Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқушылар арасында жиі кездесетін аурулар және олардың дене тәрбиесі сабақтарына қайта қатысу мерзімдері

Белгілі ауруды арқалаған немесе ұзақ уақыт бойы ауырып жүрген оқушыларға, әлсіз ағзаға әсер ететін қозғалыс белсенділігі қажет. Дәрігерлік көрсеткіш бойынша арнайы дәрігерлік топқа (АДТ) жататын балалар олардың денсаулық жағдайына қарай арнайы әдістермен бағдарлама бойынша жаттығулары қажет. Мамандардың дәл осы мәселеге қызығушылықтары күннен күнге өсіп келеді.

Дене тәрбиесі жұмыстарының тәжірибелері көрсеткендей осы деңгейдегі ғылыми әдістемелік жұмыс теориялық және практикалық қайта құруға мүдделі болып отыр. Осы патологиялық үрдіс мәнін игермеген, арнайы деңгейде білімі жоқ мұғалімдер жұмысы өте баяулық танытып, арнайы дәрігерлік топтағы балаларға қажет деңгейде көңіл бөлінбей отыр. Мұндай кемшіліктер денсаулығы әлсіз оқушы денсаулығына жағымсыз әсер етеді.

Дене жаттығуларымен айналысуды толық тоқтату тек уақытша сипатқа ие. Жұқпалы аурулар мен жарақаттардан кейін спортпен шұғылдану және дене шынықтыру сабақтарына қатысуды жалғастыру мерзімдерін дәрігер әрбір оқушыға жеке түрде, барлық клиникалық деректерді (аурудың немесе жарақаттың ауырлығы мен сипаты, ауру немесе жарақат салдарынан пайда болған функционалдық бұзылудың деңгейі) ескере отырып анықтайды. Сонымен қатар оқушының жынысы, жасы, ағзаның бейімделу қабілеттіліктері және басқа да жеке ерекшеліктері назарға алынады. Әдетте көп кездесетін жұқпалы аурулардан кейін дене жаттығулары сабақтарына қатысу мерзімдері қысқаша төмендегідей болады (В.К. Добровольский, Е.И. Янкелевич).

Ангина (Баспа). Сауығу белгілері: ауыз қуысы қабынуының (қызару, ісу, т.б.) және жұтыну кезінде ауыру сезімінің; 2 күннен аса қалыпты температура; жалпы жағдайының жақсаруы. Мектепте дене шынықтыру сабақтарына 6-7 күннен кейін, жаттығуға 12-14 күннен кейін, жарыстарға 20-22 күннен кейін қатысуға болады. Дененің бірден тоңу қаупіне байланысты қысқы спорт түрлерімен (шаңғы, коньки) және суға шомылумен шұғылдану кезінде аса абай болу керек.

Флегмоноздық ангина. Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну, ауыз қуысында және мойынның лимфатикалық буындарында ауырсыну белгілерінің болмауы; 7 күннен аса қалыпты температура; қалыпты дене салмағының толықтай қалпына келуі. Дене шынықтыру сабағына 14-15 күннен кейін, жаттығуға 20-21 күннен кейін, жарыстарға 30-35 күннен кейін қатысу. Жарысқа қатысуға рұқсат беру кезінде жүрек-қан тамыр жүйесінің жағдайына баса назар аудару керек. Функционалды сынақ жүргізу міндетті.

Аппендицит (соқыр ішек): а) өткір. Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; 10 күннен аса қалыпты температура т.б. Дене шынықтыру сабағына 7-10 күннен кейін, жаттығуға 14-18 күннен кейін, жарыстарға 25-30 күннен кейін қатысу. Ұстаманың қайталанбауына кепілдік болмағандықтан, операция жасау ұсынылады; б) операциядан кейін. Сауығу белгілері: операциядан кейін жақсы (ауырмайтын, қозғалысқа бейімді) тыртық. Дене шынықтыру сабағына 10-15 күннен кейін, жаттығуға 20-25 күннен кейін, жарыстарға 30-40 күннен кейін қатысу. Секіруді, ауырлықты көтеруді және гимнастикалық құралдармен жаттығулар жасауды шектеу керек

Өткір бронхит, жұқпалы. Сауығу белгілері: жалпы денсаулық жағдайының жақсаруы; қалыпты температура; жөтелдің болмауы; өкпеде сырылдың болмауы. Дене шынықтыру сабағына 6-8 күннен кейін, жаттығуға 10-12 күннен кейін, жарыстарға 14-16 күннен кейін қатысуға болады. Дене жаттығуларын орындау кезінде тыныс алу жолдарын бірден, әсіресе кенет суық тиюден қорғау.

Желшешек. Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; 7 күннен аса қалыпты температура; буындар мен теріде, тыныс алу мауы.

Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; жолдары аймақтарында ауырсыну белгілерінің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 7-8 күннен кейін, жаттығуға 10-12 күннен кейін, жарыстарға 16-18 күннен кейін қатысу.

Мұрынның өткір қабынулары мен жарақаттанулары (фронтит, гайморит). Сауығу белгілері: 14 күннен аса қалыпты температура; бүлінген аймақтарда ауырсыну белгілері мен жағымсыз сезімдердің толық жойылуы. Дене шынықтыру сабағына 8-9 күннен кейін, жаттығуға 16-18 күннен кейін, жарыстарға 20-25 күннен кейін қатысу. Қысқы спорт түрлерімен шұғылдану кезінде аса абай болу және шынығу жүктемесін біртіндеп көтеру керек.

Өкпенің қабынуы (катаральды және крупозды)Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; 14 күннен аса қалыпты температура; жөтелдің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 12-14 күннен кейін, жаттығуға 18-20 күннен кейін, жарыстарға 2530 күннен кейін қатысу. Ауыр түрдегі крупозды қабынуларда тек 2-3 аптадан кейін, қабыну әбден қайтқаннан кейін барып сабаққа қатысқан жөн.

Гастроэнтериты және басқада өткір асқазан-ішек жолдарының қабынулары. Сауығу белгілері: барлық ауру белгілерінің жоғалуы (ауырсыну, жүрек айну, іш өту және т.б.). Дене шынықтыру сабағына 2-3 күннен кейін, жаттығуға 5-6 күннен кейін, жарыстарға 10-12 күннен кейін қатысу. Тамақтану режимін қатаң сақтауға ерекше көңіл бөлу керек.

Тыныс алу мүшелеріне тұмаудан басқа ауа тамырларының, өкпенің қабынып, тыныс демікпесі,туберкулез аурулары бар. Осы аурулардың пайда болуына әсер ететін жағдайлар өте көп. Соның ішінде сырттан түсетін микробтар үлкен зиян келтіреді. Ауруды асқындырмау үшін тез арада дәрігерге қаралу керек. Ауру адамның ыстығы түсіп, жағдайы дұрысталған соң екі күннен кейін емдік гимнастиканы жасатады. Ол тыныс алуды реттейді, іш бұлшық еттеріне әсер етеді. Қан-лимфа айналысын жақсартады.

Тұмау: а) жеңіл және орташа ауыр формалары, 4 күндей жоғары температура, бірден көрінетін тұмау белгілерінің бол-

5 күннен аса қалыпты температура; тыныс алу, жүрек, асқазан-ішек тұстарында және басқа органдарда ауру белгілерінің толық болмауы; жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметін сынақ нәтижелері оң болу.

Дене шынықтыру сабағына 4-5 күннен кейін, жаттығуға 6-8 күннен кейін, жарыстарға 10-12 күннен кейін қатысу; б) біршама ауыр формалары, 5 күннен аса жоғары температура, жекелеген мүшелер қызметінің бұзылуы, сонымен қатар жалпы интоксикация белгілерінің күрт білінуі.

Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; 7 күннен аса қалыпты температура; басқа белгілер – тұмаудың жеңіл түрлері кезіндегі сияқты; жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметін сынау нәтижелері оң болу. Дене шынықтыру сабағына 10-12 күннен кейін, жаттығуға 18-20 күннен кейін, жарыстарға 30-40 күннен кейін қатысу. Жарыстарға қатысуға рұқсат беру кезінде жүрек-қан тамырлары жүйесін тексеріп, қызметтік сынау жүргізу керек.

Бүйрек аурулары. Адам тіршілігі үшін бүйректің маңызы өте зор. Бүйрек бел омыртқаның екі жағына бір деңгейде орналасады. Бүйрек улы және зиянды заттардан ағзаны тазартып отырады. Сөйтіп оны уланудан сақтайды.

Бүйректің жұмысы қалыпты жағдайда болу үшін әрбір адам өзін таза ұстап, денесін шынықтырып, ащы тағамдарды, алкогольды көп пайдаланбай, тісін дер кезінде емдеп және басқа аурулардан сақтанып отыруы қажет. Бүйрекке арналған гимнастикалық жаттығулар бүйректің қан айналысын жақсартып, қызметін жандандырады.

Бүйректің қабынуы (өткір түрдегі нефрит). Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; ісінудің болмауы; 5 күн сайын қайталап 3 рет зерттеу жасағанда зәрде ақуыздың және формалы элементтердің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 30-35 күннен кейін, жаттығуға 40-50 күннен кейін, жарыстарға 60-90 күннен кейін қатысу. Дәрігердің бақылауында жүйелі түрде болу керек. Екі-үш ай ішінде 2-3 жаттығу жұмыстарынан кейін несеп анализін қайталап тапсыру керек.

Өткір түрдегі және жай түрдегі тері мен слиздық қабықтың аурулары (жұқпалы және жұқпалы емес) кенет ауру сезімдері немесе қозғалысқа шектеу болмайтын түрлері (қышыма, теміреткі және т.б.). Толықтай сауығу уақытын емдеуші дәрігер маман бекітеді және 8-15 күн ішінде ауру белгілері мен рецививінің мүлдем болмауымен сипатталады. Дене шынықтыру сабағына 5-6 күннен кейін, жаттығуға 7-10 күннен кейін, жарыстарға 15-20 күннен кейін қатысу.

Асқынған жүрек аурулары (спорттың немесе басқа қозғалыс салдарынан). Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну, қозғалыс кезінде демігудің болмауы; жүректің қалыпты көлемге келуі, таза және анық соғуы; жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметін сынақ нәтижелері оң болу.

Дене шынықтыру сабағына 30-45 күннен кейін, жаттығуға 60-75 күннен кейін, жарыстарға 90-120 күннен кейін қатысу. Дәрігер және мұғалім тарапынан тұрақты түрде бақылау жасалынуы керек (дәрігер кабинетінде және дене шынықтыру сабақтарында).

Отит (өткір). Сауығу белгілері: 5 күннен аса қалыпты температура; ауырсыну белгілерінің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 14-16 күннен кейін, жаттығуға 20-25 күннен кейін, жарыстарға 30-40 күннен кейін қатысу. Суда жүзу сабақтарында аса абай болу қажет.

Плеврит: а) құрғақ. Сауығу белгілері: 20 күннен аса қалыпты температура; өзін жақсы сезіну; өкпе және кеуде тұсында ауру сезімдерінің болмауы; дене салмағының қалыпқа келуі.

Дене шынықтыру сабағына 14-16 күннен кейін, жаттығуға 20-24 күннен кейін, жарыстарға 30-35 күннен кейін қатысу. Шынығу жаттығуларын жасау ұсынылады. Суық тидірмеу. б) экссудативті. Дене шынықтыру сабағына 40-50 күннен кейін, жаттығуға 60-80 күннен кейін, жарыстарға 90-105 күннен кейін қатысу. Шынығу жаттығуларын жасау ұсынылады. Суық тидірмеу.

Өткір түрдегі ревматизм. Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; 30 күннен аса қалыпты температура; қозғалыс кезінде деформацияның және буын ауырсынуының болмауы; жүрек тұсында ауырсыну белгілерінің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 6-8 айдан кейін, жаттығуға 1-1,5 жылдан кейін, жарыстарға 2-2,5 жылдан кейін қатысу. 3-4 айдан кейін арнайы топта емдік гимнастикамен айналысуға болады. Жаттығуды біртіндеп және аса абай болып жасау. Егер ауруға қыс мезгілінде шалдықса, жаттығуды жазға дейін бастамау лазым. Мидың шайқалуы. Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; бас ауруының және бас айналуының қозғалыссыз және қозғалыс кезінде (15 күннен аса) болмауы; қалыпты рефлекстер. Дене шынықтыру сабағына 2025 күннен кейін, жаттығуға 30-40 күннен кейін, жарыстарға 60-90 күннен кейін қатысу. Жарты жыл бойы дененің бірден шайқалуымен байланысты (шаңғымен секіру, футбол және т.б.) жаттығулармен, сонымен қатар бокспен айналысуға болмайды.

СкарлатинаСауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; 20 күннен аса қалыпты температура; тері қабыршақтануының мүлдем болмауы; несепте патологиялық өзгерістердің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 30-40 күннен кейін, жаттығуға 50-60 күннен кейін, жарыстарға 75-80 күннен кейін қатысу. Дене шынықтыру сабағында аса жаттығуларды біртіндеп, аса абай болып жасау керек. Жаттығу басталудың алдында және алғашқы жаттығудан кейін міндетті несеп анализін тапсыру.

ДизентерияСауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; 15 тәуліктен аса қалыпты нәжіс; тәбеті жақсы болу; негізгі салмаққа жақын; жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметін сынау нәтижелері оң болу. Дене шынықтыру сабағына 14-16 күннен кейін, жаттығуға 20-25 күннен кейін, жарыстарға 30-35 күннен кейін қатысу. Жүрек-қантамыр жүйесі мен асқазан-ішек жолдары қызыметтерін жүйелі түрде бақылап отыру керек.

Дифтерия. Сауығу белгілері: 15 күннен аса қалыпты температура; өзін жақсы сезіну; несепте патологиялық өзгерістердің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 30-35 күннен кейін, жаттығуға 40-50 күннен кейін, жарыстарға 60-75 күннен кейін қатысу. 2-3 ай бойы дәрігер бақылауында болады.

Жүрек қызметі жүйелі түрде бақылауда болады. Дене шынықтыру сабақтарында біртіндеп күш түсіріп және аса абай болу керек. Бақылау несеп анализін тапсыру міндетті.

Қызылша. Сауығу белгілері: 7 күннен аса қалыпты температура; ішектің қалыпты қызметі; теріде бөрткеннің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 14-16 күннен кейін, жаттығуға 20-21 күннен кейін, жарыстарға 25-30 күннен кейін қатысу.

Малярия. Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; 10 күннен аса қалыпты температура; көкбауыр үлкеюінің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 6-7 күннен кейін, жаттығуға 9-10 күннен кейін, жарыстарға 14-16 күннен кейін қатысу. Су спорты түрлерімен шұғылданғанда және күн ваннасын қабылдау кезінде ерекше абай болу. Алғашқы 2-3 жаттығулардан кейін міндетті қайталама несеп анализін тапсыру.

Жүйке аурулары. Жүйке жүйесі ауруы кезінде көптеген органдар мен жүйелер қызметі толық жұмыс істей алмайды. Бірінші кезекте жүрек-қан тамырлары жүйесі.

1 Жүйке жүйесі мидан және дененің барлық бөліміне тармақталып жатқан жүйке ұштары бар жұлыннан құралады. Ми мен жұлын орталық жүйке жүйесін, ал, жұлын тармақтары шеткі жүйке жүйесін түзеді. Жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелердің бір-бірімен үйлесімді қызмет етуін басқарады. Ағзаны сыртқы ортамен байланыстырады. Жүйке жүйесі арқылы адам өзінің айналасындағы ортаны танып, біліп, зерттеп және өзгертуге белсене араласып отырады.

Жүйке жүйесінің көптеген бұзылуларының пайда болу негізін ескеру қажет. Олар абсолютті дене жүктемелері кезінде жеткілікті оттегі мөлшерімен қамтамасыз етуін талап ететін мидың түрлі бөлімдеріне қатысты оттегі жетіспеушілігін тудырады. Сондықтан аурудың көпшілігінде көп мөлшерде дене жүктемесін түсіруге болмайды.

Омыртқаның иілуіне әкелетін қатты шайқалумен байланысты жаттығулар жасау қауіпті (қысым, акробатикалық жаттығулар кезіндегі иілу, баспен тұру, ауыр көтеру және т.б.). Тепе-теңдікті сақтау қажеттілігі және құлау қаупі бар жаттығуларды орындау кезінде абай болу керек.

Дене қасиеттері негізінен өте жай дамиды немесе мүлдем дамымайды. Қозғалыс дағдыларын меңгеруде қиындық туады. Мұндай жағдайларда компенсаторлы орнын басушы жаттығуларды қалыптастыруға өте болады. Дайындық тобына ауысу жүйке жүйесінің жалпы бұзылу белгілерінің толықтай болмауы, қозғалыс қызметінің елеусіз жергілікті бұзылуының сақталуы кезінде мүмкін. Негізгі топқа ауысу көрсетілмеген.

Эндокринді аурулар. Дене дайындығын ұйымдастыру кезінде ағза жағдайының келесі ерекшеліктерін ескеру қажет:

  1. алмасулардың барлық түрлерінің бұзылуы (оның ішінде, сулы, минералды және дәрумен), олардың бірінің басымырақ бұзылуы;
  2. бұлшық еттердің күші мен тонусының әлсіреуі;
  3. барлық органдар мен жүйелер қызметінің әлсіздігі. Бірінші кезекте жүрек зардап шегеді. Онда ауысудың кез келген бұзылуында дистрофикалық өзгерістер байқалады. Семіздік кезінде тыныс алу қызметі диафрагманың жоғарғы жағдайынан зардап шегеді;
  4. aс қорыту органдарының қызметі қиындайды, тірек-қимыл аппаратының өзгерісі байқалады (омыртқаның қалыпты майысуларының артуынан тік жүрудің бұзылуы, майтабандылық, тізе буындарындағы ауырсыну);
  5. ағзаның қорғаныш күштерінің, төзімділігінің төмендеуі, бұл жеке суық тию ауруларынан, созылмалы қабыну процесстерінен көрінеді;
  6. қанның толық қорытылмаған тағаммен қанығуы, бүйрек арқылы және өкпе арқылы газ түрінде бөлініп, өкпені зақымдайды және терең вентиляция талап етіледі. Қанда мұндай тағамдардың жиналуы қуаттылығы жоғары жұмысты орындау қабілетіне белгілі бір шектеу келтіреді; көмірсутек ауысуының жеткіліксіздігі қалыпты қарқынды жұмысты орындауға кедергі келтіреді;
  7. диабет және семіздік кезінде ауысу процесінің жағдайы тағам құрамына тәуелді.

Ауыспалы ауру кезінде денсаулық жағдайының ауытқушылығын дене дайындығы әдістемесі анықтайдыАлайда ауысудың бұзылуы кезінде дене шынықтырусауықтырудың басты шарттарының бірі – ұтымды тамақтану, жеке бас тазалығына жоғары талаптар қою (дене, киім тазалығын сақтау) және сабақтық гигиеналық шарттары.

Суға шомылу, ауа және күн шынықтыру процедураларын қабылдау кезінде аса абай болу керек. Дене жаттығулары ішінде жүрек қан тамырлары әлсіздігі, негізінен жүрек ауруының себебінен жоғары қарқында жаттығулар жасау қауіпті. Сонымен қатар дене жаттығуларының барлық түрі жүктемені біртіндеп көбейткен сайын оң әсерін тигізеді.

Өзгермелі бұзылушылық кезінде дайындық тобына ауыстыру мүмкін, егер өзгерістер елеусіз болса, дене шынықтыру жаттығулары әсерінен жалпы денсаулық жағдайы және жұмысқа қабілеттілігі біршама жақсарады. Негізгі топқа ауысу мүмкін емес.

Қорыта келгенде, мектеп жасындағы оқушылар дене тәрбиесінің оқушылар өмірінде үлкен мәнге, аса зор маңызға ие тәрбие үрдісі болып табылады. Бұл кезеңде жіберілген қателіктердің орнын еш уақытта толтыруға болмайды. Сондықтанда оқушылық кезеңдегі балалар денсаулығын нығайту, дене қуаты дайындықтарын жетілдіру, дене қуаты қасиеттерін толық дамыту кезек күттірмес мәселелердің бірі болып табылады.

Ал, денсаулығында белгілі бір ауытқушылықтар бар денсаулығы әлсіз оқушылардың дене тәрбиесі турасында мынадай қысқаша қорытынды жасауға болады: оқушылардың денсаулық жағдайының ауытқуы кезінде ағзаның жалпы сипаттамалық ерекшеліктерін қалыптастыратын ең маңызды әрі жетекші механизмдердің бірі қозғалыс белсенділігінің төмендеуі болып табылады. Бұл жалпы қозғалыс белсенділігінің жеткіліксіз формасы түрінде, сонымен қатар дамытушы сипаттағы қарқынды жүктемелердің шектелуі түрінде болуы мүмкін. Қозғалыс белсенділігі ұзақ уақыт шектелген балаларда барлық өмірлік қызметтері деңгейі төмендеушілігі, органдардардың дамуы мен өзгерістеріне бағытталған икемділік процестерінің нашарлауы, гомеостаз (ішкі тұрақтылық) бен белсенділіктің төмендеуі, ағзаның қарсы тұрушылық қасиетінің төмендеуі және спецификалық емес төзімділігі байқалады. Әр ауру кезінде ағза жағдайының ерекшелігін ескере отырып, сабақтардың жеке формаларын тиімді пайдалануға және арнайы әдістемелерді қолдануға болады. Негізгі топ пен арнайы дәрігерлік топ оқушыларының сабағы жалпы сипатқа ие. Сондықтан дене шынықтыру пәнінің мұғалімі әлсіз және ауруға шалдыққан ағзаның жалпы қасиеттерін басшылыққа алу керек.

Дене тәрбиесі сабағында денсаулық жағдайы әлсіз балалармен жұмыс істеу барысында қажетті құралдарды, әдістерді және ұйымдастыру формаларын кешенді пайдалану денсаулықты нығайтып, ой және дене қызметінің қабілетін жетілдіріп, қана қоймай, жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Антонюк С.Д. Особенности двигательного развития детей, имеющих отклонения в состоянии здоровья.// Физиическая культура: воспитание, образование, тренировка. – 2001. № 4. – С. 56 – 57.
  2. Булич Э.Г. Физическое воспитание в специальных медицинских группах. М: Высшая школа, 1986 – 255 с.
  3. Велитченко В.Н. Организация занятий с учащимися, отнесенными к специальной медицинской группе // Настольная книга учителя физической культуры.– М.: Физкультура и спорт, 1998. – C. 60-66
  4. Виленская Т.Е. Принципы формирования и организация физического воспитания в специальных медицинских группах. // Теория и практика физической культуры. – 2005. № 1. – С. 25 – 42.
  5. Гритченко Н.В. Основы физического воспитания, врачебного контроля и лечебной физической культуры. – М.: Медицина, 1972. – 272 с.
  6. Велитченко В.К. Организация занятий с детьми спецмедгруппы. – М., 1980.
  7. Гурова Е.В. Особенности адаптационных реакций организма на физические нагрузки оздоровительного характера у детей 8-10 лет с нарушениями зрения. // Теория и практика физической культуры. – 2006. № 8. – С. 45-48.

Разделы знаний

Архитектура

Научные статьи по Архитектуре

Биология

Научные статьи по биологии 

Военное дело

Научные статьи по военному делу

Востоковедение

Научные статьи по востоковедению

География

Научные статьи по географии

Журналистика

Научные статьи по журналистике

Инженерное дело

Научные статьи по инженерному делу

Информатика

Научные статьи по информатике

История

Научные статьи по истории, историографии, источниковедению, международным отношениям и пр.

Культурология

Научные статьи по культурологии

Литература

Литература. Литературоведение. Анализ произведений русской, казахской и зарубежной литературы. В данном разделе вы можете найти анализ рассказов Мухтара Ауэзова, описание творческой деятельности Уильяма Шекспира, анализ взглядов исследователей детского фольклора.  

Математика

Научные статьи о математике

Медицина

Научные статьи о медицине Казахстана

Международные отношения

Научные статьи посвященные международным отношениям

Педагогика

Научные статьи по педагогике, воспитанию, образованию

Политика

Научные статьи посвященные политике

Политология

Научные статьи по дисциплине Политология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Психология

В разделе "Психология" вы найдете публикации, статьи и доклады по научной и практической психологии, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. В своих работах авторы делают обзоры теорий различных психологических направлений и школ, описывают результаты исследований, приводят примеры методик и техник диагностики, а также дают свои рекомендации в различных вопросах психологии человека. Этот раздел подойдет для тех, кто интересуется последними исследованиями в области научной психологии. Здесь вы найдете материалы по психологии личности, психологии разивития, социальной и возрастной психологии и другим отраслям психологии.  

Религиоведение

Научные статьи по дисциплине Религиоведение опубликованные в Казахстанских научных журналах

Сельское хозяйство

Научные статьи по дисциплине Сельское хозяйство опубликованные в Казахстанских научных журналах

Социология

Научные статьи по дисциплине Социология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Технические науки

Научные статьи по техническим наукам опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физика

Научные статьи по дисциплине Физика опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физическая культура

Научные статьи по дисциплине Физическая культура опубликованные в Казахстанских научных журналах

Филология

Научные статьи по дисциплине Филология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Философия

Научные статьи по дисциплине Философия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Химия

Научные статьи по дисциплине Химия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Экология

Данный раздел посвящен экологии человека. Здесь вы найдете статьи и доклады об экологических проблемах в Казахстане, охране природы и защите окружающей среды, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. Авторы рассматривают такие вопросы экологии, как последствия испытаний на Чернобыльском и Семипалатинском полигонах, "зеленая экономика", экологическая безопасность продуктов питания, питьевая вода и природные ресурсы Казахстана. Раздел будет полезен тем, кто интересуется современным состоянием экологии Казахстана, а также последними разработками ученых в данном направлении науки.  

Экономика

Научные статьи по экономике, менеджменту, маркетингу, бухгалтерскому учету, аудиту, оценке недвижимости и пр.

Этнология

Научные статьи по Этнологии опубликованные в Казахстане

Юриспруденция

Раздел посвящен государству и праву, юридической науке, современным проблемам международного права, обзору действующих законов Республики Казахстан Здесь опубликованы статьи из научных журналов и сборников по следующим темам: международное право, государственное право, уголовное право, гражданское право, а также основные тенденции развития национальной правовой системы.