Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Отпен атылатын қарудың жəне ату іздерін қарау ерекшеліктері

Біздің елімізде көптеген адам өміріне қауіпті қылмыстар (кісі өлімі, қарақшылық, терроризм т.б.) қаруды қолдану арқылы жасалады. Бұлардың ішінде отпен атылатын қару арқылы жасалған қылмыстар ерекше қауіп туғызатыны белгілі. Сондықтан да отпен атылатын қаруды жəне одан атылатын оқ-дəрілерді теориялық деңгейде зерттеу өте маңызды. Осыған байланысты біздің жұмыс отпен атылатын қару мен оқ дəрілерді криминалистикалық зерттеуге арналған.

Отпен атылатын қару мен оқ-дəрілерді зерттеу қылмыстарды саралауға жəне кейбір жағдайларда қылмыс құрамының бар не жоқ екенін анықтауға септігін тигізеді. Сондай-ақ қылмыс құрамының объективті жақтарымен бірге, субъективтік жағын да анықтауға осы отпен атылатын қаруды зерттеу көмектеседі. Мысалы, абайсызда немесе қасақана кісі өлтіру, өзін-өзі өлтіру жəне бақытсыз жағдайға ұшырау сияқты жағдайларды анықтау. Бұл үшін тергеуші жəне арнайы мамандар отпен атылатын қару мен оқ-дəрілерді, олардан қалған іздерді жан-жақты қарастыруы қажет. Өйткені атудың нəтижесінде көптеген сырттай көзге көрінетін белгілер қалады: қылмыс болған жерде оқ не болмаса бытыра, аңшылық қарудың гильзасы, оқтың адам денесіндегі, киіміндегі, жиһаздағы іздері жəне тағы басқа соған ұқсас белгілер. Ал, осылармен қатар, ішкі белгілерге қарудың ұңғысындағы қалатын іздерді жатқызуға болады. Сонымен, отпен атылатын қару дегеніміз оқ-дəрі, газдың  əсерінен снарядты ататын қару болып табылады. Оның мынадай негізгі белгілерін көрсетуге болады: а) отпен атылатындығы; ə) зақым келтіру үшін арнайы жасалғандығы; б) өлтіру күші; в) мықтылығы [1].

Отпен атылатын қару мен ату іздерін анықтау жəне алу əр түрлі шараларды қолдану мен тергеу əрекеттерін (мысалы, алу, тінту кезінде, олардың сəтті болуына қылмыскердің қару-жарақ жəне оқ- дəрілерінің жалтару тəсілдерін білуден байланысты болуы мүмкін) жүргізу кезінде орын алады. Дегенмен, атылған қарудың қолданылғандығының дəлелдемесін анықтау бойынша негізгі тергеу əрекеті болып оқиға болған жерді қарау болып саналады. Осындай қарауды өткізу соттық баллистика саласындағы маманның қатысуымен өткізілгені жөн. Оқиға болған жерге шықпас бұрын қару- жарақтың ұрлануын алдын ала жəне оны қорғау бойынша шаралар қолданылуы тиіс. Егер қарауға ашық жер жатқызылса, онда хаттамада ауа райы жағдайлары туралы мəліметтер көрсетілуі тиіс, мысалы, дымқылдылық, жаңбыр, температура, жел, оның күші, бағыты. Оқиға болған жерді қарау барысында келесі сұрақтарды шешу үшін мəліметтерді анықтауға тырысу қажет:

а) атылатын қару шынымен де қолданылды ма; ə) қандай қару жəне оқ-дəрілері қолданылды; б) қандай объектілерде атудың іздері қалды;

в) атудың бағыты мен арақашықтығы;

г) атқан адамның мүмкін болатын мекен-жайы; д) өзін-өзі өлтіру фактісі орын алып отыр ма;

е) ату қандай жағдайларда болды, ол қарудың түсіп қалу не ұрынудың (төмен түсіру ілмегіне баспай, шыққан ату) нəтижесі болған жоқ па.

Атылатын қаруды анықтау кезінде оны, ең алдымен, масштабтық сызғышпен детальдік жəне тораптық фотоға түсіреді. Фотосуретте қарудың түрі мен оны анықтаудың орны ғана емес, сондай-ақ оның тапанша, шүріппе, ысырма жəне т.б. жекелеген бөлшектерінің жағдайы да рəсімделуі тиіс. Дəл осы жерде барлық қоршаған заттардың, еденнің жəне грунттың үстіңгі қабаты қарумен ұру немесе оның түсуінің іздерін анықтау мақсатында қарау керек. Дəл осы мақсатпен қарудың шығыңқы детальдары да қарастырылады. Осыдан кейін қарудан сол мекен-жайдағы екі тұрақты бағыт пен мəйіттің қолдарына дейінгі қашықтық анықталады.

Қаруды қараған кезде қауіпсіздік шараларын ескеру қажет: төмен түсіру ілмегіне баспау, қарудың діңгегін жоғары қарай ұстап тексеру, қолдан түсіріп алмау. Қаруды саусақ іздерінің қалдырылуының аз мүмкіндігі бар жерлерден ұстап, қолына резеңке саусақты қолғап киіп тексереді. Қарудың діңгегіне қандай да бір заттарды енгізу не кіргізуге тыйым салынады. Сонымен қатар ауыз тесігінен де ұстауға болмайды, өйткені онда қан қалуы мүмкін [2; 142].

Қаруды қарау үшін оны таза қағаздың үстіне қояды. Хаттамада қандай да бір бөтен объектілердің, мысалы, саусақ іздері, шаш, қан іздерінің, орналасқан жері туралы мəлімет енгізіледі. Солардың ішіндегі тергеу үшін маңызы бар жəне жоғалып қалуы мүмкін заттар алынып, арнайы сыйымдылық не пакеттерге салынады. Қарудан магазин (ондағы патрондар саны мен олардың маркалық белгі не атаулары рəсімделеді) жəне патронниктен оқ алынады.

Аңшылыққа арналған қарудан діңгек алынады. Осы ереже бойынша револьвердің жағдайы ерекше: оның каморлары атылған гильзалардан да, патрондардан да босатылмайды. Маркалық атау немесе белгілері бойынша камора не болмаса патронның қайсысы діңгекке қарсы орналасқаны рəсімделініп, гильзалар жəне патрондардың кезектілікпен орналасуы туралы мағлұмат хаттамаға енгізіледі.

Кейіннен қарудың маркалық атаулары мен құрылымдылық ерекшеліктері анықталады. Қарудың діңгегін, əсіресе аңшылыққа арналған қаруды тазалау əрқашан да өз-өзін ақтамайды,  өйткені тергеуші бастапқы кездерде сараптама алдына қандай сұрақтарды қою керек болатынын əлі білмейді.

Тазалаудан кейін соңғы ату өткізген снарядтың түрін анықтау мүмкіндігі жойылады. Атудың ескеруі туралы сұрақты шешу керек болған кезде де қаруды тазалау қажет етілмейді.

Аталған жəне өзге де сұрақтардың шешілуі үшін қарудың діңгектері жабысқақ таспамен бекітілген қағаз қалпақшаларымен жабылуы керек. Атудың ескіруін зерттеу үшін қару жедел түрде жеткізілуі қажет, өйткені бұл сұрақтың сəтті шешілуі тек алғашқы бес тəулікте ғана қамтамасыз етіледі.

Егер діңгекті тазарту жағдайлары талап етілсе, онда ол қарудың ілеспелі  бөлшектерін қарағаннан кейін тазалайды. Діңгектің каналдары бөлек қойылатын дəкелік тампондарымен үш ретке дейін сүртіледі. Осыдан кейін діңгектің каналы нейтралды маймен жағылады.

Мəйіттегі атылған зақымдарды қарау барысында қолданылған қарудың моделі, патрондардың түрі, атудың ара қашықтығы мен бағыты туралы мəліметтер анықталуы мүмкін. Нақты оқиғаның сəтті тергеуінен ату өткізілген жағдайлардың объективті анықталуы байланысты болады. Қараудың хаттамасында дененің қай бөлшегіне ату сай келді, киімнің қандай заттары жəне жоғарыдан бастап қандай кезектілікпен атылғандарға ұқсайтын зақымдардың бар екені рəсімделеді. Сонымен қатар ату зақымы бар салада киім түймеге салынды ма, киім денеде тығыз отырды ма, қандай ластану байқалғанын ескертіп өту қажет [3].

Қарау кезінде оқ-дəрілік түйіршіктері мен атудың құрымкүйесін анықтау үшін лупа мен электронды-оптикалық қайта қалыптастырушының (ЭОҚҚ) көмегіне жүгіну қажет. Киім жəне денедегі заттарда зақымдардың орналасуы, олардың формалары, мөлшері, шеттердің жағдайлары, атудың өнімді бөліп орналастыратын зоналары (олардың зақым, форма, мөлшерге қатысты орналасуы) сияқты заттар туралы мағлұматтар бекітіледі.

Бастапқы тосқауылда оқ-дəрі жəне құрымкүйенің түйіршіктерінің анықталу фактісі атудың жақын арақашықтығы туралы куəландырса, оқ-дəрілік түйіршіктерінің түрлері, құрымкүйенің бөлінген жерлерінің ерекше топографиясы қарудың моделі туралы күəландырады. Жасалынған атудың бағыты туралы сүрленуінің аса интенсивті учаскелерінің орналасуы орны немесе оқ-дəрілік түйіршіктерінің бөлініп шыққан жерлері бойынша, сондай-ақ қажалудың аса интенсивті жəне кең учаскесін іздеу, оқтың тайғану іздерінің бар болуы бойынша есептеуге болады.

Оқтың саңылауларын мұқият қарау керек. Саңылаудың шеттеріндегі ұлпа жіптерінің барлық шеттерінің бірыңғай ұзындығы қару діңгегінің перпендикулярлы түрде орналасуының белгісі болып саналады, кіру жағында орналасқан бұрышының астындағы ату кезінде оқтар ұлпа  жіптерінің шеттері қысқа əрі түзу екенін көрсетсе, қарама-қарсы жақта олардың тым ұзын, түзу емес шеттері, сондай-ақ ұлпаның бүлінуі байқалынады [4].

Аналогиялы белгілерді адамның терісінде де байқауға болады. Егер кіру саңылауы дененің ашық жерінде орналасса, онда мəйіттің киімін шешпей, кіру саңылауынан ату жағынан басталатын жерден, киімнің шетіне дейін қашықтықты өлшеу қажет. Бұл арақашықтық туралы сұрақты шешу үшін атудың қалатын өнімдерінің зона көрсеткіштерін объективті түрде қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар дене, киім жəне мəйіттің жанындағы қан іздерінің сипатына көңіл аудару қажет. Бұдан ату кезіндегі адам денесінің жағдайларын, сондай-ақ оның белгілі бір жағдайдағы салыстырмалы түрдегі болу уақытын анықтауға болады. Жақын қашықтықтағы белгілердің бар болуы, сондай-ақ мəйіттің жанында қарудың не болмаса шүріппесінің төмен түсіруіне басатын заттардың анықталуы орын алғанда қолдың білезігіне шаю өткізілуі тиіс. Ол үшін спирт не болмаса азот қышқылының жеті пайыздық ерітіндісіне суланған, бірдей мөлшердегі үш мақталық тампон алынады. Екі тампонмен өлген адамдардың қолдары сүртіледі, ал үшіншісі бақылау үшін таза болып қалады. Барлық тампондар бөлек-бөлек сəйкес жазбалармен таза ыдыстарға салынады. Лабораториялық жағдайда осы тампондардың зерттелуі өлген адамдардың өзін-өзі атқандағы туралы фактіні анықтауға (немесе теріске шығаруға) көмектеседі. Мəйітті шешіндіру үшін жазық, түзу жерге ақ мата не клеенка төселіну керек. Көп жағдайда оқ адамның денесін тесіп өткен соң,  киімнің астында қалып қояды, сондықтан оны дұрыстап қарап шығу керек, бірақ ату іздерінің суретін өзгертпеу үшін, ешқандай жағдайларда оны сілкуге болмайды.

Атылған оқ қаруынан келтірілген зақымы бар жерді сыртынан жəне ішінен 20 немесе 25 см мөлшеріндегі таза ақ матамен, ал кішкентай бұрыштағы ату кезінде матаны дененің сыртқы жағында ғана орап алу керек. Мысалы, пистолеттен 30 см қашықтықтағы жəне 15 градус бұрышындағы ату кезінде құрымкүйе зонасы оқтық саңылауының басынан бастап 24–27 см қашықтықта анықталады.

Бұрыш астындағы атыс кезінде зақым атипті формасынан (өткір затпен келтірілген зақымға ұқсас) ие болады.

Оқтан ойылып кеткен жерлердің морфологиялық сипаты белгілі бір түрде шекаралық материалдардың сапалық күйі мен құрылымына байланысты болып келеді. Көптеген объектілер үшін кіретін атылған зақымдар ішіне қарай тартылған тегіс шеттері мен қажалудың  болуымен сипатталады.

Шығу саңылаулары көбінесе мөлшері бойынша үлкен болып келеді, ал шеттері түзу  емес, сыртқа қарай шығып тұрады. Егер оқ тосқауылмен кездескенде деформацияға ілікпесе, онда оқтық каналдар бүкіл ұзындығы бойынша əдеттегідей, бірдей диаметрлі болып келеді. Тек əйнек жəне сол тəрізді материалдардағы зақымдар ғана ерекше сипатқа ие болады, өйткені олар конус тəрізді формада, сондай-ақ саңылауының жан-жағында радиалды жəне концентрикалық (доғалық) жарықтары болады. Əйнектің сынық бөлшектерінің ішкі үстіңгі қабаты трастардың жиналып қалған күйіндегі ирек бедер түріне ие болады. Бұл трастар радиалды жарықтарда оқтың ұшқан бағытына қарай, ал концентрикалықты керісінше кеңейтеді. Əйнектегі саңылаулар мөлшерлері оқтағы калибрдан көп [1].

Жақын қашықтықтағы ату кезінде жəне бұрыштың астында əйнектің үлкен зақымдары байқалынады. Əйнектің сынық бөлшектері, сондай-ақ басқа да материалдардың жарықтары атуға қарама-қарсы тұрған жаққа түседі. Əйнектің конфигурациясын есепке алып, құрастырылатын əйнек жарықтарын транспортировкадан өткізу үшін, оны ақ қағаз не мөлдір пленкаға жабыстыруға болады. Атылған жақтан əйнектегі құрымкүйені анықтауға болады, ал оны зерттеудің нəтижесінде атудың қашықтығын анықтауға болады. Əйнектің ірі бұзылуы кезінде оқтың саңылауының ортасы радиалды линиялардың жалғасу жолымен анықталады, ал олардың қиылысу нүктесі ізделіп отырған орталығын көрсете алады.

Бытырадағы оқтан келтірілген зақымның формасына ылғалдылық дəрежесі əсер тигізеді, ал оның ұлғаюы оқ тиген жердің қысқаруына əкеледі. Шығу саңылауларының саласындағы бытырада оқтың шығатын жағында жаңқаланған жерлер байқалынады.

Оқиға болған жерді қарау хаттамасына тек фактілік мəліметтер ғана енгізіледі. Ең алдымен, атылған зат толығымен сипатталады, оның қай жағында зақым орналасқандығы көрсетіледі. Зақымның орналасу жері грунтқа жəне заттың басқа да тұрақты екі бөлшегіне қатысты орнықтырылады. Егер зақым жалғыз болмаса, онда олардың арасындағы қашықтық та көрсетіледі. Мүмкіндігінше визуалды түрде, өлшеу жолымен жəне бұзбайтын басқа да əдістерімен қалыптастырылатын, зақымның пайда болу жəне қалыптасу механизмінің белгілері де сипатталады. Өлшемнің нақтылығын талап етуіне байланысты рулетка, сызғыш жəне штангенциркуль қолданылады. Атылған оқ зақымдары ең алдымен толық, ал содан кейін саңылаудың өзі өлшенеді, сонымен қатар қажалу нүктесі сыртқы диаметр бойынша өлшенуі керек.

Дөңгелек формадағы оқ зақымдары диаметр бойынша өлшенсе, шаршы не тікбұрышты тəрізді формадағылар қабырғалардың ұзындығы, сопақ екі білігінің ұзындығы бойынша өлшенеді. Бытыралы білік екі түрде өлшенеді: ыдыраудың жалпы ауданы жəне орталықтағы алыс жерге ұшып кеткен бытыраларынсыз, демек екі біліктің ұзындығы не диаметрі бойынша өлшенеді.

Затта толық емес білік анықталған кезде негізгі көрсеткіш болып ыдыраудың тығыздығы, яғни бір сантиметрге деген бытыралардың саны, табылады. Біліктің тығыздығын калька жəне ұшталынған сіріңке арқылы анықтауға болады. Кальканы миллиметрлік қағазға орнатқан кезде тиюдің ауданы мен саны оңай анықталады. Енбейтін атылған зақымдардың түрлері болып тайғану іздері немесе жапырылған жер түріндегі рикошет іздері саналады. Іздің аса тар жəне тегіс жері оқтың қай жақтан ұшқанын көрсетеді. Оқиға болған жерде атылған зақымдарды зерттеу атудың жағдайлары бойынша болжамдаудың туындауы мен басқа да заттық дəлелдемелерді айқындау үшін қажетті қадам жасауға мүмкіндік береді [2; 132].

Қарудың моделі туралы мəліметтерді іздеуде негізгі зақымның сипаты (оқтан ойылып кеткен жер, бытыраның қалдықтары), оның мөлшері, оқ-дəрілік түйіршіктерінің формасы, құрымкүйенің қалыптасу топографиясы жəне, мүмкін болса, «штанцмарканың» формасына көңіл аудару қажет. Атудың қашықтығы туралы айқыш тəрізді бөліністердің бар не жоқ болуы, зақымның мөлшері, сондай-ақ атудың сəйкес өнімдерінің бар не жоқ болуы туралы анықтауға болады. Атудың өнімдері жақын емес қашықтықтан ату кезінде де анықталуы мүмкін екенін де ескеру қажет. Ол кезде оқ бір тосқауылды бұзып, екінші зақымданатын тосқауылда қалыптастырылатын өнімдердің кейбір мөлшерін өзімен бірге алып кетеді. Оны «Виноградов феномені» деп атайды. Демек, ең алдымен, тосқауыл бірінші болып тұр ма дегенді анықтау қажет. Атудың бағыты ұлпадағы зақым, бұзылған каналдар, кіру жəне шығу нүктелерін біріктіретін линия бойынша анықталады.

Белгіленген бағыт арқылы, егер ату онша алыс емес қашықтықтан жасалынса, атқан адамның тұрған жерін де білуге болады. Бағытты анықтау үшін арнайы құралдар қолданылуы  мүмкін (мысалы, теодолит). Аса қарапайым тəсілдер — ағаш, пластмасса тетіктері арқылы зондпен тексеру немесе қағаз түтікшелері арқылы бақылау жүргізу.

Снарядтардың заттық дəлелдеме ретіндегі маңызы үлкен. Оқиға болған жерде ең алдымен, барлығы қанша ату болғанын анықтап, барлық снарядтарды іздеу керек. Өте шыққан жəне сүйкелінген зақым кезінде снарядтарды іздеу осы объектілерді зерттеуде қалыптасатын бағытта басталады. Осы жолдағы барлық заттар, грунт, қар жəне т.с.с. мұқият қаралуы тиіс.

Егер алдын ала зерттеу мен снарядтың түрі туралы нақты мəліметтер қалыптастырылмаса, онда қандай формада болмасын металдың барлық бөлшектеріне көңіл аудару қажет. Снаряд қайта қалыптастырылуы мүмкін. Оқ қабықшасының бөлшектері денеде қалып, не жанына түсуі мүмкін, ал өзегі бірнеше қашықтықта ұшуы мүмкін. Оқтар рикошеттеуі (ол дегеніміз — оқтың тиген жерден екпінімен ырғып ұшуы) мүмкін, онда оларды іздеу бағыты бұрыштың астында өзгертілуі тиіс, салыстырмалы түрде алғанда оқ тосқауылмен кездесуге бұрышқа тең болу керек. Соқыр зақым кезінде, егер зат толық алына алмаса, онда заттың снарядпен бірге бөлігін кесуге жүгінеді. Алынатын учаскенің мөлшері ату өнімдерінің бөлініп кеткен жеріндегі зоналардың мөлшерімен анықталады. Дегенмен, бұдан бұрын оқ саңылауы өзегінің бекітілуін оның қалпына келтіру мақсатында жүргізгені жөн. Алынатын тосқауылдың бөлшегінде сыртқы жəне ішкі үстіртті қабат, сондай-ақ жоғары жəне төменгі жақтары көрінеді. Осы əрекеттерді орындау барысында ату іздеріне заттар мен снарядтағы ату іздеріне зақым келтірмеуі қажет.

Əсіресе қорғасын снарядтарымен абайлап жұмыс жасау керек. Осы жерде  бытырамен атқан кезде мəйіттен барлық бытыралар алынуы керек екенін ескеру қажет. Бұған идентификациялық міндеттерді шешу кезінде маңызды болатын ақпараттың көлемі байланысты болады.

Снарядтарды іздеу металл іздеуші, портативті рентгендік құрылым құралдарының көмегімен сəтті жүргізіледі. Оқтарды тапқан сайын, оларға оқиға болған жерде жəне тысындағы сызбасында белгіленетін нөмірі беріледі. Бөтен, мүмкін оқта, қалған бөлшектердің (қан, талшық, оқ-дəрілік түйіршіктері) де сақталуын қамтамасыз ету қажет. Бұл объектілер атудың кейбір жағдайларына түсінік бере алады. Оқты қарау хаттамасында мыналар көрсетіледі: формасы, құрылымдық ерекшеліктер — қабықшалы, жартылай қабықшалы жəне қабықшалы емес; аяқ бөлігінің, науаның болуы, түбінің сипаты; металдың түсі; өлшемі — ұзындығы, диаметрі; гильзада оқтың бекітілу тəсілдері — кернеу, сегментті не дөңгелек қысым; маркілік белгіленуі — басты не түпкі бөлігінің саны, əріп түріндегі белгіленуі немесе арнайы түске боялуы; деформацияның болуы жəне оның сипаты; іздер — діңгек каналаның ізі (кесілу жолдары іздерінің болуы, олардың саны жəне бағыты, ені, кескінді көрінісі, иілу бұрышы, оқтың сүрленуі жəне т.б.) [5].

Анықталған оқтар бөлек рəсімделеді. Мəйіттен алынып шыққан бытыралы зарядты кептіреді (немесе жуады) де, екі қабаттағы мақтаның арасына салынады. Хаттамалық жазбада бытыралардың саны, олардың формасы, диаметрі, сонымен қатар олардағы іздердің сипаты көрсетіледі. Аңшылыққа арналған оқтармен атқан кезде тығындар жəне төсеулер анықталуы мүмкін. Оларды анықтаған жерінен басқа, хаттамада объектінің материалы, формасы мен өлшемі, маркілік белгілеуі, олардағы ату іздері туралы мəліметтер көрсетіледі. Егер қолдан жасалынған тығындар қағаз, мата кесектері түрінде анықталса, оларды қағаз бетінің үстінен ашып қарау керек, бұдан оның сипатты ерекшеліктерін білуге болады жəне олар да хаттамаға енгізіледі. Киіздік тығындарда іздерін анықтау мақсатында қабырғалардың үстіртін мұқият қарау қажет. Соңғысының болғаны кезінде тексерілетін адамдардан құралдарды іздеу ұйымдастырылуы тиіс [6].

Атылған гильзаның анықталу жері туралы сұрақты шешу белгілі бір дəрежеде қолданылған қарудың түріне байланысты болып келеді. Аңшылық қаруының көптеген модельдерінен гильзалар автоматты түрде алынып кетпейді, сондықтан олардың табылған жері атудың өткізілген жерінің көрсеткіші болып табылмайды.

Дəл осындай жағдай револьверлерді қолдану кезінде де қалыптасады. Бірақ жекелеген жағдайларда гильза автоматты тапаншалардан да шықпауы мүмкін. Бұның себептерінің бірі — тапаншаны ату уақытында қолмен басып алу, нəтижесінде гильза бекітуші тетігінің қабы терезесінде қысылады. Автоматты қарудың гильзаларын іздеу бағытының анықталуы үшін шығыс көрсеткіші болып снарядтың тосқауылмен кездесу бұрышы, атудың қашықтығы жəне қарудың моделі туралы мəліметтер рөль атқарады, өйткені əр түрлі қарудан гильзалар түрліше шығады.

Егер атудың салыстырмалы түрдегі жақын қашықтық туралы мəлімет анықталса, онда атқан адамдардың іздерін (аяқ киім іздері, темекі қалдығы жəне т.с.с.) іздегені жөн. Осыдан кейін оларға негізделе отырып, гильзаларды іздеу учаскесін белгілеу керек. Ұшып келе жатқан гильза қандай да бір затпен кездескен кезде рикошеттеуі мүмкін, яғни бағытын өзгертуі мүмкін екенін есте сақтаған қажет. Осы жерде металл іздеушіні, ал қажетті жағдайда грунтты шаю, қарды ерітуді қолданғаны жөн. Бұл операциялар қатаң түрде белгіленген учаскелер бойынша жүргізіледі [7].

Əрине, кері тəртіп та орын алуы мүмкін — алдымен гильза, одан кейін, қарудың моделі мен атылған заттың орналасу жерін есепке алғанда, атқан адамдардың тұрған жерін да анықтауға болады. Гильзаларды анықтау жері кезектілікпен нөмірмен белгіленіп, бұл көрсеткіштер хаттама мен сызбаға енгізіледі. Гильзалар масштабты фотоға түсіру əдісімен жүзеге асырылады. Гильзаларда саусақ іздерін анықтау мүмкіндігін де ескеру қажет, сондықтан қарау үшін гильзаны мылтықтың кішкентай аузы шетінен жəне түп бөлігінен ұстау қажет.

Гильзаның қуысына қандай да бір затты, мысалы, қағазды салғаны дұрыс емес, өйткені атудың газ тəрізді өнімдерінің бөлігі ығыстырылып (бұл атудың ескіргендігі туралы сұрақты шешуге қарсылық жасайды), снарядтың түрі анықталуы мүмкін болатын гильзаның ішкі үстіртіндегі снаряд іздерін бұзуы мүмкін, негізінен ол аңшылық патронның қағаз гильзаларына қатысты болып келеді, өйткені олар бір рет қана қолданылуы мүмкін. Атудың ескіруі туралы сұрақты шешу үшін мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, егер гильза сарапшыға алты сағат ішінде жеткізіле алмаса, онда газ тəрізді өнімдердің күйін сақтау бойынша келесі тəсілдердің біреуін қолдану керек. Атылған гильзаның анықталу жері туралы сұрақты шешу белгілі бір дəрежеде қолданылған қарудың түріне байланысты болып келеді. Аңшылық қаруының көптеген модельдерінен гильзалар автоматты түрде алынып кетпейді, сондықтан олардың табылған жері атудың өткізілген жерінің көрсеткіші болып табылмайды [8].

Осы өнімдердің күйін азоттың оксидіне сезімтал болып келетін толықтырғышы  бар индикаторлы түтік жəне аспиратордың көмегімен рəсімдеу. Ол үшін түтіктің екі шетін сындырып, біреуі гильзаға, ал екіншісі (тілімен) аспираторға қосылады. Ауаның сіңуі он бес минутқа созылады, уақыт аяқталғаннан кейін түтік не сызғыштағы шкала бойынша фильтрдің бояу деңгейі көрінеді.

Газ тəрізді өнімдердің консервациясы. Ол үшін резеңкелі оймаққа алдын ала орналасқан, гильзаның бос шетін қатты байлап, жеті сағатқа тоңазытқыштың мұзды камерасына орналастырады. Гильзаның транспортировкасын кез келген мұздың бөлшектерімен толтырылған термоста жүзеге асырады. Гильза ашылмайды, ал термос одан бұрын үш сағат мұзды камерасында тұрады. Осындай жағдайда ату өнімінің сақталуы жиырма төрт сағат ішінде кепілденеді. Гильзаларды қарау хаттамасында келесі мəліметтер келтіріледі:

А) формасы — цилиндрлі, бөтелкелі, коника тəрізді;

Б) түп бөлігінің құрылымдық ерекшеліктері — фланецтік, фланцелік емес, сақиналы тесік не онсыз, орталық бойдың, қабырғалы бойдың капсюлясінің астында;

В) материал түсі;

Г) өлшемдері — мылтықтың кішкентай аузы (ішкі) жəне фланецтің диаметрі, ұзыңдығы; Д) маркілік белгілері;

Е) оқтың бекітілу тəсілі;

Ж) ату, зарядтау, ырғытудың іздері; З) деформацияның сипаты.

Қорыта айтқанда қаруды зерттеу арқылы біз атылған снаряд (оқ, бытыра, картечь) нақты осы қарудан атылған ба, жоқ па дегенді біле аламыз. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетіліп кеткендей, отпен атылатын қаруды қылмыс болған жерден таба алмаған жағдайда оны басқа да бөлшектер арқылы зерттеуге болады. Соның бірі — отпен атылатын қаруды оқ, яғни атылған оқ,  арқылы зерттеу. Осыған сəйкес жұмысты зерттей келіп мынадай қорытындыға келеміз. Отпен атылатын қаруды жəне оқ дəрілерді криминалистикада соттық баллистика деген ғылым зерттейді. Отпен атылатын қару басынан бастап тірі нысаналарды зақымдау үшін арналған. Оны адам өлтіру, қарақшылық, бұзақылық жəне т.с.с. аса ауыр қылмыстарды жасау барысында қолданады. Осы қылмыстардың кез келген түрін тергеу үшін криминалистикалық баллистика деп аталынатын криминалистикалық техниканың бір саласының мазмұнын құрайтын элементтерді білу талап етіледі.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1.  Исаенко В.Н. О практике раскрытия и расследования убийств с применением огнестрельного оружия // Прокурорская и следственная практика. — № 3, 4. — 2001.
  2. Гинзбург А.Я. Осмотр места происшествия // Освидетельствование. — Алматы,1998.
  3. Корецкий Д.А. Криминальная армалогия: понятие и содержание // Правоведение. — № 3. —2002.
  4. Германов В.В. Некоторые проблемы криминалистической экспертизы боеприпасов в современном уголовном судопроизводстве // Российский следователь. — № 4. —2000.
  5. Филатова Е.Г. Уголовно-правовая, криминологическая и криминалистическая характеристика преступлений, совершаемых с использованием огнестрельного оружия и взрывных устройств. — М.: Юрист, 1995. — С.62.
  6. Блюн М.И. Охотничье ружье. — М.: Госюриздат, 1987. — С.
  7. Сарсеков Б. Оружие: Правовые вопросы. — Алматы: Баспа, 1999. — С.192
  8. Сейдинова М.А. Огнестрельное оружие и экспертизы, назначаемые при огнестрельных повреждениях // Формирование правовых систем России и Казахстана. — 2003. — С. 166–169.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.