Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасындағы көшіп-қону үрдісін əкімшілік-құқықтық реттеу мəселелері

Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына кіруі мен шығуы мемлекеттік шекарадағы халықаралық жəне жолаушылық жөнелтілімдер үшін ашық өткізу пунктері арқылы төлқұжат немесе оны алмастыратын құжаттар бойынша, егер Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының визасы болған жағдайда жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының кіруі үшін берілетін визалар (кіруші) жəне Қазақстан Республикасынан шығуға берілетін визалар (шығушы)  Қазақстан Республикасының арнайы уəкілетті органдарымен, соның ішінде шекаралық, консулдық мекемелерімен беріледі, бұлар жоқ болған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы уəкілетті өкілдіктерімен рəсімделеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы Қаулысымен бекітілген шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің жəне болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тəртібі:

  • -шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің жəне Қазақстан Республикасынан кетуінің;
  • -шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында уақытша болуы жəне тұрақты құқығына арналған құжаттарды рəсімдеудің;
  • -шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша  жүруінің жəне транзиттік өтуінің;
  • -шетелдік азаматтардың болуы мерзімдерін ұзартудың жəне қысқартудың, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасынан кетірудің тəртібін айқындайды.

Шетелдік азаматтарды жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына шақырған қабылдаушы ұйымдар мен адамдар шетелдік азаматтарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтар мен міндеттерді уақытылы түсіндіруді, шетелдік азаматтарға қатысты белгіленген құқықтық нормалардың орындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында болуы, елдің аумағы бойынша жүріп-тұруы құқығына арналған жəне оларға белгіленген болудың мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасынан кетуіне арналған құжаттардың уақытылы ресімделуі үшін заңдарда белгіленген жауаптылықта болады.

Шетелдік азаматтардың көрсетілген талаптарын сақтауын бақылауды ұлттық қауіпсіздік органдарымен өзара іс-қимылда ішкі істер органдары жүзеге асырады. Шетел азаматтар, егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше тəртіп белгіленбесе, Қазақстан Республикасының визасы болған жағдайда, төлқұжаты немесе оны алмастыратын құжаттар бойынша мемлекеттік шекарадағы халықаралық жəне жолаушы қатынастары үшін ашық өткізу пунктері арқылы Қазақстан Республикасына келеді жəне Қазақстан Республикасынан кетеді.

Шетелдік азаматтарға Қазақстан Республикасына келуге (келулерге) жəне Қазақстан Республикасына келіп-кетуге (келу-кету) визаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі мекемелері мен консулдық  пунктері, ал ондайлар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының уəкілеттік берілген органдары береді. Төлқұжаты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде жəне оның өкілдіктерінде тіркелген шетелдік азаматтарға кету жəне келу-кету визаларын беруді осы ұйымдар жүргізеді. Қабылдаушы   ұйымдардың   өтініші   бойынша   шетелдік   азаматтарға   Республикаға   келуге  жəне Республикадан кетуге бірнеше мəртелік виза берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының визаларын беру жəне олардың қолданылу мерзімін ұзарту үшін:

  • -халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттер өкілдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарының жазбаша өтініштері;
  • -Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша, турист ретінде жəне мемлекеттік емес ұйымдардың шақыруы бойынша іскерлік мақсаттармен немесе тұрақты тұруға келетін шетелдік азаматтар үшін, тұрақты тұратын шетелдік азаматтарға ішкі істер органдарымен берілетін арнайы рұқсаты;
  • -Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен жəне Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілейтін тəртіпке сəйкес шетел азаматтарын Республикаға шақыру үшін заңды немесе жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері қажет.

Келу визаларын берудің негіздемесі шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында болу мақсаттарына сəйкес келуі тиіс. Республика аумағына туыстары мен таныстарының шақыруы бойынша, яғни жеке істері бойынша, келген, сондай-ақ іскерлік мақсатпен, оқуға жəне турист ретінде келген шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының аумағында жұмысқа орналаспайды, визада көрсетілген келу мақсатымен байланысты емес өзге де қызметпен айналыса алмайды. Шетелдік жұмыс күшін лицензиясыз тартуға (əкелуге), сондай-ақ Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктердің тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асыруға тыйым салынады.

Визалардың санаттары мен түрлерін, оларды берудің, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін қысқарту мен ұзартудың тəртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісімі бойынша Сыртқы істер мен Ішкі істер министрліктері айқындайды. Оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуы құқықтық реттеудің жекелеген мəселелері» қаулысы реттейді.

Қазақстан Республикасына келу кезінде 16 жасқа толған əрбір шетелдік азаматқа көші-қон карточкасы беріледі. Олар Қазақстан Республикасынан кету кезінде тапсырылуы тиіс.

Көші-қон карточкалары:

  • Қазақстан Республикасының   дипломаттық,  қызметтік   жəне   инвесторлық  визасы   бар адамдарға;
  • əуе, теңіз жəне өзен кемелері экипаждарының мүшелеріне;
  • поезд, оның ішінде рефрижератор, локомотив бригадаларының жұмыскерлеріне жəне темір жол көлігімен тасымалданатын жүктерді бірге алып жүретін адамдарға;
  • Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін поездардың жолаушыларына;
  • халықаралық автотасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілеріне берілмейді;
  • Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдік азаматтардың өздерімен бірге белгіленген ретпен тіркелген төлқұжаты болуы жəне оларды уəкілетті мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша көрсетуге міндетті.

Шетелдік азамат төлқұжатын жоғалтқаны туралы тез арада, азаматтың өтініші бойынша ол туралы анықтама беретін ішкі істер органына хабарлауы қажет. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтар бес күнтізбелік күн ішінде өзінің тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша тіркелуге міндетті.

Шетелдік азаматтарды тіркеу жеке басын куəландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтардың төлқұжаттарын тіркеудің тəртібін Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісімі бойынша Сыртқы істер мен Ішкі істер министрліктері айқындайды.

Тіркеу шетелдік азаматтың ұлттық паспорты мен визасының қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге рəсімделеді.

Қазақстан Республикасында келудің жəне болудың визасыз тəртібі туралы халықаралық шарттары бар елдерден Қазақстан Республикасына келген азаматтарды тіркеу тоқсан тəуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі жəне кейіннен дəл осындай мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында заңнаманы жандандырудың қарқынды үрдісі жүргізілуде. Қоғам өмірінің барлық салаларындағы қатынастардың құқықтық негіздері жетілдіруде. Қазіргі əлемде ешбір мемлекет толығымен оқшауланып өмір сүре алмайды, мемлекеттің сыртқы қатынастарымен қатар оның ішкі өмір салаларына, жалпы мемлекетшілік құқыққа, мəселен, шетелдіктердің қатысуымен жүзеге асырылатын құқықтық қатынастарды мемлекетішілік құқықты қалыптастыру үрдісіне де ықпал ету дəрежесі бар жекелеген мемлекеттердің жəне əлемдік қауымдастықтың əсерінен мүлдем арыла алмайды. Осыған байланысты соңғы жылдары Қазақстан Республикасында көші-қон үрдісін бақылау жетілдіруде. Қазіргі уақытта көші-қон үрдісін реттейтін сұрақтар бойынша қабылданған заң көші-қон заңдылығын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтеді. Осылайша Қазақстаннан шығарылған шетелдіктерге бес жыл ішінде елге кіруге тыйым салынады, бекітілген келу ережелерін бұзған шетелдіктерді жеке тұлға жəне заңды тұлға жағынан қайта шақыру өтініштері қарастырылмайды.

Көптеген көші-қон полиция бөлімдерінде шетел азаматтарын тіркеу үшін қазіргі заманға сай операциондық залдар жасалып, «бір терезе» принципімен жұмыс істеп жатыр. Жеңілдік жасау мақсатында тіркеу қонақ үйлерде де жүзеге асырылады. Осы шаралар нəтижесінде көші-қон үрдісінің анықтығы қамтамасыз етіледі жəне сыбайлас жемқорлық мүмкіндігі аз болады.

Тəжірибе көрсеткендей, 2003 жылы елде енгізілген көші-қон карточкалар жүйесі тиімділігі артты. Бұл ішкі істер органдарының бес тəуліктен артық келген шетел азаматтарын есепке алуға жеңілдік жасады жəне ТМД елдерінің азаматтарын уақытылы тіркелуін жəне кетуін бақылауды күшейтеді [1]. Көші-қон карточкалары жүйесінің ары қарай дамуы Беларусь, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Украина азаматтарының емін-еркін жүріп тұру бостандығы туралы келісім жобасына сəйкес құрылып жатқан Бірлескен экономикалық кеңістігінің шегінде қарастырылуда.

Халықаралық қатынас даму үстінде. Əрекет етуші келісімдер шегінде қызметтері заңсыз көші- қонмен байланысты мекемелер жəне тұлғаларға қатысты мемлекеттердің ішкі істер органдарының өзара ақпарат алмасу жүзеге асырылуда. Заңсыз көшіп-қонушыларды анықтау жəне шетел азаматтарын келуді бақылау мақсатында бірлескен жедел алдын алу шаралары жүргізіледі.

Көші-қон бойынша халықаралық мекемесімен, Халықаралық орталықпен жəне басқа да халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас дамуда.

2005 жылдан бастап шетел азаматтарын тіркеу тек ел ішінде ғана емес, сонымен қатар Қазақстанға кіруде мемлекеттік шекара арқылы өтетін өткізу пунктілерінде де жүзеге асырылады. Экономикалық дамыған жəне əлеуметтік тұрақты 28 елдердің азаматтары Сыртқы істер министрлігінде (СІМ) визаны дайындаумен қоса бір мезгілде тіркеледі. Қазіргі уақытта Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті жəне Ішкі істер министрлігімен елге келген шетелдіктер жөнінде ақпарат алмасу қиын жағдайда. Мемлекеттік шекара арқылы өтетін пунктер қажетті құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Тағы бір өзекті проблемалардың бірі болып көптеген шетел азаматтарының, əсіресе СІМ мекемелерімен берілген іскерлік немесе жеке визамен алыс шетелден келген шетелдіктер біздің елге рұқсатсыз еңбек қызметімен айналысады. Заңдылықтағы проблемаларды пайдаланып, көптеген шетелдіктер Қазақстанда бірнеше жыл өмір сүреді.

Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп визаларды беру тəртібі туралы жаңа нұсқаулық дайындалуда. Əлеуметтік жəне саясаттылық тұрақтылығы бар елдер қатары анықталуда, əрбір елдің азаматтарына виза беру жəне ұзарту тəртібі əр түрлі қолданады.

Заңсыз көшіп-қону сұрағына келетін болсақ, жыл сайын елімізде əрекет етуші заңдылықты бұзатын шамамен 300 мыңнан астам шетелдіктер жұмыс істейді, олардың көбісі Қырғызстан, Өзбекстан жəне Тəжікістан азаматтары. Сонымен қоса жұмыс берушілер де, жұмыскерлер де заңдылықпен бекітілген салықтар жəне басқа да төлемдер төлемейді, бұл еліміздің бюджетіне жағымсыз салдарын тигізеді. Былтырғы жылы тексерістер нəтижесінде анықталғандай, заңсыз еңбек етіп жатқан шетелдіктердің саны жеті мыңнан асты. Олардың бəріне елде болу мерзімі қысқартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін мыңнан астам жұмыс берушілер жауапқа тартылды.

Алайда, əлемдік тəжірибе көрсеткендей, заңсыз көшіп-қону мəселесін тек қана əкімшілік əдістермен шешу мүмкін емес. Ол үшін еңбек рыногын реттейтін жүйелік шараларға, экономикалық, либералдық шараларға көшу қажет. Орталық-Азия аумағы мемлекеттерінде еңбек күшін пайдалануға рұқсат беру жүйесін өзгертіп, тіркеу үшін арнай төлемақы орнату қажет. Бұл заңсыз  еңбек етіп жатқан шетелдіктерді анықтап жəне де бюджетке қосымша пайдасын тигізіп, сыбайлас жемкорлық фактілерін азайтар еді.

Кез келген мемлекеттік территория аумағында мемлекеттер жоғарғы билікті жүзеге асыратын кеңістік болып табылады. Мемлекет заң шығару жолымен билігіндегі территорияның шегінде құқықтық режимді орнатады да, сол территорияда өмір сүретін тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды. Тұлғаның осы мемлекет территориясында тұруы — оның сол мемлекетпен деректік  байланысын анықтайтын фактор. Мемлекеттер  мен оның территориясында  тұратын    жеке адамдардың арасындағы деректік байланыстан басқа құқықтық байланыс əрекет етеді. Ол мемлекетке қатысты белгілі бір міндеттерді орындау мен құқықтарды иеленуден жəне мемлекеттің егеменді билігіне бағынудан көрініс табады. Шетел азаматтарына Қазақстан Республикасында заңмен қарастырылған құқықтар мен бостандықтар кепілдендіріледі. Олар Қазақстан Республикасының азаматтарына тиесілі құқықтар мен бостандықтарды теңдей дəрежеде иеленеді жəне солармен бірдей міндеттерді атқарады. Бұлар Қазақстан Республикасының Конституциясымен жəне басқа да нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі [2].

Жеке адамдардың құқықтары мен міндеттерінің сипатына байланысты тұрғындардың түсінігін нақтылауда оларды негізгі төрт санатқа жіктейміз:

  • осы мемлекеттің азаматтары;
  • қосазаматтылығы бар азаматтар;
  • шетел азаматтары:
  • азаматтығы жоқ тұлғалар.

Шетел азаматтары санаттарына тоқталайық. Шетелдіктер (шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар) — белгілі бір мемлекет территориясында болатын, оның юрисдикциясына бағынатын, бірақ оның азаматы болып табылмайтын тұлғалар [3].

«Шетелдіктер» ұғымы нормативтік актілер мен құқықтық əдебиеттерде екі мағынада, кең жəне тар, қолданылады. Кең мағынада шетелдік ретінде сол мемлекеттің азаматтығына ие емес кез келген тұлға түсіндіріледі. Аталмыш терминді осылайша түсіну көптеген елдердің əдебиеттері мен құқықтық актілерінде көрініс тапқан.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында заңнаманы жандандырудың қарқынды үрдісі жүргізілуде. Қоғам өмірінің барлық салаларындағы қатынастардың құқықтық негіздері жетілдіруде. Қазіргі əлемде ешбір мемлекет толығымен оқшауланып, өмір сүре алмайды, мемлекеттің сыртқы қатынастарымен қатар, оның ішкі өмір салаларына, жалпы мемлекетішілік құқыққа, мəселен, шетелдіктердің қатысуымен жүзеге асырылатын құқықтық қатынастарды реттейтін мемлекетішілік құқықты қалыптастыру үрдісіне де ықпал ету дəрежесі бар жекелеген мемлекеттердің жəне əлемдік қауымдастықтың əсерінен мүлдем арыла алмайды. Осыған байланысты  Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің мəртебесін құқықтық реттеу тəртібін анықтайтын бірқатар теоретикалық ережелерді мазмұндауға болады.

Шетелдіктердің құқықтық мəртебесі мынадай тəртіпте қалытастырылады: халықаралық құқықтың ықпалы шетелдіктер жеке адам ретінде адамдардың халықаралық-құқықтық мойындалған құқықтары мен бостандықарының барлық жиынтықтарын иеленеді.

Бұл негізгі құқықтар мен бостандықтар жеке адамға қатысты, оның тұрғылықты жеріне қарамастан, тікелей қолданылатындығымен түсіндіріледі. Халықаралық құқық шетелдіктердің құқықтары мен бостандықтары саласындағы халықаралық стандартты белгілей отырып, жалпы бағыттаушы ықпалды жүзеге асырады жəне сонымен қатар мемлекеттердің, адамдардың, соның ішінде шетелдіктердің құқықтарын жүйелі түрде бұзғаны үшін жауапкершілікті бекітеді. Екі жақты жəне аймақтық келісімдер мемлекеттерді шетелдіктердің — келісуші тараптардың мемлекеттерінің азаматтарының құқықтық мəртебесін белгілі бір деңгейде реттеуге міндеттей отырып, неғұрлым нақты əсер береді.

Мемлекетішілік құқықтың ықпалы: шетелдіктер мекендеу мемлекетінің ішкі құқығында оған бекітілген құқықтар мен бостандықтарды иелену мүмкіндігіне ие болады жəне осы құқықпен жүктелетін белгілі бір міндеттерді орындауға міндеттенеді. Мекендеу мемлекетінің шетелдіктерге қатысты заңдарының əсері олардың құқықтары мен бостандықтарын бағалауда негізгі жəне анықтаушы фактор болып есептелінеді. Мемлекет мемлекеттік егеменділік жəне ішкі істерге араласпау қағидаларына сүйене отырып жəне осы саладағы халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, шетелдіктерге нақты құқықтар мен бостандықтарды берудің, белгілі бір міндеттемелерді жүктеудің саяси-құқықтық негіздерін дербес түрде анықтайды№

Мемлекеттің азаматтылық құқықтық жүйесінің ықпалы: шетел азаматы мемлекетке қатысты ниетінің түзулігін сақтауға, оның азаматтылық қатыстылығы дерегінен туындайтын бірқатар міндеттерді атқаруға тиісті. Бұдан басқа оған мемлекетпен тұрған жеріне қарамастан, ұсынылатын бірқатар құқықтарды иеленеді.

Əдетте мемлекет территориясында өз азаматтарынан басқа шетелдіктер деп аталатын жеке тұлғалар санаттары тұрады.

Қазақстан Республикасында «шетел азаматы» термині қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы шетел  азаматтарының құқықтық  жағдайы  туралы»  заңдық  күші  бар  Жарлығының  2-бабының  1-тармақшасына    сəйкес

«Қазақстан Республикасының азаматтары емес жəне өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дəлелі бар адамдар Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары болып танылады» делінген [3].

Халықаралық құқық ғылымында көптеген авторлар «шетелдіктер» терминінің тар мағынасын көп қолданады. Г.И.Тункин мынадай анықтама береді: «Шетелдік дегеніміз аталмыш мемлекеттің территориясындағы,   бірақ    оның    азаматы   болып    табылмайтын   жəне    басқа    мемлекеттің азаматтығындағы тұлға танылады», осыған ұқсас анықтамалар басқа да еңбектерде кездеседі [4; 151]. Негізінен  бұл  тұжырыммен  келісе  отырып,  «шетелдіктер»  терминінің  «шетел     азаматтары» ұғымымен салыстырғанда ауқымы тарлау екенін ескеріп кеткен жөн.

«Шетелдіктер» белгілі бір елдің тұрғындары туралы сөз болғанда жəне осы елдің территориясындағы тұлғалар санаттарын, елдерді анықтау қажеттілігі туындағанда əділетті. Дегенмен, шетелдіктердің құқықтық режимін зерттеуде жеткілікті деңгейде нақты емес, себебі кез келген мемлекеттің территориясында территориядық əсерлі заңдар қабылдануы мүмкін, яғни белгілі бір құқықтарға шекарадан тыс орналасқан тұлғалар да ие болуы мүмкін. Нақтырақ айтсақ, бұл мүліктік құқықтарға, азаматтықты алу құқықтарына жəне т.б. қатысты. Екіншіден, көрсетілген тұжырым азаматтығы жоқ тұлғалардың, яғни апатридтердің, бар екендігі ескерілмейді.

«Шетел азаматы» азаматтардың түрлі санаттарын қамтитын неғұрлым кең мағынаға ие болады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» заңдық күші бар Жарлығында бір жағдайларда халықаралық-құқықтық қағидалардың күшінен, екінші бір жағдайларды қалыптасқан тəжірибенің күшінен жүзеге асырылатын шетелдіктердің ерекше санаттарынан туындайды. Жарлық барлық шетел азаматтарын екі негізгі санатқа бөліп қарастырады: Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындар жəне уақытша тұратындар. Тұлғаны осылардың біреуіне жатқызу критерийі Қазақстан Республикасы аумағында болу мерзімі емес, шетелдіктің мемлекетпен құқықтық байланысының тұрақтылық дəрежесінде, Қазақстан территориясында болу мақсаты мен сипатында.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп соған ішкі істер органдарының берген рұқсатын жəне шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хатын не азаматтығы жоқ адамның куəлігін алған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар танылады. Тұрақты тұруға рұқсат берудің міндетті шарты мұндай рұқсат алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен Республикада болу кезеңінде өзінің төлем қабілетін растауы болып табылады.

Қазақстан Республикасында өзге заңды негізде жүрген шетел азаматтары Қазақстан Республикасында уақытша болушылар деп саналады. Олар белгілі тəртіппен тіркелуге жəне белгілі болу мерзімі өткен соң республика территориясынан кетуге міндетті.

Заңнамада шетел азаматтарының екі санатын бекіту осы саладағы қалыптасқан тəжірибеден туындайды, сонымен қатар мұндай санаттар бұрын кеңестік заңнамамен қарастырылғандығы мəн- жаймен де түсіндіріледі.

Біз Г.И.Тункиннің ойымен келісеміз, ол тұрақты тұратын шетел азаматтарының мəртебесі Қазақстанға уақытша тұруға келген шетелдіктердің мəртебесінен өзгеше. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындар деп соған рұқсаты бар жəне арнайы органдарымен рұқсат берілген шетел азаматтары есептеледі. Қазақстан Республикасының аумағында басқа заңды негіздермен болатын шетел азаматтары уақытша тұруға келгендер деп саналады. Олар Қазақстан Республикасында олармен анықталған белгілі бір мерзім өткеннен кейін кетуге міндетті. Осы жерде уақытша тұрудың нақты анықталған мерзімдері бекітілмеген. Заң белгілі бір тұлғаның елдегі тұрақты тұру дерегі мəнді түрде оның құқықтық жағдайын анықтайтындығына сүйенеді. Бұл еңбек қызметі, шетелдіктердің тұрғын-үй қатынастарындағы құқығы денсаулық сақтау, білім алу сияқты сұрақтарға  қатысты. Кейбір мəнсіз ерекшеліктерден басқа, барлық жағдайларда шетелдіктерге Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін барлық құқықтар беріліп, сондай міндеттер жүктеледі [4; 153]. Бұл шетелдіктердің нақ осы санаттары қоғам өмірімен неғұрлым тығыз байланыстылығымен түсіндіріледі, сондай-ақ заңнаманың күшінің осы тұлғаларға таралу қажеттілігі соғұрлым басым.

Аталмыш ережеден заңның күші иммунитетті қолданатын тұлғаларға қатысты емес деп түсіну жаңсақ пікір. Мұндай тұлғалар заңнама, соның ішінде шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнама талаптарын орындауға тиіс. Олар заңдарды сақтауға міндетті, бірақ құқық бұзушылық əрекеттері жасалған уақытта мұндай тұлғалар қылмыстық, азаматтық жəне əкімшілік юрисдикциядан иммунитетін қолданады.

Шетелдіктердің нақты мемлекеттердегі бекітілген құқықтары мен бостандықтарының көп түрлілігіне қарамастан, мемлекеттер осы көлемді аңықтауда қазіргі кездегі халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау қағидаларын, сонымен қатар шетелдіктердің құқықтық жағдайына қатысты арнайы қағидалардың талаптарын басшылыққа алуға міндетті. Шетелдіктердің құқықтарының, міндеттерінің көлемін анықтау — əрбір мемлекеттің ішкі құзырындағы мəселе. Дегенмен мұндай бекітілім мемлекеттің бұл саладағы құқығы шектелмеген деуге болмайды.

Мемлекеттер өз елінде шетелдіктердің құқықтық жағдайын анықтай отырып, қазіргі кездегі халықаралық құқықтық негізгі қағидаларын, сонымен қатар өзі қатысушы болып табылатын нормаларды сақтауға міндетті. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары ретінде Қазақстанның азаматы болып табылмайтын жəне басқа мемлекеттің азаматтылығында екендігі туралы дəлелдемелері бар тұлғалар танылады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы Қаулысымен бекітілген «Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің жəне болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тəртібі» / Заң деректер базасы.
  2. Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызындағы Конституциясы (1998 жылдың 7 қазанындағы өзгерістер мен толықтырулармен қоса). — Алматы: Баспа, 2008. — 28 б.
  3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы» заң күші бар Жарлығы. — № 2338 / Заң деректер базасы.
  4. Тункин Г.И. Международное право. — М.: Юрид. лит-ра, 1994. — 512 с.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.