Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау немесе айналымға енгізуге қарсы қылмыстық күресті жетілдіру

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» Конституциялық заң жарияланғаны белгілі. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында əлемдегі дағдарыс Қазақстан халқына алапат ауқымдылықтың салмақ-салдарын сезіндірді. Ел Президентінің «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» туралы Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлт пен мемлекеттің  аман  қалуының  жалғыз  жолы  —  экономиканы  ашық  ұстау  —  əлемдегі  қуатты экономикалық аймақтармен ықпалдаса араласып-құраласу. Айрықша жолды ойлап табуға тырысушылық экономикада ғана емес, саясатта да жарға жықпай қоймайды. Қазақстан əлемдік тенденцияға қарсы тұра алмақ емес. Ашық қоғамды демократиясыз құруға болмайды» [1] делінген.

Алайда жаңа қоғам құру оңай шаруа емес. Бұл процесс кейбір келеңсіз құбылыстармен ұштасып жатады. Соның бір көрсеткіші — елдегі соңғы жылдардағы əлеуметтік-саяси жəне экономикалық жағдайлардан құқық бұзушылықтардың көбеюі. Қылмыстардың тұрақты өсуі, тенденциясының қалыптасуы қоғамдағы табиғи-саяси жағдайларғада келеңсіз əсер етеді, адамдар арасындағы келіспеушілікті ұлғайтып, халықтың болашығына деген сенімсіздігін арттырады.

Елімізде 1993 жылы ақша реформасын жүргізу барысында ұлт мақтанышы, тəуелсіз мемлекет рəмізі, мемлекет тəуелсіздігінің басты бір белгісі болатын өзінің алғаш ұлттық валютасы — теңгені шығарды. Қазақстан халқының басым көпшілігі нарық жағдайына жаңа үйреніп, оның заңдылықтарын енді игеріп жатуы жаңа қылмыстар түрлерін пайда болуына əкеп соқты. Оның нақты бір көрінісі — жалған ақша мен бағалы қағаздарды қолдан жасау, сақтау не оларды сату.

Тиындардың пайда болуы жəне олардың жалған түрлерінің пайда болуының аралығындағы уақыт көп емес. Ақша белгілер эволюциясы жалған ақшалармен бірге жүрді, бұған қоса жалған ақша жасаушылар өздеріне пайда табу мақсатында жалған ақша шығарудың жаңа жолдарын тез арада тауып отырды. Бірақ сол кездегі мемлекеттер жалған ақша жасаушыларға қатаң «сыйақыларын» берді. Ежелгі Грекияда ақша айналымына келтірілген шығын үшін, атақты Солон заңдарына сəйкес өлім жазасына кесілді. Б.э.д. 1792–1750 жж. билік еткен Вавилон патшасы Хаммурапи заңдары бойынша да жалған ақша жасаушылар өлім жазасына кесілді [2]. Жалған ақша жасаушылардың қудалауына байланысты шыққан б.э.д. IV ғ. Рим императоры Карнелийдың жалған тиындар туралы заңы — ежелгі мемлекеттік актілерінің бірі. Бұл Рим заңы жалған ақша жасаушыларға қатаң болған жоқ, алтын тиындарға басқа металдар қоспасын қосқан үшін тек ғана мемлекетен қудаланды. Кейін император тиын шығаруға байланысты монополиясының күшейуіне байланысты, жалған ақша шығарғаны үшін рим құқығы бойынша мемлекеттік қылмысы деп танылып, өртеу немесе жабайы аңдарға талатқызу арқылы өлім жазасына кесілді [3; 29].

Аталған қылмыстың қауіптілігін барлық уақытта да көпшілік мойындап келген. «Хандықтардың, корольдіктерің, республиканың құлауына негізінен төрт түрлі жағдай əсер етеді: ол шапқыншылық, өлімнің болуы, егін-ауыл шаруашылығында жұтшылық жəне монеталардың құнсыздануы. Алғашқы үш жағдай басқа түскенде тəуекелге бел бууға болады, олар — жорамал. Ал монетаның құнсыздануын кейбіреулер республиканың құлауының негізі ретінде мойынадамайды, себебі ол мемлекетті бірден, зор екпінмен  емес,  жайлап,  жасырын түрде мемлекетті  құртады жəне  жояды» [3; 33].

Бағалы қағаздарды қолдан жасау қор рыногының құралдарына айтарлықтай қауіп төндіріп отыр, бағалы қағаздар рыногының сенімділігін қамсыздандыру шараларын жүзеге асыру түрінің  бірі ретінде осы құбылыспен күресу мəні жоғарылап келеді.

Қазақстан ұлттық банкі 2001 ж. 3 наурыздағы № 58 нұсқауында ақша белгілерінің түпнұсқалылығы мен төлем қабілеттілігін анықтау тəртібін баяндаған. Мəселен, 135 нұсқауда айтылғандай, жалған белгілері бар банкноталар мен тиындар қатарына заңсыз пайда табу мақсатында алғашқы түрі өзгертілген. Яғни банкноталарды көшіру, жапсырма, сурет, мəтін не санды қайта басу нəтижесінде өзгерістердің сыртқы түрі түпнұсқа банкоталардың сəйкес белгілерімен ұқсас келіп, осындай банкнота түпнұсқа ретінде танылатын болса, ол жалған ақша деп саналады [4].

Берілген мəселенің шешімін табу үшін, республикамыздың Жоғарғы Соты Пленумының нормативті нұсқауын шығару қажет болып көрінеді. Онда жалған ақша, тиындар мен бағалы қағаздарға қатысты нақты шектеулер бөлімін беру керек, сөйтіп РФ Жоғарғы Сотының Пленумы нұсқауына баламалы құқық қолдану тəжірибесін алдын ала тергеуде де, сот тергеуінде де қолдануға болады [5].

Осымен бір мезетте ҚҰБД билігінің нормативті-құқықтық актілерімен əр түрлі номиналды айналымдағы банкноталар мен тиындарды алмастыру мен айналымға енгізу, енгізу шарттары мен мерзімдері анықталады, ақша белгілері алмастырылады [6].

Мəселен, ҚҰБ 2000 ж. 20 шілдедегі № 300 «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналымдағы ақша белгілерін алмастыру туралы нормативті нұсқауына сəйкес ұлттық валютаның ақша  белгілерін   қорғауға   байланысты   қосымша   шараларды   орындау   мақсатында   2000 ж. 1 қыркүйегінен бастап 200 жəне 500 номиналды теңгелер айналымға енгізілген. 1993 жəне 1994   жж. 200 жəне 500 номиналды теңгелер айналымнан шығарылады, оларды алмастыру 2001 ж. 31    тамызға

дейін жалғасады. 2001 ж. 1 қыркүйегінен бастап ҚР аумағында 1993 жəне 1994 жж. шығарылған   200 жəне 500 номиналды теңгелерді айналымда жүргізуге тыйым салынады. Осы мезеттен бастан ескі үлгідегі ақша белгілері ҚР аумағында кез-келген төлем түрі бойынша заңды төлем құралы болудан қалады. Екінші деңгейлі банктерге 1 жыл ішінде ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдап, сараптама арқылы түпнұсқалылығы дəлелденгеннен кейін, оны жаңа ақша белгілеріне ауыстырады.

Осы себептерге қарамастан, біздің ойымызша, аталған шаралар тиімді емес, ескі үлгідегі ақша белгілерін айналымға енгізу Қазақстан ішінде де, одан тыс жерлерде де жалғасып келеді. Сəйкесінше, заңды жəне жеке тұлғалар ескі үлгідегі банкноталарды айналымға енгізеді, яғни өздері білмей заңсыз əрекеттерге барады. Біздің пікірімізше, бұл енгізілетін жəне алынып тасталатын банкноталар мен тиындардың ұқсастығы, сол секілді ұлттық валютаның айналымдағы ақша белгілерінің ауыстырылуы туралы ҚР халқының білмеуімен байланысты. Мəселен, айналымға енгізіліп отырған 20 жəне 50 номиналды АҚШ долларларының купюра көркемдігінде бірқатар өзгерістер бар.

Мəселе айналымнан алынып тасталған ақша белгілері жалған ақша қылмысы құрамын құрамай, жинақ құндылығына ие болатындығында жатыр. Сонымен, бір мезетте 1993 жəне 1994 жж. жасалған ақша белгілерін қолдан жасау жағдайлары да кездесуі мүмкін, ҚР ҚК 206-б. қарастырылған мұндай тұлғалардың əрекеті толық негізді болып шығады.

Біз Астана қаласындағы 2 айырбас нүктесінің жұмысшыларына сұрау салдық. Сұрау барысында келесі мəлімет белгілі болды: айырбас нүктесінің қызметкерлері клиенттерден купюраны қабылдап, оның жалған екенін анықтағаннан кейін ақшаны қайтарып береді. Жалған ақша құралдары мен бағалы қағаздарды құқық қорғау органдарына өз еркімен тапсыру жағдайы анықталмады.

Осы себептерге сəйкес айырбас пункттерін жалған ақшаны кейін қайтарып бермей, əрбір жеке факт бойынша құқық қорғау органдарына хабарлап отыруға міндеттейтін нормативті-құқықтық актісін шығарған дұрыс деп есептейміз. Соңғылары өз кезегінде жалған ақша құралдары мен бағалы қағаздар анықталған жерге жедел жетулері керек. Осы секілді шаралар азаматтардың жалған ақша құралдарын қайталап пайдалануын алдын алып, пайда болуын анықтауға көмектеседі деп ойлаймыз.

Ақша құралдарын қолдан жасауға қарсы күрес бағытындағы халықаралық одақтастықтың дамытылуына ҚР 1929 ж. жалған ақша құралдарымен күрес жөніндегі Женева конвенциясы мен оның мəлімдемесіне қосылу үлкен үлес қосар еді. Əмбебап сипаттағы халықаралық келісім-шарт негізінде жүзеге асатын жалған ақша жасаумен күрес, біздің ойымызша, бірқатар артықшылықтарға ие.

Ол аталған əрекетке 1929 ж. Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің əлдеқайда көп санын тартуға бағытталған. Тағы да ол осы салада жұмыс тəжірибесі мол халықаралық шетелдік арнайы қызметтермен тығыз қарым-қатынаста болуға мүмкіндік береді.

ҚР ҚК 206 б. баламалы РФ ҚК 186 б. қолдан ақша жасауды қарастырады. Сол секіліді РФ Женева конвенциясына 1931 жылдан мүше жəне РФ Президентінің Қаулысына сəйкес Интерполмен бірлесе жұмыс жасайды [7].

ҚР 1929 ж. Женева Конвенциясына мүше болса, ең алдымен ҚР Қылмыспен күрестегі орны жоғарлайды, сол секілді жоғарыда баяндалған 12 конвенциясына болған талаптарын орындау бағытындағы Интерпол рөлі жоғарылайды.

ҚҰБ, ІІМ жəне ҚР Экономикалық жəне жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігі бірігіп нормативті-құқықтық акті жасамдап шығарған жөн, ол бойынша айырбас пункттері жалған ақша құралдарын азаматтарға кейін қайтарып бермей, əрбір жеке жағдай туралы құқық  қорғау органдарына хабарлап отыруға міндетті болуы керек. Соңғылары өз кезегінде  жалған ақша құралдары мен бағалы қағаздар анықталған жерге жедел жетулері қажет. Осы секілді шаралар азаматтардың жалған ақша құралдарын қайталап пайдалануын алдын алып, пайда болуын анықтауға көмектеседі деп ойлаймыз.

Толыққанды бақылау мақсатында ҚР Үкіметінің Жарлығы түріндегі нормативті-құқықтық акт жасау керек. Онда полиграфия мекемелерінің ашылу тəртібін реттейтін, олардың əрекеттерінің дұрыстығы, бақылаушы органдар құқықтары, сол секілді əлдебір заң бұзушылықтар жағдайында міндетті тұлғалардың жауапкершілігі де қарастырылуы керек.

Біздің ойымызша, жалған ақша жасаудың белең алу шарттары мен себептерінің бірі ақша купюраларын тануға байланысты көркемдік плакаттардың болмауы мен көптеген  сауда орындарының купюра шынайылығын анықтайтын детекторлармен жабдықталмауы. Осыған байланысты сауда орындарына ақша құралдары шынайылығын тексеретін детекторларды орнатуға міндеттейтін нормативті-құқықтық актіні шығару дұрыс деп есептейміз.

Біздің ойымызша, жалған ақша жасаумен күресте негізгі назар прокуратураға аударылуы керек. Елдегі  қылмыс  жағдайы  мен  динамикасын  есепке  алып,   прокуратура  органдары  өзге        құқық органдары, мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдармен біріге отырып, нақты жəне бағытталған шараларды жасамдап, жүзеге асыруы тиіс.

Бұдан басқа прокуратура осы шаралардың жүзеге асырылуын басшылыққа алуы тиіс.

Прокурордың құқықтық өкілеттіліктері заңда прокурор бақылауының құралдары деп аталатын əрекеттер мен құқықтық актілер арқылы жүзеге асырылады.

Прокуратураның заң бұзушылықтар мен соған септесетін салдарларды жоюға бағытталған. Жалған ақшаны дайындау мен пайдалану жұмыстары бойынша құқықтық құралдарына мыналар жатады: жалған ақша белгілерін даярлау мен айналымға енгізуге септесетін себептер мен шарттарды жою ұсыныстарын беру; тергеу жүргізген тұлғалар мен тергеушілердің заңсыз жəне негізсіз қорытындыларын қабылдамау; соттың заңсыз жəне негізделмеген шешімдеріне қарсы шығу; бақылауды жүзеге асыру кезіндегі кейбір мəселелерге түсінік беру үшін жалған ақшаны дайындаумен айналымға енгізуге байланысты қылмыстық істе мамандарды тарту.

Тергеу мен алдын ала іс жүргізу органдарынан жалған ақша жасау мен айналымға енгізу фактілері туралы қылмыстық істер, тергеу мен алдын ала іс жүргізуге қатысты құжаттар, заттық деректер, материалдар, жасалған қылмыс туралы өзге де мəліметтерді тексеру үшін талап ету; мемлекеттік кінəлаушы ретінде жалған ақшаны жасаумен пайдалануға байланысты сот істеріне қатысу; шешім заңды күшіне енген кез келген істі соттан кейін қайтару; жалған ақша белгілерін дайындаумен айналымға енгізу істеріне байланысты ұсталған, тұтқындалған жəне  айыпты тұлғаларды тергеу; жалған ақшаны жасау мен айналымға енгізу ісінде прокуратура органдары белгілі бір аймақтағы еңбек ұжымдарының жағдайы заңдылығы мен құқықтық қорғалуы тұрғысында жергілікті əкімшілік жəне атқарушы органдармен белсенді түрде əрекет етуі керек. Мəслихаттар мен əкімшіліктер өкілдері құқық қорғау органдары жұмыстарында болған кемшіліктер мен жетіспеушіліктер туралы прокурорға баяндап отыруы керек. Өз кезегінде мəслихат депутаттарының жиналысына келген прокурор жалған ақшаны жасау мен айналымға енгізудін алдын алуға байланысты жүргізілген жұмыс туралы есеп береді [8].

Жалған ақша белгілерін жасау мен айналымға енгізу жұмыстары бойынша прокуратура органдары жүргізіп жатқан жұмыстар қылмыстың осы түрінің алдын алуда ереше маңызға  ие. Жалған ақшаны жасау мен айналымға енгізумен байланысты қылмыстық істерді алдын ала зерттеу барысында прокурор назары осы қылмыс түрінің дамуына септігін тигізетін себептер мен шарттарды анықтап табуға аударылуы керек.

Ақшаны қолдан жасауға түрткі болған себептер мен шарттарды барынша терең жəне жан-жақты зерттеу берілген дəрежедегі қылмыстық болуына алғы шарттар жасаған тұлғалардың жолын кесуге мүмкіндік береді. Жалған ақша жасау мен айналымға енгізуге түрткі болған  себептер мен шартттарды анықтағаннан кейін прокурор осы себептер мен шарттардың алдын алу туралы сəйкес мемлекеттік орган, қоғамдық ұйым немесе жауапты тұлғаға тапсырма беруі керек. Жоғарыда аталған тұлғалар бұл тапсырманы орындауға міндетті. Жалған ақшаны жасау мен айналымға енгізу барысында қылмыстық əрекетін шарттары мен нəтижелерін толық зерттеу (жасау тəсілі жағдайы, айналымға енгізілу, орны мен уақыты) қылмыстық жағдайдың табиғатын, қоғамдық қауіп дəрежесін, қылмыстың осы түрін жасаған тұлғаларды анықтауға мүмкіндік береді.

Жалған ақшаны жасау мен пайдалануға қатысты қылмыстық істерді тергеу мен алдын ала зерттеу органдарының заң бойынша əрекет ету прокурорлық бақылаудың билік ету сипаты басым, нақтырақ айтқанда: прокурор қаулылары мен ұсыныстары, қылмыстық істерді ашу зерттеуге байланысты бақылау актілерінің орындалуы тергеу мен алдын ала зерттеу органдарының жауапты тұлғалары үшін міндетті саналады. Прокурор кез келген қылмыстық істің ашылуына араласып, тіпті тергеу əрекеттеріне қатысуға да құқылы болады. Жалған ақшаны жасау мен айналымға ендірумен күрестегі прокурорлық құралдардың ең көп таралған жəне тиімді түрі болып прокурорлар қаулысы саналады. Ол барлық мекемелер, ұжымдар, ұйымдар жауапты тұлғалар мен азаматардың орындауына міндетті. Бақылаудың бұл түрін қолдану барысында прокурорлар:

а) жалған ақшаны жасау мен айналымға енгізуге қатысы бар тұлғаларға қылмыстық іс ашады;

б) жалған ақша белгілерін жасау мен айналымға енгізу саласындағы қылмыстардың максималды саңының ашылу үшін жедел іздеу шараларын ұйымдастыруға нұсқау береді;

в) тұлғалардың қылмыстық жауапкершілік, өзге де құқық шектеу шараларына тартылуының заңдылығы мен негізділігін бақылайды;

г) осы дəрежедегі қылмыстарды ашуда зерттеу жəне алдын ала тергеу органдарының заң тəртібіне бағынуын бақылайды [9].

Жалған ақшаны жасау мен айналымға енгізуге қатысты қылмыстық істерді зерттеуде біз кейбір кемшіліктер мен жетіспеушіліктерді аңғардық. Жекелей алғанда əрбір екінші іс тергеу мерзімдерінен тыс ашылған, бұл қылмыстық-процессуалды заңды қатаң бұзу болып табылады. Осыған байланысты, біздің ойымызша, тергеу мерзімдерін бұзу жағдайларының алдын алып, зерттеу мен тергеу заңдылығына деген прокурорлық бақылауды күшейту керек. Қажет жағдайда  тəртіп жауапкершілігіне тартқан жөн.

Жалған ақша жасау мен айналымға енгізу істері бойынша прокурорлар жазбаша санкция беруге құқылы, яғни зерттеу органдарның қылмыстық ашуын мақұлдау («Прокуратура туралы» заңның 21-б.).

Жалған ақшаны жасау мен айналымға енгізуге қарсы күресте прокурорлық бақылауды күшейту мақсатында, біздің ойымызша, келесі əрекеттер жүзеге асырылуға тиіс:

  • автор пікірі бойынша, жалған ақша белгілерін жасау мен айналымға енгізуге қарсы күресті одан əрі күшейте түсу үшін құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердің əрекеттерін бақылау функцияларына ие прокуратура органдары жарты жылда бір рет ақша белгілерін қолдан жасау мəселесіне байланысты отырыстар өткізіп отыру керек. Сол жерде олардың алдын алуға байланысты нақты шараларды белгілеп, кейін оның орындалуын тексеріп отырған жөн;
  • тергеушілері мен жедел əрекет етуші жұмысшылардың істері біліктілігін арттыру үшін оқу- əдістемелік семинарлар жүргізу керек. Онда прокурорлар тергеу мен жедел-іздестіру жұмыстары барысында анықталған заң бұзушылықтары мен жетіспеушіліктердің алдын алу мақсатында баяндамалар оқиды;
  • жалған ақша жасау мен белгілерінің жасау мен айналымға енгізуге қарсы күрес жұмысының жандануы үшін прокурор жетекшілік ететін жедел-іздестіру топтарын құру қажет. Заңға сəйкес, ол толық көлемде тергеу жүргізіп, жедел-іздестіру қатыса алады;
  • тəжірибеде дəлелденгендей, прокурор басшылығымен зерттелген жалған ақша белгілерін жасау мен айналымға енгізу қылмыстары сапалы жəне жоғары біліктілікпен орындалады, сотта қарастырылғанда да ешқандай ескертулер жүргізілуі республикамыздағы жалған ақшаны жасау мен айналымға енгізуге қарсы күрестегі прокурор бақылауын көмектесуге септігін тигізеді.

Зерттеу барысында алынған негізгі ғылыми нəтижелер келесі қорытындыларды тұжырымдауға мүмкіндік береді:

  1. Жалған ақша жасаудағы қылмыстық жауапкершіліктің ретроспективті сараптамасы көрсеткендей, ежелгі кездерден бастап бүгінге күнге дейін Қазақстан өз мемлекеттігін құру мен дамытудың əр түрлі кезеңдерінде ақша-несиелік жүйесінің қылмыстық-құқықтық қорғалуына жеткілікті назар аударады. Сарапталып отырған нормаға 1997 жылы өзгерістер енгізілді, онда заң шығарушы бірқатар нұсқауларды қайта қарап шығып, өлім жазасын алып тастады.
  2. Жалған банкноталар немесе тиындар, бағалы қағаздар пайда табу мақсатында заңсыз шығару немесе сақтау сол секілді пайдалану астарында айналымдағы түпнұсқа ақша белгілері жəне бағалы қағаздармен айтарлықтай ұқсастығы бар ақшаны жалған жолмен шығару іштей заңсыз баю санасын шарттаған тұлға немесе тұлғалар тобының нақты келісілген, ілеспелі əрекеттері түсінілуі тиіс.
  3. Жалған ақша жасау — бұл белгілі бір дəрежеде халықаралық сипаттамаға ие болатын қылмыстық əрекет түрі, біздің ойымызша, оның өзіне тəн қылмыстық мəні де бар. Кез келген елде бұл қылмыспен күрес жүргізуде қалыптасып қалған халықаралық тəжірибе бойынша, осы секілді құқық бұзушылықтарды тану, алдын алу мен жою əдістері, сол секілді əр түрлі елдердің құқық қорғау органдарының халықаралық бақылауы жағдайында ғана тиімді болуы мүмкін. Сондықтан мұндай түрдегі қылмыстардың криминологиялық сипаттамаларын жасамдау кезінде оның құрамына құрылымдық элемент ретінде жалған ақша жəне бағалы қағаздарды даярлау мен пайдаланудың ұйымдасқан халықаралық сипаттамасы да енгізілуі тиіс.
  4. Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау жəне сатудың сапалық сипаттамалары өзгерісін заманауи жағдайдағы қылмыстың көлемінің ұлғаюына байланысты ҚР ҚК 206-бабын жаңадан шығару:

206-бап. «Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату:

  1. Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің жалған банкноттары мен монеттерін, мемлекеттік бағалы қағаздарды немесе Қазақстан Республикасының валютасындағы басқа бағалықағаздарды не шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату мақсатында жасау немесе сақтау, сол сияқты сату – мүлік тəркілеуіне қоса 5-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.
  1. Сол əрекеттер үшін ірі мөлшерде жасалған не жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасағаны немесе сатқаны үшін бұрын сотталған адам жасаған осындай əрекеттер – мүлік тəркілеуіне қоса 7-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.
  2. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген ұйымдасқан топ жасаған əрекеттер-мүлік тəркілеуіне қоса 10-нан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырумен немесе өмірлік бас бостандығынан айырумен жазаланады».

Осыған қоса ҚР ҚК 206-бабын келесі мазмұнды ескертпемен толықтырған жөн:

  1. Ірі көлемді деп жалған ақша немесе бағалы қағаздардың ҚҰБ бекіткен курс бойынша ұлттық немесе шетелдік валюта жəне бағалы қағаздардан мың есе артық жəне қылмыстың жасалу мезетінде ҚР Заңы бекіткен айлық есептік көрсеткішетін бес жүз есе артық сома танылады.
  2. ҚР Ұлттық банкінің жалған банкноталары мен тиындарын, мемлекеттік бағалы қағаздар мен ҚР валютасындағы өзге де бағалы қағаздарды, шетелдік валютаны, шетелдік валютадағы бағалы қағаздардың заңсыз жасалған, сақталған нұсқаларын өз бетімен тапсырып, жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасаумен байланысты қылмыстардың ашылуына көмек берген немесе алдын алған, қылмыс жасаған адамдарды ұстаған, қылмыстық жолмен меншіктелген мүлікті табуға көмектескен тұлға аталған бап бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
  3. Жалған ақша белгілерін жасаумен күрестегі халықаралық одақтастық дамуына Қазақстан Республикасының жалған ақша белгілерін жасаумен күрес жөніндегі Женева Конвенциясына өтуі мен оның Протоколы үлкен үлес қоса алады. Əмбебап сипаттағы халықаралық келісім негізінде жүзеге асырылатын жалған ақша жасаумен күрес жөніндегі Одақтың, біздің ойымызша, керемет артықшылығы бар. Ол осы əрекетке мүмкін болғанша мемлекеттердің көп бөлігін жинақтауға бағытталған, бұдан басқа жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасауға қарсы күресте айтарлықтай тəжірибе жинақтаған халықаралық шетелдік полицейлер, арнайы қызметтермен тығыз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
  4. Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды меншіктеу, алып жүру, қайта жіберу секілді əрекеттерді қылмыс санап, сол секілді алдын ала келісім бойынша əрі ірі көлемде жалған ақша жасаған тұлғалар тобы да қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
  5. Зерттеліп отырған норманың блакнеттілігін есепке ала отырып, зерттеуші ҚР Жоғарғы Сотының 2004 ж. 18 маусымдағы «Экономикалық əрекет саласындағы қылмыстардың кейбір мəселелері туралы» нормативті нұсқауында меншіктеу, жалған ақша немесе бағалы қағаздарды алып жүру, қайта жіберуге анықтама беруді ұсынады.
  6. Қылмыс заңының соттық жəне тергеу практикасы материалдарының сараптамасы зерттеушіге ҚР ҚК 206-б. зерттеу барысында кей жағдайда қылмыс субъектісін анықтауды қиындық туғызатындығын көрсетіп отыр. Бұл жағдайда тұлға тікелей жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасаумен айналыспайды, бірақ жағдайлардың тұстас келуіне байланысты меншігіне өтіп, оны білетін, сөйтсе де пайда табу мақсатында оны түпнұсқа ретінде қолданатын тұлға, біздің ойымызша, жалған ақша жасаудағы қылмыстық жауапкершілік болып табылады. Қылмыстық заңның дұрыс түсінілуі үшін ҚР Жоғарғы Сотының айтылған нормативті нұсқауына сəйкес түсініктеме беру ұсынылады.
  7. Сот-тергеу практикасының анализі жалған ақша жасауды бекітуде жіберілген қателер туралы айтады. Ол жасау мен сақтау мақсатында іске асырылған əрекеттер мақсатын бекітпеу немесе дұрыс емес бекітумен, оның ішінде əсіресе жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау мақсатымен шартталған. Біздің ойымызша, осы жағдай ҚР Жоғарғы Сотының 2004 ж. 18 маусымдағы «Экономикалық əрекет саласындағы қылмыстардың кейбір мəселелері туралы» нормативті нұсқауында бекітілуге ие болуы керек.
  8. Ұлттық банк ҚР ІІМ мен АБЭиКП-мен бірге отырып, нормативті-құқықтық актіні шығару керек деп есептейді. Бұл актіні валютаны алмастыру пункттері, сауда ұйымдары орындауы тиіс. Оның мазмұны төмендегідей: азаматтарға жалған ақша купюраларын қайтарып бермеу жəне əрбір табылған факті бойынша құқық қорғау органдарына хабарлау керек, олар өз кезегінде жалған ақша немесе бағалы қағаздар табылған араға тез арада жетіп, алдын ала тексеру жүргізу керек. Аталған шаралар жалған ақша құралдарын пайдалану жағдайларының қайталанбауын жəне олардың пайда болу себептерін ескертеді деп сенеміз.
  1. Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау мен сатуға болатын себептердің бірі түпнұсқалық жəне шетелдік валютаның түпнұсқалылығын анықтайтын детекторлар мен көрнекілік-кеңес беру плакаттарының сауда ұйымдарында болмауы екендігін есепке ала отырып, сауда нүктелерінде ақша құралдары түпнұсқалылығын анықтайтын детекторлар мен плакаттарын ілуге міндеттейтін ҚР Үкіметі деңгейінде нормативті-құқықтық акті шығарған дұрыс деп есептейміз.

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Назарбаев Н.Ə. Дөңгелек үстелдегі баяндама // Ел Президентінің «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» туралы Қазақстан халқына жолдауына орай заңдарды жетілдірудің проблемалары тақырыбына арналған дөңгелек үстел материалдарынан. — Алматы, 2000. — 188-б.
  2. Всемирная история государства и права: Учеб. / Под ред. В.В.Лазарева. — М.: Юристъ, 1996. — С.145.
  3. Польская Г.Н. Тайны Монетного двора. — СПб.: Питер, 2007. — 389 с.
  4. Постановление Правления НБ Республики Казахстан «Об утверждении Правил ведения кассовых операций в банках второго уровня и организациях, осуществляющих отдельные виды банковских операций Республики Казахстан» от 3 марта 2001 г. //www.base.zakon.kz
  5. Бюллетень ВС Росиийской Федерации. — 2001. — № 6. — С.
  6. Постановление Правления НБ Республики Казахстан № 300 «О замене находящихся в обращении денежных знаков национальной валюты Республики Казахстан» от 20 июля 2000 г. //www.base.zakon.kz
  7. Уголовный кодекс РФ от 13 июня 1996 г. — N — ФЗ. — М.: Юрист, 2007. — С. 115.
  8. Мухамадиева Г.Ж. Уголовная ответственность за изготовление или сбыт поддельных денег или ценных бумаг // Проблемы и пути развития уголовного законодательства Республики Казахстан: Науч.-практ. конф. молодых ученых и соискателей. — Караганда: КЮИ МВД РК им. Б.Бейсенова, 2001. — С.
  9. Мухамадиева Г.Ж. Предмет фальшивомонетничества // Актуальные проблемы права: Материалы науч. конф. —Караганда: КЮИ МВД РК им. Б.Бейсенова, 2002. — С. 36.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.