Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Түрік қағанатының сыртқы саясатындағы Қытайдың алатын орны

Түрік қағанаты мен Қытай елі арасындағы орнаған қарым-қатынас шеңбері өте кең əрі екі ел өмірінің барлық саласын қамтиды. Шекаралас орналасқан империялар саяси, дипломатиялық, сауда- экономикалық, əскери, мəдени салада өте тығыз байланыс орнатып, мемлекеттердің даму тарихына əсер ететіндей бір-біріне зор ықпалдарын тигізді. Біз мақаламызда осы сан  салалы байланыстың қытай деректері мен соңғы археологиялық мəліметтері негізінде тек кейбір қырларына, түрік-қытай қарым-қатынасындағы соғды көпестерінің алатын орнына, əулеттік некелердің құрылуы жəне Түрік қағанатының көркею тұсында ел басқарған қағандардың қытай еліне қатысты ұстанған саясатына тоқталуды алдыға мақсат етіп қойдық.

Түріктер мен қытайлар арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас деректерге сүйенсек, 530–40 жылдар шамасында шекаралас аймақтарда сауда-саттық жасаудан басталады [1; 120]. Сауда- саттықтың негізгі көзі жібек саудасы болды.

Екі ел арасындағы кең көлемді саяси-дипломатиялық, əсіресе сауда-экономикалық, əскери жəне құдандалық, тағы басқа байланыстардың бəрінде соғдылықтар елшілік, дəнекерлік рөл атқарды, түрік-қытай арасындағы керуен саудасын да соғдылықтар өз міндетіне алған. Соғды көпестері тек Қытаймен екі арада ғана емес, Түрік қағанатының Парсы жəне Византия империялары арасындағы саяси-дипломатиялық мəселелерде елшілік қызмет атқарды [2]. Түрік қағанаты жерінен өтетін Жібек жолы бойында сауда-саттық соғдылықтар арқылы жасалды [3]. Түріктердің қол астына Қытайдан Иранға дейін созылған, Оңтүстік жəне Солтүстік Сібірге баратын Ұлы Жібек жолы қарады. Осы территорияны бақылауда ұстаған мемлекет халықаралық сауданы да өз бақылауында  ұстады. Тарихта осындай артықшылыққа тек ғұндар мен Түрік қағанаты ғана қол жеткізе алды [4]. Соғдылар осы жол арқылы сауда-саттық жасап, түрік ақсүйектерін асыл металдардан жасалған ыдыс-аяқпен, сəнді қару-жарақпен, ат əбзелдерімен қамтамасыз етіп отырған. Түрік қағандарының жеңісті соғыстарынан түскен олжаларын саудалады. Алтайда, Тувада, Монғолияда, Тянь-Шаньда жүргізілген қазба жұмыстары [5] барысында соғдылардың сауда қызметі нəтижесінде түріктерге жеткен күміс құмыралар, алтын мен күмістен жасалып, асыл тастармен əшекейленген бұйымдар,  қола, алтын, күміс қапсырма əшекейлер, айылбастар, күміс жүзіктер, тас жəне шыны моншақтар табылған [6]. Түрік қағанатының қағандары Тумэнь, Істеми, Таспар жəне Мұқан халықаралық қатынастарда    Ань- Напанто, Маниах, Аньцзя (аталған соғды сартбауына төменде тоқталатын боламыз), Ань Суй-цзе, Ши-шихуси, Кан Су-ми, Ань Ту-хан сияқты соғдылардың қызметтерін пайдаланған [7].

Бұл тарихи құбылысты жазба деректермен қатар осы заманғы археологиялық зерттеулер де дəлелдеп отыр. Көшпелі өркениет пен отырықшы өркениеттің түйіскен жерлері болып саналатын Қазақстанның Жетісу өңірі, ҚХР-дың Оңтүстік Шыңжаң, Ганьсу, Нинся, Шаньси, Ішкі Монғол провинцияларының жерінен көптеген ортағасырлық соғды сауда колонияларының жұрттары, соғды сартбауларының (колония басшысы, керуенбасы) кесене молалары, соған қатысты қытайша, соғдыша эпитафиялық жазбалар табылған [8; 26].

Осындай ескерткіштердің бірі 2000 жылы Қытайды ғана емес, бүкіл дүние жүзін дүр сілкіндерген, Қытайдың ежелгі астанасы Чаньань, қазіргі Си-ань қаласының солтүстік іргесінен кездейсоқ табылған ірі қорым-зират. Қорым Солтүстік Чжоу (557-581 жж. тұтас Солтүстік Қытай мен Орталық Қытайдың бір бөлігін билеген ғұн тектес Юйвэнь əулеті құрған патшалық) патшалығының билік құрған тұсына дəл келеді. Ал Солтүстік Чжоу патшалығы осы жылдары құрылғанына аз ғана уақыт болған Түрік қағанатына жыл сайын алым-салық төлеп, түріктердің вассалына айналған болатын.

Қорымдағы он бес моланың біреуі соғды сауда колониясының сартбауы Аньцзянның моласы болып шықты. Марқұмның құрметіне арналған қытайша жазылған құлпытастан оның бұқаралық соғды жəне Тунчжоу аймағының (қазіргі Шаньси провинциясындағы Дали) сартбауы екендігі, 579 жылы қайтыс болғандығы анықталды. Мола осы күнге сол қалпы сақталып жеткен. Моланың тас тақтасының бетіне түгелдей барельефпен соғды колониясының ішкі-сыртқы өмір-тіршілігінің барлық саласы, түрік елшілерін қабылдауы рəсімдерінің көріністері, сартбаудың Түрік мемлекетінің ордасына сəлем бере барған кездегі салтанатты қабылдау рəсімдерінің көріністері жəне т.б. бейнеленген [8; 36]. Суреттер түрлі-түсті бояумен безендіріліп, кейбір тұстары жұқа алтын жапырақшалармен безендірілген. Аньцзяның моласындағы суреттер Қытайдың көне астанасының іргесіндегі соғды колониясы Түрік қағанатының билігінде жəне қадағалауында  болғандығының айқын дəлелі. Ал Қытай патшалықтары сартбаулықты Түрік мемлекеті тарапынан сауда жəне дипломатиялық миссия ретінде қабылдады [8; 40,41].

Тас табыт қабырғаларында бейнеленген суреттердің түріктерге қатыстыларына қысқаша тоқтала өтсек. Тас табыттың алдыңғы қалтқысындағы алты бөлек тас ойманың біріншісінде соғды колониясы басшысының түрік қағанының ордасында қабылдауда болған сəті бейнеленген. Түрік билеушілері мен соғды колониясының өкілдер тобының бір жолғы ресми кездесуінің салтанатты да, думанды рəсімі өте тартымды, шынайы көрсетілген.

Ойма суреттің төртіншісінде қара сəйгүлікке мініп, нөкерлерін ерткен түріктердің қолбасшысы мен соғды колониясы сартбауы кездесіп, өзара сəлемдесіп тұрған сəті бейнеленген. Ойма суреттің төменгі жағында тағы да сол түрік қолбасы мен соғды сартбауының шатырдың ішінде қызу сұхбаттасып отырған сəті көрсетілген. Барельефтің бесіншісінде соғды сауда керуенінің Түрік ордасына соғып, қонақ болып жəрмеңке құрған сəті суреттелген. Ойма суртеттің алтыншы бөлігінде соғды сартбауы Аньцзяның өз сарайында жыр-думан, сауық-сайран құрып, аса салтанатты жағдайда түрік ақсүйегін қабылдап, сый-қошемет көрсетіп, қонақасы беріп жатқан көріністері бедерленген. Сонымен қатар тас табытта түріктер мен соғдылардың бірге аң аулап жүрген көрінісі бейнеленген. Қытай археологтарының зерттеуі бойынша, бұл суреттегі кейіпкерлер түрік  ақсүйектері мен соғдылар [8; 37–40]. Аньцзя моласының аса бай, салтанатты кешені осы күнге дейін Орталық Азия мен Қытайдан табылған соғдылық ескерткіштердің ішіндегі бірегейлерінің бірінен саналады. Тас табыттағы ойма суреттердің жалпы саны 101 бөліктен тұрады, мазмұны өте бай. Онда соғды колониясының сартбауы Аньцзяның көзі тірісіндегі тұтас өмірі мен қызметі, наным-сенімдері, тағы басқалары түгел қамтылып суреттелген.

Жетісу, Шығыс Түркістан, Орталық жəне Солтүстік Қытаймен Монғолияға дейін Түрік мемлекетінің иелігінде болған соғдылық сауда колониялары кең қанат жайып, Ұлы Жібек жолы бойында сауда-мəдени байланыстарды мейлінше жандандырып отырды. Ұлы Жібек жолы бойымен Қытай мен Шығыс Түркістанан батысқа жібек мен асыл бұйымдар жеткізілсе, шығысқа қарай заттар Орта Азия, Үндістан, Жерорта теңізі мен Шығыс Еуропадан əкелінді [9]. Түрік қағанаты иелігінде соғдылардың колониялар тұрғызып, сауда-саттықпен, қолөнермен айналысуы түрік билеушілерінің рұқсатынсыз жəне қолдауынсыз мүмкін емес еді. Соғды колониялары Қытай мен Түрік қағанаты арасында  сауда-экономикалық  қатынастарда  түріктер  тарапынан  делдал  қызметін  атқарып, Түрік қағанатының қолдауы мен қамқорлығына ие болды. Солардың бірі болған сартбау Аньцзя иелігіндегі Тунжоу аймағындағы соғды колониясы [8; 41].

Түрік-қытай қарым-қатынасының қызықты тұстарының бірі — əулеттік некелер.  Түрік қағандары əр кезде қытай патшалықтарынан қалыңдық алып отырған. Бұл əулеттік некелердің өзіндік бірнеше себептері бар. Əулеттік некелер екі ел арасында достық-одақтық  қарым-қатынас орнату үшін, əсіресе Түрік қағанатының құрылу тұсында, Түрік қағанаты күшейіп қытайларға  қауіп төндірген тұста қытайлардың түріктерге қыз беріп орнаған бейбіт қарым-қатынастарын одан ары жалғастыру мақсатында, ал қытайдың біртұтас Суй патшалығы құрамында бірігіп, түріктердің ішкі жанжалдан əлсіреген тұсында түріктердің «күйеу бала ретінде кішірейіп, қытайлардың қайың ата ретінде қамқорлық таныту» [1; 75] мақсатында жасалып отырған.

Түрік қағанаты тарихында ең алғашқы əулеттік неке түрік қағаны Тумэнь қағаннан басталады. Қытай деректеріне сүйенсек, түріктер жужандарды жеңу үшін Батыс Вэй патшалығының қолдауына ие болуға тырысады. Екі жақ арасында елшілік қарым-қатынастың негізі 545 жылы түріктерге қытай тарапынан соғды елшісі Ань-Напанто келуімен басталды. Қытай елшісінің келуі қытайлардың сол уақытта түріктерді одақ құруға лайықты күш деп тапқандығын білдіреді [10]. Елшіліктің сəтті аяқталғанының дəлелі ретінде келесі жылы Тумэнь өз елшісін сый-сияпатпен қытайларға жібереді. Батыс Вэй патшасы мен Тумэнь арасында орнаған дипломатиялық қарым-қатынас  екі  жаққа да тиімді болды. Күшейіп келе жатқан солтүстік көшпелі тайпалармен достық қарым-қатынас қытайларға бақталас Ци патшалығына қарсы артықшылық берсе, түріктер жужандарды жеңу үшін өзіне одақтас іздеді. Осы уақытта Қытайдың Орта жазық аймағы мен солтүстігінде Лян (502–557 жж.), Солтүстік Ци (550–577 жж.), Батыс Вэй (535–557 жж.) патшалықтары өмір сүрген [11; 69].

Екі ел арасында орнаған одақтық қарым-қатынас əулеттік некемен бекітіледі. 551 жылы Вэй əулетінің ханшайымы Чанле Тумэньге ұзатылады [1; 121]. Вэй əулеті мен түрік елі арасындағы əулеттік неке түріктерге қытайлар тарыпанан əскери жəне саяси қолдауға ие болуға мүмкіндік берді [12]. Түріктердің жужандарға қарсы бас көтермей тұрып Батыс Вэй патшалығы мен жужандардың билеушілері де одақтық қарым-қатынас орнатып, бұл одақты əулеттік некемен бекіткен. Қытай патшасы Вэнь-ди жужан қағанының қызын əйелдікке алып, оның бауырына өз əулетінің ханшайымын береді [13; 117]. VI ғасырдың ортасында əулеттік некелер достық жəне əскери одақ құруда маңызын одан ары арттырады. Дегенмен, телелерді бағындырғаннан кейін Тумэнь жужан қағанына қыз айттырып жаушы салған кезде, ашуланған жужан елбасшысы Анахуань Тумэньге елші жіберіп, «сен менің темірші құлым бола тұрып олай сөйлеуге қалай батылың барды?» деп жауап береді [1; 121]. Өзіне бағынышты елдің көсеміне қыз беруге жужан қағаны намыстанады. Алайда жужан қағаны бас көтеріп келе жатқан түрік елінің күш-қуатын, Вэй патшасына қарағанда, уақытында есептей алмады. 552 жылы [1; 130] Тумэнь жужандарды жеңгеннен кейін жужандардың бір бөлігі қытайларға қарай, бір бөлігі батысқа [14] қарай ығысады.

Қытай ханшайымдары түрік дəстүріне сай əмеңгерлікке де бағынған. 580 жылы Таспар қағанға ұзатылған Цяньцзинь ханшайымды, қағанның өлімінен кейін  Ышбара қаған  əмеңгерлікпен алады [11; 74]. Қытай ханшайымдарының Түрік қағанатының тарихында немесе мəдениетінде айтарлықтай рөл ойнағандары жайлы деректерде мардымды мəліметтер кездеспейді. Тіпті қытай ханшайымдарымен əулеттік некеден туған балалар Түрік мемлекетінің жоғарғы басқару əкімшілігіне де жолатылмаған [13; 119]. Қытай деректерінде қаған мен қытай ханшайымының ұлы таққа отырғандығы жайлы бір ғана оқиға аталып өтіледі [15]. Сонда да қытай ханшайымдарының ықпалы жайлы бірең-сараң деректерді мысалға келтіре кеткен жөн.

Суй патшалығы Чжоу патшалығын алмастырғаннан кейін (581 ж.), Юйвэнь əулетінен шыққан, Шаболюе (Ышбара, Таспар қағаннан кейін 581 жылы таққа отырады) қағанның əйелі, Цяньцзинь ханша өз əулетінің жойылып кеткеніне қатты қайғырады. Суй патшалығынан кек алу ниетінде Шаболюені Суй патшалығына айдап салып отырған. «Сөйтіп туцзюенің бүкіл елі Суймен жауласып, 400 000 жасақ жиналды...Вувэй, Тяньшуй, Аньдин, Цзиньчэн, Шаньцзюнь, Хунхуа жəне Яньань қатарлы жерлерді ешқандай мал қалдырмай тонап алды» [1; 69–70]. Ышбара қағанның Суй жеріне тек ханшайым үшін кек қайтару мақсатында жасамағандығы анық, бұл жорықтың өзіндік саяси себептері де болды. Алайда Цяньцзинь ханшаның да себепкер болғанын да жоққа шығара алмаймыз.

Цяньцзинь ханша Ышбара қаған тұсында Түрік қағанаты мен Суй патшалығы арасындағы қарым-қатынаста өз орнын қалдыра алды. Ханша Суй патшалығы құрған Ян əулетінің бұрынғы иесі, Солтүстік Чжоу патшасы əулетінен шыққандықтан, Суй патшасына хат жолдап, өзін патшаның бір баласы ретінде қабылдауды өтінген. Суй патшасы Цяньцзинь ханшайымды өз əулетіне қабылдап, Таспар қаған қайтыс болғаннан кейінгі қағанаттағы таққа таласты Ышбара қағанды қолдау арқылы түріктердегі алауыздықты өршітуді ұйғарып, 584 жылы [16] қағанатқа жарлығымен бірге елші жібереді. Ышбара қаған науқастан тұра алмайтындығын айтып, елшіні отырған күйінде «Əкем жəне немере ағаларымнан бері біз біреуге тіземізді бүгіп сəлем беріп көрмедік» [1; 74–75] деген сөздермен қабылдайды. Қытай елшісі қағанның əрекетін сөгетін сөздер айта бастағанда Цяньцзинь  ханша елшіге ақырын ғана «қаған қасқыр мінездес, өзімен көп таласқан адамды талап тастайды» [1; 75] дейді. Сонда елшінің «Түрік қағаны мен Суй патшасы екеуі де ұлы елдің билеушілері, сондықтан қаған сіз тұрғыңыз келмесе, сізге ешкім олай істемеңіз деп айта алмайды. Дегенмен, қатұныңыз патшаның қызы болғандықтан, қаған сіз Ұлы Суй патшасының күйеу баласы боласыз, олай болса сіз неліктен қайын атаңызды құрметтемейсіз?» деген уəжіне қаған күліп «қайын атаға тағзым ету керек, мен мынаның сөзіне көндім» [1; 102] деп, патша жарлығына қарап тағзым ету рəсімін өткізеді. 581 жылға дейін əулеттік некелер Қытайдың Солтүстік Чжоу жəне Ци патшалықтарының түрік қағандарының қолдауына ие болу үшін құрылса, осы кезеңнен бастап қытай-түрік қарым- қатынасының сипаты өзгеріп, ресми түрде «күйеу баланың бағынып, қайың атаның қамқорлық көрсету» сипатына ие болады.

Қытай ханшайымдарының түрік мəдениетіне тигізген ықпалы жайлы сөз қозғаудың өзі дəйексіз. Соған қарамастан, ханшайымдар түрік жерінде өздерінің жеке басына қатысты тұстарда өз елінің дəстүрлерін ұстануға тырысқандығы жайлы археологиялық деректер бірлі-екілі  мəліметтер қалдырды.

ХХ ғасырдың 50-жылдары ҚХР ШҰАР-дың Іле Қазақ автономиялы облысында түрік қағанының тас мүсіні табылады. Мүсінделген тұлға басында тəж киген кейіпте сомдалған жəне мүсіннің етегінен табанына дейін таңбаланған соғдыша эпитафия ғалымдардың қызуғышылығын арттырды. Тек 90- жылдары ғана қытай-жапон ғалымдары бірлесе тас мүсінді зерттеп, нəтижелерін жариялайды. Эпитафиядағы жазбаны оқу барысында бұл тас мүсін Мұқан қағанның немересі (553–572 жж. Түрік мемлекетінің қағаны) Нири қағанға арналғандығы белгілі болды [8; 31–35].

Осы тас мүсін жайлы біз назар аударатын мəселе 2002 жылы жарияланды. Осы жылы тас мүсіннің төңірегінде қазба жұмыстары жүргізіліп, мүсіннің жанынан қыш ыдыстардың сынықтары мен кесек кірпіш пішінді жəне науа пішінді жабынқыш сынықтары табылып, олар сараптауға жіберілген. Сараптау нəтижесінде жабынқыштар Суй-Тан дəуірінің (V–IX ғғ.) өнімдері екені анықталды. Ал Нири қағанның əйелі Сян текті қытай қызы болғандығын ескерсек, тас мүсіннің жанында Нири қағанның құрметіне арнап салынған қытай үлгісіндегі кесене-зират немесе ғибадатхана болған деп жорамалданады [8; 35]. Яғни, бұл жаңалық, біздің жоғарыда атап өткен ойымызды дəлелдей түседі.

Түрік елі мен қытай патшалықтары арасындағы əулеттік некелер тек бір жақты, қытай ханшайымдарын алумен ғана шектелген жоқ. Қытай патшалықтары түрік билеуші əулеттерінен қалыңдық алуға да мүдделі болып, ынталарын білдірген. Тіпті Чжоу жəне Ци патшалықтары тұсында екі ел патшалары түріктердің ханшайымдарына құда түсу үшін жарысып, қағанға қалың малдарын бірінен бірі асырып ұсынған. Бұл оқиға жайлы қытай деректерінде келесі мəліметтер келтіріледі. «Ол кезде Чжоу əулеті Ци патшалығымен жауласып, араларындағы соғыс ұзақ жылдар толастамаған. Осыған байланысты Чжоу əулеті үнемі туцзюелермен одақтасып, оларды сыртқы көмек күші ретінде пайдаланған... Мұқан қаған өзінің қызын Гаозуға (543–578 жж. билік құрған Солтүстік Чжоу патшасы [1; 145]) атастыруға келісімін береді. Алайда екі ел арасындағы некелік бекімей жатып, Ци патшалығы да оның қызына құда түсіп, елші жібереді» [1; 124–125]. Ци патшасының Мұқан қағанға ұсынған қалыңы Чжоу патшасының қалыңынан асып тұрғандықтан, Мұқан қаған бастапқыда қызын Гаозуға ұзатудан айнып қалады. Біздің пікірімізше, Мұқан қағанның бұл əрекеті тек қалың малға қызығушылық қана емес, сонымен қатар Чжоу мен Ци арасындағы бақталастық отына май құйып, жағдайды одан ары өршітудің бір амалы. Чжоу патшалығы тарапынан келген Ян Цзянь мен Ван Цин елшілерінің көндірулерінен кейін Мұқан қағанның қызы Вэй патшасына ұзатылады. Осы əлеуеттік некенің негізінде Чжоу мен Түрік қағанаты арасында Ци патшалығына қарсы əскери одақ құрылады.

Мұқан қағанның Гаозуға ұзатылған қызы Ашина ханым деген атпен қытай тарихында қалады. Ашина ханымды əкелуге елшілермен бірге «əртүрлі бұйымдары мен жылжымалы орда,  сарайда патша ханымына қызмет көрсететін əр түрлі лауазымды 120 адам [1; 148]» бірге барып, «ханымды сəн салтанатпен əкеледі... 568 жылы ханым келіп жеткенде, Гаозу патша өзі алдынан шығып, қарсы алу рəсімін өткізеді. Ханым өңді, жүріс-тұрысы да сыпайы, Гаозу патша оны қатты құрметтейді [1; 147–148]». «Вудидің Ашина ханымының өмірбаянында» түрік қағаны қызының 32 жасында қайтыс болып, Сяолинге жерленгені айтылады.

Мұқан қағанның билік құрған жылдары (553–572 жж.) Түрік мемлекетінің ең бір көркейіп, əскери күш-қуатының шарықтау тұсына дəл келгендіктен, Солтүстік Чжоу жəне Солтүстік Ци патшалықтары түріктердің əскери қимылдарынан қорқып, түріктердің вассалдарына айналады. Түріктерді өз жақтарына тарту үшін жыл сайын алым-салықтарын аямай, қаған əулетінен шыққан қыздарға құда түсуге бар күштерін салған.

552 жылы құрылған Түрік мемлекеті бірнеше жылдың ішінде Орталық Азияның барлық көшпелі тайпаларын бағындырып, батыста өз шекарасын Қара теңізге дейін жеткізеді. Түрік қағанатының батыстағы билеушісі Істеми қаған халықаралық сахнада Византия жəне Иран империяларымен тең дəрежелі байланыс орнатып, түріктерді əлемдік империялар мойындаған мемлекетке айналдырса, шығыс бөлікте Мұқан қаған қытай патшалықтары сескенетін күшке айналады. Саяси жəне əскери қуаты күшейген Түрік мемлекеті қытайларға қатысты саясатын өзгерте бастайды. Тумэнь қаған тұсында түріктер мен Вэй патшалығы одақтық-достық қарым-қатынас орнатса, Мұқан қаған тұсында арадағы қарым-қатынастың сипаты өзгереді. Ендігі жерде қытай-түрік қарым-қатынасы түріктерден гөрі қытайларға қажеттірек əрі тиімдірек болды. Ци патшалығы мен Вэй патшалығы бір-бірін жеңу үшін əр түрлі жолдармен түрік қағандарының қолдауына ие болуға ұмтылды. Қытай тарапы түріктердің қолдауына мүдделі болғандықтан жыл сайын алым-салық төлеп тұруға қуана келіседі. Түрік қағандары Мұқан қаған мен оның мұрагері Таспар қаған бірде Вэй əулетін, бірде Ци əулетін қолдау арқылы қытай жерінде екі патшалықтың бір-бірімен жауласып отыруына барынша жағдай жасауға тырысты [1; 127]. «Бөліп ал да, билей бер» саясаты арқылы патшалықтардың бірі-бірінен күшеймеуін қадағалап, қытайдан өзіне төнетін қауіпті сейілтіп отыруды көздеді.

Мұқан қаған қайтыс болғаннан кейін (572 ж.) таққа отырған інісі Таспар қаған тұсында да қытай патшалықтары түріктермен «құдандастық қарым-қатынас орнатып, жыл сайын оларға жүз мың орам торғын-торқа беріп тұрды. Патшалық астанада тұратын туцзюелер де аса құрметпен күтімге алынды, кигендері əсем киім, жегендері ет болды, мұндайлардың саны əрқашан мыңдап саналатын» [1; 126]. Қытайдан келіп тұратын жібектің көптігі сонша, түріктер өздерінен артылған жібекті соғдылар арқылы сатып отырған [17]. Вэй əулеті тек түріктерге алым-салық төлеумен ғана шектелмеді, өз астанасында тұрған түріктерді де бағып-асырауды өз мойнына алған. Вэй патшалығы сияқты Ци патшалығы да Мұқан қаған тұсындағыдай «туцзюелер шауып-тонап кетпесін деп өз қазыналарын сарқып, соларды бағып келді» [1; 126]. Ци жəне Вэй патшалықтары тарапынан келіп тұратын сый- сыяпат пен алым-салық көлемін нақты айту қиын болғанымен, деректерге сүйенсек, олардың көлемі Түрік қағанатының қазынасын əжептəуір толтырғанын көруге болады. Оған Таспар қағанның «тек менің оңтүстіктегі осы екі ұлым опалы болып, маған адал болса болғаны, олар барда мен еш нəрседен тапшылық көрмеймін [1; 126]» деген сөзі дəлел бола алады.

Түрік қағандарының қолдауына ие болу қытай патшалықтары үшін өте ауырға соқты. Олар тек бір-бірінен басым болуды ғана көздеген жоқ, сонымен қатар күшейген түріктерден келетін қауіптің де алдын алуға тырысты. Түріктерге қытай патшалықтарын жаулап алғаннан түсетін пайдадан гөрі патшалықтардан келетін алым-салықтың пайдасы артығырақ болды деп болжауға болады. Вэй жəне Ци патшалықтарының Түрік қағандарынан қолдауына ие болуға деген талпыныстарының себептерін жəне Түрік мемлекетіне төлеген алым-салықтардың қытай еліне қаншалықты ауыр тигендігін Суй патшасының жарлығынан анық байқауға болады: «Чжоу мен Ци өзара қырқысып, қытай жерін бөлшектеп алған... Чжоулықтар өздерінің шығысындағы циліктердің туцзюелермен тығыз байланыс орнатып қоюынан қауіптенсе, циліктер де дəл солай чжоулықтардың туцзюелермен өте жақсы қарым-қатынаста болып кетуіне алаңдады... сөйтіп олар елдерінің күш-қуатын туцзюелермен қарым- қатынас орнатуға сарқып, қазына байлықтарын шөл далаға шашып құртты. Шын мəнінде қытай жері азапқа түсті [1; 70]».

577 жылы Ци патшалығын бағындырады. Ци патшалығының Фэнян бегі Гао Шаои 3 мыңнан астам адаммен Таспар қағанға барып көмек сұрайды. Таспар қағанның көмегімен өзін Ци патшалығының қуғындағы патшасымын деп жариялайды. Чжоу патшалығының жеке дара күйшейіп кетуін қаламаған Таспар қағанға, Чжоу патшалығының күш-қуатын тежеп тұрытын Ци патшалығы əлі қажет болатын. Сонымен, қатар екі жақты тең ұстау арқылы, олардан келіп тұратын байлықты да сақтап қалуды көздеді. Гао Шаогиге қол беріп, Чжоу патшалығына қарсы аттандырады. Бірақ бұл жорық сəтсіз аяқталады [11; 74]. Осы жорықтың сəтсіз аяқталып, Чжоу патшалығының күшеюі Түрік қағанаты тарихына ықпалын тигізген ірі саяси оқиғалардың бірі болды.

581 жылы Чжоу патшалығында таза қытай нəсілінен шыққан Ян Цзян саяси төңкеріс ұйымдастырып, патшалықтың атын Суй патшалығы деп өзгертеді [11; 75]. Түрік  қағандары мен қытай арасындағы қарым-қатынас осы уақыттан бастап өзгереді. Қытайды біріктірген  Суй патшалығы түріктерге салық төлеуден бас тартады. Қытай патшасы Түрік қағанаты ішінде осы уақытта өрши түскен таққа талас пен алауыздықты өз мүдделеріне пайдаланып, түрік елін өз ішінде əлсіретіп барып бағындыруды сыртқы саясаттарының негізгі мақсаты деп қарастырады. 30 жылдай уақыт бойы Түрік қағандарына вассалдық қызмет атқарған Қытай, ендігі кезекті Түрік қағанатын өзінің вассалына айналдыру жолдарын іздестіреді.

Қытай-түрік қарым-қатынасы бастапқы сатыда сауда-саттық жасау сипатына ие болды. Екі ел арасындағы сауда-саттық жүргізуде ортаазиялық соғды көпестерінің орны ерекше болды. Соғды көпестері сауда мəселесінде делдалдық қызмет атқарып, Жібек жолы бойымен өтетін сауда керуендеріне басшылық жасады. Қытай территориясында Түрік қағандарына бағынған соғды колониялары көптеп тұрғызылды. Соғды көпестері тек сауда-саттықпен ғана шектеліп қалмай, түріктер мен ортағасырлық империялар арасында елшілік миссияларын да атқарды.

Түрік қағанаты мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың қызықты тұстарының бірі əулеттік некелер. Əулеттік некелер екі ел арасында саяси одақ құрудың бірден бір тəсілі болды. Тумэнь қағаннан бастап түрік қағандары қытай ханшайымдарымен некелесіп, мемлекеттің күшеюіне дейін қытай тарапынан қолдауға ие болып отырған. Түрік мемлекеті алып империяға айналып, қытай патшалықтарының вассалдық дəрежеге түскен кезінде де басқарушы əулеттер арасында əулеттік неке құру үдерісі тоқтамаған. Тек ендігі жерде қытай əулеттері Түрік қағандары əулеттірен қыз алуға ұмтылған. Түрік қағандарына ұзатылған қытай ханшайымдары түрік елінің тарихына ықпалын тигізетін маңызды роль ойнамаса да, ханшайымдармен байланысты бірлі-екілі оқиғалар қытай жəне археологиялық деректерде өз іздерін қалдырды.

Мұқан қаған мен Таспар қаған тұсында қытайдың Солтүстік Чжоу жəне Солтүстік Ци патшалықтары бір-бірімен жауласу барысында түрік қағандарының қолдауына ие болу мақсатымен түріктерге жыл сайын алым-салықтарын төлеп, вассалдық дəрежеде болған. Деректерге негізінде қытайлардың түріктерге төлеп тұрған алым-салықтарының көлемі əжептəуір болғандығын айта аламыз.

 

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Chinese sources on the history of Kazakhstan. Vol. IV: Dynasty record, 2-part, Almaty: Dyke Press, 2006, 408
  2. The history of Menander the Guardsman: introductory essay, text translation and historiographical notes by Blockley C., Liverpool: Francis Cairns, 1985, P. 111.
  3. Kyzlasov R. Cultural links Turks and Iranians in the VI–XIII centuries (Language, writing, religion) // Ethnographic Re- view, 2004, № 6, p. 3,4.
  4. Ganiev T. Eastern Turkic Khaganate in South Siberia and Central Asia in the second half of the VI – the first half of the century VIII / Abstract for the degree of candidate of historical sciences, Yekaterinburg, 2006, p. 11.
  5. Savinov G. Ancient tribes in the mirror Archaeology / S.G.Klyashtorny, D.G.Savinov. Ancient Eurasian Steppe Empire, St.Petersburg: St. Petersburg State University Faculty of Philology, 2005, р. 203–209.
  6. Hudyakov S. Iranian-Turkish cultural symbiosis in Central Asia // Problems politogenesis of Kyrgyz statehood: Docu- ments. Research. Materials, Bishkek, 2003, p. 134–139.
  7. Atakhodzhaev A.M. Turkic-Sogdian relations in the political, socio-economic and ethno-cultural processes in the early Mid- dle Ages / Abstract for the degree of Doctor of Historical Sciences, Tashkent, 2011, P.
  8. Chinese sources on the history of Kazakhstan, IІ vol., Almaty: Dyke Press, 2005, 80
  9. Hudyakov Y.S., Tabaldiyev K.S. Ancient Turks in the Tien Shan, Novosibirsk: Publishing institute of Archaeology and Eth- nography of the Russian Academy of Sciences, 2009, р.
  10. Hudyakov Role of military affairs of Western and Eastern Turks in the history of wars and military art of the nomadic peoples of Central Asia // Turkic heritage Eurasia VI–VIII centuries, Astana: KULTEGIN, 2008, р. 225.
  11. Қayyrken T.Z. Chinese inscriptions on ancient Turkic monuments, Oskemen: Advertising Digest, 2008, 334
  12. Hudyakov Y.S. Diplomatic history of the nomads of Central Asia, Novosibirsk: State University Press, 2003, р.
  13. Zhumaganbetov S. Old Turkic Khaganate: Development of the State VI–VIII centuries, Almaty: ANPP, 2006, 291 p.
  14. Zhumagulov T. On the history of Avarians // Proceedings of the republican scientific-theoretical conference, Karaganda, 2009, p. 221–226; Kyzlasov L.R. The first Turk Empire and its significance for Eastern Europe // Tatar archeology, 1997, № 1, p. 23–30.
  15. Bichurin J. Collection of information about the people who lived in ancient times in Central Asia, Moscow-Leningrad: USSR Academy of Sciences, 1950, Vol. 1, p. 280.
  16. Gumilev L.N. The great division among the first Turkic Khaganate in the light of the Byzantine sources // Byzantine Herald, 1961, T. XX, p. 75–89.
  17. Gumilev L.N. The strife of the eighties in the VI century in Turkic Khaganate // Reports on the ethnography. The Geographi- cal Society of the USSR, Leningrad, 1965, p. 66–69.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.