Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Алаш қайраткері Қошке Кемеңгерұлының ұлтты дамыту жолындағы ізденіске толы қызметі

Кіріспе

Білім мен білікке ұмтылған Алаш қайраткері Қошке (Қошмұхамбет) Дүйсебайұлы Кемеңгеров 1915 жылдан бастап 1930 жылға дейін үзіліссіз ұлт əдебиетіне, тарихына, драматургиясына, журналистикасына, ғылымына айрықша үлес қосты. Осы уақыт аралығында ол өз қатарластарымен бірге отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күреске қатысты. Оның сан-салалы ізденіске толы ұлтты дамыту жолындағы қызметін өткен ғасырдың отызыншы жылдарында басталған Кеңес үкіметінің репрессия науқаны үзді.

Қошке Кемеңгерұлы 1896 жылы 15 шілдеде сол кездегі территориялық бөлініс бойынша Ақмола облысы, Омбы уезі, Беке болысындағы «Ауыздағы Қаржас» деген ауылда дүниеге келген. Ата- бабасы мұнда Баянауылдың Сарытауынан қоныс аударған болатын. Деректерге қарасақ, Қошке — Арғын тайпасына жататын Қаржас руының Құлеке атасынан (тармағынан), Ақша ұрпағы (сызбаны қара.). Кезінде Қаржас руының атақты биі Шорман: «Омбыға барғанда тамақ ішетін, намаз оқитын жерім жоқ», — деп, баласы Мұса оқыған кадет корпусы көрінетін Ертістің сол жақ бетінен 250 сомға жер сатып алып, сол жерге 1849 жылы сенімді ағайыны Атанұлы Кемеңгерге, өзіне арнайы үй салдырып, қызметшілері үшін тұрғын жай, малы үшін қора-қопсы тұрғызады. Кемеңгер Атанұлы Дүйсенбай, Дүйсебай есімді екі ұл сүйген. Дүйсебайдан тарайтын Қошмұхамбет есейе келе қалам ұстағанда, жазғандарына «Қошке Қемеңгерұлы» деп қол қояды [1; 4].

Қошкенің əкесі Дүйсебай жастай қажыға барып, оқу-ағарту ісіне ықыласты болған. Сондықтан да болашақ қаламгер, Алаш қайраткері көзі ашық, ауқатты, берекелі отбасында туып, жан-жақты тəрбие алған.

Жас Қошкенің халыққа тез танылуы

Қошке алғаш Белгібай молдадан дəріс алып, мұсылманша сауат ашқан. Одан кейін Омбыда шіркеу мектебінде, ветеринарлық-фельдшерлік мектепте оқиды. Арнаулы оқу орны болғандықтан, мұнда ол зоотехника, медицина негіздері бойынша сабақ алады. Содан кейін Омбы ауылшаруашылық училищесіне түсуге аңсары ауады.

Қошмұхамбет 1913 жылы 1 тамызда Омбы ауылшаруашылық училищесінің ауыл шаруашылығы бөліміне түсуге талапкерлер қатарында 34-ші болып құжатын тапсырады (Омбы облыстық мемлекеттік архиві, 65-қ., 1-т., 36-іс, 65-б.). Осы жылы аталған білім ордасына Қошкемен бірге Ахмет Əбдірахымұлы, Смағұл Қазыбекұлы, Мұхтар Саматұлы сынды шəкірттер де түседі. Бұлардан бір жыл бұрын училищеге Сүлембек Байжанұлы, Бірмұхамед Айбасұлы, Асфандияр Шорманұлы секілді қазақ балалары қабылданған екен. 1916 жылы бұл оқуға Смағұл Садуақасұлы түседі. Сонымен Қошке бастаған Омбы шаһарындағы оқуға ұмтылған шəкірттер Алаш жастарының бір жерге ұйысып, топтасуына мұрындық болған тəрізді [1; 4].

Қ.Кемеңгерұлы Омбыдағы Қазақ жастарының тұңғыш қоғамдық-саяси ұйымы «Бірлікке» (1914– 1918) мүше болып кіреді [2]. «Бірлік» ұйымы өзінің алдына қазақ халқының мəдениетін, өнерін, əдебиетін көтеру арқылы оның ұлттық санасы мен сезімін оятуды мақсат етіп қойды. Осы мақсатқа жету үшін ауыз əдебиеті үлгілерін жинап, оларды бастырып шығаруды, ауыл мектептерін оқулықтармен қамтамасыз етуді, қаражатқа мұқтаж оқушыларға көмек ұйымдастыруды қолға алды. 1917 жылдың 1–4 қазан аралығында ұйымның кеңейтілген жиналысы өтіп, онда ұйым мүшелері Алаш партиясына қолдау көрсететіндіктерін білдіріп, халық арасында оның бағдарламасын насихаттауды өз мойнына жүктеді [3; 121].

1916–1918 жылдары «Бірлік» жастар ұйымы «Балапан» атты қолжазба əдеби журнал жариялап тұрды. Оның редакторы Қошке болды. М.Жұмабаевтың «Балапан қанат қақты» атты аллегориялық əңгімесі осы басылым туралы. Бұл журнал Алашқа тыныс болған жас толқынның қалам тəжірибесін шыңдаған мектеп болып тарихқа енді [3; 97].

Қошке Кемеңгеровтің халыққа тез танылуына себепші 1915 жылы «Айқапта» шыққан бірнеше өлеңі мен осы «Бірлік» пен «Балапандағы» қызметі болды.

1917–1919 жылдары Қошкенің сергелдеңге түскен халқының ішінде жүруі

Осы жылдардағы саяси оқиғалар тұсында Қ.Кемеңгеров сергелдеңге түскен халық пен оқығандардың ішінде жүрді. Бұл кезде заман қатал, саясат құбылмалы еді. Осыған қарамай Алаш зиялылары сеңдей соғылысқан жұрттың арасынан бөлінбей, мəмілегерлік жолын іздеді.

1917 жылы сəуірде Қошке Кемеңгерұлы Дінше Əділұлын ертіп, Ақмола облыстық  қазақ комитеті атынан (Омбыдан) Ақмола қаласына келіп, Уездік қазақ комитетін ашады. Оның төрағасы болып Сəкен Сейфоллаұлы тағайындалады. Қазақ комитетін құрушылар Ақмола шаһарында бірде медреседе, бірде қала басқармасының үйінде жиналып, аласапыран заманның қиындығынан халықты қалай аман сақтап қалу жолы туралы ақылдасады.

 Сызба. Қаржас руының шөпшегіне дейінгі генеалогиялық түзілісі жəне Қошке (Қошмұхамбет). Кемеңгеровтің ата-тегі [4; 255]

Қошке Ақмолада Сəкен ұйытқы болған «Жас қазақ» ұйымының жұмысына да қатысады. Бірақ облыстық қазақ комитеті мен уездік қазақ комитеті арасындағы кейбір маңызды мəселелер бойынша туған келіспеушіліктен соң жəне «Жас қазақ» басшылары Алаш Ордадан бойын аулақ салғаннан кейін 1917 жылы тамызда Қошке Омбыға қайтады [1; 4].

Қ.Кемеңгеров 1917 жылдың күз-қыс айларында Ақмола облыстық Алаш комитетін ашуға қатысады. Комитетке А.Сейітов, М.Жұмабаев, М.Саматов, А.Тұрлыбаев, Б.Серкебаев, С.Мұқашев, С.Итбаев, Д.Əділов, Қ.Кемеңгеров, М.Сейітов, Ж.Тілеулин, О.Ахметов, Х.Қожамберлин, К.Кəкенов мүше болды. Комитеттің төрағалық қызметін бастапқыда А.Тұрлыбаев, Алашорда Ұлт Кеңесінің мүшесі ретінде Семей қаласына ауысуына орай С.Итбаев атқарды. Комитет мүшелерінің қатысуымен Ақмола облысында 5 уездік Алаш комитеттері құрылып, Құрылтай жиналысына депутат сайлауға байланысты халық арасында түсіндірме жұмыстар жүргізілді [3; 24].

Қ.Кемеңгерұлы 1917 жылы желтоқсанның 5–13 арасында Орынборда əйгілі Алаш Орда үкіметін жариялайтын II Жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысады. Жиырмадан енді асқан ол күрестен де, ізденістен де шет қалмайды.

1918–1919 жылдары Алаш Ордаға қалтқысыз жəрдем берген, ел бірлігі мəселесінде біршама тиянақты жұмыс жасаған «Жас азамат» ұйымы мен газеті еді. Қошке осы ұйымның алқасына кірді, оның Қызылжар қаласында шығып тұрған үні — «Жас азамат» газетіне редактор болды.

1918 жылдың 30 шілдесінен 1919 жылғы 8 ақпанға дейін алашшыл қазақ жастарының саяси- қоғамдық, экономикалық тұңғыш газетінің 22 нөмірі араб əрпімен жарық көрді.

Газетті шығарушы — «Алаш» серіктестігі. Іс жүзінде қазақ жастарының «Бірлік» мəдени-ағарту ұйымы мен барша Алаш жастарының ұйытқысы болған «Жас азамат» ұйымының органы болды. Газет беттерінен негізінен Қ.Кемеңгеров, С.Сəдуақасов, А.Жанталин, М.Əуезов, Б.Серкебаев жəне т.б. алашшыл авторлардың Ресейдегі саяси жағдай, жер мəселесі, Алашорда үкіметі мен Уақытша үкімет қызметі, елдегі шаруашылық жайлары мен мəдени хабарлар, оқу-ағарту мəселелеріне қатысты деректер жарияланып тұрды [3; 167]. Газет большевиктердің имансыз əрекеттерін елге жария қылып, жастарды ауызбірлікке шақырды.

Қ.Кемеңгерұлының саяси сапырылыстарға толы жиырмасыншы жылдары атқарған жұмыстары

1919 жылы Қошке Омбы политехника институтына оқуға түседі. Мұнда ол бірінші курсты ғана оқиды. 1920 жылы Ақмола облысына (орталығы — Омбы) қарайтын Петропавл (Қызылжар) уезіне мұғалімдікке шақырылады. Ол жерде жаңадан құрылған, аты заманына сай «Қызыл мұғалімдер курсында» оқытушы ретінде дəріс оқи бастайды.

1920 жылы 7 желтоқсанда Қазақстанның Сібір ревкомындағы өкілеттігі Сібір ауылшаруашылық жəне өндіріс институтының басшылығына Қ.Кемеңгерұлы мен М.Сейітұлын ветеринария факультетінің медицина бөліміне курстан тыс қабылдауын өтініп, арнайы хат жолдайды. Қошке осында оқып жүргенде аталған институт аты «Батыс Сібір мемлекеттік медицина институты» болып өзгереді.

Қ.Кемеңгерұлы III-курсты тамамдағаннан кейін 1924 жылдың 21 тамызында Орта Азия мемлекеттік университетінің медицина факультетіне ауысуға өтініш береді. Сол жылы ол Түркістан Республикасының орталығы Ташкентке кетеді.

Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарында Түркістандағы ғылымның дамуына əсер еткен маңызды кезең болды. Бұл кезеңде республикадағы ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінен Түркістан (Орта Азия) мемлекеттік университеті, Түркістан Шығыс институты жəне кейбір салалық ғылыми- зерттеу мекемелері ғалымдарының күшімен жүргізілді. Қазақстан ғылымының 20-жылдарындағы дамуының мəнді сипаты өлкетанушылық жəне гуманитарлық зерттеулердің басым болуынан. Өйткені, біріншіден, барлық ғылыми ошақтардың ішінде белсенді де жемісті жұмыс істегені Қазақстанды зерттеу қоғамы болса, екіншіден, тарих, əдебиет, тіл, өнер саласы бойынша іргелі еңбектер жарық көрді [5].

Қошке Кемеңгерұлы Орта Азия мемлекеттік университетінің жұмысшылар факультетінде, даярлық бөлімінде, шығыстану жəне педагогика факультеттерінде қазақ тілінен дəріс  оқып, Түркістан əскери училищесінде де сабақ берген. Университетте екі жыл қызмет жасағаннан кейін Қ.Кемеңгерұлы біржола ғылымға ден қойып, түріктану жолын таңдайды. 1928 жылы 23 қазанда Қошке   шығыстану   факультетінің   түріктану   кафедрасына   аспирант   болып   қабылданады.   Бұл

кафедрада А.Шмидт, М.Гаврилов, А.Дубсон тəрізді мықты ориенталистер тəлімгерлік жасайтын. Ғылым жолына түскен Қошке Кемеңгерұлы батыл түрде белгілі ғалымдармен ашық, жүйелі пікірсайыстарға түскен. Мəселен, 1929 жылы мамыр айында болған орфографияға арналған конференцияда жаңа орфография мен термин жасау принциптері жөнінде Қ.Кемеңгерұлы Е.Омаров жəне Қ.Жұбановтармен бірге орнықты пікір білдіріп, Юдахин, Поливанов жəне Шмидт тəрізді тəлімгерлермен қазақ тілінің күрделі мəселелерін бұра тартқан еуропалық ғалымдармен айтысқан (ӨР ОММ, 368-қ., 13-т., 3-іс, 16–26-б.).

Қошке осы жоғары оқу орнында жүріп, қазақ тілі ғылымының мəселелері туралы бірқатар зерттеу еңбектерін жазды. Ташкентте ол «Ақ жол» газетінде, «Сана» журналында жұмыс істеді. Тек бір Ташкентпен ғана тоқырап қалмады. Орынбор, Қызылорда, Семей, Шымкент қалаларына түрлі іссапармен барып, қаламгерлермен байланыс жасап тұрды.

Қошкенің репрессияның ұлт қайраткерлеріне бағытталған алғашқы толқынында тұтқындалуы

Қошке Кемеңгеров 1930 жылы 17 қыркүйекте М.Əуезовпен, М.Күдеринмен бір күні тұтқынға алынады [6].

«Кеңес үкіметіне қарсы əрекет жасаушы» деген жалған айыппен Ташкентте ұсталып, абақтыға жабылады. 1930 жылдың қазан айының соңында Ташкенттен Алматы абақтысына айдалады. Ол Алматы түрмесінде 1932 жылдың сəуір айының соңына дейін отырады. Өйткені ұзақ уақыт нақты айып тағылмай, сұраққа тартылмайды. Оған төмендегі оның Мəлімдемесі дəлел: «ҚСР-ындағы ОГПУ басқармасына тергеуде жатқан Қошмұхабет Кемеңгерұлынан Мəлімдеме.

Жазықсыз абақтыда отырғаныма, міне, 10 ай өтті. Маған Қылмыс кодексінің 58 (11–7) бабы бойынша айып тағылыпты. Бірақ мен өзімді кінəлі санамаймын. Кеңес өкіметіне қарсы күресу үшін жекебасылық немесе коғамдык сипаттағы салмақты негіз болу керек. Менде ондай жағдай болған емес, нақтырақ айтсам, мұғалім кезімде материалдық тұрғыдан толық қамтамасыз етілген едім, бұған қоса шығыстану факультетінің аспиранты ретінде маған ғылыми перспективалар ашылғанды. Қоғамдық сипаттағы негізде Кеңес өкіметіне қарсы болу деген — қаражүзділердің реакциялық əрекеттерін, ұлы державалық шовинизмді қайта жандандыру. Мұндай қаскүнемдікті кім    жақтайды?

«Алаш Орданың» басшылығындағы буржуазиялық-ұлттық қозғалыспен байланысымды  1919 жылдың басында үзгенмін. Содан бастап мен өзімді ілгері ұмтылғандардың қатарындамын деп есептеймін, мұны жарияланған еңбектерім (дұрыстап аударылып, түсінік жасалса) растайды. Ұлтшылдық дүниетаным қалдықтарынан 1922 жылы, Қазақстандағы коллективтендіру мен таптық айырылым қатаң басталған уақытта біржолата құтылдым.

7 жыл ішінде мен Ташкентте түрлі оқу орындарында сабақ бердім. Осы уақытта менен дəріс тыңдаған шəкірттердің қайсысы болсын сабақ үстінде Кеңес өкіметіне қарсы ой білдіргенімді айтса, өзімді айыпты санар едім. Маған шығыстану факультетінің екі студенті жала жауып, куəлік беруі мүмкін деп ойлаймын, өйткені олар өздерінің жеке карьерасының жолында мені бəсекелес деп пайымдаушы еді. Жыл сайын жазда қымызбен емделу үшін мен Сібір өлкесіндегі ауылыма барамын. Егер туған ауылымдағы біреу мені кеңестік шараларды бұзды, Кеңеске қарсы үгіт жүргізді десе, өзімді айыпты санар едім. Қайта мен туған елімде егінді кеңейтуге, жайылымды жақсартуға, колхоз құруға ықпал жасадым. 10 ай ішінде маған шімірікпестен жала жапқандармен жүздестірмеуді заңсыздық деп есептеймін.

Мен Сіздерден өз қолыммен жазған куəліктеріме ғана назар аударуларыңызды сұраймын. Ташкентте тергеуші Ағабековке берген жауабымды біржақты деп санаймын. Өйткені ол: қараңғы карцерге саламын, тіпті атқызамын, — деп қорқытты. Мен III дəрежелі туберкулезбен ауырамын, мұны анықтаған комиссияның 2 шілдеде берген актісі бар. Олар мені І-топтағы инвалид деп тапты. Абақтының ауыр жағдайында туберкулездің салдарынан ерте жан тапсыруым мүмкін.

Менің осы айтқандарыма назар салып, емделу үшін босатуларыңызды өтінемін. Тіпті болмаған жағдайда қолхат беріп аз-кем сауығып алсам деймін.

17 шілде, 1931 жыл. Алматы абақтысы» (Қ.Кемеңгерұлы. Шығармалары / Құраст. Д.Қамзабек- ұлы. — Алматы: Алаш, 2005. — 199–200-б.).

Əкесінің отызыншы жылдардағы өмірі хақында нақты деректі баласы Нарманбет (Қошкенің Ташкент қаласында туған перзенті) 1990 жылы Омбы облыстық МХК архивінен сұрап алған екен. Онда: Қошкенің 1925 жылда «Алқаға» қатысқандығы; əдебиетшілер арасында М.Əуезұлы, Ж.Аймауытұлы, Даниал Ысқақұлы, Абдолла Байтасұлы сияқты азаматтармен араласқандығы; 06.10.1930 жылы сотталып, Алматыға жіберілгені; ол жерде 20.04.1932 жылы Үштіктің Шешімімен 58–10; 11-бап бойынша («Отанды сатты» деген) ұсталған мерзімінен бастап 5 жылға Валуйки қаласына айдалғандығы айтылған [7].

Украинаның Валуйки қаласына жер аударылған Қ.Кемеңгерұлы мұндағы темір жол жүйесінде дəрігер болды. Дəл осы жол құрылысында 1932–1933 жылдары С.Садуақасұлы инженер болып қызмет жасаған еді. Сондай-ақ Валуйки, Воронеж бағытында Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, Е.Омарұлы, С.Қадырбайұлы, К.Тоқтыбайұлы, М.Тынышбай, Ж.Күдеріұлы, М.Мырзаұлы сынды азаматтар жер аударылған еді. Міне, осы кісілер амалын тауып, жүздесіп тұрды деуге негіз бар [1; 4].

Қ.Кемеңгеров 1935 жылы босанып, Омбының Шарбақкөл аудандық ауруханасында дəрігер болып қызмет істеді. 1937 жылы 7 тамызда қайта ұсталып, 21 қарашада Омбы қаласында атылды. Алаш қайраткері əділет, азаттық жолында шейіт болды.

Ғалымның тарих, əдебиет, педагогика, журналистика салаларындағы зерттеулері

Қ.Кемеңгеров шығармашылығы «Айқап» журналында 1915 жылы жарияланған     «Жазғытұры», «Бақ іздеген», «Солған гүл» өлеңдері мен «Пайғамбар» (А.Пушкиннен), «Сəскелік көлдің жағасында» (Никитиннен) секілді аудармаларынан басталды. А.С.Пушкиннің «Пайғамбар» («Пророк») деген өлеңінің аудармасы жөнінде ақын-ғалым С.Сейітов «Пушкин лирикасын қазақ тіліне аудару дəстүрі» дейтін зерттеуінде: «Тəржімашы 19 жастағы Қошке (Қошмұхамбет) Кемеңгеров зерттеу құралын қалпынан айнытпай түсіруге тырысқан... Тəржіманың тілі жатық, сөз кестесі əжептəуір» [4; 313], — деп бағалайды.

Жазушының прозадағы алғашқы туындыларының бірі — «Тұтқынның ойы» əңгімесі (1919). Осы жəне «Отаршылдың ұсқындары» (1925), «Қанды толқын» (1926) əңгімелерінде қазақ қауымының күрделі əлеуметтік жай-күйі шебер суреттеледі. Қаламгер «Ерлік жүректе» (1924), «Қазақ əйелдері» (1924), «Жетім қыз» (1924), «Момынтай» (1925), «Дүрия» (1927), «Назиқа» (1928) атты əңгімелерінде үлкен өзгерістерді бастан кешіп жатқан қоғамдағы қазақ қыздарының бейнесін жасайды. Прозадағы ірі еңбегі — замандас қайраткерлер туралы 1925–1937 жылдары жазылған романы. Бұл кітаптың қолжазбасын 1937 жылы НКВД тəркілеген [8].

Қ.Кемеңгерұлы тарих, этнография, əдебиеттану, тілтану, көркем аударма, тағы басқа мəселелер бойынша қалам тербеген. 1926 жылы қаламгердің «Көркем əдебиет туралы» белгілі мақаласы шықты. Бұл мақала Сəбит Мұқановқа жауап ретінде жазылған. Өз еңбегінде Мағжан мен  Міржақыпты қорғап, «Оян, қазақ!» пен «Шолпанды» Сəбиттің «көже» деп сынауы диалектикаға жатпайды дейді. Қошке нені болса да орнына, заманына, тарихи жағдайларға қарай бағалау керек», — деп, əдебиеттанудағы тарихи контекст қажеттілігін еске салады. Осы тұрғыдан келесі тұжырымға  келеді:

«Оян, қазақ!» алғашқы шыққанда Грибоедовтің «Горе от ума»-сындай болған. «Оян, қазақ»-ты ел қазақтары Құрандай жаттаған. Міржақыптың атын алты Алашқа таратқан «Оян, қазақ» болған. Міржақыптың «Бақытсыз Жамалы» «Бедная Лиза» сияқты болған», — деп пікір білдіреді. Мақаладағы Гегель, Маркс, Плеханов, Воровский, Луначарскийлерден келтірілген сілтемелердің қазақша берілуі Қ.Кемеңгерұлының аудармашылық даралығын көрсетеді. Бұлар Сəбиттің Мағжанды кінəлауына тосқауыл қою үшін қажетті ғылыми ақпарат ретінде келтірілген [9; 330].

Қ.Кемеңгеровтің  1927  жылы  Г.Архангельскийдің  құрастыруымен  орыс  тілінде  жарық көрген «Қазақ тілінің грамматикасы», сондай-ақ оның «Қазақ тарихынан», «Бұрынғы езілген ұлттар», «Егін салу турасында» деген зерттеулері қазақ ғылымында өзіне лайықты орнын алды. Алаш əдебиетшісі əдебиетті танытуды ұлттың тарихымен тығыз байланыстырды.

Қошкенің «Қазақтың тарихы тұрмысынан» («Темірқазық» журналы, 1923, № 2, 3, 53–68-б.) зерттеуі — қазақтың жайы мен əскері, сот, оқу жəне жер мəселесі, ру жайында. 1924 жылы Мəскеуде жарық көрген «Қазақ тарихынан» атты кітапшада Қ.Кемеңгерұлының қазақ тарихы туралы ойлары қамтылған. Қазақтың Ресей отаршылығына қарсылығы ерекше сөз болған.

«Бұрынғы езілген ұлттар» (Мəскеу, 1925) атты зерттеу кітабында патшалық Ресейдің езгісіне ұшыраған 36 ұлттың тұрмысы (тарихы, жер-суы, мəдениеті, шаруашылығы, қоғамдық-саяси, мəдени- əлеуметтік жағдайы) сұрыпталған. «Егін салу турасында» (1923) атты зерттеуінде қазақ жерінде егін өсіру жайы жазылған. Алаш ғалымының аталған еңбектері тарих саласының кəсіби  зерттеулері болып табылады.

Қ.Кемеңгерұлы қазақ, орыс тілдеріне бірдей шешен болған. Ол неміс, араб, парсы тілдерін де біршама жақсы білген. Оған өзі жазған «Қазақша-орысша тілмаш» атты кітабында араб, парсы тілдеріне талдау жасауы айқын дəле бола алады. Бұл кітап 1925 жылы Мəскеуде басылып шықты.

Тіл білімі жəне оқулық саласында Қошке екі кітаптан тұратын «Оқу құралын» жазып    шығарды (Ташкент, 1928; Қызылорда, 1929).

Қ.Кемеңгеров драма саласында жемісті еңбек етті. «Əулие тəуіп» (1918), «Қасқырлар мен қойлар» (1920), «Бостандық жемісі» (1919), «Күнəсіз күйгендер» (1930) атты пьесалары кезінде əуесқойлық  театр   сахналарында   қойылған.   Көпке  белгілі  пьесалары:  «Алтын   сақина»    (1923), «Парашылдар» (1926), «Ескі оқу» (1927).

1926 жылы 13 қаңтарда Қазақ драма театры (тұңғыш директоры əрі бас режиссері — Д.Əділов) Қ.Кемеңгерұлының «Алтын сақина» пьесасымен тұңғыш шымылдығын ашты.

Қошке шебер журналист ретінде де қабілет-қарымын аңғартты. Газет-журналдарда жариялаған сон алуан мақалаларында ол білім, ғылым, денсаулық, өнер, шаруашылық, тағы басқа тақырыптағы мəселелерді қамтиды. Əсіресе оның «Қазақ», «Сарыарқа», «Абай» сынды ұлтжанды басылымдардың ізбасары іспеттес «Жас азамат» бетінде Алаштың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған мақалалары нөмір құрғатпай шыққанына бүгінде мұрағат қойнауында сақтаулы үнжарияның 22 саны дəлел.

ҚАЗАПП ұйымының  1932  жылғы  съезінде Алашордашыларды  жəне оларды   қолдаушыларды «байшыл, ұлтшыл» деп, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытұлы, С.Садуақасұлы, С.Торайғырұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Əуезов жəне басқалардың шығармаларын тексеру керек деп нұсқау берілді. Жоғарыда аты аталған қаламгерлер төл туындыларында халық мұңын мұңдап, жоғын жоқтағаны үшін «байшыл-ұлтшыл жазушылар» болып танылды. Алаш тұлғаларының халықтың болашағын толғаған мұралары кінə болып тағылды [9; 327].

Қаулы жарыққа шыққаннан кейін көп ұзамай-ақ 1937 жылдың қара құйыны Шарбақкөлдегі дəрігер Қ.Кемеңгеровті қиналмай-ақ тапты. Қайраткерді ату туралы үкім тез арада орындалды.

Түйін

Саяси қуғын-сүргін құрбаны Қошмұхамбет Кемеңгеров 1957 жылы 17 тамызда Сібір əскери округы əскери трибуналының қаулысымен ресми ақталды. 1965 жылы оның «Алтын сақина» атты шағын жинағы жарық көрді. Бірақ Кемеңгерұлының мұрасы ХХ ғасырдың 80-жылдарының аяғында ғана еркін шығарыла бастады.

1995 жылдан бері Қошкенің мұрасы бірнеше дүркін кітап болып шықты. 2004–2006 жылдары «Алаш» баспасы қайраткердің үш томдық шығармалар жинағын жариялады.

Қаламгер құрметіне Баянауылда мектеп, Астанада көше аты берілді. Қошкенің артында қалған ұрпақтары Омбыда, Алматыда, Астанада əкелерін ұмытпай өмір сүріп жатыр.

 

 Әдебиеттер тізімі:

  1. Kamzabekula D. To koshke // Egemen Kazakhstan, 2007, Аugust, 15, р.
  2. North Kazakhstan area: Encyclopedia, Almaty: Arys, 2006, p.
  3. Alashorda: Encyclopedia / Originators: G.Anes, S.Smagulova, Almaty: Arys, 2009, 544 p.
  4. Zhaksybayev S.I. Sort «Karzhas» family tree, Pavlodar: EKO, 2008, 400
  5. Rasheva G. Contribution to science of the intellectuals of Turkestan // Cossack history, 2010, № 4 (103), р. 73,
  6. Zhurtbay T. Fallen in a bottomless .. (Mannan Turganbayev, Zhakip Akbayev, Danial Iskakov, Koshke Kemengerov and...) // Akikat, 2012, № 9, р. 87.
  7. Red terrors / Originators: K.Kasenov, A.Torekhanov, Almaty: Kazakhstan, 1994, р.
  8. Kazakhstan: National encyclopedia, Vol. 4, Almaty: Main edition (The national encyclopedia), 2002, р.
  9. Ismakova A. Alash's literary criticism, Almaty: Mektep, 2009, 560

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.