Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бүгінгі таңдағы ислам елдеріндегі мемлекет пен дін қатынасының ерекшеліктері, принциптері мен даму тенденциялары: Сауд Арабиясы, Мысыр, Малайзия

Мақалада ислам елдеріндегі дін жəне мемлекет қатынасы аспектілері қарастырылған. Сауд Арабия патшалығы мен Египет Араб Республикасы жəне Малайзия Федерациясы зерттеу нысаны ретінде алынды. Дін мен мемлекет қатынасын ашу үшін қарастырылған мемлекеттердің исламға басымдылық беру ерекшеліктеріне, оның ішінде діни партиялардың қызметінің белсенділігі мен елдің орналасу аумағына жəне этноконфессиялық құрамына қарай талданды. Сонымен қатар мақалада үш елдің биліктік жүйесінің дінге қатыстылық деңгейі де сараланды. Зерттеу барысында Сауд арабиясының дінге басымдылық беру деңгейі өзге екі елден қарағанда қатаңырақ екендігі, алайда, соңғы жылдары басқару жүйесі мен білім беру жəне қызмет көрсету салаларында, сонымен қатар көп сынға ұшыраған мəдени мұраларды сақтау істерінде өзгерістер мен жаңашылдықтарды енгізуге деген талпыныстар байқалды. Ал, Мысыр елі ислам дініне басымдылық берумен қатар ибраһимдік діндерге де мəртебе беретіндігі жəне елдің саяси билігі екі елге қарағанда əлдеқайда зайырлы екендігі айқындалды. Малайзия монархиялық биліктегі мұсылман елі бола тұра, елде діни, саяси партиялардың жəне өзге дінге негізделген ұйымдардың қызметіне еркіндік береді. Олардың белсенділігі парламенттегі сайланған мүшелермен елдің басқару ісіне араласуға мүмкіндік алады. Ел тарихында өз халқының əралуандығын нарықтық бəсекеге бағыттау арқылы дамудың жоғарғы көрсеткішіне жеткізе алды. Тақырып мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың əр елдердегі ерекшеліктерін ашуға бағытталғандықтан зерттеу барысында құрылымдық-функционалдық жəне дінтанулық салыстырмалы талдау əдістері қолданылды.

Қазіргі таңда əлем зерттеушілерінің назары ислам əлемін зерттеуге ерекше көңіл бөле бастады. Əсіресе, исламдық басқару жүйесінің универсалдылығы жəне оның практикалық маңызы мен тікелей қоғам тіршілігінде қолдануының артуы көптеген зерттеушілердің қызығушылығын тудыруда. Бүкіл əлем зайырлы басқару жүйесіне бет бұрып жатса да исламға ерекше мəртебе беретін басқару жүйесі əлі де болса өзінің өміршеңдігін сақтап қалуда. Ислам мемлекеттерінің ерекшеліктері мен бүгінгі заманға сай басқарушылық жүйесінің дамуын ашу үшін ислам елдерінің дін мен мемлекет қатынасын ғылыми тұрғыдан қарастыру қажеттілігі туындайды.

Бүгінде мұсылмандардың саны жаһан халықтарының төрттен бірін құрап отыр. Бұл шамамен екі миллиард адамды жуықтайды. Сəйкесінше мұсылмандыққа басымдық беретін елдердің саны да аз емес. Мұсылмандардың басын қосатын ең үлкен ұйым – Ислам ынтымақтастық ұйымына бүгінде 57 ел мүше. Оның ішінде Қазақстан да бар. Мүшелікке ие елдердің басқару жүйелерінде ислам дінінің статусы əртүрлі. Олардың бірқатарында исламға мемлекеттік дін мəртебесі берілсе, ал, кейбір елдер зайырлылық ұстанымдарына байланысты заңдарында ислам дініне арнайы мəртебе берілмеген. Осы тұста ислам елдерінің дін жəне мемлекет қатынастарының принциптері мен формаларын талдау үшін Сауд Арабия патшалығы, Египет Араб Республикасы, Малайзия елдерін зерттеу нысаны ретінде алып қарасақ, тақырыпты ашуға мүмкіндік мол болмақ. Өйткені, келтірілген мемлекеттердің дін мен мемлекет қатынасын реттеу ұстанымдары бір-бірімен қатты ерекшеленеді. Ислам аталмыш үш елге ортақ құндылық саналғанымен олардың ұлттық салт-санасы мен географиялық орналасуы, мемлекеттік басқару жүйесі жəне экономикалық бағыты мүлде басқа.

Зерттеу нысаны ретінде алынған елдердің ішіндегі Сауд Арабиясы Патшалығында (САП) дін мен мемлекет қатынасы 1992 жылы қабылданған «Негізгі Заңымен» реттеледі. Заңның 1-бабында «Сауд Арабиясы патшалығы – діні Ислам болып табылатын толық егеменді араб ислам мемлекеті, ал Конституция – Алла Тағаланың кітабы жəне оның Пайғамбарының сүннеті» деп белгіленген [1]. Заңның 7-бабына сəйкес «Сауд Арабиясы Патшалығындағы мемлекеттік билік Алла Тағаланың кітабынан жəне оның Пайғамбарының сүннетінен бастау алады» жəне 8-бапқа сəйкес «Сауд Арабия- сы Патшалығында мемлекеттік басқару жүйесі ислам шариғатына сəйкес əділдік, кеңесші жəне теңдік қағидаттарына негізделген» деп ислам діні елдің мемлекеттік мəртебеге ие діні екендігі жəне басқару жүйесінде шариғатқа сүйенетіндігі ашық баяндалады [1]. Ислам дінінің мəртебесі мемлекеттік дін болумен қатар патшалықтың тұрғындарының ұстануы тиіс жəне ол заңмен бекітілген. Негізгі Заңның 9-бабына сəйкес «Сауд Арабия қоғамының өзегі отбасы болып табылады жəне оның мүшелері ислам дінінің негізінде өмір сүруі тиіс жəне оның адалдық талаптары Құдайға, оның Елшісіне жəне билікке мойынсұну, заңдарды құрметтеу жəне жүзеге асыру, сондай-ақ Отанға сүйіспеншілік пен оның даңқты тарихына мақтанышпен қарау» делінген [1].

САП билігінің құрылымы екі əулеттің келісімі негізінде құрылып, осы күнге дейін сол келісім бойынша мемлекетті басқарып келеді. Біріншісі Абдул Азиз Ибн Сауд патшаның ұрпағынан тараған əулет. Бұл əулет елдің саяси бағытын басқарады. Негізгі Заңның 5-бабына сəйкес «Негізін қалаушы патша Абд əл-Азиз ибн Абд ар-Рахман əл-Фейсал əл Сауд пен оның ұлдарының ұлдарымен шектелуі тиіс. Адалдық олардың арасында Құдай Тағаланың кітабы жəне оның елшісі (оған Алланың сəлемі болсын) сүннеті негізінде ең орынды болуға кепілдік етілуге тиіс» деп Сауд əулетінің монархиялық билігі мен шариғаттың байланысы заңмен бекітілген [1]. Ал, екінші арғы атасы Мухаммада ибн Абдул Уаһһабқа тірелетін Əл Шейх əулеті дін мамандары корпусына жауапты. Əулеттің бұл функциясы ресми түрде мекеме ретінде 1925 жылы «Жақсылыққа шақыру жəне күнəдан тыю Лигасы» (Хайъа аль-амр би альмааруф уа ан-наһа ан аль-мункар) атымен Эр-Риадта құрылып, бекітілді. Оны қысқаша əл-Хасба деп те атайды [2]. Мемлекет жəне дін қатынасының ерекшелігін патшалықтың діни жəне саяси билігінің тарихынан анық көруге болады. Əрине бұл екі əулеттің арасында арагідік текетірестер де орын алып отырды. Оның басты себебі ретінде зерттеушілер саяси биліктің аз да бол- са заман талабына сай бейімделуге тырысуы, ал дін қызметкерлерінің оған қарсылық танытуымен байланыстырады. Жақсылыққа шақыру жəне күнəдан тыю лигасы биліктің қабылдаған шешімін шариғи тұрғыдан мақұлдап немесе келіспейтіндігін білдіріп отыратын, сол арқылы патша саясатын діни тұрғыдан негіздейтін мекемеге айналады. Əрине, бұл жерде лиганың азда болса дербестігі сақталды. Оны кейде Сауд билігінің лига құрамын өзгертуі жəне жаңа басшыны тағайындауынан көруге болады.

Сауд Патшалығында таралған ислам діні сүнниттік ханбали мазһабының Абдул Уаһһаб іліміне негізделген. Өз кезегінде бұл бағыт ислам қоғамына жаңашылдықтың «кез-келген» түрінің енуіне қарсы болды [3]. Ал, жаһанның күннен-күнге өзгеріске түсіп отыруы Сауд билігі мен ондағы араб халқының да жағдайға сай бейімделуін талап етті. Осыған орай Сауд билігі мемлекеттік басқару мен білім, қоғамдық қызмет саласына өзгертулер енгізу шараларын жасады. Ал бұл екі корпус арасында келіспеушіліктердің орын алуына жəне ортақ шешімге деген мұқтаждықтың туындауына алып келді. Мəселен, 2002 жылға Мекке қаласында орын алған өрт кезінде 15 қыз көз жұмды. Оқиға қыздар мектебінде орын алған. Өрттен қашпақ болған қыздардың шариғатқа сай киімдері болмайды. Төтенше жағдай қызметі келген кезде «шариғи полиция» өрт сөндірушілердің ішке енуіне рұсат бермейді. Ондағы уəж ер мен əйелдің бірге болуы «шариғатқа қайшы» деген ұстанымды алға тарту [4]. Соңы қыздардың қайғылы қазасымен аяқталады. Яғни, мүмкіндік бола тұра адам өліміне жол беріледі. Сол себептен билік қыздар мектебін діни қызметкерлер құзырынан алып білім министрлігі қарауына береді. Cонымен қатар билік өрт сөндірушілерге қыздарды тілсіз жаудан ешқандай киім ерекшеліктеріне қарамастан құқаруға рұқсат берді [5].

Елдің дінге қатынасын анықтайтын білім саласы ислам дініне бағытталған. Негізі Заңның 13- бабында «Білім беру жастарға ислам дінін үйретуге жəне оларды дағдысын арттыруға бағытталуы тиіс» деп дінге басымдылық беріледі. Дегенмен, соңғы жылдары реформа жасауға деген тырысушылық байқалуда. Сауд билігі техникалық білімнің қажеттілігін сезініп, бірнеше техникалық бағыттағы оқу орындарын аша бастады. 2009 жылдың 23 қыркүйегінде Джидда қаласында Абдолла патшаның атындағы Ғылым жəне техника университетінің ашылу салтанатында патша «ғылым мен білім тек ауру адамның бойында ғана қайшылыққа түседі» деп патшалықтың ғылымға деген ықыласын мəлімдеді. Бұл оқиға кейін патшалық ғұламаларының назарында сынға түседі. Атап айтқанда Жоғарғы ғұламалар кеңесінің мүшесі Саада Аш-Шасри өз мəлімдемесінде аталмыш оқу орындарында əйелдер мен ерлердің бірге оқуы дұрыс емес жəне ондағы пəндерге шариғи сараптама керек деп айтты. 2009 жылдың қазан айында Абдалла патшаның Аш-Шасриді қызметінен босату ту- ралы жарлығы шықты. Осы тұста Жоғарғы ғұламалар кеңесінің құзіреттілігін анықтай өтсек. Бұл кеңес 1993 жылы құрылып, 150 мүшелік құрамымен патша тарапынан тағайындалатын ғұламалар кеңесі. Алғашында мұшелік тек ер адамдардан құралды. Қазіргі кезде олардың қатарында шииттік бағыттағы дін өкілдері де əйелдер де мүшелікке енді [3]. Кеңес мемлекеттік маңызы бар істерді талқылайды.

1992 жылғы Негізгі заң бойынша елде тек ораза жəне құрбан айт мерекелері ғана мемлекеттік деңгейдегі мейрам ретінде тойланатын. Десе де 2005 жылы 23 қыркүйекте Сауд Арабиясы өз тари- хында алғаш рет «ұлттық бірлестік» күнін атап өтті. Өз кезегінде бұл елдің шариғи мерекелерден бөлек ұлттық ерекшеліктерін қалыптастыруға тырысушылығының қазіргі кездегі бір айғағы болып отыр. Мұсылмандар үшін ең қасиетті орын Мекке мен Мадина қазіргі Сауд Арабиясының құрамында. Бұл аталмыш екі қала ислам дінінің алғаш тараған, Мұхаммед пайғамбар мен оның та- нымал сахабаларының өмір сүріп, жерленген жері. Өз кезегінде бұл патшалыққа мұсылман елдері арасында ерекше мəртебе береді. Дегенмен, САП мəдени мұраларды бұзуына байланысты көптеген елдер тарапынан сынға ұшырады [6]. САП дін қызметкерлері мұны елдің жалғыз құдайлық «таухид- ке» қарсы келетін «ширк» терминімен байланыстырады. Яғни, қасиетті Меккеге келген мұсылмандардың осы аумақта жерленген қасиетті тұлғалардың мазарларынан медет сұрауын «ширк» жасауда деп бағалап, мұндай объектілерді жою діни тұрғыдан құпталды [7]. Осындай сынның бірі елдегі шииттік бағыттағы мəдени мұралардың жойылуы [8]. Алайда, 2019 жылы туристік бағытты дамытуды қолға алып, шетелдік туристердің келуіне жол ашты [9]. Өз кезегінде бұл алдағы уақытта патшалықтың мəдени мұралардың сақталуына деген ұстанымның өзгеруі ықтималдығын көрсетеді.

Жалпы, Сауд арабиясы ислам елдерінің ішінде діннің қатаң формасын ұстанатын мемлекет. Алайда, жаһандық өзгерістер елдің дін жəне мемлекет қатынасына əсерін тигізуде. Оны елдің мемлекеттік құрылымында жаңа басқару тетіктерінің пайда болуы мен соңғы кездегі жиі көтеріліп жүрген білім саласында реформа жасау керек деген пікірлерден байқауға болады. Яғни, діни ұстанымдарға толық негіздегісі келгенімен зайырлы білім мен басқару жүйесінің үлгілері бəрі бір де өз қажеттілін білдіруде. Зерттеу нəтижелері патшалықтың алдағы уақытта да исламның мəртебесін мемлекеттік дін ретінде сақтай отырып, кейбір салаларда зайырлы елдердің тəжірибесіне қажеттіліктердің артатындығын көрсетуде. Сондықтан болашақта білім беру саласы мен мемлекеттік басқару істерінде бірқатар өзгерістер орын алу ықтималдығы басым.

Ислам əлемінде ерекше өзіндік орны бар, экономикалық дамуы мен дінді ұстануда өзге мұсылман елдеріне үлгі болып отырған Азия құрлығындағы ислам мемлекетінің бірі Малайзия Феда- рациясы. Малайзия көпұлтты əрі, көпконфессиялы ел. Федарацияда 180 этникалық топ өкілдері өмір сүруде. Елдің 50 пайыздан астамы мұсылман-малайлықтар, ал 23,7 пайыздайы қытайлар. Олардың басым бөлігі даосизм, буддизм жəне конфуцизмді, ал христиандықты аз ғана бөлігі ұстанады. Үнділер халықтың 7 пайызын құрайды. Пайыздық көрсеткіші қытайлардан аз болғанымен үнділердің арасында буддизм мен ұлттық діндері индуизмді жəне сикхизм мен мұсылмандықты, тіпті хрситиандықты да ұстанатын өкілдері бар. Қалған 16 пайыз тұрғындар эмигранттар мен Малакка жəне Калимантаның байырғы халқының еншісінде [10]. Өз кезегінде бұл Федерацияның діни келісімді сақтау мақсатында қажырлы жұмыстарды талап ететіндігін көрсетеді. Дегенмен, этноконфессиялық құрамының əралуандылығына қарамастан федерацияда дінге басымдылық беріледі.

Елдің дін жəне мемлекет қатынасы МФ-нің 1957 жылы қабылданған Конституциясында анық көрсетілген. Конституциясының 3-бабында «Ислам Федарацияның діні болып табылады; алайда өзге діндерді Федарацияның кез-келген бөлігінде татулық пен келісімшілікпен ұстануға болады» деп көрсетілген. Ислам діні мемлекеттік дін мəртебесіне ие болғанымен Малазияның көпэтностылығы мен көпконфессиялылығы өзге ислам елдерінен көрі біршама ерекшелейді. Зерттеуші И.Н. Золотухин «ел халқының басым бөлігі мұсылмандар болғанына қарамастан Малайзия классикалық ислам мемлекеті емес, оған «малайларға басымдылық беретін көпэтносты қоғам» формуласы тəн, онда баршаға діни сенім бостандығына кепілдік беріледі» деп ой қорытады. Конституцияның 8-бабының 1-тармағына сəйкес «барлық тұлға заң алдында тең жəне заң тарапынан тең құқылы бағаланады» делінсе 11-баптың 1-тармағынада «əркім өз дінін ұстануға, діни рəсімдерді өтеуге құқылы» делінген. Діни бірлестіктердің қызметі Конституцияның 11, 12-баптарымен реттеледі. Заңға сəйкес əр діни бірлестіктің: дін мəселесіндегі істерді басқаруға, діни немесе қайырымдылық мақсатында мекеме ашуға жəне ұстап тұруға, мүлікті иемденуге, оларды заңға сəйкес басқаруға құқығы бар. Сонымен қатар діни топтар балаларға арналған діни оқу орнын ұстауға рұқсат етіледі. Алайда, бұл қандай да бір діни алауыздық тудыруға бағытталмауы керек.

Малайзияда діни жеке ұйымдардың қоғамдық белсенділігі жоғары. Елде қырыққа жуық партия бар. Олардың қатарында 1951 жылы құрылған Малайзияның Ислам партиясын (МИП) айтсақ болады. МИП-тің бағдарламасындағы негізгі мақсаттары Исламдық мемлекет құру жəне Конституцияның бірқатар ережелерін Құран мен Сүннеттің нормаларына сəйкестігін қайта қарап, түзету. Бірақ бұл партияның өкілдері палатаның мүшелігіне көп орын алып жүрген жоқ. Тағы бір партия Ұлттық фронт деп аталады. 1974 жылы он төрт партия мен ұйымдарды бірігуінен құралған. Фронт бағдарламасы өз қызметінің мақсаты бірыңғай үйлесімді Малайзия ұлтын қалыптастыру, ресми дін ретінде исламды орнықтыру жəне оны қолдау, алайда, ар-ождан бостандығы қағидаттарын назарға ұстау. 2008 жылғы болған парламенттік сайлауда ҰФ Өкілдер палатасында 140 орынды иемденіп, басымдылық танытты. Елдегі ең белсенді əрі ықпалды партия (БМҰҰ) 1946 жылы құрылған Біріккен Малай Ұлттық ұйымы саналады. БМҰҰ көшбасшылары 1950 жылдардың ортасынан бастап тұрақты түрде Малай үкіметін басқарды. Партияның негізгі мақсаты конституциялық монархияны сақтау жəне демократиялық басқаруды дамыту, исламға ресми дін мəртебесін беру, ортақ консенсусты сақтай отырып, бірыңғай Малайзия халқын қалыптастыру, малай мəдениеті мен малай тілін дамыту болып табылады [11]. Бұл ретте партияның қызметі радикалды ислам қағидаттарына қарсы əрекет етеді. БМҰҰ мұшелері Федерация құрылғаннан бері Малайзияның премьер-министрі лауазымына 6 рет тағайындалып 2018 жылға дейін атқарды. Елде осы үш партия арасында билік үшін тартыс бар. Сайлау кездерінде көп жағдайда басымдылық БМҰҰ жағында. Бұл ұйымның ұлттық құндылық пен діни сенім бостандығына жəне ислам дініне басымдық берумен қатар конституциялық басқаруды қатар дамытуға тырысуы негізгі артықшылығы болып отыр.

Ел тарихында конфессиялық келіспеушіліктің жəне діни сарында мемлекеттік саясатқа деген көңіл толмаушылық фактілері орын алған. Оған елдің этноконфессиялық құрамы мен тəуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы ширек ғасыр ішіндегі мұсылман малайлардың орта табысының төмен бо- луы себеп болған. Дегенмен, малай билігі Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) аясында елдегі кедейшілікті азайту жəне мұсылман малайлардың нарықтық өндірістегі үлесінің артуы нəтижесінде ел мұсылмандарының билікке деген оң көзқарасын қалыптастыра алды. Алайда, осы тұста елдің мұсылман малайларға көп мүмкіншіліктер жасауы мұсылмандықты ұстанбайтын қытай, үнді жəне өзге де этнос өкілдері арасында сынға түсті. Дегенмен, халықтың басым бөлігі мұсылман дінін ұстанғандықтан ислам діні өз мəртебесін сақтауда.

Жалпы, малайзияның мемлекет жəне дін қатынасында елдің ислам дініне басымдық беруімен қатар діни сенім бостандығын қамтамасыз етуге жəне елдің көпэтникалық құрамының татулығын сақтауға бағытталған. Сонымен бірге билік экономикалық дамудың қарқыны мен жұмыссыздықты азайту арқылы ел халқының діни жəне ұлттық келіспеушіліктерінің алдын алуды жəне ислам діні негізінде ұлттық тұтастықты қамтамасыз етуді мақсат етеді. Дегенмен, елде мемлекеттің исламға берген мəртебесін азсынатын партиялар мен ұйымдар қызмет етуі басқару жүйесін əлі де болса өзгеріске түсу мүмкіндігін көрсетсе, екінші жағынан жалпы халықтың үштен бірі өзге дін өкілдері құрайтындығын ескерсек, қазіргі басқару жүйесін одан ары исламдандыруды қатаңдатуды қалайтын ұйымдардың билік пен халық тарапынан қолдау табу ықтималдығы жоғары емес. Малайзия ислам елдері арасында ағылшын елінің отарынан шыққаннан бері өзінің даму жолында кездескен конфессиялық, этникалық жəне экономикалық мəселерді дінге басымдылық берумен қатар конституциялық монархия жолын таңдау арқылы тиімді жүйесін қалыптастыра алған бірден-бір мем- лекет. Əрине, елде этноконфессиялық мəселе түбегейлі жойылған жоқ. Сондықтан малай билігі ал- дында бұл мəселені оңды жетілдірудің жолдарын қарастыру шаралары өз өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Мұсылман елдері арасында тарихы терең, мəдениеті бай елдің бірі Египет Араб Республикасы (ЕАР). Елдің дін жəне мемлекет қатынасы Конституцияда анық жазылған. Конституцияның преамбу- ласы «Бисмиллаһи-р-Рахмани-р-Рахим» деп басталып, 2-бабында «Ислам — мемлекеттік дін, ал араб тілі — оның ресми тілі. Ислам шариғатының қағидалары Заңнаманың басты көзі болып табыла- ды» [12]. Яғни, ел ислам дініне мемлекеттік дін мəртебесін береді. Мысыр əралуан халықтардың мəдениеті мен əлемнің əртүрлі өркениеті тоғысқан ежелгі ел. Сондықтан мұнда халықтың этникалық жəне конфессиялық құрамы да біркелкі емес. Елдің басым бөлігін мұсылман-арабтар құрайды (90 %). Одан кейінгі орында шамамен 10 миллиондай көрсеткішпен копт христиандар тұр [13]. Шииттердің саны халықтың шамамен 1 пайызын немесе 1 000 000-ға жуық адамды құрайды. Бахаи өкілдерінің мəлімдеуінше, қауым көлемі 1000-нан 2000 адамға дейін [14]. Мемлекеттің дін саласындағы саясаты өзінің осындай конфессиялық құрамын ескереді.

ЕАР-да исламнан кейін христиандар мен иудейлерге ерекше мəртебе берілген. Негізгі Заңның 3- бабының «Мысырлық христиандар жəне иудейлер заңдарының принциптері – олардың жеке мəртебесін, діни істерін жəне рухани көшбасшыларын іріктеуді реттейтін заңнамалардың басты қайнар көзі болып табылады» жəне 235-бапта «Осы Конституция күшіне енгеннен кейін өзінің бірінші заңнамалық мерзімінде Өкілдер Палатасы үйі христиандарға өздерінің діни салт-дəстүрлерін ұстану еркіндігіне кепілдік беретін, шіркеулердің құрылысы мен жөндеуін ұйымдастыру туралы заң шығарады» делінген [12]. Бұдан байқайтынымыз елде заңмен мойындалған үш дін бар. Олардың үшеуі де ибраһимдік дінге жатады. Əрине, тарихы терең бұл елде басқа дін өкілдері де тұрады. Заң олардың ар-ождан бостандығын мойындайды. Заңның 64-бабында «Сенім бостандығы абсолютті. Діни жораларды орындау жəне діни ғибадат ету орындарын белгілеу бостандығы заңмен ұйымдастырылған құқық болып табылады» ал, 53-бапқа сəйкес «Азаматтар заң алдында тең... дін, сенім, жынысы, шығу тегі, нəсілі, терісінің түсі, тілі, мүгедектігі, əлеуметтік жағдайы, саяси немесе географиялық тиесілігі бойынша немесе кез келген басқа себептермен кемсітуге болмайды. Кемсітушілік жəне жек көрушілік заң бойынша жазаланатын қылмыстар болып табылады. Мемлекет кемсітушіліктің барлық нысандарын жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды» делінген [12].

Негізгі заңның 7-бабында «Əл-Азхар өз істерінде айрықша құзыретке ие тəуелсіз исламдық ғылыми мекеме болып табылады. Ол дін ғылымдары мен ислам істері саласындағы үлкен беделге ие. Мысырда жəне əлемде исламды уағыздау жəне дін ғылымдары мен араб тілін тарату міндетті. Мем- лекет бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін жеткілікті қаржы бөледі» деп келтіреді. Мысырдың көнеден келе жатқан бұл университеті қазіргі ислам əлеміндегі ең ықпалды, əрі танымал оқу орны болып та- нылады. Ондағы ғалымдардың шығарған пəтуаларын дүние жүзінің мұсылмандары басшылыққа ала- ды. Сондықтан мемлекет аталмыш оқу ордасын жоғары бағалайды. 2011 жылға дейін елдің экономикасында туризмнің елеулі үлесі болды. Оған елдің бай мəдениеті мен тарихи жəдігерлердің көптеп сақталуы себеп. Сондықтан ЕАР заңында мəдени мұраларды ерекше қорғайды. Конституцияның 50-бабында «Мысырдың Перғауындық, Копттық, Исламдық жəне қазіргі кезеңдегі материалдық жəне моралдық өркениеттік жəне мəдени мұрасының барлық түрі — мемлекет тарапы- нан қорғалатын жəне қолдау білдірілетін ұлттық жəне жалпы адамзаттық мұра» деп белгілейді [12]. Өз кезегінде бұл ЕАР-ның мəдени мұраларға қатысты ұстанымы САП-нан қарағанда əлдеқайда жұмсақ екендігі байқалады.

Конституцияның 74-бабына сəйкес «Азаматтардың заңда белгіленген тəртіппен хабарлау арқылы саяси партиялар құруға құқығы бар. Дінге негізделген немесе жынысына, шығу тегіне, географиялық жағдайына байланысты кемсітушілікке жол беретін саяси əрекеттердің жүзеге асыры- луына немесе саяси партиялардың құрылуына жол берілмейді». 2014 жылы қабылданған аталмыш заңнамалық құжатта діни партия құруға тыйым салынған. Оған себеп «мұсылман бауырлар» діни ұйымын жəне оған қарасты партияларды елдегі террористік ұйым ретінде тануы жəне елдегі фунда- менталды діни ұйымдардың ықпалын азайту болды. Қазіргі уақытта елде 100-ден астам тіркелген саяси партиялар қызмет атқарады. Конституция дін негізінде саяси партияларды құруға тыйым салса да, ислам заңдарын орнатуға ұмтылатын партиялар бар. Өйткені, елдің негізгі заңында дінге ашық басымдылық беріліп, ислам мемлекеттік дін ретінде мойындалған.

ЕАР конфессиялық саясатының батыс елдері, оның ішінде Америка Құрама Штаттары тарапы- нан ең жиі сынға алынатын тұсы елдің копт христиандарға деген қатынасы. Сонымен қатар бахаи жəне Иегова куəгерлері ұйымына тыйым салуы да сынға ілікті. Дегенмен, АҚШ мемлекеттік департаментінің адам құқығы бойынша 2018 жылғы баяндамасында алдыңғы жылғы баяндамалары- нан қарағанда тағылған сындардың азая түскендігі байқалады. Мысыр билігі бұл мəселені шешу үшін 2016 жылы шіркеулерді заңды түрде тіркеуге қоюға мүмкіндік беретін Заң қабылдады. Нəтижеде 783 шіркеудің қызметі заңдастырылды [14]. Елде мұнымен қоса тағы бір кезекті мəселе бар. Оның біріншісі радикалды ислами топтар тарапынан теракт əрекеттердің жиі орын алуы жəне дінаралық алауыздықты қоздыруы болса, екінші исламдық топтар арасындағы қақтығыстардың өршу мəселесі. 2017 жылғы 23 қарашада Синай жарты аралының солтүстігінде əр-Рауд мешітінде орын алған терактіде 230 адам қаза тапты. Террористер алдымен, жарылғыш зат тастап, сосын мешіттен жан сауғалап қашқан жамағатты оқ жаудырып өлтірген. Мəліметтерге сəйкес ИШИМ содырлары тарапы- нан жасалған бұл əрекет сопылық бағыттағы мұсылмандарды өлтіру мақсатында болған [14]. Бұл, террористік топтардың мұсылмандарды да, өзге дін өкілдерін де аямайтындығын ашық көрсетті. ЕАР-да діни қатынастардың шиеленісуіне халықтың өмір сүру деңгейінің төмендігі де əсер етуде. Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі мен орта таптың аздығы елдегі халықтың төзімсіздігін жəне ради- калды топтарға қосылу мүмкіндігін арттырады.

Жалпы, ЕАР VII ғасырдан бері ислам мемлекеті ретінде саналуы, қазіргі күнде де ислам дінінің мемлекеттік дін мəртебесінің сақталуына мүмкіндік беруде. Дегенмен, Мысыр əлемдегі ең көне елдің бірі болғандықтан конфессиялық құрамы да əралуан. Конституциясы Ибраһимдік діндерге ерекше мəртебе береді. Мемлекет басшысы зайырлы адам болып саналады. Алайда, ислами мекемелер мемле- кет тарапынан қаржыландырылады. Елде, діни алауыздық өршу жəне лаңкестік əрекеттердің орын алу ықтималдығы бар. Сондықтан ЕАР лаңкестікпен күресуде өте белсенді жұмыс жасайтын елдің бірі.

Қорытындылай келе аталмыш үш елде де ислам мемлекеттік дін мəртебесіне ие. Дегенмен, басқару жүйесі əрқалай. Малайзия мен Сауд арабиясында монархиялық басқару болса, Мысыр республикалық жүйені қолайлы көрген. Үш елдің орналасқан аумағына қарай этникалық, сəйкесінше конфессиялық құрамы да əртүрлі. Мұсылмандардың саны үш елде де басым болғанымен, пайыздық көрсеткіші əр түрлі. Сауд Арабиясында барлығы дерлік мұсылмандар, МФ-да мұсылман-малайлар 50 пайыздай, қалғаны буддизм, конфуцияндықты жəне индуизмді ұстанатын қытай үнді жəне өзге этнос өкілдері. Ал, ЕАР-да христиан копт өкілдері халықтың 9 пайыздайын құрайды. Əр елдің мем- лекет жəне дін қатынасы этно-конфессиялық құрамына орай реттелген. Мысалы, САП-та Шейх əулеті мен Сауд əулетінің бірнеше жылдардан бергі келісімі негізінде уаһһа биліктен өзге көзқарастың таралуына жол берілмейді. Ал, Мысыр ислам мемлекеті саналғанымен билік жүйесіне зайырлы мемлекеттердің тəжірибесін қолдану арқылы елдегі конфессияаралық жəне мемлекет пен дін қатынастарын реттеуге тырысуда. Оны, елдің діни партияларды құруға тыйым салуынан көруге болады. Ал, Малайзияның ұстанымы нарықтық қатынастарға негізделген. Елде исламдық, ұлттық немесе демократиялық бағыттарда партиялар жұмыс жасайды. Қытай, үнді жəне малай халықтарының дүниетанымдарына жақын ұйымдардың қызметі əрбір ұлттың діні мен рухани құндылықтарын сақтауға бағытталған. Əрине, мемлекеттің ұстанымы мен халықтың дені мұсылман болуы ислам дінінің басымдылығына жол ашады. Алайда, осыған қарамастан өзге ұлт өкілдері оның ішінде қытайлар мен үнділермен əріптестік қатынас орната алған. Нəтижесінде ел халқының татулығы мен материалдық тұрғыдан баюына жол ашылды. Бұл МФ аумағындағы қытайлықтар мен малайлықтардың нарықтық бəсекелестігі нəтижесінде ортаға шықты. Яғни, ел халқы діни таластарды ысырып, кəсіптік бəсекеге қабілеттілігін арттыруға бағыттады. Оған себеп, малай еліне миграциялық толқынмен келіп қоныстанған қытайларды малай билігі дер кезінде елдің заңнамаларына бейімдеп үлгере алғандығы. Ал, Мысырдың орналасқан аумағы араб əлемі. Араб көктемінің самалы əлі толық басылған жоқ. Сонымен қатар ондағы христиандар мен өзге де діни топтар елдің тұрғылықты өкілдері. Яғни, оларды бірден елдің басқару жүйесіне бейімдеу оңайға соқпайды. Өз кезегінде бұл ЕАР-дағы мемлекет жəне дін қатынасын күрделендіре түседі.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Basic Law of Governance [Electronic resource]. — Access mode: https://www.wipo.int/edocs/lexdocs/laws/en/sa /sa016en.pdf
  2. Косач Г. Саудовская Лига общественной морали и государство [Электронды ресурс] / Г. Косач. — 2013. — Режим доступа: https://cyberleninka.ru/article/n/saudovskaya-liga-obschestvennoy-morali-i-gosudarstvo
  3. Косач Г. Саудовская Аравия: власть и религия [Электронный ресурс] / Г. Косач. — 2013. — Режим доступа: https://cyberleninka.ru/article/n/saudovskaya-araviya-vlast-i-religiya
  4. В Мекке заживо сгорели 15 школьниц [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://www.kommersant.ru/doc/935340
  5. Рожаева Е. В Саудовской Аравии разрешили спасать от пожара девушек без паранджи [Электронный ресурс] / Е. Рожаева. — Режим доступа: https://www.kp.kz/daily/24490.5/646214/
  6. Саудовская Аравия теряет культурное наследие: 98 % объектов культуры разрушены [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://artguide.com/news/749
  7. Каково положение законов Аллаха в Саудовской Аравии? [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://golosislama.com/news.php? id=18327
  8. ООН призывает Саудовскую Аравию не уничтожать «культурное наследие» в шиитском селении [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://rus.azattyq.org/a/28507289.html
  9. Саудовская Аравия впервые открывает туристическое направление [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://tengritravel.kz/around-the-world/saudovskaya-araviya-vpervyie-otkryivaet-turisticheskoe-363117/
  10. Золотухин И. Малайзия в зеркале этноконфессиональной ситуации: история и современность [Электронный ресурс] / И. Золотухин. — 2010. — Режим доступа: https://cyberleninka.ru/article/n/malayziya-v-zerkale-etnokonfessionalnoy-situatsii- istoriya-i-sovremennost
  11. Особенности партийной системы [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.hyno.ru/tom2/996.html
  12. Egypt's Constitution of 2014. https://www.constituteproject.org/constitution/Egypt_2014.pdf
  13. Кривец Е.А. Коптская община Египта и политика дискриминации [Электронный ресурс] / Е.А. Кривец. — 2014. — Режим доступа: https://cyberleninka.ru/article/n/koptskaya-obschina-egipta-i-politika-diskriminatsii
  14. 2018 Report on International Religious Freedom: Egypt [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://www.state.gov/reports/2018-report-on-international-religious-freedom/egypt/

Разделы знаний

Архитектура

Научные статьи по Архитектуре

Биология

Научные статьи по биологии 

Военное дело

Научные статьи по военному делу

Востоковедение

Научные статьи по востоковедению

География

Научные статьи по географии

Журналистика

Научные статьи по журналистике

Инженерное дело

Научные статьи по инженерному делу

Информатика

Научные статьи по информатике

История

Научные статьи по истории, историографии, источниковедению, международным отношениям и пр.

Культурология

Научные статьи по культурологии

Литература

Литература. Литературоведение. Анализ произведений русской, казахской и зарубежной литературы. В данном разделе вы можете найти анализ рассказов Мухтара Ауэзова, описание творческой деятельности Уильяма Шекспира, анализ взглядов исследователей детского фольклора.  

Математика

Научные статьи о математике

Медицина

Научные статьи о медицине Казахстана

Международные отношения

Научные статьи посвященные международным отношениям

Педагогика

Научные статьи по педагогике, воспитанию, образованию

Политика

Научные статьи посвященные политике

Политология

Научные статьи по дисциплине Политология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Психология

В разделе "Психология" вы найдете публикации, статьи и доклады по научной и практической психологии, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. В своих работах авторы делают обзоры теорий различных психологических направлений и школ, описывают результаты исследований, приводят примеры методик и техник диагностики, а также дают свои рекомендации в различных вопросах психологии человека. Этот раздел подойдет для тех, кто интересуется последними исследованиями в области научной психологии. Здесь вы найдете материалы по психологии личности, психологии разивития, социальной и возрастной психологии и другим отраслям психологии.  

Религиоведение

Научные статьи по дисциплине Религиоведение опубликованные в Казахстанских научных журналах

Сельское хозяйство

Научные статьи по дисциплине Сельское хозяйство опубликованные в Казахстанских научных журналах

Социология

Научные статьи по дисциплине Социология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Технические науки

Научные статьи по техническим наукам опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физика

Научные статьи по дисциплине Физика опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физическая культура

Научные статьи по дисциплине Физическая культура опубликованные в Казахстанских научных журналах

Филология

Научные статьи по дисциплине Филология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Философия

Научные статьи по дисциплине Философия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Химия

Научные статьи по дисциплине Химия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Экология

Данный раздел посвящен экологии человека. Здесь вы найдете статьи и доклады об экологических проблемах в Казахстане, охране природы и защите окружающей среды, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. Авторы рассматривают такие вопросы экологии, как последствия испытаний на Чернобыльском и Семипалатинском полигонах, "зеленая экономика", экологическая безопасность продуктов питания, питьевая вода и природные ресурсы Казахстана. Раздел будет полезен тем, кто интересуется современным состоянием экологии Казахстана, а также последними разработками ученых в данном направлении науки.  

Экономика

Научные статьи по экономике, менеджменту, маркетингу, бухгалтерскому учету, аудиту, оценке недвижимости и пр.

Этнология

Научные статьи по Этнологии опубликованные в Казахстане

Юриспруденция

Раздел посвящен государству и праву, юридической науке, современным проблемам международного права, обзору действующих законов Республики Казахстан Здесь опубликованы статьи из научных журналов и сборников по следующим темам: международное право, государственное право, уголовное право, гражданское право, а также основные тенденции развития национальной правовой системы.