілер — криминалистикалық маңызды ақпарат қайнар көздері туралы мəліметтерді жинау, өңдеу жəне бағалау түрінде көрініс табады.

Криминалистикада жағдайлық көзқарасқа негізделе отырып, ұйымдасқан қылмыстық топтарға тəн криминалды жағдайлардың əр түрлі аспектілері қарастырылады немесе, мысалы, криминалды құрылымдардың қылмыстық істі тергеуге «қарсы əсер етуінде» туындайтын тергеулік жағдайлардың белгілері талданады [3].

Іздеу қызметіндегі іздеу-бөгеу шараларына белгісіздік элементтері тəн. Олардың бірыңғай шешімдері болмағандықтан, ең алдымен, ақпараттың аздығынан, оның əр түрлі бағалануынан жəне қарсылығынан қиындық туындайды.

Іздеу-бөгеу қызметіндегі криминалистикалық ақпарат қайнар көздерін іздеуде белгісіздіктің мінездемесі мен ерекшеліктерін оқып-білу ұғынушылық көзқарастың мол маңызын көрсете біледі, себебі бұл қызметтің субъектісі нақты анықтау мүмкін емес жағдайларда əрекет етеді де, жоғарғы мəселелік (қиындық) жағдайына душар болады.

Бұл үдеріске белгісіздік факторын енгізу оның ұғынушылық-психологиялық жəне тəжірибелі- праксиологиялық мазмұнын байытады [4].

Белгісіздіктерді жою тəсілдерін таңдау — шектеулі қиын жəне шығармашылықты үдеріс, себебі іздеудегі объект туралы тексерілген жəне бір мағыналы ақпараттың жоғында  жүзеге асырылады. Іздеу жағдайының осы белгісіне назар аудару, əсіресе ғылыми зерттеудің  криминалистикалық ақпарат қайнар көздерін іздеу үдерісінде ұйымдастырушылық-басқарушылық, тактикалы- психологиялық жəне логикалы-ұғынушылық əдістер мен тəсілдерді жалпылау үшін маңызды [5], бірақ бұл жерде белгісіздік факторларының əсерінен толығымен «құтылу» мəселесі қозғалып тұрған жоқ (тəжірибеге сай, бұл мүмкін емес), керісінше, іздеу жағдайын тиімді шешу бойынша нақты шешімдер мен тəжірибелік іс-қимылдар кешенін таңдау мақсатында оны терең талдау мен бағалау қажеттілігі туралы пікірлер айтылуда.

Пайда болу нысандары мен мазмұны бойынша белгісіздік бірқалыпты жаратылыс емес. Осымен байланысты ұғынушылық жəне қоғамдық қызмет үдерісіндегі белгісіздіктің көлемді де жан-жақты аймағы бар екенін ұмытпаған жөн, сондықтан тергеуші мен жедел қызметкер қылмыстық іс бойынша іздеу-бөгеу шараларын жоспарлау мен жүзеге асыру барысында оларды есепке алуы қажет.

Сөйтіп, іздеу-бөгеу қызметінің жүйеқұрушы факторлары ретінде бірнеше объектілерді қарастыруға болады: криминалистикалық ақпараттың қайнар көздері жəне қалыптасқан іздеу жағдайының мінездемесі. Қылмыстық іс-жүргізу заңдылықтарына көз сала отыра, белгілі ғұлама ғалымдардың көзқарастарымен пікір таластырсақ, «қылмыстық іс бойынша дəлелденуі міндетті жағдайлар — қылмыстық істі дұрыс ашуға жəне кез келген нақты жағдайда сот өндірісінің міндеттерін шешуге арналған зерттелуші жағдайдың маңызды белгілері мен байланыстарын көрсететін жағдайлар жүйесі» деген қорытындыға келуге болады [6].

Бұлар келесі жағдайлар:

  • қылмыс жағдайы (қылмыстың жасалу уақыты, орны, тəсілі жəне басқа да жағдайлары);
  • қылмыс жасаудағы айыпталушының кінəлілігі, жасалған іс-қимылдың ниеті;
  • жауаптылықтың дəрежесі мен мінезіне əсер ететін жəне айыпталушының жеке тұлғасын мінездейтін жағдайлар;
  • қылмыспен келтірілген зардаптың сипаты мен көлемі;
  • қылмыс жасауға себеп болған жағдайлар.

Арнайы əдебиеттерде осы жағдайлардың жеткілікті де жоғары дəрежедегі түсініктер болып табылатыны айтылады. Қылмыстардың криминалистикалық мінездемесі осы тұрғыда олардың типтік элементті-компоненттік құрамын анықтайды:

  • қылмыскер;
  • мақсаттар мен міндеттер;
  • ниет;
  • дəлелдеу заты;
  • қылмыстық мақсатқа жету құралдары (іс-қимылдар, қылмыс жасау тəсілдері, қылмыс құралдары т.б.);
  • қылмыстың механизмі мен салдары;
  • іс-қимыл (қимылсыздық) мен салдар арасындағы себептік байланыс [7].

Жалпы айтқанда, бұл көзқараспен келісуге болады, бірақ ол нақтылау мен қосымшаларды қажет етеді. Іздеу топтарының іздеу-бөгеу шараларын жүзеге асыру бойынша қызметіне тек криминалистикалық мінездеме ғана емес, қылмыстың қылмыстық-құқықтық, криминалистикалық, жедел-іздестіру мінездемелері, қылмыс болған аймақтағы жедел жағдайлар да негіз бола алады.

Əрқилы криминалистикалық ақпарат үлгісін өңдеу мен жүзеге асыру, біздің көзқарасымыз бойынша, іздеу жағдайының мазмұнына байланысты келесі нысандарда жүргізіледі.

Бірінші нысан: «Жəбірленушіден қылмыскерге», «куəдан қылмыскерге», «сезіктіден, айыпталушыдан қылмыскерге», демек, іздеу жүргізуде қылмыскерге криминалистикалық ақпарат қайнар көздерін қолдану арқылы шығу (қылмыскердің немесе ұрланған мүлікті болжамды сатушының бейнесі). Мысалы, В.А.Образцов «тану» тəріздес іздеу шаралары қылмыскердің болжамды пайда болар орындарында оның бейнесін ойша құрастырушының көмегімен жүзеге асырылуы қажет екенін атап өткен [8].

Қылмыстарды ашу мен тергеу барысындағы іздеу-бөгеу шараларын жүргізудің негізін қалаушы бағыты болып қылмыскердің ақпараттық үлгісі саналады. Сол уақытта іздеу топтары іздеу жүргізудің басқа да ақпараттық үлгілерін қолдануы мүмкін.

Екінші нысан: Бұл нысан іздеу-бөгеу шараларын жүргізу барысында  криминалистикалық ақпарат қайнар көздерін қолдану мүмкіндігі болмаған немесе криминалистикалық ақпарат қайнар көздерінің жоқтығымен (жəбірленуші немесе куə өліп қалған, өлтірілген жəне тағы басқа себептермен) байланысқан жағдайларда жүзеге асуы мүмкін: «жалған  жəбірленушіден қылмыскерге», «болжамды жəбірленушіден қылмыскерге». Сонымен қатар ұқсас немесе латентті қылмыстарды (мысалы, көптеген зорлау қылмыстары бойынша жəбірленушілер құқық қорғау органдарына арызданбайды) зерттеуге ерекше көңіл бөлінген жөн.

Іздеу топтары, тəртіпке сай, қылмысты «ізін суытпай» ашу мүмкін болмаған жағдайда, қылмыстық іс бойынша құрылады. Тергеу тəжірибесінің талдауына сүйенсек, тергеу барысында сезіктінің сыртқы белгілері, қылмыстың жасалу тəсілі жəне қоғамға қауіпті іс-қимылдың басқа да кейбір жағдайлары (сезіктіде іздердің қалып кетуі немесе жүріс-тұрыс белгілері) анықталғанда, нақты қылмысты ашу үшін іздеу топтары құрылуы мүмкін. Осымен бірге аталған белгілер тиімді іздеу үдерісін қиындататын шамаға жуық сипатта болуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілгендей, іздеу объектісінің тек толық анықталғанында ғана іздестіру үдерісі жүзеге асырылады.

Іздеу топтарының іздеу-бөгеу жұмысын ұйымдастыру үшін белсенді іздеу режимі қолданылады. Іздеу қызметінің негізін ұқсастықты, бірыңғайлықты, айырмашылықты анықтайтын психологиялық операцияларды таңдау бойынша шешім қабылдауды қамтитын қабылдау үдерісі құрайды.

Қабылдау дегеніміз — қабылданушы (зерттелуші) объектіні зерттеуге жəне оның көшірмесін құруға бағыттаған іс-қимыл. Қабылдау үдерісі іздеу жəне тану қозғалыстарына бөлінеді [9].

Криминалистика, педагогика мен психофизикада бір-біріне жақын мағыналас бірнеше термин кездеседі: тану, сұрап білу, табу, айырмашылығын табу жəне т.б. [10].

Айырмашылығын табу үдерісі келесі жүзеге асырылады:

  • іздеу тобының жұмысын ұйымдастыру барысында нақты міндеттерді анықтау;
  • дайындық үдерісінде   сақталған   ақпаратты   еске    түсіру    немесе,   керісінше,   есінде криминалистикалық ақпарат қайнар көздерінің ойдағы бейнелерін құру;
  • есіне түсірген объектілерді, ойдағы бейнелер мен заттарды біріктіру, салыстыру;
  • іздеу объектілерін тану немесе танымау.

Іздеу топтарының іздеу-бөгеу шараларын жүзеге асыру барысындағы негізгі міндеттері:

  • белгілері бойынша іздеудегі қылмыскерлерге ұқсас тұлғаларды анықтау, ал оларды тапқан кезде ұстау;
  • қылмыскерді жаңа, əсіресе ұқсас қылмыс үстінде ұстау;
  • денесінде, киімінде қылмыстың іздері бар тұлғаларды анықтау;
  • қылмысқа қатысты болуы мүмкін тұлғаларды əрқилы жүріс-тұрыс белгілері бойынша анықтау. Іздеу топтарының іздеу-бөгеу қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыру өзінің ерекшеліктері мен анықталған қиындықтарына ие. Себебі топ мүшелері тек нақты қылмысқа қатысты тұлғаларды анықтап қана қоймай, сонымен қатар сондай тұлғаларды ұстап, ішкі істер органдарына жеткізулері қажет.

Бұндай жағдайларда іздеу топтарының, демек, күрделі жағдайларда жақсы бағыт алушы ішкі істер органдарының жоғары білікті, мамандандырылған қызметкерлерінен құралған белсенді құрылымдардың іздеу-бөгеу жұмыстары келесі аумақтарда жүзеге асырылады:

  • қылмыстың болжамды жасалатын аумақтарында;
  • қылмыскердің болжамды қозғалыс бағыттарында;
  • қылмыскердің болжамды тұрғын-жай немесе жұмыс орны аумағында (мөлтекаудан, ауыл немесе кəсіпорын, ұйым, мекеме жəне олардың орналасу аумағы).

Сонымен қатар қарастырулы жағдайлардағы іздеу топтарының жұмыс істеу аумақтары болып қалалар мен ауылдардың көшелері, үйлердің аулалары, қоғамдық көлік аялдамалары, саябақтар жəне тағы басқалары табылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда іздеу топтары көршілес орналасқан зауыттарда, кəсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда жəне тағы басқа жерлерде іздеу-бөгеу шараларын жүргізуі мүмкін.

Əрбір нақты жағдайда іздеу топтарының іздеу-бөгеу қызметін ұйымдастыру қылмыстың түріне, оның жасалу орны мен уақытына, сонымен қатар тергеудегі қылмыстық істің басқа да жағдайларына тəуелді болады.

Іздеу-бөгеу шараларын жүзеге асыру үдерісінде болжамды сезіктіні анықтау мен ұстау үшін іздеу топтарының бірнеше түрі құрылуы мүмкін. Бұл, ең алдымен, жаңа қылмыстың болжамды жасалу мүмкіндігіне жəне қылмыскердің болжамды қозғалыс бағыттарына тəуелді.

Өзінің құрамы бойынша іздеу топтары келесі түрлерде болуы мүмкін:

  • куəлармен, жəбірленушілермен жəне басқа да тұлғалармен біріккен ішкі істер органдарының қызметкерлері;
  • арасындағы біреуі «алдаушы» рөлін орындайтын ішкі істер органдарының қызметкері. (Қылмыскерді «қылмыс үстінде» ұстау үшін «алдаушы», немесе жалған жəбірленуші, рөлін өзінің өтілі мен сыртқы белгілері бойынша неғұрлым сəйкес келетін қызметкер ғана орындай алады).

Іздеу топтарының неғұрлым тиімді қызметі үшін жəбірленушілерді, куəларды жəне басқа да тұлғаларды қатыстырады, əсіресе бұлардың көмегін сезіктіні жақсы есіне сақтап қалған немесе оны сыртқы белгілері бойынша тануы мүмкін жағдайларда қолданған жөн [11].

Жəбірленушілердің, куəлардың жəне басқа да тұлғалардың өмірі жəне денсаулығына қатер төнетін жағдайларда, оларды іздеу топтарының жұмысына қатыстыруға қатаң тыйым салынады.

Сонымен қатар іздеу топтары жұмысының үдерісінде келесі тəртіпті сақтау қажет:

  • қылмыскерді анықтау бойынша шараларды өзгелерден жасырын түрде жүзеге асыру;
  • қылмыскерге белгілері жəне жүріс-тұрысы бойынша ұқсас тұлғалардың, мүмкідігінше, барлығын анықтау;
  • өзгелерге, топ мүшелеріне жəне əсіресе «алдаушы» рөлін орындаушы қызметкерге, деген зиян келтіруші жағдайларды жою шараларын жүргізу;
  • қылмыскердің жаңа қылмыстар жасау мүмкіндігін жою.

Іздеу тобының іздеу-бөгеу жұмысы басталмас бұрын ұйымдастырушылық сипаттағы келесі сұрақтарды шешіп алған жөн:

  • іздеу топтарының саны мен олардың құрамын анықтау;
  • топ (топтардың) мүшелеріне, сонымен қатар белгіленген шараларға қатысушы басқа да тұлғаларға олардың міндеттерін түсіндіру;
  • топ мүшелерін қылмыскердің белгілерімен жəне жүріс-тұрыс ерекшеліктерімен толық таныстыру;
  • топ мүшелерін анықталған бағыттарға, аумақтарға, тұрғылықты жерлерге, кəсіпорындық жəне əкімшілік объектілерге бекіту;
  • іздеудегі тұлғаның субъективті портреттерін, фотороботтары мен фотосуреттерін көбейту;
  • топ жұмысы үшін қажетті криминалистикалық, жедел жəне басқа да техникалық құралдарды дайындау;
  • топтың жəне    оның   жұмысына   қатысушы   тұлғалардың   жағдайға   сəйкес   жасырыну мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.

Осы аталған мəселелерді шешкеннен кейін ғана, іздеу тобы өз жұмысына кіріседі.

Іздеу топтары жұмысының тактикалық аспектілерінің өзіндік ерекшеліктері бар, себебі топ мүшелері өздерінің ішкі істер органдарына қатыстылығын өзгелерден құпияда ұстаулары қажет. Бұл сұрақтар, өкінішке орай, жедел аппараттардың қызметтік құпиясын құрайтын себептен нағыз мақалада қарастырылмайды. Ең маңыздысы — бұл өзінің ішкі істер органдарына қатыстылығын мұқият жасыру жəне өзін білдіріп қоймау. Іздеу топтарының қарастырулы жұмысын дұрыс жəне мұқият ұйымдастыра білу, тəртіпке сай, қылмыстың тез жəне толық ашылуына əкеледі.

Іздеу тобымен жүзеге асырылған іздеу-бөгеу шаралардың нəтижелері сəйкес мəлімдемемен құжатталады. Оны топ басшысы толтырады, онда топтың барлық жұмыс үдерісі жəне алынған нəтижелер, ал кейбір жағдайларда тактикалық жəне ұйымдастырушылық мінездегі ұсыныстар көрініс табады.

Сөйтіп, қылмыстарды ашу мен тергеу барысында іздеу-бөгеу шараларын ішкі істер органдарының жедел қызметкерлері мен қылмысты ашу мен тергеу бойынша  іздеу-бөгеу жұмысының алдына қойылған мақсаттарына неғұрлым тиімді жету үшін қолданылатын басқа да тұлғаларды қамтитын, сонымен қатар қылмыстық іс бойынша қойылған міндеттерді шешуге арналып арнайы ұйымдастырылған құрылымдар, демек іздеу топтары, жүзеге асырады.

Аталған қызметті атқару барысында іздеу топтарымен жүргізілетін іздеу-бөгеу шараларының үдерісінде көптеген күрделі қиындықтар туындайды. Дегенмен, тек қысқа түсініктегі іздеу қызметін жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар нақты да тиімді іздеу болжамдарын құру, сапалы деңгейде типтік іздеу кестелерін қолдану, қалыптасқан іздеу міндеттерін тез де толық шешу, қылмыс жасауда сезіктілер мен кінəлілердің орналасу орнын неғұрлым жақын дəрежеде болжау мен анықтау жəне оларды іздеуге қатысушылардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, неғұрлым қысқамерзімде ұстау арқылы көрсетілген қиындықтарды шешеді де, қылмыстарды ашу мен тергеу барысындағы іздеу қызметіне маңызды нəтиже береді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Самыгин Л.Д. Расследование преступлений как система деятельности. — М., 1989. 
  2. Воронин. С.Э. Проблемно-поисковые следственные ситуации и установление истины в уголовном судопроизводстве. —Барнаул, 2000. — С. 87.
  3. Карагодин В.Н. Преодаление противодействия предварительному расследованию. — Свердловск, 1992. — С. 118–130.
  4. Бирюков Б.В., Тихомиров О.К. Принятие решений как предмет методологических и психологических исследований // В кн. Козелецкий Ю. Психологическая теория решений. — М., 1979. — 470 с.
  5. Шульц Д. Теория нечетких множеств и многозначная логика // Философские науки. — 1983. — № 6. 
  6. Миньковский Г.М. Понятие предмета доказывания // Теория доказывания в советском уголовном процессе. — М.,— С. 139.
  7. Образцов В.В. Выявление и изобличение преступника. — М.,
  8. Образцов В.А. Выявление и изобличение преступника. — М., 1997. 
  9. О понятии восприятия // Общая психология. — М.
  10. Криминалистика. — М., — С. 63. Математические модели обнаружения различия // В кн. Психофизические исследования восприятия и памяти. — М., 1981. — С. 44–53.
  11. Руководство по расследованию убийств / Под. ред. С.И.Гусева. — М., 1977. — С. 133.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.