Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қалмақ хандық билігі. Саяси-құқықтық аспектісі

Қазіргі таңда саяси-құқықтық үрдісте мемлекеттік билік институттарын реформалауда саясиқұқықтық тəртіптің ұлттық дағдысына сай негіздерін қарастырмайды. Мемлекеттік билікті концепциялауда Қазақстан заң ғылымы мен саяси ғылымы ұлттық дəстүрді менсінбей,  көбінесе батыс елдерінде бұрын жүргізілген реформаларға негізделіп, жалпы əмбебаптық  өркениеттік модельге келістіру, басқаша айтқанда, мемлекеттік-құқықтық институттардың тарихи дамуын қарастырмай жəне ұлттық ерекшелігін ескермей, оларды түсініксіз, қазіргі мемлекет типіне сай емес, өзіндік айрықшылығы бар жəне заманға сай біркелкі сəйкестендірілген схемаға келмейді деп бастартатын болды.

Кез келген саяси-құқықтық билік қандайда мəдени өркениеттік кеңістікте өз ерекшелігімен тəнті етеді: олардың өзара жақындасуы (араласуы) ұлттың дəстүрлі тіршілік болмысын, əлеуметтік көзқарасын жəне мəнді саяси-құқықтық жүріс-тұрысы моделін жаңадан пайымдаумен түсіндіріледі. Демек, ұлттық саяси жəне құқықтық аясын институционалды қайта құру тұрғысынан қарауды талап етеді. Осы тұрғыдан Қазақ мемлекетінің көшпелі мемлекеттілікке сай өзіндік дəстүрі бар екендігін естен шығармаған дұрыс. Көшпелі қоғамның ұлттық саяси-құқықтық реттілігін мирасқорлықпен жалғастырушы жəне қолдаушы мемлекеттік билікті институционалды талдау қажет,  яғни ұлттық жəне дəстүрлі құқықтық мəдениетінің бейімделу жəне қалыптасу сатысында дəстүрлі қоғамға тəн əлеуметтік теңдікті, дəстүрлі мирасқорлық шеңберінде саяси жариялылық пен тұлғаның бостандығын ескере отырып сіңістіру, сəйкестендіру керек.

Саяси-құқықтық кеңістік дегеніміз — тікелей қоғамдық істі басқара отырып жəне жеке адамдар, əлеуметтік құрылымдар мен институттардың өзара саяси жəне құқықтық əрекеттесуін реттей келе, мемлекеттік билікті ұйымдастыра жəне жүзеге асыра алатын əлеуметтік субъектілер əрекеттесетін қоғамның өмір сүру аясы. Ол белгілі мемлекеттік-құқықтық режимді қамтамасыз ететін оның құқықтық, мəдени жəне рухани-адамгершілік тұғырын қамтыған əлеуметтік құрылымнан тұрады. Мемлекеттік билік белгілі уақытқа жəне геоюридикалық континуумға тəуелді, яғни билікті ұлттық кеңістіктегі құқықтық феномен ретінде қарастырса ғана нəтиже береді.

Осы ойды жалғастыра отырып, Ресей аумағына көшіп келіп, өз мемлекеттілігін құрған, мемлекеттік билік тарихы күрделі, сонымен қоса мемлекеттік билік институттары əлеуметтікқұқықтық жəне саяси кеністікте тасымалданғанымен ерекшеленетін көшпелі Қалмақ хандығының өзіндік ұлттық мемлекеттік билік болмысын қарастырайық.

Ресей құрамында Қалмақ хандығы нысанында мемлекеттің құрылуы фактісі — Ресей империясының кіші халықтар тарихындағы ерекше жəне феноменалды құбылыс деп айтқан тарихшы-ғалым Г.О.Авляевтің пікірі [1; 325] ғылыми ортаны қызықтырады. Бірақ бұл төңіректе даулы сұрақтар көп.

1966 жылы М.Л.Кичиковтың «Исторические корни дружбы русского и калмыцкого народов. Образование Калмыцкого государства в составе России» атты еңбегі жарық көрген. Бұл еңбекте ХVІІ ғасырдың 50–60-жылдары Төменгі Еділде қалмақ мемлекеттілігі, яғни хандық нысанда, құрылды, оның «негізін қалаушы» Дайчин мен Мончак тайшы деп жазған. Автор өзінің байламын дəлелдеу үшін келесі дəйектерді келтіреді: қажетті территория алынды; ұлыстағы билік жоғарыда аталған басшы (ахалакчи) екі тайшының қолына шоғырланды; Ресей құрамында хандықтың құрылғаны    туралы патша үкіметі мойындады, яғни 1664 жылы жаз айында Мончак тайшке мемлекеттік билік белгісі ретінде «алтынмен көмкерілген, яшмамен безендендірілген күміс түйреуіш жəне Ресей мемлекетінің елтаңбасы бар патша белгісі», сонымен қоса құнды сыйлықтарды» тарту етуімен түсіндіріледі [2].

Тарихшы П.С.Преображенская 1968 жылы «Вопросы истории» журналының 8 нөмірінде бұл кітапқа сын-пікір білдіреді. Ол еңбектің маңыздылығын, құндылығын бағалай келе, М.Л.Кичиковтың келтірген дəйектеріне қарсы былай деп өз аргументтерін келтірді: ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында қалмақ тайшылардың ішінде Далай-Батыр, Хо-Орлюк сияқты басқа да басшы ірі тайшылар болған; түйреуіш пен мемлекеттік белгі Қырым хандығына қарсы шабуылда табысқа жеткен қалмақ аттыларына білдірген құрметі болатын дей келе, ХVІІІ ғасырдың басында Аюк-тайштың кезінде Қалмақ хандығының құрылғандығы туралы деректі жөнді, жан-жақты қарастырмағанын тілге тиек етеді. Бұл екеуінің арасындағы дау мəресіне жетпеді, ғылыми ортада жалғасын таппады.

Қалмақ хандығы тарихына қатысты кейбір мəселелерді Н.Н.Пальмовтың, П.С.Преображенскаяның, И.Я.Златкиннің, Т.И.Беликовтың, В.Ш.Бембеевтің жəне тағы басқалардың еңбектерінен байқауға болады [3–7]. Ресей мемлекеті құрамында құрылған Қалмақ хандығы тарихын кеңінен жанжақты қарастырған еңбек ұжымдық авторлықпен жазылған «Очерки истории Калмыцкой АССР. Дооктябрьский период» монографиясы еді. Аталмыш монографияның ІV (авторлары Н.В.Устюгов, М.Л.Кичиков, Т.И.Беликов) жəне V тарауы (авторлары М.Я.Попов, Н.В.Устюгов) бұл мəселеге арналған. Кейін келе У.Э.Эрдниев [8], Г.О.Авляев [1;320], К.Н.Максимов [9;524]  сияқты ғалымдардың арнайы еңбектері жарық көрді.

Қалмақ жəне торғауыттардың Ресей территориясына қоныс тебуімен, патша үкіметі мен қалмақ тайштер арасындағы саяси жəне əскери қатынас жайлы тарихи еңбектерде жан-жақты кеңінен қарастырылып жүргенімен хандықтың пайда болу мезгіліне қатысты, оның Еділ өңірінде өмір сүрген уақытына байланысты сұрақтар құқықтық тұрғыдан сараланбады, Ресей құрамындағы жеке дара мемлекет ретінде қарастырылмады.

Қазан төңкерісіне дейінгі авторлар В.М.Бакунин, Б.Я.Иакинф, Н.И.Нефъедев, К.Костенков, М.Новолетов, А.М.Позднеев [10–15] қалмақтар мен орыстар қатынастары тарихы жайлы көп жазғанымен саяси-құқықтық кеңістіктегі Қалмақ хандығының пайда болуы мен қаншалықты өмір сүргендігі туралы сөз қозғамаған. Осыған қарағанда көптеген ғалымдар Қалмақ мемлекеттілігін мойындамағанға ұқсайды. Олар Қалмақ хандығын Ресей мемлекеті аумағына қоныс тепкен бірнеше көшпелі қалмақ тайштерінің өзара ұрыс-тартысы ретінде қарастырды жəне қоныс  тепкен қалмақтарды аталмыш мемлекеттік кеңістіктегі жаңа этникалық топ ретінде мойындады. Тарихшығалымдар Қалмақ хандығының саяси-құқықтық кеңістіктегі орнын толығымен жоққа шығарды деп дəлелдеуден аулақпыз.

Кейбір авторлар (Н.В.Устюгов, Т.И.Беликов, М.Л.Кичиков, А.М.Позднеев, К.Н.Максимов, Г.О.Авляев жəне тағы басқалар) Қалмақ хандығының құрылуын Дайчин тайшпен Мончак тайштың басқаруымен байланыстырса, енді бірсыпырасы (П.С.Преображенская жəне тағы басқалар) Аюк хан (1669–1724) басқару кезеңімен ұштастыратынын айтып өткенбіз. Сонымен қатар Қалмақ хандығы туралы ірі еңбектердің авторы У.Э.Эрдниевтің (Калмыки. Элиста, 1970) жəне К.Н.Максимовтың (Калмыкия в национальной политике, система власти и управления России (ХVІІ в. — ХХ в.). М., 2002) пікірінше, хандық ХVІІ ғасырдың 60-жылдары құрылған. Себебі 1661 жылы Қалмақ хандығымен тұрақты байланыс ұстау үшін патша үкіметі Қалмақ Приказы атты арнайы Елшілік Приказдықтың (патша үкіметінің сыртқы саясатын жүргізетін мекеме. — У.Ш.) бөлімшесі құқығындағы территориялық басқару мемлекеттік органды Мəскеуде құрды. Демек, бұл оқиға Еділ бойындағы қалмақтардың мемлекетін Ресей империясының саяси-құқықтық кеңістігінде жария етуі деп қабылдаған.

Көшпелі қоғамның əлеуметтік ұйымдастырылуы көп сатылы күрделі иерархиялы жүйені құрайды. Бұл жерде қалмақ этностарының қалыптасу тарихына тоқталмаймыз. Əрине, монғол кезеңіне дейінгі Ойрат одағының пайда болуы жəне құрамы, Еділ бойындағы ойраттар мен қалмақтардың этникалық кезеңге бөлінуі, Ойрат одағы үшін монғолдардың енгізген əскери жүйенің салдары, орта ғасырдағы жоңғарлар (ХІІІ–ХVІ ғғ.) мен Еділ қалмақтарының (ХV–ХVІ ғғ.) пайда болуы мен құрамы жайлы жəне т.б. көптеген сұрақтар нақты ғылыми ортада ортақ пікірге келмеген, əлі де зерттелуде.

Қоныс аудару, яғни көшіп кету, — көшпелі қоғамдағы əлді, мықты, ірі əлеуметтік топтың бірбірімен қайшыласқан, билікке таласқан кезде қолданатын дəстүрлі құрал нысаны. ХІV ғасырдың екінші жартысында Шыңғыс хан əулеттері арасындағы дау-дамайдың нəтижесінде, Монғол империясы  ыдырап,  көптеген  ұсақ,  уақ  бір-бірінен  тəуелсіз  ноендық  иеліктер  (ұлыстар)  мен   хандықтар құрылды. Ойрат тайштері Батыс Монғолия аумағын мекендеп, тарихта жонғар деген атауға ие болады. Ресей аумағына көшіп келген қалмақтар өздерін басында ойраттар деп атайтын. Ойраттар — қалмақтардың арғы ата-бабаларының атауы. Ал «қалмақтар» деген атау жаңа географиялық, тарихи жəне əлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты пайда болған.

ХVІ ғасырдың аяғында ойраттар бірнеше көшпелі ұлысқа бөлінеді, олардың ішінен ең ірілері қатарына келесі əулеттер жатады: дөрбөттер, торғауыттар, хошауыттар жəне цоростар (чоростар). Ірі ойрат тайштер арасындағы билікке таласу жəне бір-бірінің қолында шоғырланған билікті мойындамаудың нəтижесінде, кейбір салмақты тайштер көршілес Ресей территориясына қоныс тебуі көшпелілер үшін заңды құбылыс.

ХVІІ ғасырдың басында Сібір жері арқылы қалмақтар (қалмақ тайштері, яғни белгілі ұлыс иелері. — У.Ш.) Ресей үкіметімен ресми қатынасқа түсе бастағаны тарихи деректермен дəйектелінеді. 1606 жылы 20 қыркүйекте Тара қаласына торғауыт тайшы Хо-Орлюктің өкілі  Катаче Бурулдаев келіп, Ертіс бойына (оның ағысы Камышов жəне Ишім өңіріне) көшіп-қонып жəне сауда-саттық жасауға рұқсат сұрайды. Өтініш жауабы күңгірт, бірақ 1606 жылы 20 қазанда Тара воеводасы қызметкерлері казак Томила Алексеев пен Урдыбай татар екеуі Хо-Орлюкке арнайы барып, оның көші-қонысына қатысты келесі тапсырманы жеткізуі тиісті еді: «Кочует на нашей земли, нам не бив челом...» немесе «он похочет под нашею царского высокою рукою быть», немесе «он бы прислал в город Тару лутчих людей для шерти и укрепленья». Ал егер ол қаламаса, онда «он бы шел с нашие земли и от соленых озер прочь...» [16]. Бірақ бұл елшілер хабарсыз жоғалып кетті.

ХVІІ ғасырдың басында Ресей патша үкіметінде орталықтандырылған билік жəне бюрократиялық аппарат қалыптасып келе жатқан кезі, территориялық жəне елші жіберу мəселесі патша құзыретіне қарайтындықтан, Тара (уезд) воеводасы Сил Иванович Гагарин өзі бағынатын Тобыл (округ) воевода Р.Ф.Троекуров арқылы патша əкімшілігіне хабарласты. Ол 1607 жылы 12 қаңтарда Казан сарайы Приказына (оңтүстік шекарадағы жаулап алынған жерлердегі əкімшілік, қаржылық, соттық басқару ісін жүргізетін мекеме. — У.Ш.) жазған Грамотасында Ресей территориясында көшіп-қонып жүрген Хо-Орлюк тайш бастатқан қалмақ-торғауыт ірі тайштерінің атынан өкілдердің келгенін жəне олардың өтініші туралы хабардар етіп, қалмақтарға қандай жауап беру керектігін сұрады.

1607 жылы 30 наурызда Тара воеводасы С.И.Гагарин мырза патша жарлығымен жазылған Казан сарайы Приказынан Грамота алды. Ол Грамотада Тара воеводасы С.И.Гагариннің қалмақ ұлысына өз адамдары ішінен келесі мазмұнда келіссөз жүргізуге өкілдер жіберуді тапсырады: «Чтоб колмацкие князи и мурзы и всякии улусные люды были под нашею царскою рукою и шерть и утверждение и заклады дали, что им быти вперед под нашею царскою высокою рукою неотступным, и нам ясак с себя платить на вся годы безпереводно, и заклады б они в город на Тару дали, и ясачных волостей, нашим ясачным людем, тесноты не чинили и не побивали, а мы их также велим беречи от недругов оберегати» [17; 21]. Егер шартта көрсетілген жағдайларды орындау мүмкіндігі болса, қалмақтар келіссе, олар өз діни негізінде серттік-шартқа (шерть) отырсын дейді.

Осы кезден бастап Ресей үкіметінің орталық мекемелері қалмақтарды Ресей мемлекеті құрамына енгізудің юридикалық жолдарын іздестіреді. Бұның куəсі Казан сарайы Приказының атынан тапсырма берген боярин Д.И.Шуйский С.И.Гагаринге қалмақтармен жүргізіліп жатқан келіссөздер туралы мағлұматтармен тұрақты хабардар етіп тұруын сұрайды. Демек бұл мəселе патша  үкіметін қызықтыра бастады, олардың да саяси мүдделілігі пайда болды.

Ал, Тара воеводасы С.И.Гагарин Казань Приказына жоғырада Грамотаны жібергеннен соң, орталықтан оның жауабын күтпестен, 1607 жылы 27 қаңтарда дөрбөт тайшы Далай-Батырға, торғауыт тайшы Хо-Орлюкке Ресей боданына кіруді ұсынып, сол үшін «ең жақсы, мықты адамдарын» серттік-шартқа отыруға жіберуін сұрап өз өкілдерін аттандырды. 1607 жылы 16 маусымда князь Куготай жəне татар жігіті Енобай бастатқан өкілдері Далай-Батыр тайш пен Изеней тайштері ұлыстарынан қалмақ тайшы Кугон Тубиев (қарамағында 45 тайш бар бес ірі тайштер атынан Баатыр Янышев, Ичин Уртуев, Ужен Конаев, Юрикт Конаев) бастатқан қалмақ өкілдерімен (құрамы 21 адам) қайта оралды. Осылай қалмақтардың ресми өкілі Коганай Тубеев тайш алғаш рет Тара қаласында Ресей бодандығын қабылдағаны жайлы, патша үкіметі тарапынан Тара воеводасы С.И.Гагарин мырзамен ауызша серттік-шартқа отырады.

Қалмақ тайштерінің жеке дара серттік-шартқа отыру деректері, сонымен қоса ұлыс атынан басқа елге өкіл жіберу машығы, олардың (көшпелілердің) саяси дербес билікке ие, саяси еріктілігінің жоғарлылығын жəне халықаралық саяси кеңістікте өздерін дұрыс ұстау дəстүрдің бар екендігін білдіреді.

ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында қалмақ тайштер мен Ресей патша үкіметі атынан шенеуніктер арасында 12 рет серттік-шартқа отырғаны туралы деректер кездеседі [18; 48]. Біріншісі, жоғарыда көрсетіп кеткендей, Тара қаласында 1607 жылы, екіншісі 1608 жылы Мəскеуде бекітілген. Аталмыш серттік-шартқа отыруға жоғарыда аты аталған тайштер қатысқан. Хо-Орлюк тайш бұлардан бөлек көшіп жүрген жəне серттік-шарт беруге қатыспаған [17; 26]. 1610 жылы Тара воеводасы И.В.Масальскийдің Казань сарай Приказына жіберген Грамотасында үшінші серттік-шарт туралы мəліметтер бар: «А Орлюк и Корсуган тайши добили челом после тех тайшей и шертовали сами и за улусных людей, как были наши люди у соли, а наше де жалованье с вами к ним не послано» [17;38]. 1616 жылы Тарадан қалмақтарға жіберген Власка Калашников атты казак Тургень тайш, Бутак тайш жəне Малдышер тайшты алып келіп, серттік-шартқа отырғызды, бұл төртіншісі [17; 44].

Серттік-шартқа отыру барысында қойылатын бірінші кезектегі сұрақ — территория мəселесі. Ол сұрақ шешімін таппады, екі тарапта өз бетінше мəселені көтеріп, ортақ мəмлеге келмеген. В.И.Колесник «Российская корона до середины ХVІІ в. ни разу не дала согласия на расселение калмыков в ее владениях» [18]. Мысалы, 1608 жылы 14 ақпанда Далай-Батыр елшілері Василий Шуйский патшамен көзбе-көз кездескеннен кейін, яғни қалмақтардың Ресей мемлекеті құрамына кірді деген ресми рəсімнен кейін, Мəскеуден Тара воеводасына жіберілген үкімет Грамотасында былай делінген: «...колмацких тайшей Иченея и Баатыря с товарищи и всех улусных людей, выслушав их челбитье, пожаловали, велели им кочевать в Сибирской земле по Иртышу и на Оми реке и по Камышову и в-иных местах, где похотят и велели им под нашею царскою рукою быть навеки неотступным, и ото всех недругов, от Казацкия орды и от Нагай и от Алтын-хана, велели их оберегати и оборняти» [17; 36]. Осылайша, қалмақтар Ресей саяси-құқықтық кеңістігіне бас сұға бастады. Еріктен тыс мынадай сұрақ туындайды: «дəл осы кезде Ресей шекарасы толық анықталған ба, Тара воеводасы өз территориясының көлемін біле ме, шекара қазығы бар ма?» Патша үкіметі Ертіс пен Ом өзені жəне Камышов бойына жəне басқа да жерге қоныстануға рұқсат берді, сонымен қоса қай жерді қалады, сол жерге орналаса алады, достық пиғыл танытпағандардан (ноғайлардан, қазақтардан, халхымонғолдардан) қорғай алатынын Грамотада баяндаған. Серттік-шартта көрсетілген «қалаған басқа жерлер» деген сөздің төркініне үңілсек, патша үкіметі қалмақтардың өзіне қажетті деп таныған кеңістікті көршілес көшпелі елдерден (ноғайлардан, қазақтардан, халхы-монғолдардан) жаулап алуына толық келісім бергенге ұқсайды. Себебі орыс жерінің шекарасы бұл кезде толық анықталмаған еді. Сонымен қоса орыс жері оңтүстігінде қазақтармен, батысында ноғайлармен, шығысында монғолдармен көршілес. Мемлекеттік территориясы ретінде толық рəсімделмеген жерге қалмақтарды қоныстандыру арқылы патша үкіметі өз территориясының құқықтық тұғырын қалай бастады. Осы тұрғыдан қалмақтар өздеріне территория таңдап алу мүмкіндігін Мəскеудегі патша рұқсатымен иемденді. Екі ел арасындағы сауда-саттық қатынасы 1624–1625 жылдары белсене түсті, сондай-ақ қалмақтар Ресей мемлекетінің Тара, Тобыл, Тюмень, Чердынь, Уфа, Казань қалаларында саудасаттық жасауға рұқсат алуы жəне өз тауарларына салық төлемеу жеңілдігі көшпелі қоғамның қалыпты өмір сүруіне үлкен қолдау болды. Бұл жерде айта кететін бір жайт, бұрын қалмақтар серттік-шартты воеводаның жіберген өкілдеріне, яғни қалмақ тілін шала түсінетін татарлар мен казактарға, беріп жүрген болса, соңғы жолдары патша үкіметінің саяси ортасында беделді, танымалы боярлардың ұлдарына бере бастағаны серттік-шарттың юридикалық маңыздылығының өсе бастағанын көрсетеді.

Серттік-шарттардың юридикалық табиғатын ашу қиын, дегенмен алғашқы сəттен бастап қалмақтар жер сұрағаны, олардың Ресей мемлекеті құрамында жеке дара мемлекеттілік құруға ұмтылғанын байқауға болады жəне екі жақты міндеттер мен құқықтардың туындау келісімнің екі тарапты, теңдік қағидаға негізделгенін көрсетеді. Ал 1620 жылдардан бастап Ресей патшалығы қалмақтарды бодандығына кіргізгісі келгенін ашық байқатады. 1620 жылы бесінші жəне алтыншы серттік-шарт бекітілген: Уфа қаласында торғауыт тайшы Хо-Орлюк, хошауыт тайшы Чукур жəне Ишим хан, оның ұлы Кучумның атынан қалмақтар өкілі келіп, воевод О.Я.Прончищевке серттік-шарт берсе, хошауыт тайшы Байбагас өз ұлысында Уфадан келген «толмач Пятунько Семеновке» серттікшарт берген [17; 102]. Жетінші, сегізінші серттік-шарттарды 1623 жылға жатқызады. Чорос тайшы Сенгул Тюмень воеводы Ф.Ф.Бобрищев-Пушкиннің қалмаққа жіберген боярдың ұлы Дмитрий Черкасов алдында серттік-шарт берді. Ал дөрбөт тайш Мангит өз ұлысында Уфадағы боярдың ұлы Василий Волков алдында өзі үшін, Далай-Батыр, Хо-Орлюк, Илтер жəне басқа да 30 ұлыс дөрбөт тайштер үшін серттік-шартқа отырған [17; 121]. 1630 жылы Уфа қаласында Далай-Батырдың ұлы Дорджи «өз əкесі үшін, ағалары атынан, қалмақ халқы атынан», біздің санауымызша тоғызыншы серттік-шартқа отырған [17; 148]. 1632 жылы Хо-Орлюк елшілері Тюмень қаласында өз қожайыны атынан жəне өздерімен бірге көшіп жүрген тайштердің атынан, ұлы Далайды кіргізбей (ол бөлек көшіп жүргендіктен), серттік-шартқа отырды, бұл оныншы [17; 190].

1635 жылы Эрдэнэ-Батур-хунтайджи (Чорос əулетінің тайшы Хара-Хулдың ұлы) басқарған Жоңғар хандығы құрылды жəне Тибетке жақын Кукунор ауданында екінші ойрат хандығы — ТуруБайх (Гуши ханның ұлы) басқарған Хошауыт хандығы құрылуы Ресей патша үкіметін саясатына белгілі өзгерістер енгізуге итермелейді. Патша үкіметі көршілес ойраттарға бір саясат жəне территориясындағы қалмақтарға бір бөлек саясатты ұстануға мəжбүр болды.

1637 жылы Далай-Батыр тайш қайтыс болғаннан соң, дөрбөт ұлысы бірнеше уақ ұлысқа бөлінді. Хо-Орлюктің ұлы Дайчин тайш ол кезде Жайық пен Еділ жəне Орал өзендері арасындағы Орал алқабында көшіп-қонып жүрген еді. Хо-Орлюк тайш Жайық пен Эмбі арқылы ұлы Дайчинге қарай бет бұрды. Дайчин тайш Астраханьға жақын Жайық пен Еділ бойына қоныстануға өтініш білдіре бастаған. Ол патша үкіметін өз табандылығымен көндіріп, 1636 жылы рұқсат алды: «ему кочевать по Яику и по Волге, Астрахани блиско...» [2; 66]. 1640 жылы Дайчин мен Хо-Орлюктің елшілері Астрахань қаласында он бірінші серттік-шартқа отырды [2; 55].

1640 жылы қыркүйек айының басында Жоңғар хандығының территориясындағы Тарбағатай тауының Ұлан-Бура шатқалында Халх пен Жоңғар тайштерінің ірі құрылтайында «Монғол-Ойрат заңы» қабылданды. Жоңғардың Эрдэн-батыр хунтайжының белсенділігімен шақырылған осы құрылтайға Еділден Хо-Орлюк ұлдарымен келіп қатысты. Құрылтай да тайштер өзара қатынастарын түзеу мақсатын көздей отырып, өзара дау-жанжал, қақтығыстарын құқықтық тежеу ықыласында өтті. Көпке бармай бұл келісімі бұзылды, сондықтан 1642 жылы Хо-Орлюк балаларымен Жайықтың оң жақ жағалауына қоныс аударды, Астрахань жағында Қамыш-Самараға дейін жерді иемденді. 1644 жылы Хо-Орлюк пен ұлы Кересан екеуі бастатқан 10 мыңға жуық қалмақтар ноғай татар мырзасы Қази ұлысына шабуыл жасап, Кабардин тауында кабардиндер, черкестер, орыстар, казиилектер жəне ноғайлардан құрылған əскерлерге жеңіліп, өзі жəне ұлы, немерелері мен 8 мыңға жуық əскерлері қаза тапты [2; 107]. 1645 жылы қалмақ Дайчин тайш мен Эльден тайш орыс патшасына елші арқылы Грамота жіберген: «Бить челом о принятии их под Российскую державу в послушание» [9; 57]. Қалмақ тайштерінің жіберген Грамотасы 1645 жылы маусым айында патшаға хабарланды. Бірақ 1645 жылы 13 шілдеде патша Михаил Федорович қайтыс болды. Жаңа патша Алексей Михаилович бұл мəселені боярин Б.И.Морозовқа тапсырған. Ресей патшалығы қалмақ тайштердің өтінішімен танысып, оңды шешім қабылдады. Патша билігі тарапынан мынадай талап қойылды: қалмақ патшалары «аманат» берсін жəне Қырым хандығына қарсы соғысқа шықсын. Бұл кезде қалмақ тайшы Дайчин Тибетке Далай ламаға жолығуға кеткендіктен бір келісімге келмеді, ол 1647 жылы өз ұлысына оралды. 1648 жылы «ұлыстың мықты адамдары» Дурал-Тархан мен Зюргач Дайчин тайш ұлысы үшін, тайш үшін Уфа қаласы воеводасы Владимир Голубцов жіберген елші мен толмач Василий Киржатцкий алдына серттік-шартқа отырды: «На государевы городы и уезды войною не приходить и государевых людей не воевать, и в полон не имать» [19; 107].

1649 жылы шілде айында патша үкіметі Дайчин тайшке башкұрттармен қақтығысын тоқтату үшін Жайық пен Эмбінің ар жағына көшуді ұсынады. Сол жылы жоңғарлар арасындағы қақтығыстардан қашқан хошуыт тайшы Кундулен-Убаши жəне дөрбөт тайшы Даян-Омбо 20 мынға жуық халқымен Эмбіге көшіп келеді [9; 58]. Жайылымның жетіспеуіне байланысты Дайчин мен Лаузан тайш Астрахань воеводасынан олар тек өзендер арасында ғана емес, Еділдің сол жəне он жақ жағалауына қоныстануына рұқсат сұрайды. Лаузан тайш Астрахань воеводаның нұсқаумен «лаузановы люди побили и в полон поимали государевых людей, которые шли в станице руские люди и татаровя с Москвы в Астрахань» [2; 95].

Уфа воеводасы Ф.Я.Милославский 1649 жылы 9 қыркүйекте патша жарлығымен Елшілік Приказы Дума дьякі М.Волошенинов қол қойған Грамотасын алып, 21 қыркүйекте қызметкер И.И.Онучин бастатқан 4 адамды қалмақ тайшы Дайчин ұлысына елші етіп жіберді. Олардың мақсаты астрахандықтар мен қалмақтардың арасындағы шиеленіске кімнің кінəлі екендігін анықтап, қалмақтарды «бұрынғы қонысына қайтару» еді.

1649 жылы 8 қарашада қалмақтардың бас тайшы Дайчин мен И.И.Онучин екеуінің кездесуі болған. И.Онучин Дайчинге неге патша үкіметіне берген, ата-бабаңнан бері келе жатқан серттік-шарт талаптарын бұздың деген сұраққа, ол былай деген: «Отцы -де наши и деды и прадеды от веку в холопстве ни у кого не бывали. Да и в книгах -де у нас того не написано, чтоб мы у ково были в холопстве, а живем -де мы о себе, владеем сами собою и улусными своими людьми. Да и ныне -де мы, окроме бога, никово не боимся, а послами -де мы ссылалися наперед сего и ныне ссылаемся ж о миру и о  совете» [9;  58]. Əлбетте,  Дайчин  тайш  дұрыс айтады, жоғарыда көрсетілген  серттік-шарттардың қай-қайсысы да ауызша жасалынған, жəне де қалмақ тайштері өздері қатыспаған, ылғида өкілдерін жіберіп отырған, олардың жауаптылығы серттік-шартта көрсетілмеген. Ауызша құрылған серттікшарттың құқықтық салдары жоқ, юридикалық қуатсыз. Демек, қалмақтар ешкімге тəуелсіз жəне патша үкіметімен қарым-қатынасқа түсу барысында олардың автономды субъект екендігін ескеруді мегзейді.

И.Онучиннің «... а кочевали б в прежних своих дальних кочевьях, а меж Яика и Волги, где преж сего калматцкого кочевья не бывало, на государеве ясачых людей земле не кочевали» деген ұсынысына, Дайчин былай деп жауап қайтарған: «Земля -де и воды божьи, а прежде всего та земля, на которых мы и ногацы ныне кочюем, была ногайская... они, ногайцы, ныне стали наши холопы. А наперед сего по тем места и по рекам кочевали они и нам де в тех местах и ныне зачто не кочевать. Да и кочевать -де нам, окроме тех мест негде» [17; 355]. Бұл дау ұзаққа созылды. Көші-қон мен сауда-саттық мəселесін шешу үшін аманат бере отырып, серттік-шартқа отыруды талап етді. Қойылған талап орындалып, серттік-шартқа отырды. Бірақ қалмақтар аманатын бермеді, патша үкіметі қоныс мəселесін шешпеді. 1655–1657 жылдары Ресейдің əлеуметтік-саяси жағдайы өте ауыр күйде болды, 1654 жылы басталған соғыс шеңбері ұлғайып əскери күш қажеттілігі арта түсті. Осы тұсты пайдаланып, 1655 жылы 4 ақпанда Ресей мен қалмақтар арасындағы шарттық қатынастың негізін қалайтын, юридикалық күші бар тұңғыш құқықтық құжат — Шарттық жазба бекітілді. Бұл Жазбаға қалмақ елшілері Дурал-Тархан, Серен тайш, Чокул зайсанг, Дайчин тайш, Лаузан тайш, Санжин тайш, Мончак тайш, Нима Серен тайш жəне олардың ағалары мен балалары, немерелері жəне барлық ұлыстарының атынан серттік берді: «Быть «в вечном послушанье» у самодержца; не поддерживать отношений с государевыми непослушниками и изменниками; не нападать на российские города, уезды, деревни, учуги; не убивать, не брать в полон, не грабить царских подданных; вернуть всех пленных, захваченных в предшествовавшие годы; выдать изменников — татарских мурз, ранее откочевавших под власть калмыков; не наносить бесчестья послам и притеснять. А где Государь укажет быть нашем Калмыцким Тайшам и нам с Государевыми изменники и с не послушники битись до смерти, не щадя голов своих... его Царскому Величеству не изменить, его Государевых людей не подать и хитрости над ними ни какия не чинить. За невыполнение предусмотренных условий шертной записи должны были последовать «божий гнев и огненный меч, и будем бы прокляты...» [20; 356].

Тұңғыш жазбаша құқықтық құжатқа қарағанда, қалмақтар Ресей бодандығына енсе де, өз дербестігін сақтап, Ресей үкіметі тарапынан қойылған міндеттерді бұлжытпай орындайтындығын мойнына жүктеді. Демек, міндеттемелері əскери-саяси сипатта екендігін шарт мəтінінен байқауға болады. Жоғарыда аталған шарт жазбасына қол қойылған соң, Елшілік Приказ Алексей Михаилович патшаның жарлығымен сол жылы сəуір айында Астрахань, Казань жəне т.б. Еділ бойындағы қалалар воеводтарына қалмақтардың көші-қон территориясын бекіткен Грамотаны таратты. Грамотада былай деп жазылған: «улусам их велено кочевать по Волге по ногайской стороне, и по Ахтубе, и по Белужью или близко наших городов, где они кочевать похотят», сонымен қоса орыстарға, башқұрттарға жəне шет елдіктерге бағыттап, қалмақтарға зиян тигізбеңдер деп ескертті [19; 112].

1657 жылы 30 наурызда Дайчин тайштың ұлы Мончак тайш жəне Дайчин тайштың немересі, Даян-Эркенің ұлы Манжик тайш Астрахань қаласында серттік-шартқа қол қойды. Сонымен қоса алдын ала келісілген Дайчин тайштың жақын туыстары 3 адамды аманатқа берді. Осы серттік-шартта алғаш рет «быть вечном подданстве и послушании» деген ұғымды қолдану арқылы, «государь жəне холоп» деген монархиялық державаға тəн қатынасты сипаттайтын формула қолданылғаны туралы К.Н.Максимовтың еңбегінде жазылған [9; 62]. Ресей саяси-құқықтық кеңістігіне кірген қалмақтардың саяси жəне əлеуметтік мəртебесі өзгере бастады. Олар аманат беру, Ресей саяси  аренасында жүргізіліп жатқан соғыстарға белсене қатысу арқылы өздеріне деген патша үкіметі саясатының бағытын басқа арнаға бұра алды. 1658 жылы тағы да бір серттік-шартқа қол қойысты. Осыдан кейін Мəскеуден қалмақ ұлысына арнайы дипломатиялық елшілер жіберілді. Елшілерді Елшілік Приказының дьякі И.С.Горохов басқарды, құрамына Астрахань воеводы князь Г.С.Черкасский, оның немере інісі кабардин ірі князі К.М.Черкасский (Дайчин тайштың күйеу баласы. — У.Ш.) кірді. Олар өздерімен бірге патшаның беріп жіберген көп сыйлығын əкеліп, таратты (жалпы құны 1074 рубль), негізгі мақсаты — оңтүстік-шығыс шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондықтан патша үкіметі қалмақтарға сенімді болу үшін тағы да серттік-шарт бекітуді көздеген. 1661 жылы 8 маусымда Дайчин тайш пен Мончак тайш өкілдері жəне 9 желтоқсанда Мончак тайш өзі серттік-шартқа отырды. Соңғы серттік-шарттың мазмұны келесідей: «Даю шерть... Я калмыцкой Бунчук Тайша за себя и за отца своего Дайчина Тайшу Урлюкова, и за племянника своего Монжика Ялба Тайшу же, и за иных Тайшей, и за улусных своих Калмыцких родственных владельных людей, которые с нами вместе кочуют, и за Нагайских, и за Едисанских, и за Енбулацких, и за Малисбашских, и за Келечинских Мурз, и за их детей, и братью, и племянников, и за внучат, и за улусных их людей» [20]. Осы серттік-шартқа Мончак ханның ұлы Аюк мен Г.С.Черкасскийдің немересі Абухан екеуінің некеге отыратындығы туралы келісімі тіркелген [18; 85].

П.С.Преображенскаяның, Н.В.Устюговтың, М.Л.Кичиковтың, Т.И.Беликовтың жəне К.Н.Максимовтың пікірінше, «1657 жыл — қалмақтардың Ресей мемлекеті құрамына өз еріктерімен кіру үрдісінің аяқталған жылы», ал 1655, 1657 жəне 1661 жылғы серттік-шарттар — оның юридикалық рəсімделуі.

1655, 1657 жəне 1661 жылғы құқықтық құжаттар Ресей империясының заңдарының толық жинағына кіру арқылы қалмақтардың Ресей бодандығына енгенін жəне этникалық территориясына ие болғанын дəлелдейтін құқықтық базаны қалыптастырды. 1649 жылғы Собор Уложениясының ХVІ тарауы 41-бабында былай делінген: «Кто получил земли «по государевым грамотам, а иные по боярским грамотам» и «государеву службу служа, и у них тех земель не отнимать»» [21]. 1655–1661 жылдар аралығында патша үкіметі мен қалмақтар арасында 5 рет серттік-шарт бекітілген [19;12].

1661 жылы Қалмақ хандығымен тұрақты байланыс ұстау үшін патша үкіметі Қалмақ Приказы атты арнайы Елшілік Приказдықтың бөлімшесі құқығындағы территориялық басқару мемлекеттік орган Мəскеуде құрылды. Осыған дейін Малороссийскіні, Смоленскіні, Литовскіні жəне т.б. басқаратын мұндай Приказдар құрылған екен. 1661 жылы құрылған Қалмақ Приказының мақсаты — қалмақтармен үкімет орталық органдарының қатынасын жүзеге асыру барысын,  қалмақтардың əскери жорыққа қатысуын ұйымдастыру мен үйлестіру. Əрине, аталмыш органды құрып, орталық басқару жүйесіне енгізу арқылы патша үкіметі өз саяси-құқықтық кеңістігінде Қалмақ мемлекетінің құрылғанын мойындады.

1664 жылы жаз айында Мончак тайшке патша үкіметі қалмақ басқарушысы ретінде «алтынмен көмкерілген, яшмамен безендендірілген күміс түйреуіш жəне ақ жəне қызылмен жолақталған ортасында Ресей мемлекетінің елтаңбасы (екібасты бүркіт жəне жыланды жеңіп жатқан атты адам) бар патша белгісін» сыйға тартты. Түйреуіш мемлекет рəмізі ретінде кейбір халықтардың билік өкілдеріне берілетінін М.Л.Кичиков жазған. Мысалы, Донның əскери аға атаманы жəне Запорожец өңірінің əскери гетманы [22; 83] алған.

ХVІІ ғасырдың 60-жылдары Қалмақ мемлекетінің тұрғындары 1663 жылы Жоңғардан көшіп келген 100 мыңға жуық адамдармен бірге 400 мыңға жуық халықты құраған. Қалмақ территориясындағы барлық ұлыстар Мончак тайштың билігін мойындап, оның қол астына шоғырланып, ресей бодандығына енді [4; 22] деп жазады М.Л.Кичиков.

Қалмақтар Ресей территориясына қоныс тепті, белгілі территорияны құқықтық негізде (серттікшарт, патша грамотасы) иемденді. Осы кезге дейін қалмақ қоғамы көшпелілерге ғана тəн заңдылықпен дамып жатты. Əр ұлыстың басқарушы тайшы аристократиялық шыңғыс тұқымынан, оған ұлыс мұрагерлік жолмен берілген жəне шаруашылық дербестікте, əскери жорықтарда (пайда көзінің тұрақсыздығы), тайш билігін шектесе жəне қолында шоғырланған биліктің үстемдігін мойындамаған кезде белгілі шеңберде дербес билікке ие. Көшпелілерді орталық басқару бір жағынан қарағанда əлсіздеу көрінгенімен, қажетті жағдайда, яғни белгілі жалпыға бірдей істі тындыру кезінде, мықты іскер, тез қимылды толық орталықтандырылған қашықтықтан (дистанциялы) басқарылатын ұйымдастыру қызметімен ерекшеленеді. Билік тек бір тайштың ғана қолына шоғырланбаған, басқарушы əулет мүшелері тең (императивтік) дауысқа ие, яғни дəстүрлі, дала, əскери, аристократиялық демократия белгілері басым. Көшпелі қоғамда хан немесе басқарушы тек халықтың мүддесін қорғауы тиіс, билікті заңдастыру ұлыс тұрғындарының сенім білдіруімен тікелей байланысты. Көшпелі мемлекетте басқарушы (хан) аристократ пен қарапайым көшпендінің арасындағы қатынасты тежеп, бір қалыпта ұстап тұруы керек. Көшпелі мемлекеттегі билік ұлыстар мен кез келген көшпенді оған немесе оларға пайдалы болғанда ғана өмір сүре алады. В.В.Радлов көшпелілердің ханы жайлы: «Чем больше выгод доставляет он своим подданным, тем самостоятельнее становится и его власть и тем значительнее собирается вокруг него государство» [22; 65], — деді.

1661 жылдан кейін қалмақтар мен патша үкіметі серттік-шартқа отырмағаны, қалмақтардың өз мемлекетін хандық нысанда құрғанын, патша үкіметі Мончак тайшты Қалмақ ханы ретінде мойындап, Қалмақ хандығының ресей боданы ретінде саяси-құқықтық мəртебесін анықтайтын құқықтық құжат 1661 жылғы серттік-шарт болып саналды. Қалмақтар Ресейдің саяси-құқықтық кеңістігіне кіріп, ұлттық мемлекеттілігін құрып алған соң, Ресей мемлекетінің мүддесін жəне қауіпсіздігін қорғауға белсене қатысты. Мончак ханның ұлы Аюк хан таққа отырғынның белгісі ретінде жəне  осытұстағы Қалмақ хандығының саяси-құқықтық мəртебесін анықтау үшін 1673 жылы 27 ақпанда серттік-шартқа отырды.

1664 жылы Ресей мемлекеті құрамында хандық нысанда Қалмақ мемлекеті құрылды, хандық билік 1771 жылға дейін саяси кеңістікте билік құрды.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Авляев Г.О. Происхождение калмыцкого народа. — 2-е изд., перераб. и испр. — Элиста: Калм. кн. изд-во,
  2. Кичиков М.Л. Исторические корни дружбы русского и калмыцкого народов. Образование Калмыцкого государства в составе России. — М.: Наука, 1962.
  3. Пальмов Н.Н. Очерки истории калмыцкого народа за время его пребывания в пределах России. — Астрахань, 1922. — 139 с.; Этюды по истории приволжских калмыков. — Ч. ІV, V. — Астрахань, 1926–1932. — Ч. 1. — 260 с.; Калмыки и донские казаки в ХVІІ–ХVІІІ вв. Неопубл. рук. ЦГА Калмыкой АССР. — Ф.Р 145. — Оп. 1. — Ед.хр. — М.: Наука. 
  4. Преображенская П.С. Калмыки в І-й половине ХVІІ века. Принятие калмыками (торгоутами и дербетами) русского подданства: Автореф. дис... канд. ист. наук. — М., 1963. — С. 16.
  5. Златкин И.Я. История Джунгарского ханства. — М., 1964. 
  6. Беликов Т.И. Калмыки в борьбе за независимость нашей Родины. — Элиста: АН СССР. 1965. — 176 с.
  7. Бембеев В.Ш. О родоплеменных делениях и особенностях улусо-аймачной административной системы калмыков(ХVІІ–ХІХ вв.) // Проблемы этногенеза калмыков. — Элиста: КНИИИФЭ, 1984. — С. 59.
  8. Эрдниев У.Э. Калмыки. Историко-этнографические очерки / КНИИЯЛИ. — Элиста, М.: Наука, 1970. 
  9. Максимов К.Н. Калмыкия в национальной политике, система власти и управления России (ХVІІ в. – ХХ в.). — М.: Наука, 2002. — 524 с.
  10. Бакунин В.М. Описание калмыцких народов, а особливо из них торгоутского, и поступков их ханов и владельцев. Соч. 1761 года / Вступит. сл. М.М.Батмаева. — Элиста: Калм. кн. изд-во, 1995. 
  11. Бичурин Б.Я. [Иакинф]. Историческое обозрение ойратов, или калмыков, с ХV столетия до настоящего времени //ЖМВД. – 1833. — № 5. — Ч. VІІІ. — С. 36–111; № 7. — Ч. ІХ. — С. 280 — 325; № 8. — Ч. ІХ. — С. 381–445.
  12. Нефедьев Н.А. Подробные сведения о волжских калмыках, собр. на месте Н.Нефедьевым. — СПб.: К.Крайя, — VІІІ. — С. 290.
  13. Костенков К. Статистико-хозяйственное описание Калмыцкой степи Астраханской губернии. — СПб., 1868. — 174 с.; Исторические и статистические сведения о калмыках, кочующих в Астраханской губернии. — СПб., 1870. 
  14. Новолетов М. Калмыки: Исторический очерк. — СПб., 1886. 
  15. Позднеев А.М. Астраханские калмыки и их отношение к России до начала нынешнего столетия // ЖМНП. — Ч. 244. — С. 140.
  16. Соловьев С.М. Сочинения. — М., — Кн. ІV: История России с древнейших времен. — Т. 7/8. — М.: Наука. —С. 365.
  17. Материалы по истории русско-монгольских отношений, 1607–1636 гг.: Сб. док. — М.: Наука, 1959. — 352 с.
  18. Колесник В.И. Последнее великое кочевье: Переход калмыков из Центральной Азии в Восточную Европу и обратно в ХVІІ и ХVІІІ веках. — М.: Вост. лит., 2003. — С.
  19. Очерки истории Калмыцкой АССР: Дооктябрьской период. — М.: АН СССР, 1967. — 479 с.
  20. Полное собрание законов Российской империи. — Т. 1. — Собр. 1. № 145. — М.: АН СССР, 1976.
  21. Крестьянская война под предводительством Степана Разина: Сб. док. — Т. ІV. — Доп. — М.,
  22. Радлов В.В. К вопросу об уйгурах. (Приложение к LХХІІ-му тому Записок Имп. акад. наук). — СПб., — № 2. —С. 82.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.