Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ХV–ХVІІІ ғасырлардағы қазақ ойшылдарының Ресей отаршылығына қатысты ой-толғамдары

XV ғасырдың бірінші жартысы қазақ даласында ішкі жəне сыртқы қайшылықтардың шиеленіскен уақыты болды. XV ғасырдың 20-жылдары негізгі халқын түркі тектес ру, тайпалар құраған Ақ Орда мемлекеті ыдырайды. Нəтижесінде осы территорияда, яғни Еділден Ертіске дейінгі жерде, бір-бірінен тəуелсіз екі саяси бірлестік қалыптасты. Біріншісі — Жайықтан Еділге дейінгі жерлерді қамтыған Ноғай Ордасы, екіншісі Ырғыз, Сарысу, Есіл өзендері бойында — Əбілқайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті). Ақ Орда халқы енді осы хандықтар құрамына енеді. Əбілқайыр хандығының ішкі əлеуметтік-экономикалық жағдайы билік үшін талас, сонымен қатар Əбілқайыр ханның жүргізген көп соғыстары, оның өз жақтастарын еркінсітіп жіберуі сияқты себептер нəтижесінде көп уақыт өтпей-ақ əлсірей бастайды. Керей мен Жəнібек сұлтандар өздеріне қарайтын елін Əбілқайыр хандығынан XV ғасырдың 50–60-жылдары бөліп алып, ел тарихында алғаш Қазақ Ордасы деген атпен сол кезде Моғолстан мемлекеті иелік еткен Шу, Талас өзендері маңайында жаңа мемлекет құрады. Ал сол кезде біршама күшейген Орыс мемлекетімен арада тұрған Ноғай Ордасы болса, ол да əлсіреп, қазақ даласына келер қауіпті күшейте бастайды. Осы Ноғай елімен аралас отырған қазақтар ішке қарай көшуге мəжбүр болады. Бұл ретте қазақ-ноғай ара қатынасы жайында М.Мағауин былай жазады: «...Қазақ хандығы құрылған кезде оның батыстағы  көршісі Ноғай одағы ыдырай бастаған еді. ...Ноғайлар мен қазақтар аралас-құралас отыра берген: кей ауылдар бірге көшіп те жүрген, қазақ хандары мен ноғай билері қыз алысып, қыз берісіп тұрған. Ара-тұра жайлау-қыстаулар үшін, олжа үшін соғысып қалып отырғанымен, ноғайлар мен қазақтар біршама тату көршілік құрған сияқты. Өзара туыс екі орда ноғайлар мен қазақтардың бірге көшіп жүрген уағы қазақ эпосында қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған алтын заман ретінде еске алынады деп жазады Шоқан. Екі халықтың этникалық құрамы бірдей-тін де (ноғай рулары: Найман, Керей, Арғын, Қонырат, Қыпшақ, Алшын, Қытай, Қаңлы, Алаш, Тама, Қарт Қазақ), тіліндегі, салтындағы айырмашылық жоққа тəн еді. Сондықтан көңіліне билеушісі жақпаған рулар бір ұлыстан бір ұлысқа ауып өте берген. Бұл ағым қазақтан ноғайға қарай емес, керісінше болған» [1].

Орталық Азия аймағында, Еуразия мемлекеттері жүйесінде елеулі рөл атқарған ірі мемлекеттің – Қазақ Ордасының – құрылуы бұрыннан бір-бірімен туыс болып жүрген аралас-құралас ру, тайпалардың бірігуіне, қазақ этносының қалыптасуына алып келді. Мемлекет болуы үшін екі негіз болуы қажет еді: Жері жəне азаматтары. Жер анықталды, яғни, Қазақ Ордасы алғашқы уақыттарда Батыс Жетісу жерін, Шу мен Талас алқаптарын иеленді. Аулы аралас, қойы қоралас болып жүрген ру, тайпалар этнос қалыптастырушы туыстық қауымдастық құрды. Бірақ мемлекет болуы үшін туыстық қауымдастық қана жеткіліксіз еді, барлық тайпаларды біріктіретін азаматтық сана қалыптастырудың қажеттілігі туған болатын. Азаматтық сана – елдік сана. Бұл туыстас ру, тайпалардың тек өз мүдделерін ойлау емес, түгелдей елдің мүддесін ойлау, яғни тұтастай ел болып бірігу, мемлекеттің ілгері  дамуын,  өмір  сүруін  қамтамасыз  етуді  көздейтін  негізгі  нысаналы  ортақ  мақсатқа   бірігу.

«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген қазақ даналығы бар. Шынында да бірлік мықты болса, алынбайтын қамал болмайтынын Əбілқайыр ханнан бөлініп шығып, Моғолстан жеріне барып мекендеген, кейін аз ғана уақыттың ішінде жерінің аумағын Ертіс пен Қараталдан Сырдария мен Жайыққа, Алтай мен Тянь-Шаньнан Каспий мен Аралға дейін жеткізген Керей мен Жəнібек хандар дəлелдеп берді.

Қазақ хандығы құрылды, қазақ деген этнос қалыптасты. Құрылған хандықты, хандықта өмір сүріп отырған халықты, жерін, суын, жұртын сыртқы жаулардан қорғау мəселесі басты орынға шықты. Себебі М.Мағауин жазғандай: «XV ғасыр – Шығыс Еуропаның тарихында ұлы өзгерістер болып жатқан дəуір еді. Күні кеше Алтын Орданың тепкісінде жүрген орыс елі қайта көтерілді, Мəскеу күшейе бастады, бірлі-жарым қақтығыстарда өз қаруының салмағын көрсетіп те қалды. Орыс мемлекетінің қуаты күн сайын артып келе жатты» [1; 23]. Күшейген орыс елі көршілес жатқан 0азақ еліне көз аларта қарады, оны жаулап алудың жолдарын қарастыра бастады. «Осы орайда «XVI–XVII ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары» деп аталатын тарихи құжаттар мен материалдардың жинағында 24-нөмірмен берілген: «Қазақтарды орыстардың боданына тарту жөніндегі Петр І айтқандары бойынша А.Тевкелевтің жазбаларынан» деген құжатқа назар аудара  кеткеннің артықтығы жоқ. Сонда Петр І қазақтардың ұлан-ғайыр даласын Орыс империясының құрамына кіргізу үшін ештеңе аямай, үлкен шығындарға қарамай, миллион сомға дейін қаржы шығару туралы нұсқау бергені айтылған. «Қазақ Ордасы – бүкіл Азия елдеріне шығар қақпаның кілті. Сол себепті оны Ресейдің протекциясына кіргізудің Ресей үшін тиімді де қолайлы шаралардың бəрін қолдану керек» делінген нұсқауда» [2]. Қарап отырсақ, Ресей үшін Қазақ елі Орта Азияға  кіретін қақпа ретінде саналды жəне қазақтың асты да, үсті де бай, кең даласы оны қызықтырмай қоймады.

Ресейлік патша үкіметі қазақ даласын жедел отарлауды XVIІІ ғасырдың басында қолға алды. Бұған түрткі болған дүние Кіші жүз ханы Əбілқайырдың 1730 жылы патша Анна Иоановнаға жазған хаты. Хатта: «...өзіме қарайтын Орта жəне Кіші жүздің барша қазақтары Сізге бодан болғымыз келеді» [3] делінген. Бұл хатты негізге ала отырып, патша 1731 жылы 19 ақпан күні қазақты бодандыққа алу туралы жарлыққа қол қойды. Осы оқиғадан кейін Ресей империясының қазақ елін ашық түрде отарлау саясаты басталды. «Асты кенге, үсті жемге толы қазақ даласын иемденіп алу үшін не істеу керек? Əрине, жердің үстінде қалқиып жүрген қазақты құртып жіберсе болғаны. Жер де, ел де орыстікі болып шыға келеді. Сөйтіп, осыдан 250 жылдай бұрын Ресей қазақты құртудың жоспарын жасаған» [3].

Қазақ елінің Ресейдің отары болуының алдында олардың арасында едəуір саяси байланыстар болды.  Орыс  мемлекеті  өзінің  Шығыстағы  мемлекеттік  шараларын  кеңейтуге  мүдделік  көрсетті.

«Мемлекеттік өкіметтің орталықтандырылуына жəне күшеюіне қарай көршілес жатқан шығыс мемлекеттерінің халықтарымен сауда айырбасын өзара қарым-қатынастың басқа да түрлерін дамытудың мүмкіндіктері арта түсті. Иван IV-нің Қазан, Астрахань хандықтарын, Оңтүстік-Батыс Сібірді жаулап алуы, Кама сауда жолын құруы Қазақ хандығымен тікелей түйісуді жеңілдетті. Орыс мемлекетінің Қазақ жеріне деген ықыласы XV–XVI ғасырлардың екінші жартысынан бастап Ресей ортаазиялық хандықтармен сауда жəне дипломатиялық қатынас орнатқаннан кейін қатты күшейді» [4]. Осындай байланыстардың соңы Қазақ елінің Ресей империясының отары болуымен аяқталды. ХІХ ғасырда хандық билік ресми түрде жойылып, қазақ бодан елге айналды.

Көріп отырғанымыздай, Ресей елінің қазақ жерін отарлауы бірнеше ғасырларға созылды. Отарлаудың алғашқы нышандары XV ғасырда-ақ біліне бастады, ал ХІХ ғасырда толығымен аяқталды. Міне, осындай ел басына төнген ең ауыр да қауіпті кезеңдерде халық арасынан дана ақылгөй адамдардың дүниеге келуі қажеттіліктен туған процесс болатын. Кез келген ойшыл дүниетанымының қалыптасуына оның өмір сүрген ортасы, белгілі бір уақыт кеңістігі, оның саяси- əлеуметтік ахуалы тікелей əсер ететіні даусыз. Адамды заманы, қоғамы өсіретіні шындық. Қазақ хандығы құрылып, оның буыны бекімей тұрып көршілес елдердің қанды тырнағына іліне бастаған кезде елім деп еңіреген ұлдардың тууы заңдылық еді. Хандық дəуірдің басында, қазақ халқының жеке ұлттық санасы, төл дүниетанымы қалыптаса бастаған уақытта, өмір сүрген, даналығы, ойшылдығы,  кемеңгерлігімен  қиын  уақыттарда  елін  дұрыс  жолға  бағыттап,  оған  демеу    болған Сүйінішұлы Қазтуған, Асан Қайғы, Тіленшіұлы Шалкиіз, Аймадетұлы Доспанбет, Жиембет, Үмбетей, Қалқаманұлы Бұқар жыраулардың Ресей империясының отаршылығына қатысты ой- толғамдарын, өз заманындағы саяси-əлеуметтік процестерге, оқиғаларға қатынасын талқылап көрсек. Керей мен Жəнібекке Қазақ Ордасын құруда ақылшы болған, жаңа қалыптасып жатқан хандықтың ұраншысы болған, елдік идеясын қалыптастырған, мемлекет қайраткері, ойшыл Асан Сəбитұлы  болатын.  Ол  сол  кездегі  хан  Əз-Жəнібектің  Қазақ  Ордасының  астанасын      Астрахан жариялауына қарсы шықты.

Жəнібек атты жақсы хан,

Еділ менен Жайыққа

Кəуірге қала салдырдың,

Ақылды белден шалдырдың,

Көңілді жаман қалдырдың.

Көңіл қалмай, не қылсын,

Төңірек жүзді, қой көзді,

Əспеттеген балаңды

Атасы нəлет кəуірге

Күндердің күні болғанда

Бас бұлғамай берерсің! [1; 56] — дейді. Қамал салып жатқан хан Жəнібекке Асанның бұлай айтуының себебі бұл жер орыс мемлекетінің шекарасына жақын орналасқан еді. Күшейген Орыс патшалығы шығысындағы елдерге көз алартып, жерін кеңейту мақсатында Еділ мен Қазан бойындағы елдерге шабуыл жасап жатқан болатын.

Қорған салдың бейнет қып,

Қызметшің жатыр ішіп-жеп.

Он сан ноғай бүлініп,

Артыңды алар орыс кеп

Оны неге білмейсің?! [1; 57]

Көреген Асан Қайғы орыстың қазақ еліне де көп ұзамай шабуыл жасайтынын білді. Сырттан келетін қауіптен сақтану үшін «қарындасты жамандап, туысты қайдан табасың» деп елді бірлікке, ынтымақтыққа, бір жерге ұйюға шақырды. «Асан қарындас деп бір ел боп туысқан жұрттың азаматтарын айтып отыр. Діні бір, тілі бір, тарихы бір ру, тайпалар бір жерге ұйып жаңа ұлт болды, оның аты қазақ этносы. Енді осы ұлттық сананы Асан «қарындас», яғни туыс деген  ұғыммен бейнелеп отыр. Туысынды жамандасаң, жауға жем боласың, елдігіңнен айрыласың, — дейді Асан Қайғы. Бұл Асан идеясының жанды жері» [5]. «Арғымаққа міндім деп, Артқы топтан адаспа» деп ханға, хан маңайындағыларға халықты ұмытпауды, халықтың қамын ойлауға шақырса, «хансыз елде күн бар ма?», «халықтың жайын хан білер» деп ханның халыққа қажеттілігін түсіндірді, хан мен халықтың арасындағы сенімнің нығаюын тіледі. «Жер-ұйық» идеясын жасады. Жер — мемлекеттің мемлекеттілігінің белгісі, оның негізі. Мемлекет жерсіз болмайды. Жер болғанда да жай жер емес, халық айрандай ұйыйтын, бірлікте, келісімде, татулықта өмір сүретін Жер болуы шарт. Асан Қайғының жел маясына мініп, жер аралауының мақсаты елді жаудың құрығы жетпейтін, кең сахараның қойнауына, даланың төсіне қарай көшіру еді. Өзі ақылшы, кеңесші болып отырған хан Жəнібекке:

Арасынан қытай, орыстың

Қорған сап тыныш жатырсың,

Өзің – Жəнібек, елден асқан батырсың!

Тіл алсаң іздеп қоныс көр,

Желмая мініп, жер шалсам,

Тапқан жерге ел көшір,

Бұл арадан көшпесең,

Айтқаныма түспесең,

Кəуір алар қалаңды,

Шулатар қатың-балаңды! [1; 58] — деп «қарындастарына» жақсы жер — Жер-ұйықты іздеп кетеді Асан Қайғы. Бірнеше жыл қазақ жерінің  о  шеті  мен  бұ  шетінен  Жер-ұйықты  іздеген  Асан  ата  Қайғы  атанды.  Оның  қайғысы — халқының қайғысы, ұрпағының қайғысы. Ұрпағы орыстардың қолында болмаса екен деп Асан қайғырады.

Арқада жатып ақырған, Аламанды шақырған, Амалды кəуір алғанда, Қиямет-қайым болғанда, Жəнібек атты жақсы хан, Баланы сенен сұрармын! [1; 57]

Асанның Жəнібекке баланы сенен сұраймын деуі жайдан-жай емес. Жəнібек болса, хан, ал Асан болса, жырау, ойшыл. Ол халықтың тағдырына, ұрпақтың тағдырына ханның жауапты екендігін жақсы біледі. Сондықтан да ол ханды жауапкершілігін жақсы атқаруына міндеттейді, «баланы сенен сұраймын» деп қатты айтады. Себебі хан халықтың басшысы болғандықтан, халықтың сенімін арқалағандықтан, халықтың болашағын ойлауы, ұрпағының өзгенің құлы болмай өсуіне жағдай жасауға міндетті. Асан Қайғының да, басқа да қазақ жырауларының да толғандырған мəселесі – санасы лайланбаған, рухы сынбаған, тілін де, дінін де, ділін де ұмытпаған ұрпақ өсіру мəселесі болатын. Бұны Қазтуғанның мына бір толғауынан аңғаруға болады:

...Кейінгі өскен жас бала,

Ақ балтырын түрініп...

...Аузы түкті кəпірдің

Етпегей еді жұмысын!

Бұл қоныстан кетпесең,

Мұны талақ етпесең,

Екеу-екеу сөйлесіп,

Біздің кейінгі жас бала

Аузы түкті кəпірдің

Соқпаса екен пайдасын! [6].

Жыраулар бостан-бос даурығып жүрген жоқ. Олар болып жатқан оқиғаларды ой елегінен өткізіп барып, «аузы түкті кəпірлердің» күшті болған салдарын көргеннен кейін ғана «қозғалақтайды». Тарихқа үңілсек, бұл кездер Ресей патшалығының Қазан, Астрахань хандықтарын, Оңтүстік-Батыс Сібірді жаулап алып, Қазақ Ордасының шекарасына жақын келіп, Еділдің, Жайықтың, Ертістің бойына əскери бекіністерін, қорғандарын салып жатқан уақыт еді.

Еділді алса — елді алар,

Енді алмаған не қалар?

Жайықты алса — жанды алар,

Жанды алған соң не қалар?

Ойылды алса — ойды алар,

Ойлашы, сонда не қалар?

Қара мауыты мұшақат

Бүтін тоғай жерді алар [6; 15].

«Аузы түкті кəпірлер» Еділ мен Жайықты алды. Даналарымыздың көрегендігі дəл келді. Орыс жасақшылары Еділ мен Қазан бойындағы елдерге қайта-қайта шабуыл жасады. Енді олардың көздері қазақ даласының орталығына, оңтүстігіне түсті. Қазақ жеріне «жаяулап келіп», қазақ елінің ішкі (сұлтандар арасына іріткі салу), сыртқы (қазақтарға қарсы қалмақтарды, ойраттарды, Орта Азия елдерін айдап салу) тыныштығын бұзу арқылы қитұрқы отарлау саясатын жүзеге асырып жатты. Қазақ жеріне жымысқыланып кіре берді. XVIII ғасырдың бірінші жартысында-ақ Ресей патшалығы қазақтың біраз жерін басып алды. Ресейдің қамқорында болады деген қазақ халқы оның құлы болып шыға келді.

Қазақ елінің Ресей елімен саяси, сауда-саттық байланысы орнай бастаған заманнан ХVIII ғасырдағы отарлық басыбайлықтың алғашқы дəмін тата бастаған заманға дейінгі аралық қазақ халқының қилы заманды басынан кешкен уақыты деп айтсақ болады. Заман – адамдардың өмір сүруінің тарихи-мəдени кеңістігі. Адамдардың өмір сүру қалпының өзгеретіндігін, өмір сүретін тарихи- мəдени кеңістігінің бұзылатындығын елдің ішкі де, сыртқы да жағдайын сараптап, бағамдап болжай білетін қасиеті арқасында Асан Қайғының көзі жеткен. Болашақта ұрпағының басына туар    заманды «қилы заман» деп атайды. Қилы заманның сипатын Асан былайша түсіндіреді:

Мұнан соң қилы-қилы заман болар,

Заман азып, заң тозып жаман болар.

Қарағайдың басына шортан шығып,

Балалардың дəурені тəмам болар.

Ол күнде қарындастан қайыр кетер,

Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер.

Ұл-қызың орысқа бодан болып,

Қайран ел, есіл жұртым сонда не етер?! [7].

Қарағайдың басына шортанның шығуы табиғатта болмайтын құбылыс. Яғни, бəрі ойдағыдай, өз орнында болатын қалыпты жағдайда судағы шортан шөлдегі қарағайға қалай шықпақ? Ал қилы заманда бұл мүмкін. Бұл метафоралық сөздің мəнісі «қилы заманда»  құндылықтардың ауысатынында. Бұрынғы жаман жақсы атанады, қоғамдағы нормалар, заңдар ұмытылып, əуелде істеуге болмайтын, теріс əрекеттер бұл заманда қалыпты құбылысқа айналады жəне қазақтың ұл-қызы орысқа бодан болады. Асан халқының басына осындай заман келерін болжап, көзі жетіп отыр.

Қазақ болашағын Асан Қайғыдан артық, дəл болжаған ешкім болған жоқ. Ол ХV ғасырда отырып-ақ бірнеше ғасырларға болжамдар айтқан. Оның айтқан болжамдары шындыққа айнала бастаған ХVIII ғасырда өмір сүрген қазақтың көмекей əулиесі Бұқар жырау да болашақта орыстардан қауіптің болатынын дəл айтып көрсетеді. Оның ойынша, «өзі сары, көзі көк, бастығының аты — поп, құдайды білмес, діні жоқ, жамандықта міні жоқ, аузы-басы жүн кəпірлер» қазақ жеріне «жаяулап келіп», «жемірлерге жем беріп, жағалы шекпен кигізіп, мұртыңа балды май жағып»,  «ел қамын айтқан жақсыны сөйлетпей ұртыңа ұрып», «қанымызды бауыздамай ішіп, жанымызды өлтірмей алып», «қолымызға теңдікті бермей» отарлаудың ойранын салып-ақ болады. Бұқардың да ойы Асан қайғының ойымен астарлас. Екеуі де қилы заманның болатынын болжап берді. Бір ойшылдың сөзінің мəнісін ойшыл ғана түсінсе керек.

Бұқар жырау мына бір өлеңінде көршілес жатқан орыс империясынан келер жамандықтың бар екенін ескертеді.

...Он екі айда жаз келер,

Құс алдында қаз келер.

Айтып-айтпай не керек,

Дəуреніңіз аз келер.

Сондай заман жеткенде,

Шаңырағың тұл болар.

Еліңе қауіп төнгенде,

Ата ұрпағың құл болар.

Қараларың қас болар,

Қаскөйлерің бас болар.

Орыстар келер ғалым боп,

Əулиедей көрінер.

Поптары болар сазандай,

Кітабы болар қазандай...

Ақыретке барғанда,

Ақсүйекті қор тұтқан,

Қараны одан зор тұтқан,

Орыстарды пір тұтқан,

Сорлы болған қазағым,

Татарсың солардан жазаңды-ай [1; 125].

Осы айтылған сөздердің ақиқаттығын уақыт дəлелдеді. ХVIII ғасырда Ресей империясының қазақ елін ашық түрде отарлау саясаты басталды. XIX ғасырда хандық билік ресми түрде жойылып, ханнан күш кетті. Қазақ елі бодан елге айналды. Онымен қоймай ХХ ғасырда Қазақ мемлекетінің КСРО құрамында болуы елді өз төл құндылықтарынан ажыратты, жамандар би болып, игі жақсылар қор болды. Елдің рухани өмірі өзгеріске ұшырады. Ұлтты жоюға бағытталған, яғни оның тілін, ділін, дінін құрту саясаты қарқынды түрде жүзеге асып, жемісін əлі күнге дейін беріп келеді. Асан Қайғының «қилы заманы» шындыққа айналып, «зар заман» деп зарлаған Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Асан Барманбекұлы, Əбубəкір Кердеріні жəне Ресей отаршылығына қарсы күресті жаңа деңгейге көтерген қазақ ойшылдарын тудырды.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Magauin М. Aldaspan, Almaty: Atamura, 2006, 24 р.
  2. Salgaruly К. Think over, Kazakh! Astana: Foliant, 2009, 142 р.
  3. Wake up // Social-political, cultural-cognitive magazine, 2010, № 1, р.
  4. The history of Kazakhstan, from ancient times till nowadays, Almaty: Dauir, 1994, 184 р.
  5. Esim G. The history of Kazakh philosophy, Almaty: Kazakh university, 2006, 37 р.
  6. Poetry about prosperous and suffering times, Almaty: Jazushy, 2007, 92 р.
  7. Kenjaly Т. Asan Kaigy, Almaty: Dike-Press, 2006, р.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.