Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Германия, франция мемлекеттері мен қазақстан республикасында салық заңнамасының бұзылғаны үшін жауапкершіліктер. Салыстырмалы-құқықтық талдау

Қазақстан Республикасында салық жүйесін жетілдіру барысында шетел тəжірибелерін, олардың қызмет ету ерекшеліктерін ескеру қажет екені бəрімізге мəлім. Сондықтан басты мақсат салық салу саласындағы əр түрлі мемлекеттердің салық жүйелері, салықтардың түрлері туралы мəселелерді тереңдету болып табылады.

Алыс, жақын шет мемлекеттердің салық жүйелері əр түрлі экономикалық, саяси, əлеуметтік жағдайлардың барысында қалыптасты. Кейбір елдердің салық заңнамаларында салық төлеушілер мен өзге де тұлғалардың іс-əрекеттер адалдығын бағалау үшін құқықтық тұрғыда «құқықпен асыра пайдалану» деген ұғым бар. Франция мемлекетінде 1982 жылдың 1 желтоқсанынан бастап əрекет ететін «Фискалдық үрдістердің бостандығы туралы» Заңның 64-бабына сəйкес шарттар мен келісімдердің заңды табиғатын жасыру мақсатында келіп түсетін немесе жіберілетін келісімдер туралы жала түсінік беру негізінде салық əкімшілігінің өкілеттілігін жүзеге асыруға кедергі болмайды деп бекітілген [1].

Францияның құқықтық доктринасында құқықты асыра пайдалану — салықтан толық немесе бөлшектеп босату мақсатында жүргізілетін заңды құрылымдар нəтижесі. Егер əкімшілік заңды істің жағдайына күмəнданса, ол құқықты асыра пайдаланғаны жөнінде анықтап бекітуге міндетті. Дəл осы мақсатта салық төлеуші жəне өзге де тұлғалар кеңесші органға сұрау салу арқылы жүгінуге құқығы бар. Яғни кеңесші орган — мемлекеттік кеңесшіден, кассациондық сот кеңесшісінен, заң факультетінің профессорлары жəне салық басқармасының бастығынан құралады. Бұл жағдайда егер комитеттің көзқарасы салық төлеуші үшін қолайсыз болса, онда дəлелдеме ауыртпалықтары (асыра пайдаланудың болмауы) салық төлеушіге жүктеледі. Шет елдердің сот тəжірибесінде құқықты асыра пайдалану түзелісімен қоса, «анормалды» басқару актісі деген түсінік пайдаланылады. Франциядағы Мемлекеттік Кеңес тəжірибесіне сəйкес, көбінесе шығыстар мен шығындарын ұйымның есебінен жүзеге асыру арқылы əрекеттер немесе ұйымға кірістердің түсуін жоятын əрекеттерді түсіндіреді. Ұйымның лауазымды тұлғалардың мүдделеріне сəйкес жүргізілетін экономикалық ақталмаған операциялар, үшінші тұлғаның мүддесіне сай жүзеге асырылған немесе ұйымның табыстардан бастартуы ретінде «анормалды» басқару актісі танылады, мысалы, ұйымның мүлкін негізгі бағасынан төмен сату, пайызсыз ссуда. Айтылып отырған баға, бір жағынан, салынатын табыс салығына кірсе, екінші жағынан — табысынан алынатын салық танылады. Айта кететін бір жайт, шет елдердің салық құқығында адал салық төлеушіге олармен жасалатын шарттар мен іс-əрекеттердің салық əкімшілігімен құқықты асыра пайдалану деп танудан сақтандыру арнайы үрдістерін қарастырады. Əдетте Франциядағы «фискалдық үрдістер бостандығы туралы» Заңның 64-бабына сəйкес кез келген салық төлеуші салық əкімшілігіне жүзеге асырайын деп отырған іс-əрекеттердің заңды екендігін анықтау үшін сұрау салуға құқықтары бар. Мəні бойынша салық төлеуші салық əкімшілігіне барлық құжаттарды бере отырып, жазбаша кеңесті алудан бастап шарттарға отыруға дейінгі əрекеттерді жүзеге асыруға құқылы. Əкімшілік осыған байланысты жүзеге асырайын деп отырған əрекеттерінде құқықты асыра пайдалану бар-жоқтығы сұраулардың жауаптарында көрсетілуі міндетті. Мұндай жауапты қайтаруға алты ай мерзім беріледі. Егер осы уақыт ішінде салық төлеуші жауабын алмаса, онда ол өз əрекеттерін құқылы деп санауға негізі бар. Егер əкімшілік бекітілген уақытта қарсылық

 

немесе еш жауабын қайтармаған жағдайда, ол болашақта бұл əрекетті құқықты асыра пайдалану деп тануға құқығы болмайды. Белгіленген кепіл саласында салық төлеушінің сұрау салуында мəмле немесе келісімдер шектелген. Мұны шет елдердің салық құқығында фискалды рескрипт деп атайды. Дəл осындай үрдістер басқа да мемлекеттерде əрекет етеді [2].

Германия мемлекетін алатын болсақ, фискалды бақылауды жүзеге асырумен байланысты жағдайларды бағалау немесе кеден алымдары, жалақыға салық мəселелері бойынша салық төлеушілер кеңес алу үрдісімен шектеледі [3].

Франция мемлекетінде құқықты асыра пайдалану өздерінің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында салықтан заңды түрде айналып шығу мүмкіндігі бар. Салық төлеуші салықтан салық заңнамасында көрсетілген жеңілдіктер мен өздеріне тиімді жолдарын пайдалана  отырып, салық төлеуден құтылып кетеді. Бірақ та салық төлеуші салықты төлемеу немесе жалтару құқық бұзушылықтың негізгі құрамдарының бірін құрай отырып, елдің ішкі заңнамасына сəйкес, жауапкершіліктерге ұшырайды.

Дамыған шет елдерінде көбінесе салық құқық бұзушылықтардың жасалуын алдын алу үшін салық заңнамасын жүзеге асыруына, сонымен қатар салықтық келісімдерге отыру кезінде құқықты асыра пайдалануға аса көңіл бөлінеді.

Кейбір мемлекеттерде арнайы «айыппұлды салық» əрекет етеді. Ондай салықтардың біріне корпорация табысына қисынсыз топтастыру бойынша салық жатады жəне ол көбінесе АҚШ-та қолданылады. Мысалға, акционерлік қоғамға займ беру немесе корпорацияның құрал-жабдықтарын өз тиімділігі үшін қолдану; корпорациямен байланысты тұлғаларға займ беру жəне тағы басқаларды келтіруге болады. Осыған сəйкес басқа салық түрі — холдингтік компанияның жеке өзіне салық ретінде қолданылады. Онда корпорация белгілі бір операцияны жүзеге асыру барысында — чек кітапшасын қолдануды шектейді.

Тəжірибеде салық дауларды қарастыру кезінде салық төлеуші салық органымен бəсекеге түсуге тырысады. Себебі салық инспекциясының қатысуымен ақысыз түрде немесе ең төменгі  төлем шегінде жүргізіледі. Əйтпесе екі тарап үшін бюджет алдында қарыздарды өтеу негізінде ақшалай айыппұл салынып отырады. Салық органы сотпен қабылданған шешімнің жоғары сапалығына мүдделі, себебі салық органы салық төлеушінің алдында актілердің негізділігінде жауап береді. Сот процесі кезінде сот төрелігі сотқа қатысып отырған тұлғалардың конституциялық құқықтары бұзылмауға тиіс. Мұндай мəселелер бүкіл əлемде бекітілген. Мысалы, Германия мемлекетіне салық дауларын сотқа бермес бұрын жоғарыда қойылған мəселелер мен талаптарды жүзеге асыруға міндетті. Сонымен қатар салық салу саласындағы барлық дауларды шешу үшін арнайы салық сот құрылған болатын. Тəжірибеде дауларды көбінесе бейбіт жолмен шешуге тырысады, ал сотқа тек аса қажетті жағдайларда ғана жүгінеді.

Францияда салық заңнамасында (Францияның Салық кодексі қосымшалар мен түсініктемелерді қоса алғанда 4000-нан астам баптан тұрады) салық органдары салық төлемдерін алу негізінде көптеген даулар туындайды, сонымен қатар салық органдарының актілеріне қарсылық көрсету салық төлеушілерге үлкен мүмкіндік берілген. Бұл елде де дауды шешу үшін сотқа тек аса қажетті жағдайларда жүгінеді.

Нарық механизмдері қарқынды дамуы салық салу жүйесінің барлық элементтерін қайта құрылуына атсалысады. Осының негізінде əр түрлі деңгейдегі билік органдарының өкілеттігі мен мəртебесін нақтыландырып, олардың төлеу жəне есептелу механизмін анықтау арқылы жаңа салықтар пайда бола бастайды. Бұндай өзгерістер салық салу саласындағы механизмдердің бақылауын күшейтуді қажет етті. Осыған байланысты мемлекет тарапынан бақылау органдарының қызметі мемлекет алдында салық төлеушілер өз міндеттерін толық жəне уақытылы салық төлемдерін төлеуін тексерумен байланысты. Дегенмен де сəйкесінше бюджетке немесе қорларға қажетті көлемдегі салық төлемдері келіп түспейді. Бұндай жағдайда тек қана құқықбұзушылықты көру бұрыс болмас еді, бірақ бұл жерде салық төлеушілер өздеріне жүктелген міндеттерді толықтай орындамағаны да болып табылады. Бюджеттер қажетті қаражаттардан екі үрдіс арқылы айырылады: салық төлемдерін төлемеу жəне салықты заңды түрде айналып шығу.

Салықты заңды түрде айналып шығудың негізіне салықты төлемеудің мүмкіндіктері мен жолдары жатады. Бұндай жағдайда салық төлеуші заңнамада көрсетілген салық  нормаларын сақтамау арқылы, заң шығарушы салық төлеушілерге берген салық таңдау құқығын беру шегінде кейбір кемшіліктерді пайдаланады.

Салық төлеуден заңды түрде айналып шығу нұсқасы келесідей болады [4]. Салық салынуға жататын объектінің өзгешелігі. Мысалы, кейбір кəсіпкерлер қор биржасында бағалы қағаздары сатуға

 

қою арқылы бір уақытта сол бағалы қағаздарды сатып алумен айналысады. Осыған байланысты муниципалды облигациялардағы бағалы қағаздарға корпорациялық салық мөлшері 70 пайыздан 0 пайызға дейін төмендеуге мүмкіндік береді. Салық салудың арнайы субъектісі.  Отбасылық салық салу ерлі-зайыптылардың арасындағы кіріс көзіне салықты төмендету үшін бөлуге болады. Салық салудың пропорционалды жəне прогрессивті түрде сəйкес келуі. Толығымен барлық сома бойынша біртұтас ставканы қолданудан гөрі, табысқа орташа жəне төменгі ставканы қолдану арқылы максималды деңгейге жетуге мүмкіндік береді. Əр түрлі мүліктен кіріс дифференциациясын қолдану. Бұл əдістің негізіне əр түрлі салық алудың талаптарын қарастырады. Салық алудың тиімді əдісін таңдап алу. Мысалы, итальяндық заңнамада ауыл шаруашылық салығына кадастрды есепке ала отырып, 5–10 жыл ішінде бір рет қаралады. Инфляциялық үрдісі бұл кезеңде едəуір төмендейді. Салық төлемдерін төлемеу əр түрлі салық бұзушылықтар топтарын құрайтын, салық төлемдерінен заңды түрде айналып шығуымен толықтырылады. Бұл құқықбұзушылықтардың мазмұны салық төлеушілердің міндеттемелерін тиісінше орындамауынан құралады. Кейбір салықтық заңнамалар тек салық төлемдерін төлемеу бір санкцияға мүмкіндік береді. Американдық құқық бойынша салық құқықбұзушылықтарының белгісі қасақана сипаттағы əрекет немесе əрекетсіздік: «кінəлі тұлға заңды біле тұра бұзу» [4].

Салық құқық қатынастарының субъектілерінің қызметі мен тəртіп сипатына байланысты келесілерді белгілеуге болады. Салықты заңды түрде айналып шығу заңнамада белгіленген салықты заңды түрде төлеуден бастарту болып табылады. Салық төлемдерін төлемеу — салық төлеушінің тиісінше өз міндеттерін толығымен немесе жартылай орындамағанынан тұратын құқық қатынастары. Артық сомадағы салықты төлемін алу салық органдарының қызметкерлері қасақана негізсіз салық төлемдерін салық төлеушілерден алудағы əрекеттері болып табылады.

Салық санкциясының механизмін екі жол арқылы сипаттауға болады: американдық — салық қысымын жоғарлату негізінде санкцияларды күшейту. Кейбір елдерде салықтық емес құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылады. Көбінесе ол табысты алумен байланысты қылмыстар үшін жазалау санкциясын қолданады. Бұндай жағдайда салық төлеушілер ол табыс көздерін жасырып, салықты төлеуден құтылып кетеді. Мысалға, 30 жылдары чикаголық қылмыскерлер тобының басшысы Аль Капоне салық заңын бұзғаны үшін 11 жыл бас бостандығынан айырылу жазасымен қосымша 70 мың доллар айыппұл төлеумен жазаланған болатын [5]. Еуропалық үлгі салық төлеушіге неғұрлым жеңіл жауапкершіліктерді артады. Дегенмен де, оларда осыған байланысты көбінесе қылмыстық құқықбұзушылықтар жиі кездесіп отырады. Түрік заңнамасы бойынша салық бойынша санкция негізгі жазадан басқа, айыппұлға қосымша баж салығын, алымдар мен төлемдерді төлейді [6].

Құқықбұзушылықты жасаған кінəлі тұлғаны мемлекет заңды жауапкершілікке тарту үшін негізгі үш мақсатты көздейді: салық жəне қаржы заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету; өздерінің салық жəне қаржылық мүдделерін қорғау; құқықбұзушылықты алдын алу жəне кінəлі тұлғаларға тəрбиелік сипаттағы жауапкершілікті беру.

Тұлғаны жауапкершілікке тарту үшін бір тараптың актісінің негізінде сотты немесе соттан тыс тəртіпте жүргізіледі. Жауапкершілікке тарту үшін құқықбұзушылыққа берілетін бағаға байланысты жүзеге асырылады.

Салық құқықбұзушылығының ауырлық сипатына байланысты қылмыстық, қаржылық жəне əкімшілік жауапкершіліктер түрлеріне бөлінеді. Қаржылық-құқықтық жауапкершілікке өсімұл мен айыппұл, ал, əкімшілік-құқықтық жауапкершілікке əкімшілік айыппұл, қылмыстық-құқықтық — бас бостандығынан айыру, түзеу жұмыстары, мүлкін тəркілеумен қоса, өзге де заңнамада көзделген жауапкершілікке тартады.

Салық қылмыстылығымен күресу — барлық елдердегі маңызды мəселелерінің бірі. Оларды шешу үшін экономикалық жəне қылмыстық-құқықтық сипаттағы ықпал ету шараларды қолдануда. Германияда қылмыстық жауапкершілік 1977 жылғы 16 наурыздағы «Салық жəне өзге де төлемдер туралы» Ереженің § 369 2-б. сəйкес, егер салық заңнамасында осыған байланысты өзге жағдайлар көзделмесе, қылмыстық-құқықтық нормаларына жүгіне отырып, анықтайды. Дəл осы заңның §370 сəйкес, қылмыс болып салық органына жеткіліксіз немесе жалған ақпарат беру, салық льготаларын негізсіз алу, декларацияларында негізгі табыс көзін жалған көрсету немесе мүлдем көрсетпеу жəне өзге де қылмыстар танылады [7]. Германия заңнамасы бойынша салықтық құқықбұзушылығы мен қылмысына байланысты жауапкершілікті қарастыру кезінде, неміс сот тəжірибесінде салықтан жалтару  фактісін  тергеу  барысында  құқықбұзушылықтың  келесі  сатыларын  атап  кету        қажет:

 

салықтан жалтару — жасалған іс-əрекет; салықтан жалтаруға ұмтылу — салықтан жалтартуға бағытталған алдын ала іс-əрекет.

Нақты бекітілген салық мөлшелерінің негізінде іс-əрекеттің аяқталуы болып салықты төлемеу фактісі, яғни салықтық мерзімнің өтуіне байланысты салықты төлеу талаптарын орындамау, табылады. Сонымен қатар мерзімнің бастауы болып қаржы органдарымен мөлшелері нақты бекіту аяқталған сəттен бастап есептеледі.

Салықты төлемеу əрекеті болып сол іс-əрекеттің аяқталуына дейінгі кезеңде салықты төлемеу танылады. Егер салықты төлемеу əрекеті болмай, тек қана оған дайындалған болса, оны əрекетке дайындалу деп танып, жазадан босатылады. Мысалы, салық төлеуші салық декларациясын абайсызда немесе бухгалтерлік жазба кітабын дұрыс толтырмаған жағдайда салықтан жалтару деп саналмайды. Егер салық төлеуші қасақана немесе алдын ала ойластырылған əрекет болса,  ол  салықтан жалтарудың негізгі белгісі ретінде есептеледі.

Салықтан жалтару сонымен қатар белсенді жəне бəсеңді əрекет деп ажыратылады. Белсенді əрекет болып салық салынуға жататын соманы төмендету мақсатында салық декларациясын дұрыс толтырмау. Ал бəсеңді əрекет — декларацияны ұсынбау. Бұл екі жағдайда Германия салық кодексінің 153-бабына сəйкес жіктеле отырып, оның нақты əрекет сипаты сот шешімін шығару кезінде есепке алады. Істі тергеу кезінде салықтан жалтаруды уақытша жəне тұрақты деп бөледі. Егер салық төлеуші салық органдарына жалған ақпарат беру немесе төлеу мерзімін созып жүрсе, ол уақытша салықтан жалтару деп саналады. Ал қалған жағдайларда тұрақты деп танылады. Бірақ неміс заңгерлері мен сарапшылары салықтық-құқықтық мəселелері бойынша салық төлеуші жағынан салық декларациясын ұсынбау негізінде салықтан жалтару əрекетін қылмыстық-құқықтық жауапкершілік бекітуге болмайды, себебі тəжірибеде істің қай кезде уақытша немесе тұрақты екенін байқау қиынға соғады деп есептейді [8].

Сонымен қатар неміс салық құқығы салық төлеушіге бұндай жағдайлара декларацияны уақытында бермеген деп өтініш білдіруге мүмкіндік береді. Салық жауапкершілікті тағайындаған кезде салық салынуға жататын нақты сомасын атықтап, бекіту қажет. Себебі сот өз шешімін шығарған кезде сол сомаға байланысты əкімшілік айыппұл тағайындайды. Əрине, мұндай міндетті істі қарастырып отырған сот төрелігі атқарады. Германия мемлекетінде 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған болса, онда айыппұл ретінде əкімшілік жазаларын қолданады. Қазіргі таңда 1 жылдан 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазаларын тағайындайды. Ал айыппұлдың ең төменгі мөлшері 2 марка, ал ең жоғарғысы — 10 мың марка.

Франция мемлекетінде дəл осындай құқықбұзушылықтар салық алаяқтылық деп аталады. Негізінен Франция елінің қылмыстылық жауапкершілігіне жəне өзге де жағдайларға байланысты өте қатаң болып келеді. Егер салық төлеуші салық декларациясын дұрыс толтырмаса, айына 0,75 пайыз, немесе жылына 9 пайыз, толық көлемде айыппұл салынады. Егер құқықбұзушылық қасақана түрде жасалған болса, онда заңнамаға сілтеме жасай отырып, жоғарыда көрсетілген көлемнен екі  есе өндіріп алады. Ал қылмыстық алаяқтық немесе өзге де күрделі құқықбұзушылық əрекеттер немесе əрекетсіздігі үшін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасын береді. Кейбір елдерде «салық алаяқтылық» бабы енді ғана жаңа бап ретінде енгізілуде. Салық алаяқтылық деп отырғанымыз, салық салуға қажетті ақпараттарды қасақана жолмен салық органдарын алдауға бағытталған əрекеттерді атауға болады. Субъектісі ретінде жеке жəне заңды тұлғалар танылады. Мұндай қылмыстар міндеттемелерін орындамау ретінде қарастырылмайды, олар ауыр қылмыстар қатарына жатқандықтан, жазалау көзі де соншалықты қатаң болады.

Франция салық кодексінің 1741-бабына сəйкес салықтық алаяқтылыққа қылмыстық жауапкершілік бекітілген. Заң алаяқтылық құрамына мыналарды жатқызады: салық объектісін жасыру, табысты жасыру, жеңілдік арқылы алу жəне тағы басқалар. Сонымен қатар салық алаяқтылығына əкімшілік жазаны қолданады. Ол заңның 1729-бабына сəйкес айыппұл белгіленген. Мысалы, егер тұлға 5 жылға бас бостандығынан айырылса, онда ол 37,5 мың евро айыппұл төлейді [9].

Сонымен қатар «жай алаяқтылық» жəне «күрделі алаяқтылық» деп ажыратуға болады. Егер салық төлеуші салықтан жалтару кезінде алаяқтылықты қолданбай, абайсызда əрекет еткен  болса, оны жай алаяқтылық, немесе алақол мінез-құлық, деп атайды жəне оған Салық кодексінің 1729 а бабы бойынша жауапкершілік тағайындалады. Егер салық төлеуші кез келген алаяқтылықтық құрамдарды қолданған болса, Салық кодексінің 1729 жəне 1741-баптары бойынша санкция тағайындалады да, оны күрделі алаяқтылық деп атайды.

Ал енді өзіміздің елімізге келетін болсақ, Қазақстан Республикасындағы салық саласына байланысты құқықбұзушылықтар мен қылмыстар келесідей көрініс табады.

 

Қаржылық жауапкершілік — салық төлеуші белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау: төленбеген салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасына өсімпұл есептеу; банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру; салық төлеушінің салық берешегі есебіне мүлікке билік етуін шектеу тəсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін. Мерзімі өткен салық міндеттемесінің сомасына есептелетін мөлшер өсімпұл болып танылады. Салық жəне басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын банк шоттарының есебінен шығару кезектілігін сақтамағаны үшін, салық төлеушілердің банк шоттары есебінен шығарылған жəне банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалардың салық жəне басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу шотына қабылданған ақшаны бюджетке аударуды кешіктіргені үшін банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға өсімпұл есептеледі. Айыппұл — екі жақтың бірінің шарты бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін төленетін төлем, тұрақсыздық айыбының бір түрі, оның мақсаты — шарт тəртібін нығайту жəне зардап  шеккен жақтың шығынын өтеу. Тұрақты сома немесе орындалмаған міндеттеме сомасының пайызы түрінде алынады. Салық қызметі органдары салық төлеушілердің салық міндеттемелерін дер кезінде орындамағаны үшін айыппұл салады [10].

Қылмыстық жауапкершілік (мысалы, Қазақстан Республикасы) — азаматтардың салық төлеуден жалтару 221-бапқа сəйкес азаматтың декларация табыс етуі міндетті болып табылатын жағдайларда табыстары туралы декларация табыс етпеу арқылы не декларацияға немесе салықтарды немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістер немесе шығыстар туралы не салық салынуы тиісті мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салық немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл əрекет ірі мөлшердегі салық немесе міндетті төлемдер төлемеуге əкеп соқса, 200-ден 1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның 2 айдан 10 айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не 180 сағаттан 240 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға, не 2 жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына тартуға, не 4 айға дейінгі мерзімге қамауға, не 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның 2 айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салына отырып, немесе онсыз 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыруға жазаланады. Егер төленбеген салық немесе басқа да міндетті төлемдер сомасы 500 айлық есептік көрсеткіштен асса, азаматтың салықты немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдерді төлеуі ірі мөлшерде жасалған деп танылады. Ал 222-бапқа сəйкес лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не 4 айдан 6 айға дейінгі мерзімге қамауға, не 300 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның 3 айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салына отырып, немесе онсыз 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Егер төленбеген салық немесе міндетті төлемдер сомасы 2000 айлық есептік көрсеткіштен асса, ұйымның салық немесе мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлемеуі ірі мөлшерде жасалған деп танылады. 222–1-бап. Салық төлеушінің салық берешегі шотына билік ету шектелген мүлікке қатысты заңсыз іс-əрекеттері. Билік етуге салық органдары шектеу қойған мүлікті ысырап етуі, иеліктен шығаруы, жасырып қалуы немесе заңсыз беруі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мүлкіне билік ету шектелген адамның осындай мүлікті беруден бастартуы, кредит ұйымдары қызметшісінің салық органдары шығыс операцияларын тоқтатып қойған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларын жүзеге асыруы — екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады [11].

Əкімшілік жауапкершілік (Қазақстан Республика) — Əкімшілік-құқықтық жауапкершілігінің бірден-бір қолдану тəсілі ретінде — əкімшілік айыппұл танылады. Əкімшілік айыппұл — əкімшілік құқықбұзушылық үшін осы бөлімнің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда жəне шекте, əкімшілік жаза қолдану кезінде қолданып жүрген заңдарға сəйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін дəрежеде салынатын ақшалай жаза. Жеке адамға салынатын айыппұлдың мөлшері есептік көрсеткіштің оннан бір бөлігінен, лауазымды адамға салынатын айыппұл — 5 айлық есептік көрсеткіштен, ал заңды тұлғаға салынатын айыппұл — 20 айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды. Жеке адамға салынатын айыппұлдың мөлшерін  200 айлық есептік көрсеткіштен, лауазымды адамға — 400 айлық есептік көрсеткіштен, заңды тұлғаға

 

2000 айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды [12]. Қазақстан Республикасының Əкімшілік- құқық бұзушылық туралы кодексінің 205-бабының 2-бөлігінде көзделген жағдайды  қоспағанда, салық органдарын тіркеу есебіне қою туралы өітініш беру Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген мерзімдерін бұзу жеке адамдарға айлық есептік көрсеткіштің 5–10 дейін мөлшерде лауазымды азаматтарға 10–20 дейінгі мөлшерінде заңды тұлғаларға 20–50 дейін мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. Салық органдарында тіркеу есебіне қою туралы өтініш берудің Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген мерзімдерінен 90 күннен астам уақыт бұзу жеке азаматтарға айлық есептік көрсеткіштің 10–20 дейін, лауазымды адамдарға 10–40 дейінгі мөлшерде, заңды тұлғаға 40–100 дейінгі мөлшерде айыппұл салуға əкеп соғады. Салық төлеушінің қосылған құн салығын төлеуші ретінде есепке қою туралы өтініш берудің Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген мерзімнен бұзуы лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің 10–20 дейінгі мөлшерде жеке кəсіпкерлерге жəне заңды тұлғаларға есепке тұрмаған əр ай үшін салық салынатын айналым сомасының 50 пайыз мөлшерде айыппұл салуға əкеп соғады. Салық төлеушінің кəсіпкерлік қызметінің салық заңдарында белгіленген жекелеген түрлерін жүзеге асыруы басталуын тіркеу есебінің орны бойынша салық органдарында тіркеудің Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген мерзімін бұзуы жеке кəсіпкерге жəне лауазымды адамға айылық есептік көрсеткіштің 10–20 дейінгі мөлшерінде заңды тұлғаларға 50–100 дейінгі мөлшерде айыппұл салуға əкеп соғады. Салық төлеушінің Əкімшілік кодексінің 206-бабының 2- бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда Қазақстан Республикасының заң актілерінде бекітілген мерзімде салық органдары есеп-қисабын табыс етпеуі, жеке адамдарға айылық есептік көрсеткіштің 10–20 дейін, лауазымды адамдарға 40–50 дейін жеке кəсіпкерліктегі жəне заңды тұлғаларға төленуі тиіс, бірақ төленбеген салықтың жəне басқа да міндетті төлем сомаларын 10 пайыздық мөлшерінде айыппұл салу. Салық төлеушілердің мұндай есеп-қисапты табыс етудің ҚР заң актілерінде белгіленген мерзімнен 90 күн өткенше салық органдарына салық есеп-қисабын табыс етпеу жеке азаматтарға айлық есептік көрсеткіштің 20–40, лауазымды азаматтарға 50–70 дейін, жеке кəсіпкерлерге жəне заңды тұлғаларға төленуге тиіс, бірақ төленбеген салықтық жəне басқа  да міндетті төлем сомасының 50 пайызы мөлшерінде айыппұл салынады. Салық төлемдерінде кірістер, шығыстар жəне салық салу объектілерінің болмауы немесе Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық-бұзушылық туралы Кодексінің 208-бабының 3-бөлімінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіпті бұза отырып жүргізілуі, лауазымды адамдарға есептік көрсеткіштің 20–50 дейін жеке кəсіпкерлерге, заңды тұлғаларда есепке алынбаған тауарлар құнының 10 пайыз мөлшерінде айыппұл салу.

Қазіргі таңдағы экономикалық қылмыстар тəжірибеде іс материалдармен жақсы танысып, зерттеуді қажет етеді. Салық төлемдерін төлемеудің нəтижесінде алынған құралдар қаржы көздерін құрайтын ұйымдастырылған қылмыстарының біріне жатады. Салық төлемдері əр түрлі нысан бойынша салық төлеушінің есептілік тəртібін бұзу, бухгалтерлік құжаттарды енгізу, салық льготаларын жəне тағы басқа да əдістер арқылы төлемейді. Салықтық қылмыстарға қарсы күрес — барлық шет елдердің негізгі мəселелерінің бірі. Олардың шешу жолдарына экономикалық сипаттағы жəне қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолданылуда. Мысалы, елдердің көбінде төленбеген сомадан 5 пайыз, төлену керек сомадан негізгі ставканың екі есе мөлшерінде немесе 50 пайызын қосымша төлейді. Шет елдерде салықтық қылмыстық құқық-бұзушылықтардың қатарына салықтық алаяқтық, салық органдарын алдау, міндеттерін шын мəнінде орындамау немесе мүлікті пайдалану арқылы салық төлеуден құтылып кету үшін алаяқтық жасаған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мысалы, Германия мемлекетінде салықтық қылмыстық жауапкершілік 1977 жылдың 16 наурызда қабылданған «Салық жəне өзге де төлемдер туралы» Ережеге сəйкес, келесі əрекеттер қылмыс болып саналады: салық органдарына жалған мəліметтер беру, салық салуға қажетті ақпараттарды бермеу, салық льготаларын негізсіз алу. Жауапкершілік ретінде бас бостандығынан айыру, айыппұл, қосымша төлемдер танылады.

Салық мемлекеттік кірістерді толтырудың негізгі қайнары ғана емес, бірақ мемлекеттің нарық экономикаға ықпал етудің негізгі рычагының бірі болып табылады. Сондықтан тиімді салық салу жүйесін құру — кез келген мемлекеттің маңызды мақсаты. Тиімді салық салу жүйесінің көрінісі тек оған жүктелген қызметтерді атқару қабілетілігінен табады. Мемлекетіміздің əлеуметтік-нарықтық даму жағдайындағы салықтық-құқықтық қатынастардың басты əрі маңызды аспектілеріне Қазақстан Республикасы салық жүйесінің ұйымдастырылуы жəне экономикалық-құқықтық тəртібі, салық төлеушілер мен салық агенттерінің міндеттері жəне құқықтары, салық органдарының құзыреттері, салықтық міндеттемелер, салықтық жауапкершіліктер жатады.

 

Дəл осындай жағдай толассыз өзгеріп отырғандықтан, ұлттық экономиканың даму болашағын есепке ала отырып, салық жүйесін тұрақты түрде жетілдіру қажеттілігі туады. Дамыған елдердің салық жүйесіндегі маңызды белгісі болып халықаралық экономикалық қызмет пен үрдістерді реттеудегі тиімді құралы ретінде пайдалану табылады.

Бүгінде салықтық қатынастарының құқықтық реттеу мəселелері еліміздің əлеуметтік- экономикалық өмірінен өте маңызды жəне елеулі орын алуда. Нарықтық қатынастарға байланысты Қазақстан экономикасында пайда болған жаңаша түрлендірулер еліміздің халық шаруашылығын басқару-реттеу жолында қаржылық жəне салықтық механизмдерді қолдану үрдісіне баса назар аударуды қажет етеді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Кучеров И.И. Налоговое право зарубежных стран: Курс лекций. — М.: АО «Центр ЮрИнФоР», — 2003. — С.23.
  2. Кадье Л. Замечания относительно понятия злоупотребления правом в налоговой сфере / Взгляды на налоговое мошенничество / Исследования под ред. Л.Кадье, Е.Неве. — Париж: Коллекция исследований и работ юридического факультета Ренна, Economica, — С. 32. (Cadiet L.Remarques sur la notion fiscale d'abus de droit / Regards sur la fraude fiscale. Etudes coordonnees par L.Cadiet et E.Neveu. — Paris: collection Recherche et travaux de la faculte de sciences juridiques de Rennes, Economica, 1986. — P. 321).
  3. Винницкий Д.В. Принцип добросовестности и злоупотребление правом в сфере налогообложения // Право и экономика.— 2003. — № 1. — С. 25.
  4. Князев В.Г., Черник Д.Г. Налоговые системы зарубежных стран. — М.: Закон и право, 2002. — 310 с.
  5. Новые налоги в США // Белорусский банковский бюллетень. — 2003. — № 30. — С.25.
  6. Налоги в развитых странах / Русковой И.Г., Кашан В.А. — М.: Финансы и статистика, 1991. — С.59.
  7. Козырин А.Н. Правовое регулирование налогообложения в зарубежных странах // Финансы. — — N 5. — С. 24.
  8. Болтроменюк В. Германия: «Штойфа» выходит из тени // Налоговая полиция. — 1997. — № 5. — С.31.
  9. Мартинез Ж.К. Налоговое мошенничество. — Париж: PUF, — С. 94. (Martinez J.-C.La fraude fiscale. — Paris: PUF, 1984. — P. 94).
  10. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстана. — Алматы: ТОО «Изд-во Норма-К», 2002. — С.258.
  11. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi. ҚР 1997 жылғы 16 шiлдедегі N 167 Кодексі // ҚР Парламентінің жаршысы. — 1997. — № 15,16. — 211-құж. — 25-б.
  12. Закон «Об административных правонарушениях». Кодекс РК от 30 января 2001 года № 155 // Ведомости Парламента Республики Казахстан. — 2001. — № 5, 6. — С. 24; Казахстанская правда. — 2001. — 13 февр. № 40,41; 2001. 14 февр. № 42,43; 2001. 15 февр. № 44,45; Юридическая газета. — 2001. — 21 февр. № 9,10; 2001. 28 февр. № 11, 12.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.