Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасу жəне даму тарихы

Қазақстан Республикасының Үкіметімен 18 жыл ішінде мемлекеттік билік аясын реформалауға, жекелей алғанда орталық жəне жергілікті билік органдарының функцияларының бөлінуіне, жергілікті мемлекеттік билік органына заңмен бекітілген құзыреттері шегінде өз еріктіліктің берілуіне бағытталған заңдық-құқықтық негіз құрылды («Қазақстан – 2030» Даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейін дамуының стратегиялық жобасы, 2005–2007 жылдарға арналған Үкімет бағдарламасы, 2002–2006 жылдарға арналған Аймақтық саясат концепциясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы).

Қазақстанның дамуының «Қазақстан – 2030» Стратегиясында мемлекеттік функциялардың орталықсыздандырылуы мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүйесінің құрылуы Республика Президентімен басымдықтардың бірі ретінде анықталды. «Билікті орталықтан алудың жəне өкілеттіктерді өздері шұғылданатын объектілерге тікелей қатысты неғұрлым төменгі деңгейлерге ойыстырудың қажеттігі айдан анық», — деген Елбасы бұған жыл сайынғы жолдауларында да тоқталып отырды.

2005 жылы 18 ақпандағы халыққа жолдауында Үкіметке де нақты нұсқаулар мен тапсырмалар берді, Үкімет Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесiн айқындайтын, мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi шектеу процесiн аяқтайтын заң жобаларын əзiрлеп, Парламенттiң қарауына енгiзуi керек. Бұған қоса Үкiмет Қазақстандағы жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың дамуын қолдау жөнiнде мемлекеттiк бағдарлама əзiрлеуі тиіс болатын. Бұдан кейiн ғана елiмiзде жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды түпкiлiктi енгiзуге болады деген Елбасы билiктi одан əрi орталықсыздандыру қажеттігін алға тартты. Атқарушы билiк қызметiнiң ашықтығы ережеге айналуы керек. Сондай-ақ мəслихаттардың бақылау өкiлеттiктерiн кеңейтудi де қарастыру қажет. Бұл мемлекеттiк билiк жүйесiн орталықсыздандыру, жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесiнiң рөлiн арттыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болмақ [1].

Президент 2007 жылғы «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі ретінде жергілікті өкілетті органдарды дамыту мəселесін, яғни мəслихаттарды күшейтіп, оларға қосымша өкілеттіктер беру мəселесін алға қойды. Мəслихаттардың тексеру комиссияларын нығайту қажет, себебі аудандық мəслихаттар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізіне айнала алады [2].

Жергілікті өзін-өзі басқару ежелден-ақ қазақ қоғамына жат түсінік емес екені даусыз. Қазақтарда жергілікті өзін-өзі басқарудың тамыры, өзге де көптеген ұлттардағы сияқты, көшпелі тəртіп қалыптасқан кезде туындаған рулық жəне тайпалық қоғамдастық орын алған заманда жатыр. Ру старшиналары мен тайпа басшылары құрылтайлар мен көшпелілер жиналысында сайланды. Олар дауларды шешу, əскерлерді бөлуді қалыптастыру мен басқару өкілеттіктерімен бөлінген, рулық қауымдастықтар кең автономия мен үлкен салмаққа ие болды.

Н.С.Ахметова бұл туралы «көшпелі қазақ халқында қоғамдық қатынастарды реттеу, жүйелеу жəне басқару өзіндік түрде жүзеге асты» деген пікірде. Адамдардың жүріс-тұрыстарын реттеп, басқару қызметтің жеке саласы, мемлекет функциясы ретінде қалыптасқан жоқ, күзет жұмыстары мен қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету арнайы органдар əрекетіне негізделген жоқ. Қоғамдық тəртіп, қарапайым құқық нормаларының сақталуы «автономдыққа», көшпелі ұжымның өз бетінше, өзін-өзі басқаруына негізделді [3].

Көптеген авторлар Қазақстандағы өзін-өзі басқару өзінің белгілі бір қалыптасу тəжірибесін Қазақ хандығының өмір сүре бастаған кезінен, яғни кеңес кезінде Ресей империясының құрамында болған кезден бастап алады деген пікірде [4; 4].

Бұған мысал ретінде өзін-өзі басқару бастамасы кең талданған Тəуке ханның мемлекетінің ұйымдастырылу жүйесін нақты зерттеген С.Өзбекұлының монографиясын келтіреді [4; 5].

ХХ ғасырдың 20-жылдары Қазақстанды басқарудың ескі патриархалдық формаларын жоюға бағытталған саясаттың арқасында анағұрлым жетістіктерге қол жеткізген хандық феодалдық-рулық съездерді басқарудың, хандық билікті жоюдың нақты, соңғы əрекеті мен Қазақстанды Ресейге қосу мен оны отарға айналдыруға бағытталған саясатпен байланысты биліктің жаңа формаларымен таныстыруға кірісті [5].

Тура осы аралықта Ресей хандығының Қазақстандағы саясатында жаңа кезең басталады. Тарихи түрде Қазақстан территориясы Ресей империясы мен Орта Азия арасындағы транзиттік жол ретінде қалыптасты. Қазақстан арқылы стратегиялық маңызы бар керуен соқпақтары созылып жатты, сонымен қоса ол ресей өндірісінің өнімдерін өткізу мен шикізатты жеткізу айырбасының қолайлы нарығы болды. Бұл сауда айырбасы Ресей хандығынан Қазақстанды басқару жүйесі мен əдістеріне сəйкес өзгерістер енгізуді талап етті. Басқаруды қайта ұйымдастыру Ұлы жүзден, «Сібір қырғыздары туралы жарғы» жасалған соң басталды. Оның негізгі ережелерін құраған жалпы жетекші — Ресейдің либералды көзқарасқа ие белгілі мемлекет қайраткері М.М.Сперанский [6].

З.Ж.Кенжалиев бұл туралы өз еңбектерінде: «Патша өкіметі қазақ даласын əкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлу кезінде көшпелілердің рулық-тайпалық құрамына сүйенді (ауыл, болыс, округ). Орта жүз қазақтарын билеуді жетілдіру мақсатымен жергілікті басқару органдарын құру кезінде де патша өкіметі қалыптасқан əдет-ғұрып құқығы нормаларын тиімді пайдалануға күш салды. Округ, болыс басшылығына тек төре тұқымынан шыққандар ғана келе алады деген желеумен, сұлтандардың бұрыннан келе жатқан əлеуметтік артықшылықтарын бекітті», — деп жазады [7].

Қазақстан Ресей құрамына енген соң хан əкімшілігі өлкелерді тиімді басқару мақсатымен округтік приказдардың аға сұлтандары мен облыс басқармаларының, ауылдық старшындардың, сонымен қатар шектеулі юрисдикциямен билер сотының белгілі өкілдерін сайлау түріндегі жергілікті өзін-өзі басқару элементтерін енгізуге тырысты. Кейбір жергілікті мəселелерді шешу мақсатымен ауылдық жəне болыстық жиналыстар өткізілді.

Тарихи фактілерді талдау процесінде көптеген зерттеушілер Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың келесідей даму кезеңдерін көрсетеді:

  • революцияға дейінгі;
  • жалпы кеңестік;
  • қазіргі, оны шартты түрде кеңестік кезеңдегі жəне демократиялық деп бөлуге болады [8; 3].

Кейбір зерттеушілер жергілікті өзін-өзі басқарудың тарихи-құқықтық тəжірибесін ХІХ ғасырдың жартысы мен ХХ ғасырдың басына жүйелеп, жергілікті өзін — өзі басқарудың 5 кезеңін бөліп көрсетеді:

  • бірінші кезең — 1864–1889 жж. аралығы;
  • - екінші — 1890–1917 жж.;
  • - үшінші — 1918–1989 жж.;
  • төртінші — 1990–1995 жылдың қыркүйегіне дейін;
  • бесінші — 1995 жылдың қыркүйегінен қазіргі кезеңге дейін [8; 26].
  • соңғы жылдардағы жергілікті өзін-өзі басқарудың өзекті мəселеге айналуына байланысты, 6-шы, яғни «қазіргі», кезеңді қосуға болады.

Бірінші «земстволық» аралық (1864–1889 жж.) земстволық кеңселердің, сонымен бірге Ресей империясындағы ұлттық қиырларда да мұндай кеңселердің енгізілуімен байланысты.

1867–1868 жж. реформалардың енгізілуімен Қазақстанда ауылдар, болыстар, округтер Ресей империясының əкімшілік-территориялық бірліктеріне айналды жəне «түземдік əкімшілік» тіке басқаруға қатаң əсер етті.

1867 жылғы реформа қазақтардың жергілікті өзін-өзі басқаруына айтарлықтай демократиялық бастама жасады: ауылдық жəне болыстық старшындар өздерінің өкілеттіктері мерзімі аяқталғанша ауыстырылмайды; сайлау өткізіліп жатқан кезде сыртқы əсерлердің болуына жол берілмейді.

Екінші, «революциялық» кезеңнің (1890–1917 жж.) басты сипаттамалық қыры — Ресей империясының    қиырларында    конституциялық-демократиялық    саяси    кезеңнің    туындауы, сол аралықта Қазақстанның дамуында үлкен рөл ойнаған алғашқы жергілікті ұлттық органдар — Қазақ комитеттерінің құрылуы болды.

ХІХ ғасырдың аяғында үкімет Қазақстанда Ақпан буржуазиялық-демократиялық революцияға дейін əрекет еткен 1891 жылғы «Дала облыстарын басқару туралы ереженің» жаңа реформасын енгізді.

Жаңа «Ереже» 1867–1868 жылдардағы реформалармен салыстырмалы түрде алғанда əкімшілік жəне соттық құрылымға, салық жүйесіне кейбір өзгерістер əкелді. Бұл реформалар бойынша барлық Қазақстан аймақтары келесідей əкімшілік бірліктерге бөлінді:

  • облыстар;
  • уездер;
  • болыстар;
  • ауылдар.

Бірақ барлық Қазақстан облыстары, Сырдария облысын қоспағанда, Дала генерал- губернаторлығының құрамына енді.

Бұл «Ережеге» сəйкес, қазақтардың «қоғамдық өзін-өзі басқару» деп аталатын органдарының əрекетіне көптеген өзгерістер енгізілді. 1867–1868 жылдардағы реформаға қарағанда «қоғамдық өзін- өзі басқару» органдарының құрылу тəртібі анағұрлым бөлшектенген болды.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының Қазақстандағы шаруа тұрғындарды басқарудағы əрекеттері негізінен кулактардың жəне хан ордасының қаржылық жəне полициялық мүдделерін қамтамасыз етуді қолдауға бағытталды. Шаруашылық өзін-өзі басқарудың барлық органдары кулактар қолында болды [9].

ХХ ғасырдың басында Қазақстанда 1918 жылға дейін земстволық жəне қалалық өзін-өзі басқару органдары əрекет етті. Олардың дамуы мен əрі қарай да əрекет етуіне Ахмет  Байтұрсынұлы басқарған «Алаш» партиясы қолдау көрсетіп отырды.

Земстволық басқарудың сақталуы мен дамуы үшін, сонымен қатар сол кездегі қоғам қайраткерлері Міржақып Дулатұлы, Əлихан Бөкейханов, тағы да басқа зиялы қауым өкілдері күресті. Д.А.Аманжолова, В.В.Рысқұлов бұл туралы келесідей деректерді көрсетеді: «Қазақтың өзге де зиялы қауым өкілдері сияқты Жағанша Досмұхамедов Құрылтай жиналысы қалыптастыруы тиіс буржуазиялы-демократиялық федеративті республика үшін күресті. Ол Қазақстанда сонымен қатар өлкені толығымен автономды өзін-өзі басқару мен жергілікті жердегі земстволық өзін-өзі басқарудың буржуазиялы-демократиялық тəртібі қалыптасуы керек деген пікірде болды, бұған үлгі ретінде Америка Құрама Штатының қоғамдық-саяси тəртібін ұсынды. Нəтижесінде ұлтшылдар Қазақ өлкесін кеңестендіруге жол бермеуге бекінді. 1917 жылдың жазына қарай Алаш жетекшілерінің бір бөлігінен нақты көрініс таппаса да, автономдық жəне кеңістікке қарсы көңіл-күй байқалды» [5].

I Жалпы қазақ съезді (Оренбург қаласы, 1917 жылдың 21–28 шілдесі) қаулы етті: «... Ресейде демократиялы, федеративті, парламенттік республика болуы тиіс» жəне «қырғыз облыстары ұлттық ерекшеліктері мен тұрмыстық жағдайлары бойынша қарастырылған облыстық автономияға қол жеткізулері тиіс», сонымен қатар қазақтардың аңызға айналған ата-бабалары — Алаш атымен «жеке қырғыз саяси партиясының» құрылуы мəселесін қозғады. Съездің нұсқауы негізінде оның бағдарламаларын дайындау Жалпы ресейлік мұсылман съезіне сайланған делегаттарға, яғни А.Тұрлыбаевқа, М.Шоқайға, Ж.Досмұхамедовқа, тағы басқаларға тапсырылды. Жобаны облыстық Қазақ комитеттерінде талқылап, кейін оны Құрылтай жиналысында ұлттық депутаттар жиналысымен бекіту ұйғарылды.

Съезд Кеңес билігін мойындамауды ұйғарды. Құрылтай жиналысын өткізуге дейін жəне жалпы ресейлік баршамен мойындалған билік орнағанға дейін сол съезде құрылған, құрамында 15 адам, Əлихан Бөкейханов жетекшілік еткен, Баршақазақтардың уақытша ұлттық Кеңестері — Алашорда арқылы қазақтардың автономды өзін-өзі басқаруын тез арада, нақты жүзеге асыруға кірісу ұсынылды. Алашорданың Жағанша Досмұхамедов жетекшілік еткен батыс бөлігінен басқа, барлық қалған жергілікті органдарда (уездерде, болыстықтар мен ауылдарда) 1917 жылы Уақытша үкіметтің заңы негізінде ұйымдастырылған земстволық өзін-өзі басқару жүзеге асырылды.

«Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының ІІ-тарауы «Жергілікті бостандық» деп аталды, яғни мұнда келесілер қарастырылды:

  • қазақ жүрген облыстардың бəрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Ресей республикасының федерациялық бір ағзасы болуы. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен əзірге бірлесе болуы, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болуы, қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алуы;
  • «Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады;
  • «Алаш» партиясы ғаділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарқы ету жағына бастайды [10;7].

Алайда, өкінішке орай, Халықкомитеті ішкі істер бөлімінің нұсқауы негізінде 1918 жылы ақпан айында жергілікті өзін-өзі басқару идеялары пролетарлық диктатура орын алған мемлекеттің нақты міндеттеріне қарама-қайшы болғандықтан, земстволық жəне қалалық өзін-өзі басқару органдары таратылып жіберді.

Үшінші, кеңестік кезеңнің (1918–1989 жж.) типтік қыры — меншікті мемлекеттендіру мен монопартиялық идеология жағдайында жергілікті билік пен халықтың өз əрекеттілігін автономдауға жол берілмеді. Жергілікті Кеңестер біруақытта мемлекеттік басқару органдары ретінде де танылып, бірыңғай «демократиялы орталықтану» қағидасына бағынды.

1936 жылы Қазақ Совет Социалистік Республикасы құрылды, одақтас республика мəртебесі əрекет етуші орталықтандырылған бұйрықтық-əкімшілік басқаруды мүлдем өзгерткен жоқ.

1937 жылы қабылданған Қазақтың Совет Социалистік Республикасының Конституциясының V тарауында мемлекеттік өкімет билігінің жергілікті органдары туралы айтылды, яғни мемлекеттік өкімет билігінің облыстардағы, округтердегі, аудандардағы, селолардағы, станицалардағы, қыстақтардағы орындары — Еңбекшілер депутаттарының Кеңестері [10; 21].

Аталған Конституцияға сəйкес, Еңбекшілер депутаттарының Кеңестері (облыс, округ, аудан, қала, поселке, ауыл, селолардағы, органдары) өздері қараған территорияда мəдени-саяси жəне шаруашылық құрылысқа басшылық көрсетіп отырады, жергілікті бюджетті белгілейді, өздеріне бағынатын басқару орындарының ісіне басшылық көрсетіп отырады, мемлекеттік тəртіптің қорғалуын қамтамасыз етіп отырады. Отан қорғау ісін күшейтуге жəрдемдесіп отырады, заңдардың бұлжытпай қолданылуын жəне азаматтар правосының қорғалуын қамтамасыз етіп отырады.

Тоғызыншы сайланған Қазақ Совет Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясында 1978 жылғы 20 сəуірде қабылданған Қазақ Совет Социалистік Республикасының Конституциясының I-тарау 2-бабында Қазақ Совет Социалистік Республикасында бүкіл өкімет билігі халықтың қолында делінгенімен, жергілікті өзін-өзі басқару мəселесі қарастырылмады. Тоталитарлық мемлекет биліктік өкілеттіктер мен функциялардың жергілікті өзін- өзі басқару органдарына, яғни мемлекеттік емес институттарға да, бөлінуіне жол берген жоқ.

Жоғарыда аталған Конституцияның VI-ші бөлімі «Қазақ Совет Социалистік Республикасындағы мемлекеттік өкімет пен басқарудың жергілікті органдары» деген атаумен тек Халық депутаттарының жергілікті Кеңестері (XIV-тарау) мен Халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің атқару комитеттерінің (XV-тарау) құрылуы мен құрылымын, құқықтары мен міндеттерін, өкілеттіктерін қарастырды.

Конституцияның 125-бабына сəйкес, облыстарда, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда, поселкелерде, селоларда, ауылдарда, мемлекеттік өкімет органдары халық депутаттарының тиісті Кеңестері болып табылады. Халық депутаттарының жергілікті Кеңестері өз территориясында мемлекеттік, шаруашылық жəне əлеуметтік-мəдени құрылысқа басшылық жасайды, экономикалық жəне əлеуметтік даму жоспарлары мен жергілікті бюджеттерді бекітеді, өздеріне бағынатын мемлекеттік органдарға, кəсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға басшылық жасап, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға көмектесуі тиіс болды.

Ал Халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің атқарушы жəне жарлықшы  органдары депутаттар арасынан төраға, төрағаның орынбасары, хатшы жəне мүшелері құрамында оларды өздері сайлайтын Атқару комитеттері болып табылды.

Төртінші кезеңді — «реформаторлық», немесе «бір қадам алға, екі қадам артқа» (1990 ж. – 1995 ж. қыркүйегіне дейін), жергілікті биліктің орталықсыздандырылуы мен өзін-өзі басқару қағидаларын реформалауға деген белгілі қадамдар кезеңі ретінде сипаттауға болады. Бұл Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді органдардың қалыптасуындағы нағыз қарама-қайшы кезең. Тарихи өлшем бойынша аз ғана бұл кезеңде жергілікті өкілді органдар «өкілді органдардың жоғарылығы» қағидасынан жəне Қазақстанда тиімді жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы үшін алғы шарт бола алатын жекелеген өкілеттіктердің кең көлемде бөлінуден, жергілікті өкілді органдардың жергілікті мемлекеттік басқару органдары жүйесіне қосылуы мен кей мағынада кеңестік жүйеге оралуға дейінгі жолдан өтті.

1990 жылғы сəуірде «Біріккен Совет Социалистік Республикалардағы жергілікті өзін-өзі басқару мен жергілікті шаруашылықтың жалпы бастамасы туралы» Біріккен Совет Социалистік Республикалар Заңының қабылдануын мемлекеттік басқару жүйесіндегі түпкі жəне революциялық сəт ретінде санауға болады. Бұл жергілікті өзін-өзі басқару туралы бірінші заң болды, кеңестік мемлекетте сəйкес заңдар болған жоқ. Берілген заңда жергілікті атқарушы органдардың «екі жақты бағыныштылығы» жойылды, өзін-өзі басқарудың басты буындары болып қалалық жəне аудандық деңгейлер табылды. Бұдан басқа, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне тікелей демократия формасы, қоғамдық өзара əрекет органдары, яғни Халық депутаттары Кеңестері де жатқызылды. Бұдан кейін 1991 жылы 15 ақпанда «Жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару мен Қазақ Совет Социалистік Республикалар Халық депутаттарының жергілікті Кеңестері туралы» Қазақ Совет Социалистік Республикалар Заңы қабылданды. Бұл заңның енгізілуімен өкілді органдармен берілген атқарушы жəне реттеуші органдарға қатынасындағы өкілді органдардың жоғарылығы анықталды.

Мəні бойынша бұл заң Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды бекіткен бірінші арнайы мемлекеттік акті болды, мұнда жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару арасында шек болмайды, ал бұл органдар түсініктері алмастырылған түрде болды.

1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының XV-тарауы «Мемлекеттің  аймақтық  ұйымдастырылуы  жəне  жергілікті  басқару»  деп  аталды,  90-бабында тек

«жергілікті маңызы бар мəселелерді шешуді жергілікті өкілді жəне атқарушы органдар жүзеге асырады» делінген, алайда бұл Конституцияда қоғамның жергілікті өзін-өзі басқару мəселесі қарастырылмаған.

Ғ.Сапарғалиевтің   айтуы   бойынша,   Қазақстан   Республикасының   1993   жылғы   10  желтоксандағы «Жергілікті өкілді жəне атқарушы органдар туралы» Заңы қабылданғанға дейін, Қазақстанда мемлекеттік биліктің біртұтастығы қағидасында кұрылатын жергілікті мемлекеттік органдар болды. Село, ауылдарға дейін жергілікті халықтың өкілдері сайланатын жергілікті мемлекеттік билік органдары Халық депутаттары Кеңестері болды. Осы өкілді органдар жергілікті атқарушы органдарды қалыптастырды. Кеңестер жергілікті өзін-өзі басқару органдары деп танылды. 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заң жергілікті басқару органдарынын мүлдем басқа үлгісін енгізді.

Біріншіден, «мемлекеттік билік органдары» мен «Кеңестер қалыптастыратын  атқарушы органдар» деген ұғымдар жоғалды.

Екіншіден, өкілді органдар, яғни мəслихаттар, енді жергілікті атқарушы органдар қалыптастырмайды; жергілікті əкімшіліктің басшысы жергілікті халықтың емес, Президенттің өкілі болып табылады.

Үшіншіден, өкілді органдар аудан деңгейіне дейін қалыптастырылады да, селолық  (ауылды) жерлерде құрылмайды; бұл өкілді органдар жалпы мемлекеттік мүдделерді ескерумен тиісті əкімшілік- аумактық бірлік халқының еркін білдіруге жəне іске асыруға тиіс халықтың өкілді органдары болып есептелсе де, енді жергілікті өзін-өзі басқару органдары деп аталмайды.

Төртіншіден,  Заңда  енді  «жергілікті  өзін-өзі  басқару»  ұғымы  жоқ,  оның  орнына  «кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ азаматтары өкілдерінің жиналысы» деген басқа ұғым пайда болды.

Заң облыстық мəслихаттың өкілеттіктеріне облыс аумағындағы аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару органдары туралы ережені бекітуді жатқызған. Бұл тармақ Қазақ Совет Социалистік Республикасының 1991 жылғы «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңынан ауысты.

Бесінші кезең (1995 жылдың қыркүйегінен — қазіргі кезеңге дейін) жергілікті мемлекеттік басқару туралы нормалар мазмұнының концептуалды өзгерісімен жəне Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуына жағдайлар жасаумен байланысты.

1991 жылдан бастап тəуелсіз, унитарлы, демократиялық мемлекет ретінде танылып келе жатқан Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару Қазақстан Республикасының Ата заңы — 1995 жылғы Конституциясымен нақты танылған жəне кепілдік берілген.

Қазақстан Республикасының Конституциясының VIII-бөлімі «Жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару» деп аталады, 89-бабы жергілікті өзін-өзі басқаруға арналған, яғни аталған баптың 1-тармағы бойынша Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мəселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады [11].

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы жергілікті органдардың жаңа үлгісін бекітті. Ол оларды жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқаруға бөлді. Жергілікті мемлекеттік басқаруға: 1) жергілікті өкілді органдар — облыс, аудан, қала мəслихаттары; 2) жергілікті атқарушы органдар — облыстық, аудандық, қалалық, ауылдық əкімшіліктер жатады.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ халық қамтитын селолық жəне қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы жəне басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын  ұйымдастыру мен олардың қызмет тəртібін заңмен белгіленген шекте азаматтардың өздері белгілейді.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасу жəне даму жағдайы ұлттық тəжірибемен ғана емес, сонымен қатар шетелдік муниципалды тəжірибенің де маңызды əсерімен жүзеге асады. Қазақстандық жергілікті өзін-өзі басқарудың негізін құруда ерекше мəнге жергілікті өзін-өзі басқаруды кез келген демократиялық мемлекеттің негізі ретінде бекіткен жергілікті өзін-өзі басқарудың Еуропалық хартиясы ие. Жергілікті өзін-өзі басқарудың Еуропалық хартиясы 1985 жылы 15 қазанда Страсбург қаласында қабылданды. Хартияның І-бөлім 2-бабында жергілікті өзін-өзі басқарудың конституциялық жəне заңдық негізі берілген, яғни жергілікті өзін-өзі басқару принципі ішкі заңнамада, сонымен бірге бұл нақты мақсатты түрде бағытталған мемлекет Конституциясында да көрініс табуы керек.

Аталған Хартияның 3-бабында «жергілікті өзін-өзі басқару» түсінігі берілген, ол — жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өз құзыреті мен жергілікті тұрғындардың қызығушылығына сəйкес заң аясында əрекет ете отырып, қоғамдық істердің маңызды бөлігін реттей жəне басқара алу құқығы мен қабілеті [12].

Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізін анықтау бұл — оның мəнін құрайтын басты, негізгі, түпкі принциптерді айқындау. Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі — жергілікті өзін-өзі басқарудың іске асуы мен ұйымдастырылу процесі кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды анықтайтын жəне реттейтін, мемлекет қорғауында болатын жалпы негізгі бастамалардың, принциптердің жүйесі.

Жергілікті өзін-өзі басқару халық билігі ретінде Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының бір негізін құрайды, сонымен қатар Қазақстанның конституциялық құрылымының құраушы бөлігі болып табылады. Конституциялық құрылым бұл — адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалатын тəртіп, ал мемлекет конституцияға сəйкес əрекет етеді. Жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті билік, жергілікті құрылым, конституциялық құрылымның құраушы бөлігі ретінде бұл да бəрінен бұрын адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттері қорғалатын тəртіп, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен тұрғындардың өзі Конституция мен заңдарға сəйкес əрекет етеді. Сондықтан Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы негізінің маңызды бөлігін Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару негіздері  де құрауы тиіс.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды зерттеу жұмысымен айналысып жүрген көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстан Республикасында жергілікті билік деңгейінде жетекші орын мен нақты мəнге өкілеттіктері, ұйымдастырылған құрылымдары мен мемлекеттің құқықтық кепілдігі күшімен жергілікті мемлекеттік басқару ие. Ал жергілікті өзін-өзі басқару Қазақстанда жергілікті билікті жүзеге асыру тəсілі ретінде қарастырылмаған, дегенмен екінші деңгейлі рөлде, құрылу сатысында тұр.

Жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейту мен оларға қосымша өкілеттіктер беру жергілікті жерде өзін-өзі басқаруды қалыптастыру бойынша бірінші қадам болып саналады.

Қазіргі таңда Қазақстанның қалалары мен аудандары аумағында жергілікті өзін-өзі басқарудың нақты құрылымының қалыптасуы үшін алғы шарттар бар. Мұндай органдар болып еркін, құпия жəне жалпы тікелей сайлау негізінде сайланған мəслихаттар табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару мəнді деңгейде мемлекеттік биліктің жалғасы болып табылады, сонымен қатар ол жергілікті тұрғындардың қатысуымен жүзеге асырылады, сол себепті қоғамдық негізге ие жергілікті өзін-өзі басқару органдары екі жақты функцияларды орындайды — мемлекеттік жəне мемлекеттік емес.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мемлекеттік билік органдары (жекелей алғанда атқарушы) сияқты ұйымдасқан ұжымдық немесе сəйкес құрылымға ие жəне биліктік өкілеттіктермен бөлінген біржақты органдар.

Жекелеген зерттеушілер оларды мемлекет механизміне қатысты деп те жазады. Бірақ мемлекеттік органдардан айырмашылығы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі мемлекетпен анықталса да, мемлекеттік органдардан ерекшеленетін билікті іске асырады [13], олардың нормативтік-құқықтық актілері мемлекеттің барлық территориясында əрекет етпейді, олар қалыптасқан жəне өздеріне тəн өкілеттіліктерінің сəйкесінше жүзеге аспағаны үшін жауап беретін территориялық қоғамның аумағына ғана таралатын болады.

Үкіметтің шешімімен 1996 жылдары тұрғын үй қорын ұстау мен эксплуатациялау мəселелерін шешуге тиіс коммуналдық-əлеуметтік комиттетері құрылды, алайда олардың  құзыреттері осымен ғана шектелді, оларды жергілікті өзін-өзі басқарудың элементтерінің бірі ретінде көрсетті.

Жыл өткен сайын республиканың жекелеген өңірлерінде қоғамдық өзін-өзі басқару комитеттері мен аумақтық өзін-өзі басқару комитеттері (АБК) əрекет ете бастады, бұл бастама алғаш  рет Қостанай қаласында жүзеге асырылды. Аумақтық өзін-өзі басқару комитеті жергілікті əкімиятпен сырттай əсер ету сипатында болса да, бірлесе қызмет атқарып, біраз əлеуметтік мəселелердің шешілуіне атсалысты.

Жергілікті мəселелерді шешудегі келесі қадамдардың бірі болып 1999 жəне 2001 жылдары селолық əкімдерді сайлаудың эксперименталды жүргізілуі табылды, алайда берілген тəжірибе аймақтарда кең қолданылған жоқ. Бірақ эксперименталды кезеңнің өзінде тұрғындар жоғары белсенділік танытып, шешім қабылдауға дайындықтарын көрсетті. Берілген мəселенің  өткірлігі даулы талқылауға əкелді жəне мемлекеттік комиссияның демократиялық реформалар бағдарламаларын жасау мен нақтылау бойынша отырысында бірнеше рет қаралды.

Алтыншы, яғни «қазіргі», кезең өзінің бастауын ағымдағы кезеңде əрекет етуші жергілікті мемлекеттік басқаруды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер қабылданған кезден алады.

2000 жылы бір уақытта екі заң жобасы ұсынылған болатын, яғни олар: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» жəне «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобалары.

Сол уақытта Еуропадағы қауіпсіздік жəне əріптестік бойынша ұйым, Адам құқығы мен демократиялық институттар бойынша бюро, ОБСЕ орталығы Алматыда аталған заң жобаларының талқылауын өткізді, нəтижесінде келесідей қорытындылар шығарылады: «Екі заң жобасы да жергілікті өзін-өзі басқарудың Еуропалық хартиясында жазылған негізге сəйкес жергілікті өзін — өзі басқаруға бағытталмаған. Заң жобаларының мақсаты болып орталықтанған мемлекеттік басқару үшін территориялы жүйенің құрылуы табылады. Тиімді мемлекеттік басқару көзқарасы бойынша, заң жобаларының моделі мен заң тілі үлгілі тəжірибелерге сəйкес емес. Орталықтанған мемлекеттік басқарудың қалыптасуына бағытталған жағдай Конституциямен қарастырылған тəртіп  шегінде жүзеге асады, бірақ бұл шектің өзінде де, заң жобаларында, жергілікті өзін-өзі басқаруға деген анағұрлым шекті жағдайларға жол берілген. Жергілікті билік органдары жергілікті тұрғындармен демократиялық қалыптасқан жергілікті басқару органдары ретінде де, əкімшілік орталықсыздандыру көзқарасы бойынша да, лайық өкілеттіктерге ие болмайды».

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бұдан кейін де көп талқылауға түсіп, ел Парламентіне бірнеше рет ұсынылды, алайда заң сапасының төмендігіне байланысты осы уақытқа дейін қабылданбай келеді.

Бүгінгі таңда бізде жергілікті басқаруды реттейтін бір ғана заң бар, ол — 2001 жылғы 23 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы.

Еліміздегі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мəселесі сонымен қатар, жоғарыда атап өткеніміздей, жыл сайынғы Президенттің халыққа жолдауларында да маңызды міндеттердің бірі ретінде аталып кетеді.

2007 жыл еліміз үшін саяси жүйені одан əрі дамытудағы айқындаушы кезең болды. Бұл уақыт аралығында Президентіміз Н.Ə.Назарбаевтың бастамашылығымен жүргізілген  соңғы конституциялық реформалар еліміздің саяси даму тарихындағы үлкен оқиғалардың бірі  болды. Соңғы конституциялық жаңарулар Парламенттің, мəслихаттардың қоғамдағы рөлін арттырумен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне де тың өзгерістер алып келді.

Енді жергілікті өзін-өзі басқаруды мəслихаттар мен халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүзеге асырады. Конституцияда көрініс тапқан ережеге сəйкес, елімізде жергілікті басқарудың негізі мəслихаттар болып табылады. Мəслихаттар құрылмайтын өзге жергілікті қауымдастықтарда жергілікті өзін-өзі басқару органдары құрылады. Мұндай жергілікті қауымдастықтар ауылдар, селолар, қаладағы аудандар болуы мүмкін [14].

Сондай-ақ кейінгі конституциялық өзгерістерде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігі де қарастырылды, яғни жергілікті өзін-өзі басқару органдары заңмен шектелмеген жағдайларда мемлекеттік функцияларды да жүзеге асыруы мүмкін.  Көріп  отырғанымыздай,  жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  қазақстандық  үлгісінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен мемлекеттік құрылымдардың өзара байланысына жəне бірлесуіне үлкен орын беріледі.

Зерттеушілердің пікірінше, біздің еліміздің басшылығының саяси еркін орталықсыздандыру қағидасының сəтті жүруін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің құрылуының басты факторы ретінде сануға болады. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін реформалау мен жергілікті өзін-өзі басқарудың құрылуы — бұл маңызы жағынан ұлттық қауіпсіздік немесе азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына əсер ететін экономикалық өсуден төмен емес мемлекеттің құрылуының басты элементі. Сол себепті бұл мəселедегі саяси ерік мемлекеттік саясаттың өзге де маңызды сұрақтарын шешудегі еріктермен қатар келуі тиіс.

Жергілікті өзін-өзі басқару институтының енгізілуі мемлекеттік органдармен ертерек шешіліп қойған жергілікті қоғамдастықтың мəселелерін шешуге азаматтардың да қатыстырылуын анағұрлым күшейтуге мүмкіндік береді, сонысымен де тұрғындардың белсенділігін көтереді. Басқарудың тиімділігі пропорционалды түрде тікелей биліктің халыққа қаншалықты жақындығынан тəуелді.

Біздің еліміздегі қазіргі таңдағы жергілікті өзін-өзі басқарудың даму процесі бастапқы сатыда тұр. Жергілікті өзін-өзі басқару — биліктің халыққа ең жақын бұтағы. Оның қалыптасуына қатыса отырып, адамдар мен азаматтар демократияға, заңды тыңдауға, туындаған мəселелерін заң шегінде өз бетінше тиімді шешудің формаларын іздеуге үйренеді. Көптеген зерттеушілер еліміздегі  осы мəселені шешудегі міндетті қадамның бірі жергілікті өзін-өзі басқару туралы нормативті акт қабылдау екенін алға тартады. Шын мəнінде де, жергілікті өзін-өзі басқаруды нақты, толыққанды реттейтін жəне оны еліміздегі жергілікті жердегі басқару жүйесінің бір тармағы ретінде танытатын заңды негіздің болмауы жергілікті өзін-өзі басқарудың даму процесінің жүруін баяулатады.

Қоғамды демократияландырудың, сəйкесінше конституциялық реформаның маңызды шарттарының бірі мен нақты мақсаты болып, сөзсіз, азаматтық қоғамның қалыптасуы табылады. Бұл мағынада, Конституцияға енгізілген өзгерістер озық сапасымен анағұрлым ерекшеленеді.

Жергілікті өзін-өзі басқару институты оның өкілдеріне мемлекетті басқаруға жəне азаматтық қоғамға деген белгілі қадам болып табылатын, үкіметтік емес өзге де қоғамдық ұйымдармен əріптестіктің кеңеюіне кең мүмкіндік береді.

Қазақстан көптеген халықаралық саяси институттар мен процестердің мүшесі болып табылады.

Қазіргі таңда мемлекеттік биліктің орталықсыздандырылуы мен жергілікті өзін-өзі басқару институтының қалыптасуы — Қазақстандағы демократиялық реформалардың маңызды бөлігі.

Тұрғындардың тұрмыстық əрекеттерінің маңызды мəселелерін шешудегі  белсенділіктерін көтере отырып, жергілікті өзін-өзі басқару қоғамның дамуына өзіндік қозғалыстың қосымша ішкі стимулдарын беруге, əлеуметтік-экономикалық жəне ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге қабілетті.

Қазақстандық қоғамның саяси жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқару институтының жағдайы келесімен анықталады, яғни бұл биліктің тұрғындарға анағұрлым жақын деңгейі, олармен құрылады жəне тұрғындардың негізгі өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру мəселелерін шеше  отырып, оларға тікелей бағынышты. Сонымен бірге рационалды ұйымдастырылған өзін-өзі басқару жергілікті ресурстарды тиімді қолдануға, қоғамдағы əлеуметтік шиеленісті шешуге, халықтың билікке деген сенімін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуының халықаралық тəжірибесі көрсеткендей, жергілікті өзін-өзі басқарудың модельдері бір ел шегінде де жергілікті дəстүрлер мен мəдениетке, экономикалық жəне жергілікті қоғамдастықтың тұрмысына əсер ететін өзге де жағдайларға тəуелді түрде дамиды. Бұған байланысты жергілікті өзін-өзі басқару азаматтардың басқаруға қатысуы ретінде жергілікті ерекшеліктер есебімен жəне жоғарғы сатыдағы шенеуніктерге емес, жергілікті тұрғындарға жақсы таныс жергілікті қажеттіліктерге сəйкес жүзеге асырылады. Сол себепті жергілікті өзін-өзі басқару азаматтық қоғам мен өзін-өзі ұйымдастырудың элементтері бар қоғамда тиімді болмақ.

Осы негізде Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен даму Концепциясы аясында келесідей қадамдар жасалды:

  • Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуының мақсаты мен міндеттерін жəне олардың жүзеге асырылуының нəтижесін жүйелеу;
  • Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару моделін құру үшін негізгі талаптар мен оның жүзеге асырылуының механизмдерін қалыптастыру.

Осымен байланысты Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуының басты мақсаты əрбір азаматтың өзі тұратын аумақтағы даму мəселелерін шешуге қатысу құқығының іс жүзінде жүзеге асырылуынан, азаматтың потенциалды мүмкіндіктерінің анағұрлым толық ашылуы мен оның өздігінен жүзеге асырылуы үшін қажетті жағдайлардың туындауынан тұрады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы азаматтық қоғамның қалыптасуы жəне дамуымен, елдің жалпы əлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, жергілікті қоғамдастықтың тұрмысына тікелей əсер ететін өзге де факторлар жəне шарттармен байланысты ұзақ, көпсатылы жəне серпінді процесс болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы нақты жергілікті өзін-өзі басқарудың бірінші сатысының басым міндеттері болып келесілер табылады:

  • жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің қазақстандық мемлекеттіліктің дамуының жалпы стратегиясы аясында реформалануы;
  • республикадағы жергілікті өзін-өзі басқару модельдерін жасау, басқару жүйесіндегі оның орны мен рөлінің айқындалуы;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың заңмен қамтамасыз етілуі;
  • орталықсыздандыру жəне мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасындағы өкілеттіктер мен функциялардың шектелуі;
  • жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуының қаржылық, материалды-техникалық жəне ұйымдастырушылық алғы шарттардың құрылуы;
  • жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін мамандар даярлау.

Жалпы жəне жергілікті жағдайлардың өзгеру шамасы бойынша жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін, бұл өзгерістерге сай түрде өзгеріп, икемделуі тиіс. Бұған сəйкес жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуының əрбір сатысында өзіндік арнайы міндеттері шешіліп отырады.

Іс жүзінде жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік биліктің жалғасы болып табылады. Ол сондай-ақ жергілікті тұрғындардың қатысуымен іске асырылатыны маңызды. Сондықтан да мұның өзі саяси шешімдерді қабылдаудың барысында оған қоғамның кеңінен белсенді қатысуына жол салады. Жергілікті тұрғындар біртіндеп өздерінің алдында тұрған мəселелерді өз бетімен шешуге үйренеді.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі орталық билік пен жергілікті билік орындары арасындағы өкілеттіліктің нақтылы шектелуін қажет етеді. Осындай жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттің бекіткен жəне таныған халықтың өзін-өзі басқару құқығы болып табылады. Бұл жерде халық билігі жергілікті маңызды мəселелерді өз жауапкершілігіне алады. Сондай-ақ жергілікті билік орталық органдардың келісімімен ішкі мүмкіндіктерді өздері пайдаланып, проблеманы шешіп отырады. Бұл жерде орын алған қиындықтар, əсіресе əлеуметтік саладағы шешімін күткен маңызды мəселелер жергілікті тұрғындардың көңіл-күйіне қатты əсер ететінін ескеру қажет.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру бірнеше стратегиялық мақсаттарды көздейді. Бұл жерде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, төменгі буындардағы жемқорлықты азайту азаматтық қоғамды қалыптастырып, дамытуға көмектеседі. Өзін-өзі тиімді басқару біртіндеп жергілікті тұрғындардың жауапкершілігін арттыра отырып, жоғарыдан көмек күтпей, кездескен проблемаларды бірлесіп шешуге қолайлы жағдай жасайды. Осындай жағдайда жергілікті билік тұрғындар алдында бедел жинап, өкілеттілікке ие болады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1.  Қазақстан экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жедел жаңару жолында: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. — 2005. // akorda.kz. — 4-б.
  2. Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.— 2007 // Егемен Қазақстан. — № 6. — 2007. — 28 ақп. —— 3-б.
  3. Ахметова Н.С. Право кочевого казахского общества: Учеб. пособие. — Караганда: ТОО «Арко», 2007. — С.
  4. Жумадилова А.Б. Конституционно-правовые основы местного самоуправления в РК (вопросы теории и практики): Ав- тореф. — Алматы: Атамұра, 2005. — 142 с.
  5. Аманжолова Д.А., Рыскулов В.В. Председатель западного отделения Алаш-Орды Д.Досмухамедов и судьбы казахской интеллигенции в период сталинских репрессий // www.akorda.kz.
  6. История Алаш и Алаш-Орды. Алашская проблема в казахстанской историографии 20–30-х годов // www.google.кz.
  7. Кенжалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дəстүрлі құқықтық мəдениет (теориялық мəселелері, тарихи тағлымы). —Алматы: Жеті жарғы, 1997. — 148-б.
  8. Ахметов М.Д. Местное самоуправление в политическом развитии Казахстана: Автореф. канд. юрид. наук: 12.00.01. —Астана: Баспа, 2000. — 26 с.
  9. Сартаев С.С. История государства и права Казахской ССР: Учеб. пособие. — Ч. — Алма-Ата: Мектеп, 1982. —С. 161.
  10. Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері. Конституциялық актілер — Казахстан: этапы государственности. Конституцион- ные акты / Құраст. Ж.Бəйішев. — № 4. — Алматы: Жеті жарғы,
  11. Қазақстан Республикасының Конституциясы. — Алматы: Жеті жарғы,
  12. «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Еуропалық хартия.
  13. Баймуратов М.А., Григорьев В.А. Муниципальная власть: актуальные проблемы становления и развития в Украине. —Одесса: Юрид. литература, 2003. — С. 10.
  14. Мырзахметов Ш. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару жаңа конституциялық өзгерістер жағдайында: қалыптасуы мен даму перспективасы. — Местное самоуправление в Казахстане в условиях нового конституционного поля: опыт становления и перспективы развития: Матер. междунар. науч.-практ. конф. — Астана, 2008. — 29-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.