Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасы бюджет құқығы қағидаларының қаржы құқығы қағидалары жүйесіндегі орны

Қазіргі таңдағы бюджет құқығының жалпы бөлімінің күрделі мəселелерінің бірі болып аталмыш саланың қағидалары табылады. Көне латын тілінен аударғанда «қағида» (principium) сөзі негіз, алғы шарт, бастау мағыналарын береді. Құқықтың қағидалары оның шегінде тиісті құқық саласы дамитын координаттар жүйесін, ал, екінші жағынан, осы құқық саласының даму  бағытын анықтайтын вектор болып табылады.

Қазақстан Республикасының құқығы мен жекелеген салалары, оның ішінде қаржы құқығы мен бюджет құқығы өздеріне тəн белгілі қағидаларға ие. Аталмыш қағидалар олардың ерекшеліктерінің, мақсаттары мен бағыттарының негізін қалыптастыратын бастауларды, ережелер мен оларға қойылатын талаптарды сипаттайды. Жалпы құқықтың қағидалары құқықтық нормаларда бекітілгендіктен жəне олардың жиынтығынан логикалық түрде қорытындыланып шығуына байланысты жалпыға міндетті сипатқа ие.

Бюджет құқығы саласындағы құқық қолдану мен құқық шығармашылық қызметіне байланысты қағидаларды зерттеу, оларға құқықтық тұрғыда талдау жасау бюджеттік-құқықтық нормаларды орынды (мақсатты) қолдану мен заңнамадағы ақаулықтарды анықтауды жəне болдырмауды мақсат етеді.

Мемлекеттік органдардың бюджет саласындағы қызметінде мемлекеттің қаржы саясатының негізгі қырлары көрініс табады. Ал қаржы саясаты мемлекеттің тұтастай алғандағы əлеуметтік- экономикалық саясатының нақты міндеттері мен қойылған мақсаттарын шешуге негізделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға бағытталған күрделі əрі көпқырлы саласы болып табылады.

Қазақстан Республикасының əрекет етуші құқығында құқықтық нормалар жүйесі арқылы көрініс табатын жалпыға, оның ішінде мемлекет үшін де міндетті реттелген механизм бар. Мемлекеттің бюджет саласындағы саясатты жүзеге асыруының формасы болып бюджет заңдылығы табылады. Дегенмен қаржылық-құқықтық қатынастарды, оның ішінде бюджеттік-құқықтық қатынастарды нормативтік реттеу қоғамдық қатынастарды реттеудің жалғыз тəсілі емес. Осы саладағы қоғамдық қатынастардың дамуына, жаңа трансформациялауға түсуіне байланысты оларды əрекет етуші құқықтық нормаларымен реттеу біршама қиындық туғызады жəне құқықтық реттеу аясынан тысқары қалады. Кез келген мемлекеттің əрекет етуші құқығында аталмыш сипаттағы қатынастарды реттеу жəне құқықтық регламенттеу концепциясын анықтау мақсатында қағидалар жүйесі, яғни оның негізгі ерекшеліктерін, мақсаты мен бағыттарының негізін қалыптастыратын бастаулар мен идеялар өмір сүреді. Олар қоғам дамуының нақты кезеңімен анықталынады жəне құқықтық реттеу тəжірибесінен туындайды. Қазақстан Республикасының əрекет етуші құқығы алғы шарттары  ретінде қағидаларының сипаттамасының функционалдық қыры олардың практикалық маңыздылығын айқындайды. Заң ғылымда құқық қағидаларының негізгі екі қызметі бар, олар: ішкі жəне сыртқы қызметтер. Құқық қағидаларының ішкі қызметтері құқықтық нормалар жүйесінің  келісілгендігін жəне   өзара   қарама-қайшылықта   болмауын   қамтамасыз   етеді.   Барлық   нормативтік   нұсқаулар қағиданың мазмұнынан логикалық тұрғыда бастау алуы жəне тура мағынада сəйкес келуі қажет.  Ол өз алдына құқықтық реттеудің бірыңғайлығын əрі, мүмкіндігінше, тиімділігін қамтамасыз етеді.

Əрекет етуші құқықтың қағидаларының сыртқы қызметтерінің маңыздылығы құқықтық қатынас субъектілерінің əрекеттерін тікелей құқықтық нормалар арқылы реттеумен айқындалады.

Осының барлығы құқықтың өмірге айналуы нəтижесінде заңның пайда болатындығын, ал сəйкесінше құқық қағидаларының заңнаманың қағидаларын қалыптастыратындығын көрсетеді. Осыған байланысты заңнаманың қағидалары өз алдына заңнаманың жалпы қағидалары  (оларды кейде жалпысалалық деп те атайды) жəне салалық деп бөледі. Ал салалық қағидалар өз алдына құқық саласының жəне жекелеген институттардың қағидалары деп бөлінеді. Осылайша қаржылық, оның ішінде бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеу келесі қағидалар жүйесіне негізделуі  мүмкін: құқық қағидалары (жалпықұқықтық қағидалар жəне қаржы құқығының қағидалары); заңнаманың жалпы қағидалары (салааралық қағидалар); қаржы құқығының қағидалары (салалық қағидалар); қаржы құқығының жекелеген институттарының арнайы-құқықтық қағидалары (мысалы, бюджет құқығының, салық құқығының, сақтандыру құқығының жəне т.б.)

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Коституцияның 1-бабына сəйкес өзін демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде орнықтыруда жəне бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық дамуды қалыптастыруды республика қызметінің түбегейлі принциптері ретінде қоюда [1]. Мемлекеттің бюджет саласындағы қызметі құқықтық жүйесімен қатар қарқынды реформалану үстіндегі қаржылық қатынастардың құқықтық реттелуінің жалпы қағидаларымен анықталынады. Осы орайда бюджет құқығының қағидалары жүйесін қаржы құқығының, басқа институттарының қағидаларына қарағанда, кодификацияланған акті негізінде қарастырамыз. Қазақстан Республикасы жағдайында бюджеттік қатынастарды толығымен қамтитын негізгі нормативтік акті — Бюджет кодексі [2].

Қоғамдық қатынастарды, оның ішінде бюджеттік қатынастарды реттеу барысында құқықтық қағидалар жүйесі үлкен роль атқарады. Дегенмен де бірқатар жағдайда əрекет етуші заңнама кейбір қағидаларды, оның ішінде бюджет заңдылығына байланысты қағидалар тек баяндалып қана қоюмен шектеледі. Ол бюджет саласына да толық қатысты. Осыған байланысты бюджет құқығының қағидаларын жүзеге асыру мəселелерін екі деңгейде қарастыруға болады. Біріншісі, ол теоретикалық. Заңшығарушы бюджет құқығының кейбір қағидаларын толық ашпайды. Екіншіден, қазіргі таңда бюджет құқығының қағидаларының тəжірибеде толық көлемде жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызатын механизмдер жоқтың қасы.

Сонымен, бюджет құқығы қағидаларын жүзеге асыру механизмдеріне байланысты маңызды мəселелерді анықтау мен оларды шешу жолдарын айқындау үшін осы механизмді құқықтық тұрғыда кескіндеу қажет. Құқықтық қағидаларды жүзеге асыру механизмі деп ең алдымен бірнеше кезеңдерден қалыптасатын негізгі бастамаларды қолдану үрдісін түсіну қажет. Бірінші кезең — бұл теоретикалық ғылымда құқықтық реттеу идеяларын кескіндеу. Ол өзіне құқықтық қатынастарды реттеудің жалпы тенденцияларын, оның ішінде нақты қағидаларды анықтауды жəне олардың мазмұнына ғылыми тұрғыда баға беруді қамтиды. Екінші кезең — құқықтық тұрғыда жүзеге асырылуы немесе өмірге енуі. Бұл жағдайда заңшығарушының алдында қағидаларды құқықтық нормалармен қысқа да нұсқа түрде байланыстыру ғана міндеті емес, сонымен қатар қағидалардың əрекетіне түсетін заңдарға сараптама жасау, араларындағы қарама-қайшылықтарды анықтау міндеті де бар. Ал осы үрдістің үшінші кезеңі болып құқықтық норманы жүзеге асыратын құқық субъектісінің құқықтық қағиданы қолдануы табылады.

Жалпы бюджет құқығы өзінің бастауын қаржы құқығынан алатынын ескере отыра, қаржы құқығының қағидаларын қарастырмай, бюджет құқығының қағидаларын зерттеу күрделі. Қаржы құқығының қағидаларында оның реттеу пəнінің ерекшелігіне байланысты жалпы  құқықтық қағидалар көрініс табады əрі нақтыланады. Мысалы, əділдік, гуманизм, демократиялық құндылықтардың басымдылығы жəне тағы басқалар. Ал қаржы құқығының қағидалары негізінде оның бөлімдері мен институттарының қағидалары өздеріне тəн ерекшеліктерге ие болады жəне қызмет етеді.

Кеңестік дəуір тұсында мемлекеттік қаржылық қызметінің қағидалары алғаш рет Е.А.Ровинскиймен құрастырылды жəне қаржы құқығы саласының басқа ғалымдарының  қолдау тапты [3]. Ал мемлекеттің қаржы саласындағы қызметінің қағидалары қаржы құқығы қағидаларының негізін құрады. Дегенмен де қоғам дамуының тенденциясына, мемлекетте тəуелсіздіктің орнығуына жəне конституциялық реформалардың тереңдеуіне байланысты қаржы құқығының қағидалары негізгі мəнін сақтай отыра, біршама өзгеріске түсті.

Бюджеттік үрдіс барысында мемлекеттің қаржы саласындағы қызметі көрініс табады. Осыдан келе жəне жоғарыда айтылғандарды ескере, мемлекеттің қаржы саласындағы қызметінің бағыттарының бастамалы, яғни қаржы құқығының қағидаларын бюджеттік-құқықтық қатынастардың қағидаларының бастауы, ретінде алуға толық негіз бар. Сондықтан да бюджет құқығының қағидаларын қарастыру қаржы құқығы қағидаларымен тығыз байланысты.

Жалпы заң ғылымында «құқықтық қағида» ұғымы мен түсінігіне байланысты ортақ көз-қарас жоқ. Құқық қағидаларына ең алдымен нормативтілік қасиет тəн, яғни олар құқықтың нормативтік- басқарушы бастауы болып табылады. Осыған байланысты құқық қағидаларының көрініс табу нысандары əр түрлі. Кейбір авторлар құқықтық қағидаларды құқықта бекітілу тəсіліне байланысты «мəтіндік», «мағыналы» жəне норма-қағидалар деп, сонымен қатар норма мазмұнынан туындайтын, яғни құқық нормасында «жасырын» көрініс табатын қағидалар деп бөледі.

Кейбір   авторлар   норма-қағидалардың   өміршеңдігін   мүлдем   жоққа   шығаруға     тырысады.

Дегенмен де осы пікірлерге құқықтық əдебиеттер мен зерттеулерде негіз келтірілмеген.

Біздің ойымызша, құқықтың қағидалары кейбір жағдайларда құқық номаларында бекітіледі, ал белгілі бір жағдайларда құқық нормаларының мазмұнынан логикалық түрде қорытындыланып шығады. Нақтырақ айтатын болсақ, құқық қағидаларының анықталу тəсілі нормативтік актінің мазмұнына байланысты.

Құқық қағидалары тек құқық нормаларының, институттарының жəне құқық саласының негізгі конструкциясын құрап қана қоймайды, сонымен қатар барлық құқық жүйесінің негізін құрайды. Құқықтық қағидаларына құқықтық идеяны, қатынастарды, нормаларды құраумен қатар құқық нормаларына логикалылық, жүйелілік, тізбектілік (последовательность) жəне үйлесімділік (сбалансированность) береді.

Құқық қағидаларының табиғатын əлемдік құқықтық жүйенің сонымен қатар өркениеттің даму тəжірибесі қалыптастырады жəне ол мемлекеттің құқықшығармашылық, құқық қолдану жəне құқық қорғау қызметі барысында негізгі бағыттарды анықтау қасиетіне ие. Мемлекеттік жəне қоғамдық өмірде құқықтық жүйенің тұрақтылығы мен тиімділігі құқық қағидаларының қаншалықты деңгейде сақталғандығынан туындайды.

Құқықтық ғылымда қағидаларды жалпы құқықтық, салааралық жəне салалық деп бөлу қалыптасқан. Жалпы құқықтық қағидалар барлық құқық салаларына, институттары мен оларды құрайтын нормаларына тікелей қатысты. Аталмыш қағидалармен құқықтың, оның жүйесінің құрылымының қалыптасуы, дамуы жəне дерлік қызмет етуі тығыз байланысты. А.И.Мицкевичтің пікірінше, жалпы құқықтық қағидаларға саяси (бірден бір мемлекеттік биліктің бастауы — халық), экономикалық (экономикалық институттар жүйесінің заңмен анықталуы, бекітілуі жəне қорғалуы), əлеуметтік (гуманизмнің басымдылығы, еңбек ету құқығының қорғалуы жəне тағы басқалар) қағидалар жатады [4].

Ал кеңестік дəуірдің көрнекті құқықтанушыларының өкілі Л.С.Явичтің көзқарасы бойынша, құқық қағидалары келесідей топтарға бөлінеді:

1) қоғамда əділ өндірістік қатынастардың үстемдігін, заңды меншіктің қорғалуын, сонымен қатар материалдық тұрғыда мүддені сақтай отыра, өндірістік ұжымдар мен жекелеген тұлғалардың еңбек етуі нəтижесінде қоғам мүшелерінің мүліктік- экономикалық жағдайларын теңестірілуін (выравнивание) қамтамасыз ететін экономикалық қағидалар. Конституциялық реформалар жағдайында экономикалық құқықтарды мойындаумен интерпретациялауға болады;

2) халықтың толық билігін, тікелей жəне өкілетті демократияның өзара үйлесімділігін, мемлекеттілік жағдайында қоғамдық басқарудың рөлін арттыруды  жəне азаматтардың, ұлттардың, нəсілдердің тең құқықтарын қамтамасыз ететін саяси қағидалар;

3) əрбір азаматтың  əл  ауқаты  мен  қауіпсіздігінің  үйлесімділігін  қамтамасыз  ететін  əлеуметтік  қағидалар; адамгершілік бастаулар, яғни əлеуметтік əділдік, гуманизм жəне т.б. [5].

Ал Е.А.Лукашеваның пікірінше, жалпы құқықтық қағидаларға заңның əділдігі, құқықтар мен міндеттердің өзара байланыстылығы, құқық нормалары бұзылғанда жауапкершілік туындайтындығы қағидалары жатады. Ал халықтың толық билігінің болуы, меншіктің заңмен қорғалуы, демократия жəне т.б. құқықтың қағидалары болып табылмайды, олар тек құқықта көрсетілген қоғамдық қатынастарды көрсетеді [6].

Дегенмен де құқықтанушылардың басым бөлігі жалпықұқықтық негізгі қағидаларға халықтың толық билігінің болуы, гуманизм, заңдылық, меншіктің заңмен қорғалуы, демократизм, əлеуметтік əділдік жəне т.б. жатқызады. Жалпы құқықтық қағидалардың негізгі қасиеттері болып оның барлық құқық салаларына тарап қана қоймай, оларды құқық жүйесіне біріктіру арқылы əрекет етуінде тұрақтылықты қамтамасыз ететіндігі табылады.

Жоғарыда келтірілген құқық теориясының негізгі жағдайлары қаржы құқығына, оның негізгі құрамдас бөлігі бюджет құқығына тікелей байланысты. Бюджет құқығы өзінің кез келген сипатында жалпықұқықтық жəне арнайы қағидалар жүйесіне ие. Осылайша бюджет құқығы нормаларының негізгі бағыттары, ондағы басымдылықтар аталмыш қағидалар жүйесінде көрініс табады.

Бюджеттік-құқықтық қатынастар өзінің əрекет етуі барысында қаржы құқығының келесі негізгі жалпы құқықтық қағидалар жүйесін басшылыққа алады: мемлекеттің қаржы саласындағы қызметіне байланысты қатынастарды құқықтық реттеу барысында қоғамдық мүдденің басымдылығы қағидасы; қаржылық-құқықтық реттеудегі əлеуметтік əділдік немесе əлеуметтік бағыттылық; унитаризм; қаржылық саясаттың жəне ақша жүйесінің бірлігі; мемлекеттің қаржы саласындағы қызметінің билік тармақтары арасында үлестірілуі; мемлекеттің қаржы саласындағы қызметі барысында жариялылық болуы; Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттің қаржылық қызметіне араласуы (қатысуы); жоспарлылық; заңдылық. Аталмыш қағидалардың негізгі мазмұны Қазақстан Республикасының Конституциясымен, оның жалпы жəне қаржылық-құқықтық актілердің нормаларында нақтыланатын арнайы ережелерімен анықталынады.

Мемлекеттің қаржы саласындағы қызметімен байланысты қатынастарды құқықтық реттеу барысында қоғамдық мүдденің басымдылығы қағидасы қоғам өмірінің маңызды міндеттерін орындауға байланысты қаржылық-құқықтық институтарды экономиканы мемлекеттік реттеуде қолдануды білдіреді. Ол əр түрлі сипаттағы қаржылық қатынастарды мемлекеттік реттеу механизмін бекітетін құқықтық нормаларды жетілдіру қажеттілігін жəне аталмыш қатынастарды мемлекеттік реттеудің түсінігін анықтайды. Сонымен қатар бұл қағида жеке тұлғалардың мүдделерімен қайшылыққа түспейді, керісінше, оны дұрыс қолдану жəне жүзеге асыру оң əсерін тигізеді. Əсіресе ол қаржылық-құқықтық реттеудегі əлеуметтік əділдік, немесе əлеуметтік бағыттылық, қағидасы арқылы дəлелденеді жəне ол Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстан Республикасын əлеуметтік мемлекет ретінде мойындаудан туындайды (ҚР Конституциясы, 1-бөлім 1-бап 1-тармақ) [1]. Ата Заңның осы бабына сəйкес Қазақстанның əлеуметтік мемлекет ретіндегі саясаты жеке тұлғаның еркін дамуы мен лайықты өмір сүруін қамтамасыз етуге қолайлы жағдайлар туғызуға бағытталған. Əлеуметтік əділдік, немесе əлеуметтік бағыттылық, қағидасына сəйкес еңбекті, адамдар мен азаматтарды қорғау, кепілді минималды еңбек ақыны, отбасын, аналықты, əкелікті, балаларды, мүгедектер мен қарттарды қорғау, мемлекеттік зейнет ақыны, кепілді əлеуметтік төлемдерді анықтау жəне мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын əлеуметтік қызметті дамыту қамтылады.

Жоғарыда көрсетілген бағыттарға арналған қажетті қаржы ресурстарының мемлекет қазынасында шоғырлануы, яғни мақсатты бағытталған қаржы қызметінің болуы, қажет. Бұл жағдайлар əр түрлі деңгейдегі бюджеттердің, бюджеттен тыс мемлекеттік қорлардың қалыптасуы мен орындалуы барысында осы қатынастарды реттейтін қаржылық-құқықтық нормалардың мазмұнында жəне мемлекеттің қаржы саясатында ескерілуі тиіс. Бюджеттік қызмет барысында аталмыш бағыттардың анықталуы жəне жүзеге асырылуы қоғам үшін маңызды болып табылады. Бұл қағиданың жүзеге асырылуының мысалы ретінде 2008 жылғы ақпандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында əлеуметтік игілікті қамтамасыз ету өмір сүру сапасын арттырумен, сондай-ақ еліміздің адам ресурстарын ұлғайтумен қатар жүргізілуге тиіс деп баяндалғандығын айтуға болады [7].

Унитаризм қағидасы қаржылық-құқықтық реттеуде жалпы мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету барысында əкімшілік-территориялық аймақтардың мүдделерін тиісті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету арқылы олардың қызметінің бағыттарын жүзеге асырылуын республика мүддесі тұрғысынан ескеруді білдіреді. Қазақстан Республикасында орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдар өзінің қаржы, салық жəне бюджет саласындағы қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына сəйкес жүзеге асырады. Қаржылық-құқықтық қатынастарды унитаризм қағидасын жетілдіру мемлекет алдындағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Мемлекеттің қаржы саласындағы қызметінің билік тармақтары арасында үлестірімі қағидасына тоқталайық. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституцияның  қабылдануы жəне 1998 жылдың 7 қазандағы жəне 2007 жылғы 21 мамырдағы Конституцияға өзгертулердің енгізілуі билік тармақтары арасындағы қарастырылатын сұрақтардың пəні жүйесінің əрі қарай жетілуіне ықпалын тигізді. Мемлекеттің Негізгі Заңына сəйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Ал осы мақсаттар қаржылық   жəне   экономикалық   саясаттың   демократиялық   құндылықтарын   ескере     отырып, жүргізілуі арқылы жүзеге асырылады. Конституция Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік, билік тармақтары арасындағы тежемелік жəне тепе-теңдік сақтау жүйесі туралы мəселені түбегейлі шешуге бағытталған негізгі қадамдардың бірі екендігін айрықша атап өту керек. Оған мысал ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексімен реттелінетін бюджеттік-құқықтық қатынастарды, яғни бюджеттік үрдісті, оның кезеңдерінің құқықтық реттелінуі мен жүзеге асырылуы барысын айтуға болады. Сонымен қатар мемлекеттің қаржы саласындағы қызметінің маңызды бөлігінің бірі — салық саясатына тоқталайық. Ең алдымен мемлекеттің салық саясатындағы қызметі тек билік тармақтары арасында қарастырылатын сұрақтардың пəндері қатарында болады əрі Қазақстан Республикасының Конституциясымен жəне тиісті нормативтік актілермен регламенттелінеді.

Мемлекеттің қаржы саласындағы қызметі барысында жариялылық қағидасы. Аталмыш қағиданы қолдаудың негізі Қазақстан Республикасының Конституциясымен анықталған. Конституцияның 4-бабының 4-тармағында барлық заңдар, Республика  қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады делінген. Яғни азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілер ресми жалпы халықтың назарына жарияланбаған жағдайда қолдануға жатпайды. Бұл жағдай қаржылық қызметтерді реттейтін заңдарға да тікелей қатысты. Жариялылық қағидасы арнайы қаржылық сипаттағы заңдарда көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының 2009 жылдан бастап күшіне енген Бюджет кодексінде аталмыш қағида мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мəліметтерді,  сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін бюджет процесінің міндетті ашықтығын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджетті жəне олардың атқарылуы туралы есептерді, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру туралы жəне пайдалану туралы ақпаратты міндетті түрде жариялау деп түсіндіріледі. Осы қағидаға Қазақстан Республикасының бюджеттік үрдісінің арнайы, нормативтік тұрғыда бекітілген қағидаларын қарастыру кезеңғе құқықтық талдау жасаймыз.

Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттің қаржылық қызметіне араласу (қатысуы) қағидасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабынан туындайды. Аталмыш баптың мазмұнынан мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық жəне ол тікелей республикалық референдумда, сонымен қатар еркін сайлау арқылы жүзеге асыратындығын, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға беретіндігін көруге болады. Яғни Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекетті басқаруға тікелей жəне өздерінің өкілдері арқылы араласады. Конституцияның осы тұстары мемлекет ісін басқарудың құрамдас бөлігі ретінде қаржы саласындағы қызметтерді басқаруға да тікелей байланысты.

Жоспарлылық қағидасы негізінде мемлекеттің, əкімшілік-территориялық бірліктердің қаржы ресурстарын қалыптастыруға, бөлуге жəне пайдалануға байланысты қызметтері мемлекеттің жəне əкімшілік-территориялық аймақтардың даму жоспарлары мен бағдарламаларына, сонымен қатар іргелі кəсіпорындар мен мекемелердің жоспарларына сəйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында қаржылық жоспарлау нарықтық экономикаға өту жағдайында экономиканы басқарудың əкімшілік-əміршілдік жүйесі кезеңімен салыстырғанда түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Қаржылық жоспарлау нарықтық қатынастардың қағидаларымен қайшылыққа түспейді, керісінше, экономиканы жəне əлеуметтік дамуды реттеудің, сонымен қатар қаржыларды басқарудың өзіндік ерекшеліктері бар маңызды элементтері болып табылады. Бұл ерекшеліктер кеңестік тоталитарлық, қатаң сипаттағы экономикалық жүйеден əлеуметтік басымдылықты негізгі бағыты ретінде мойындайтын нарықтық экономикалық жүйеге өтумен тікелей байланысты.

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық жоспарлаудың негізі болып дерективті нұсқаулар емес, тауар мен қызмет, ұсыныс пен сұраныс, өзіндік жəне қосымша құн, шығын, пайда жəне тағы басқа заңдылықтар табылады. Осындай негіздер қаржылық ресурстарды пайдаланудың бағыттарын анықтауды болжауды күшейтуді талап етеді жəне онымен қаржылық жоспарлау тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасында қаржылық жоспарлау үрдісінде алдағы уақыттағы əлеуметтік- экономикалық дамудың əр түрлі салалары мен бағыттары бойынша болжаулар мен бағдарламалар пайдаланылады. Осының негізінде қаржы ресурстарын қалыптастыру мен оны ұзақ мерзімге пайдаланудың жəне бюджеттік кезеңге жоспарлаудың жоспары болжанады (мысалға, арнайы ведомствалардың қызметтерін келтіру керек).

Қаржылық жоспарлаумен қаржы жүйесінің дерлік барлық звенолары қамтылады. Сонымен қатар қаржылық жоспарлау əкімшілік-территориялық аймақтардың барлық деңгейлерінде жəне экономиканың əр түрлі салаларында кəсіпорындар мен мекемелердің шеңберінде жүзеге асырылады.

Заңдылық қағидасы қаржылық-құқықтық нормалардың талаптарының қаржылық қызмет үрдісі барысында туындайтын құқықтық қатынастардың субъектілерімен қатаң түрде орындалуы мен сақталуын білдіреді. Аталмыш қағида Қазақстан Республикасы Конституциясынан туындайды. Қаржылық-құқықтық қатынастарды реттейтін нормалардың бұзылуы немесе сақталмауы тиісті құқықтық жауапкершілік шараларының пайда болуына негіз болып табылады. Қаржы құқығының жоғарыда келтірілген салалық қағидалары бюджет құқығы қағидаларының негізін құрайды.

Сондықтан да бюджет құқығының қаржы құқығының негізгі саласы екендігін ескере, аталмыш қағидалар жүйесін салалық немесе теоретикалық сипаттағы қағидалары деп тұжырымдау, біздің көзқарасымыз бойынша, орынды əрі негізделген. Осы қарастырылып отырған қағидалар мемлекеттің қаржылық қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамаларының, құқықтық актілерінің қалыптасуында көрініс тапқан жəне қаржы құқығының институттары мен салаларында қолданысқа ие. Сонымен қатар қаржы құқығының институттары мен салаларына олардың ерекшеліктері көрініс табатын арнайы қағидалар жүйесі де тəн. Осы қағидалардың барлығы терең зерттеуді, қаржылық заңнамадағы нақтылықты жəне жүзеге асырылуды талап етеді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге). — Алматы,2008.
  2. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі // Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы. — № 21. —2008.
  3. Ровинский Е.А. Основные вопросы теории советского финансового права. — М., 1960. — С. 21–30.
  4. Мицкевич А.В. Советское социалистическое право, его основные принципы и система // Советское государство и право. — № 9. — 1975. — С. 128–129.
  5. Явич Л.С. Право развитого социалистического общества. Сущность и принципы. — М., 1978. — С. 151,152.
  6. Лукашева Е.А. Принципы социалистического права // Советское государство и право. — 1970. — № 6. — С.23.
  7. Назарбаев Н.Ə. Қазақстан халқының əл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. — № — 2008. — 7 ақп.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.